Далибаев Б.Т

Таразский государственный университет  им. М.Х. Дулати

Казахстан, Тараз

 

САУЫҚТЫРУ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Сауықтыру бағытындағы дене мәдениеті сабағының бағдарлау методологиясы нақтылы адамның қуаттық мүмкіндігіне немесе адамдар тобының қуаттық мүмкіндіктері жағынан гомогенді қуаттық өлшем белгісіне негізделген сабақтағы жаттығуды орындау процесінің сәйкестігін тексерумен әсерлілік және имитациялық (ұқсатқыштық) және компьютерлік үлгілеуді Қазақстанда өңдеп дайындалған және қолдануға ендірілген.

Бір немесе басқа сауықтыру бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылдану әдістемесін таңдау, нақтылы іске асатын жағдайға, мүмкіндікке, сұранысқа, кейде адамның жеке әдемілікті айыра білуі және қызығушылығымен ара қатынаста болады.

Дене жаттығуларының сауықтыру әсерлілігі, егер олар шұғылданушылардың  жеке мүмкіндіктеріне сәйкес бағыттылығы, қуаттылығы және көлемі жағынан орынды теңестірілген жағдайда ғана байқалады. Дене жаттығуларымен шұғылдану зат алмасу процесін жандандырады және жетілдіреді, орталық жүйке жүйесі қызметін жақсартады, жүрек қан тамыры, тыныс алу және басқа жүйелердің бұлшық ет қызметі жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жұмысқа кірісу қызметін жеделдетеді, сонымен бірге дене жүктемелерінің әсерінен туындаған өзгерістен  кейінгі қызметтік қалпына келу ұзақтығын қысқартады.

Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану ас қорыту және сыртқа шығару органдарының қызметіне оңды әсерін тигізеді (және емдеу дене мәдениеті орындалу тәртібі): асқазанның және ішектің жирылуы (перстальтика) жақсарады, олардың секрециялық қызметі артады, ішектердің жұмысында үлкен рөль ойнайтын қарынның алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері нығаяды;  сыртқа шығару органдарының, сол сияқты ішкі секреция бездерінің қызметі көбірек жетіле бастайды.

Дене жаттығулары сауықтыру әсерінен бөлек адам ағзасына жаттықтыру әсерін тигізеді (ақыл-ой және дене жұмыс қабілеттілігі артады), дене сапалары деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады, өмірде маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын (суға жүзу, шаңғымен жүру және т.б.) қалыптастыруға және одан әрі жетілдіруге көмектеседі.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2050” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2012 жылы 14 желтоқсан.

2. Қуанышев Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. // -Алматы: 1997. -260 б.

3. Адамбеков К. И. Педагогические основы физического воспитания учащихся. автореф.  пед. ғыл. док:. 13. 00. 01.- Алматы.: АГУ им. Абая,  - 1995,  38 с.

4. Сапарбаев М. Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. автореф. ... пед. ғыл. док:. Алматы.: 1993, 31 б.