Далибаев Б.Т

Таразский государственный университет  им. М.Х. Дулати

Казахстан, Тараз

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазіргі таңда дене тәрбиесі жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене тәрбиесі жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді.

Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.

2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.

Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.

30%-ға дейінгі Қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.

Осындай жағдайда ғана біз дамуды көреміз.

Бұл бүкіл Үкіметтің де міндеті.

Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс [1].

Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесі жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене тәрбиесіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады.

Спорт әлеуметтік – педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың  кәсіби - қолданбалы түрлерімен шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.

Мәселені теориялық тұрғыда зерттеу мен педагогикалық әдістемесі бойынша мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

- Зерттеу барысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, жалпы білім беретін мектептердегі және басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесін берудің теориялық негізділігі тұлғаның-бағдарлық, іс-әрекеттік, рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан айқындалды. Ғылыми-педагогикалық талдаулар нәтижесінде «дене тәрбиесі жүйесі» ұғымының мәні, мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы шешуші роль атқаратыны анықталды.

- Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорттты пайдаланудың педагогикалық мәселенің шешімін табудағы факторлардың саралап көрсетуге, өзіндік ерекшеліктерін мазмұндық тұрғыда сипаттама беруге ықпал етті.

- Тұрғылықты жердегі және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру және спорт тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, олардың ақыл-ойын, адамгершілігін, эстетикалық және экологиялық, сауықтыру түйсігін қалыптастырады.

- Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт мүгедектерді дене бітімі және әлеуметтік жағынан оңалту құралдары деңгейін жоғарылатуға болады.

- Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтік-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет міндеттерін орындауын қамтамасыз ету анықталды.

- Мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің дене шынықтыру және спортты дамытуға қатысуы анықталды.

- Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау анықталды.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан оның барлық салаларын толық қамтып шығу мүмкін емес, келешекте дене тәрбиесін жүйесінде  рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, дене тәрбиесі жүйесінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, халықтық наным түсініктерді педагогикалық-психологиялық талдау, қазақ ұлттық психологиясының дамытушылық мүмкіндіктерін зерделеу арнайы зерттеуді қажет етеді.

Сыныптан тыс жұмыстар дене тәрбиесі жаттығулары сабағын сыныптан тыс уақытта ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Сыныпттан тыс  жұмыстарлың міндеттері, мазмұны және ұйымдастырылуы өскелең ұрпақ дене тәрбиесінің мақсаттары мен жалпы міндеттерін шешуге бейімделген.

Мектеп жасындағы балалардың жалпы дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде сыныптан тыс жұмыстар оқу процесіне бағынышты жағдайда жүргізіліп, оны ерекше (сфецификалық)  мазмұнмен байытады және сабақты әртүрлі формада ұйымдастырумен және мақсатты бағытта бірегей бірлікте болып, одан келесі ерекшеліктерімен айырмаланады:

1.  Сыныптан тыс жұмыстар ерікті бастамалық жағдайда іске асырылады. Сабақтың ұйымдастырылу мазмұны мен түрі көпшілік оқушылардың қызығушылығымен және мектептің материалдық базасы мүмкіндігі ескеріліп анықталады, яғни оқушыларға өз еркімен ұнатқан спорт түрінен сабаққа қатысуына мүмкіндік жасалады.

2.  Сыныптан тыс жұмыс мектеп оқушыларының өздерінің кең көлемдегі қоғамдық белсенділік негізінде мектеп дене мәдениеті ұжымының құрамында құрылып үнемі мектеп дерекциясының, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің, басқа да мектеп педагогтарының тарапынан бақыланып, олардың ұйымдастыру т.б. жұмыстарына басшылық жасалады.

3.  Сыныптан тыс жұмыстар барысында  педагогикалық басшылық ең көп дегенде әдістемелік-нұсқау және ақыл-кеңес, ұсыныс сипатында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін көрсетуіне әртүрлі сыныптан тыс жұмыс формаларында ықпал жасалады.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор: балалардың қозғалыс белсенділігі деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады және олардың денсаулығын нығайтады; мектеп оқушыларының демалысын пайдалы ұйымдастыруға жәрдемдеседі; олардың денелерін жетілдірудегі жеке қызығушылық мүддесін қанағаттандырады және спортпен шұғылдануға қызығушылығын қалыптастыруға тәрбиелейді; оқушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін шешуде сыныптан тыс жұмыс мыналарды орындауға бағыт береді:

ü                Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдануға мүмкіндігінше көп оқушыларды тартуға мүмкіндік туғызады.

ü Білімін, жаттығуды орындай алу қабілетін және дағдысын, қозғалғыштық, адамгершілік және ерік-жігер сапаларын, яғни дене тәрбиесінен міндетті оқу процесінде білімін кеңейту және жетілдіру, оқушылардың оқу бағдарламасы материалдарын барынша сапалы орындауына және Президенттік тест жүйесі талаптарын дұрыс тапсыруына мүмкіндік туғызады.

ü Оқушылардың бос уақыттарын өздерінің жеке денелерін жетілдіруі және сауықтыруы үшін пайдалы өткізу, өз бетінше орындай алатын дене тәрбиесі  жаттығуларымен күнделікті өмірде шұғылдана білуін және дағдыға айналдыруын қалыптастырады.

ü Өз жас ерекшеліктеріне қарай, таңдаған спорт мамандығынан, яғни сол спорт түрінен спорттық  дәреже (классификация)  талаптарының деңгейінде нәтиже көрсетуге жәрдемдеседі.

ü Мектептің қоғамдық дәрежедегі нұсқаушылары мен төрешілерін дайындау жұмыс бөлімдері.

Ауызша түсіндіру әдісі белгілі бір тіршілік бейнесінің қозғалысымен салыстырмалы түрде (тышқан сияқты тысырын білдірмей жүгіру), таным ұғымын кеңейтуге (мысалы, қимыл-қозғалыс ойынының мағынасын, қысқаша мазмұнын ашып), бағытталып қолданылады.

Мазмұны және формасы жағынан сөзбенен ауызша мазмұндап, жеткізе ұғындырып, түсіндіріп, жаттығудың орындалуы көрсетіліп бір мезгілде түсіндіріледі және тәрбиеші қимыл әрекеттің мәнін, орындалу әдісі мен ережесін ұқтыруға қол жеткізіп, қызығушылығын арттырып, балаларды белсенділікке ынталандырады. Жаттығулар мектеп жасына дейінгі балаларға тапсырма түрінде шегіне дейінгі нақты формасында ұсынылады. Гимнастикалық сақинаның ішіне кіру; кубоктердің арасымен оларды құлатпай өту; шалшық судан секіріп өту т.б. Бағдар нысандары және шектегіштер қимыл әрекетті нақтылайды, мысалы: жүгіруде тура жолдың бағытын қамтамасыз ететін жіп тартып, жүгіру жолағын (коридорша)  жасайды; лақтыру үшін нысана алға жоғары ұшатындай биіктікке ілінеді. Спорт құралдарымен (заттарымен) орындалатын жаттығулар кең ауқымда қолданылады. Доппен, гимнастикалық сақинамен, жалаушамен, лентамен, құм салынған қапшықпен т.б. затты еңкейіп отырып орындау үлкен амплитудамен, сондай қимылға назар аудару түріндегіге қарағанда белсенді түрде орындалады. Негізгі өмірде маңызы зор табиғи қимыл әрекеттерін үйрету, қарапайымнан күрделіге үйретудің барынша қарапайым біртұтас формасын таңдап алу жолымен шығады.

Қателерді түзетуді қимыл әрекеттің жекелеген фазаларында ғана жөндеуге болмайды, өйткені ол қозғалыстың үйлесімділігін, табиғилығын бұзуға әкеледі. Бейнелеу сөзі, көптеген құрал заттары, ашық суреттер, плакаттар, бағдарлы нысаналар, шектегіштер үйретудің көрнекілігін қамтамасыз етеді. Ересек адамдардың жаттығуды көрсетуі-тәжірибеде, әсіресе балалар қондырғыларында аз қолданылатын әдіс. Жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыруды балаларға орындатып көрсету керек. Үлкендердің көрсетуі басым көпшілігінде балалардың бастапқы тұру қалпын, аналитикалық гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде қолданылады.

            Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.           Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.-  Алматы: 2002.

2.     Адамбеков К. И. Педагогические основы физического воспитания учащихся. автореф. ... пед. ғыл. док:. 13. 00. 01.- Алматы.: АГУ им. Абая,  - 1995,  38 с

3.     Атаев. К. А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі //  Ғылыми практ. конф. тезис. -Ташкент: Джизак, 1991. -21 б.

4.     Сапарбаев М. Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. автореф. пед. ғыл. док:. Алматы.: 1993, 31 б.

5.     Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000. – 72 б.