Минасипова А.Р., Қамбатыр Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Халықаралық классификация бойынша қарттық кезең 60 жастан басталады. Геронтологияда ("герон" – қарт,  "логос"– ілім) қарттық кезең – адамның өмірлік цикл жүйесіне ерекше рөл атқаратын кезең ретінде қарастырылады. Бұл кезең жеке тұлға дамуының нәтижесін қорытындылау кезеңі және ол ұрпақтармен уақыт байланысын қамтамасыз етеді. Тек қарттық позиция арқылы ғана өткен және келер ұрпаққа өмірді бір бүтін ретінде, оның мәні мен мағынасын толық түсіндіруге болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда қарттық кезеңге, қарттарға деген түсінбеушілік, өшпенділік арқылы көрініс алатын жағымсыз қатынас қалыптасқан.

Қарттық кезеңге тән негізгі белгі – қартаю процесі. Қартаю процесі ағзадағы нақты жас кезеңдік өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарламанған процесс. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы рөлдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде адам терең байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның қарым-қатынас жасау аумағы, міндетті түрде тарылады деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып табылады, ал екінші жағынан қарым-қатынас қарттық кезеңдегі бейімделу жетістігі, яғни қазіргі сәтке қанағаттанушылығымен сипатталады (Абрамова Г. С).

Бұл кезеңдегі өмірін, ондағы қарым-қатынасын адам қалай елестетеді? Құлдырау, сөну және өзіне, өзгелерге  көңіл толмауына байланысты өшпенділік қатынас па? Әлде, керісінше, шынайы өзгерістерді ескере отырып, қызықты толыққанды өмір сүру мүмкіндігі: өз күшіне сәйкес еңбек ету, қарттықты өмірдің өткен кезеңдеріндей өз қуаныштары мен мәселелері бар ақиқатты кезең ретінде қабылдап, өздерінің жоспарына жақындарына қажетті болуға ұмтылу ма?

Психология ғылымында қарттық шақ мәселелерін қарастырудың бірнеше себептері бар: 

Біріншіден, ғылымда қартаю толық сөну процесі болып табылмайтындығы жайлы мәліметтер жинақталды. Б.Г. Ананьевтің пікірі бойынша геронтология қарттық кезеңде инволюциялық (кері даму) процестерімен қатар оған қарсы тұрушы өзге де процестер мен факторлар болатындығы жайлы қорытындыға келді.

Екіншіден, бұл кезең адам онтогенезіндегі маңызды кезең болып табылады және оны жан-жақты қарастырмастан психикалық даму концепциясын  құру мүмкін емес.

Адамдардың қажетті болудағы ең маңызды фактор ретінде қарттардың көп көргендігі мен өмір тәжірибесінің мол болуынан айтуға болар еді. Жастарға, кейінгі ұрпаққа сол өмір тәжірибесін үйрете отырып, тәрбие беруі зор маңызға және сол ақыл-парасат арқылы көпшілікке қажет болады.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1950 жылы дүние жүзінде 60 жастан жоғары  214  млн  адам  болған, 2025 жылы болжам бойынша 1100 млн адамға жетеді. Осы көрсетілген сандық статистикаларға сәйкес соңғы 10 жылдықтарда өзгелерден бұрын қарттар категориясының жылдам көбеюге икемдігіне көз жеткіземіз. Батыс Еуропа елдерінде қарт адамдар саны шамамен халық санының 15%-ын құрайды. Халық қартаюы әсіресе, АҚШ пен Жапония елдерінде айқын байқалады.  Орта Азияда бала туу қарқынының жоғары болуына байланысты қарт адамдар саны бүкіл халық санының 5-6% құрайды.

Халықаралық классификация бойынша қарттық кезең 60 жастан басталады. Геронтологияда ("герон" – қарт,  "логос"– ілім) қарттық кезең – адамның өмірлік цикл жүйесіне ерекше рол атқаратын кезең ретінде қарастырылады. Бұл кезең жеке тұлға дамуының нәтижесін қорытындылау кезеңі және ол ұрпақтармен уақыт байланысын қамтамасыз етеді. Тек қарттық позиция арқылы ғана өткен және келер ұрпаққа өмірді бір бүтін ретінде, оның мәні мен мағынасын толық түсіндіруге болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда қарттық кезеңге, қарттарға деген түсінбеушілік, өшпенділік арқылы көрініс алатын жағымсыз қатынас қалыптасқан.

Қарттық кезеңге тән негізгі белгі – қартаю процесі. Қартаю процесі ағзадағы нақты жас кезеңдік өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарламанған процесс. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы ролдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде адам терең байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның қарым-қатынас жасау аумағы, міндетті түрде тарылады деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып табылады, ал екінші жағынан қарым-қатынас қарттық кезеңдегі бейімделу жетістігі, яғни қазіргі сәтке қанағаттанушылығымен сипатталады.

Бұл кезеңдегі өмірін, ондағы қарым-қатынасын адам қалай елестетеді? Құлдырау, сөну және өзіне, өзгелерге  көңіл толмауына байланысты өшпенділік қатынас па? Әлде, керісінше, шынайы өзгерістерді ескере отырып, қызықты толыққанды өмір сүру мүмкіндігі: өз күшіне сәйкес еңбек ету, қарттықты өмірдің өткен кезеңдеріндей өз қуаныштары мен мәселелері бар ақиқатты кезең ретінде қабылдап, өздерінің жоспарына жақындарына қажетті болуға ұмтылу ма?

Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю – ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып, ағзаның өзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді психологияда қарастырған ғалымдар: Э. Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец, Ф. Гизе, И.С. Кон, К. Рощак, П. Балтес, Р. Пек. Қазіргі уақытта қарттық кезеңді қарастыру мәселесі туындады, бірақ  геронтопсихология – даму психологиясының ең жас саласы.

Белгілі ағылшын психологы В. Генри қарт адамдарды бойларындағы психикалық энергиясы бойынша үш топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топқа өз жұмыс орнында қала отырып қоғам алдында белгілі бір міндеттерді атқаратын, белсенді әрі қуатты болып қала беретін қарттарды жатқызды.

Екінші топқа қоғамдық міндеттерді атқармайтын, дегенмен жеке өзінің ісімен (хобби) айналысатын қарттар.

Үшінші топқа әлсіз психикалық қуатқа ие, қолы бос немесе тек өзін ғана ойлайтын қарттарды  жатқызды.

Мұндай сипаттамалар басқа да зерттеушілердің (Д.Б.Бромлей, Т.Гизе, В.В. Фролькис, Ермолаева М.В. Н. С. Кон ) еңбектерінде атап өтіледі. Қарттардың жас кезеңі ретіндегі жаңа категорияға өтуінде түрлі бастан кешулер орын алуда.  Дегенмен қазіргі таңда өскелең ұрпақтың өз ата-аналарына, ата-әжелеріне қатынасы түрліше орын алып отыр. Түрлі себептермен қарттар үйіне бару жағдайлары да орын алуда.

 

Әдебиет:

 

1.        Формирование личности в переходный период: от подросткового к юношескому возрасту. – М.: Педагогика, 1987.  486с.

2.        Тесленко А.Н, Керимбаева М.С, Джакупова Г.А. Профилактика подрастковый девиации: теория и практика. Астана, 2005. – 320с.

3.        Кравцова Т.М. Психологические аспекты изучения проблемы девиантного поведения // ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы. №3/4 (18/19), - С. 33-39.