Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати
Казахстан, Тараз
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ДЕНГЕЙІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Болашақ
ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы,
салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке
басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты.
Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін
жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ
мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың
ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі
және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге
араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай,
оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де
болуы тиіс.
Қазіргі кезде
дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология,
анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық
(педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық
жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия,
әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және
басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін
ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог
кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып,
оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды
зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі
таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене
тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып
дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің
ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және
болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын
ғылыми — әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде
қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін
педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе
ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны
байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын
айқындап, тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді
оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға дайындаудың ғылыми — педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себепші
болды.
Қорытындыда ғылыми болжамды
дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мазмұндалады,
зерттеліп отырған мәселенің келешектегі зерделенетін
бағыттары айқындалады.
1. Кәсіби қызмет саласы
- дене шынықтыру; - дене
тәрбиесі; - спорт (бұқаралық спорт түрлері,
балалар мен жасөспірімдер спорты, параолимпиадалық спорт);
- дене шынықтыру рекреациясы;
- тұрғындарды дене
шынықтыру және емдік дене шынықтыруы тәсілдері
арқылы сауықтыру;
- бейімделу дене шынықтыруы.
2.
Кәсіби қызмет объектісі
- мемлекеттік,
қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері, (мектепке
дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары колледждер, гимназиялар,
училищелер), балалардың спорт мектептері мен клубтары;
- фирмалар, мемлекеттікмекемелер, дене
шынықтыру мен спорттық қызметті басқару органдары;
- дене шынықтыру, спорттық
бағдардағы ғылыми-зерттеу мекемелері, дене және
психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы
медициналық– биологиялық ұйымдар;
3.
Кәсіби қызмет пәні
- оқыту;
- тәрбиелеу;
- спорттық жаттығу
бұқаралық спорт түрлері;
- дене шынықтыру-сауықтыру,
рекреациялық қызмет;
- коррекциялық-дамытушы
қызмет;
- ғылыми-әдістемелік
жұмыс;
- инновациялық технологияларды
жобалау;
-
бұқаралық-спорттық шаралар мен мерекелік-спорттық
шараларды ұйымдастыру.
4.
Кәсіби қызмет түрлері
Бакалаврдың білімдік
(педагогикалық) қызметі сипатталады:
- маманның білім беру
қызметі дене тәрбиесінің ғылыми негізделген
үдерісін мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында,
колледждерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене
шынықтыру ұжымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт
мектептерінде дене шынықтыру- сауықтыру жұмыстарын
ұйымдастырумен сипатталды;
- педагогикалық қызмет
тұрғындар арасында жарасымды өмір сүруге,
қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын дамытуға,
денсаулығын нығайтуға деген қажеттілікке, дене құрлысын
жаттығулар арқылы жетілдіруге, гигиеналық шараларды
қолдануға және табиғаттың өз күшін пайдалануды
үйретуге бағытталған.
Ұйымдастыру -
басқару қызметі анықталады:
- білім беру
саласындағы оқу – тәрбие құрылымдарында дене
шынықтыру мен спорт бойынша педагогикалық қызметті
ұйымдастыру мен жүргізу, жарыстарды жүргізу мен төрелік
жасау;
- мектеп және
мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта кәсіптік білім
беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен
жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру –
сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- мемлекеттік
және мемлекеттік емес басқару құрылымдарында дене
шынықтырудың, спорттан әдіскер, маман, әкімшілік, дене
шынықтыру жұмысы бойынша кабинет меңгерушісі және
көмекші сияқты әкімшілік жұмыс.
- Ғылыми
зерттеу қызыметі дене шынықтырумен шұғылданатын
спортшылардың және зертхана мен ҒЗИ ғылыми
қызметкерлері ретінде дене шынықтыру, рекрециялау мен қалпына
келтіру жұмыстарымен байланысты; - Жобалық қызмет
тренажерлық құрал – жабдықтарды жасаумен,
спорттық құрылыстарды, алаңдарды, спорттық
снарядтар мен жабдықтарды жобалау барысында кеңес беру
қызметін көрсетумен байланысты;
- Ұйымдастыру
– технологиялық: бакалаврдың ұйымдастыру технологиялық
қызметі оқу үдерісінде дене
шынықтырудыоқытудың жаңа технологияларын, сонымен
қатар құрал – жабдықтыр, тренажерлар арқылы
оқытудың оңтайлы тәртібін түрлі жастағы,
жыныстағы, денсаулық пен дене дайындығы түрліше
студенттер мен тұлғалар арасында жасау және енгізумен
байланысты.
- жаттықтырушылық
(спорттық) қызмет ғылыми
негізделген жоспарлау, бақылау, ағзаның функциялық,
дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық
дайындығын және спорттық жетістіктерін түзету;
жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында дене
шынықтырумен шұғылданушылардың денсаулығын
сақтауға және зиян келтірмей нығайту үшін
түрлі жастағы, жыныстағы спортшылардың бойында
ерік-күш сапаларын, отан сүйгіштігін тәрбиелеу;
- ұйымдастыру
қызметі дене
шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу, төрешілік
жасау, оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде спорт мерекелерін
өткізумен байланысты.
5.
Кәсіби қызметтің функциялары
Дене шынықтыру
және спорт мамандығы бойыенша маманның негізгі қызметі
төмендегі функцияларға байланысты:
- дене
шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде
тәрбиелік, білімдік және сауықтыру жұмыстарымен;
-
жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және
мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарынұйымдастырумен;
- жаттықтыру
үдерісін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс –
тәсілдермен қамтамасыз етумен;
- спорттық
дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік
дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен;
- ұйымдастыру
қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында
спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға
төрешілік жасаумен
6.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Білуі
қажет:
-
тұлғаның дене шынықтыруы мен салауатты өмір
салтын қалыптастыруы саласында ағарту жұмыстарын
жүргізу;
- дене дамуын жан –
жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани
байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі
мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;
- дене күші,
ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін,
дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу
мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын,
біліктілігі мен дағдысын арттыру;
- тиімді бейімдену
арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы
орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі,
орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір
сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру
мүмкіндіктерін арттыру:
- спортшыларды
дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін
спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты
түрде ғылыми негіздеу;
- денсаулықты
көп жыл бойы сақтау және нығайту,
тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен
шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен
күнделікті өмірде қажетті қозғалыс
дағдыларын дамыту.
7.
Кәсіптік қызметтің бағыттары:
- білімдік (педагогикалық);
- спорттық
(жаттықтырушылық);
- ұйымдастыру
- басқару;
-
өндірістік - технологиялық;
- жобалық -
есептеу;
- сервистік -
қолдану;
-
тәжірбиелік – зерттеу.
8.
Кәсіби қызметтің мазмұны
Дене шынықтыру
және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің
мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі
бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік);
жаттықтырушылық (спорттық);
ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық;
сервистік; жобалық; тәжірибелік-зерттеушілік; дене шынықтыру
және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.
1. Мұстафаев Е. Спорттық оқу-жаттығу үрдісіндегі
тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. – 2006. - №4.
2. Мәуленбердиева Г. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
қағидалары // Қазақстан мектебі. – 2006. - №4.
3. Кемешев Д. Педагогикалық
жаңа технологиялар мектепте // Қазақстан мектебі. – 2006. -
№6.
4. Сейсенбеков Е. Дене тәрбиесіне жаңа формаларды енгізу //
Қазақстан мектебі. – 2006. - №9.