Утебаева Балауаса Хантаевна

        

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Шәкі көлдерінде кездесетін былқылдақденелілердің  паразиттермен залалдануының жыл  маусымына тәуелділігі

 

Празитолог ғалымдардың назарын негізінен омыртқалы жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін гермафродитті ұрпақ (марита) аударды. Себебі олар көптеген зілді аурулардың қоздырғышы болып есептеледі. Бірақ сол аурулармен күресу үшін тек ғана гермафродитті ұрпақты үйрену жеткіліксіз. Сорғыш құрттардың тіршілік циклі иелердің әртүрлі категорияларында тіршілік ететін бірнеше ұрпақтардың алмасуын өз ішіне қамтиды. Бірінші аралық иенің қызметін моллюскалар орындап, олардың организмінде маританың дернәсілі болып есептелінетін церкарияларды өршітетін партеногенетикалық ұрпақтың ( спороциста және редия ) қалыптасуы өтеді. Бұл жағдай моллюскалардың трематодофаунасын үйренудің қажеттігін күн тәртібінде біздің алдымызға қояды.

Алғаш рет Шортан – Бурабай курортты аймағы моллюскалардағы трематодфауна 2010-2012 жылдары паразитологиялық әдістермен зерттелді. Осы аймақтағы  көлдерден  сорғыш құрттардың дернәсілдерінің 18 түрі табылып, олардың морфологиясы анықталды. Осы паразиттерменен тоспаұлудың залалдану жағдайының иенің жасына, жыл маусымына тәуелділігі зерттелді. Территорияда трематодтардың патогенді формалары анықталды.

Шортан – Бурабай жағдайында ұлудың паразитфаунасына жылдың барлық маусымдары бойынша үйрену мүмкіндігі  болған жоқ. Зақымдануындағы кейбір өзгерістердің айырмашылығын 2012 жылдың маусым, шілде, тамыз айларында байқадық. Жаз айларында байқалған залалдану дәрежесіндегі өзгерістер жайында материалдар   1- кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1 – Жыл маусымына байланысты моллюскалардың залалдану

Маусым

Зерттелгені, дана

Кездесу жиілігі, дана

Залалдану дәрежесі, %

Паразитердің түр саны

Маусым

190

40

21,05

5

Шілде

299

134

44,8

9

Тамыз

382

130

34,03

6

Барлығы

871

304

34,90

18

 

  Маусымның бірінші жартысында үлкен тоспа ұлудың церкариялармен зақымдануы 13,8 % болды, ал әлі есеймеген ұрықтық шарлар бар спороцисталар және редиялармен зақымдану едәуір төмен болды ( 5,4% ). Шамасы, есейген церкариялары бар ұлулар 2011-2012 жылдың қысын қыстап шығып, 2010 жылдың маусымында есейген церкарияларды өз организмінен шығара бастаған. Ұлудың церкариялардың 2012 жылғы популяциясымен зақымдануы маусымның басына тура келеді. ( 16,2% ). Маусымның аяғы шілденің басында ұлудың ұрықтық шарлары бар спороцисталар және редиялармен зақымдануы 54 %  ке жетеді, ал есейген церкариялармен зақымдануы бұрынғы деңгейде болады (18,6% ) . Шілдеде жас редиялар және спороцисталармен зақымдануы 12,6% -ке дейін төмендейді, ал керісінше есейген церкариялармен зақымдануы 36,9% -ке дейін көтеріледі. Бұл кезде метацеркариялар кездесе бастайды. Олар шілдеде зерттелген ұлулардың 17,4 процентінен табылды. Шілденің аяғында ұлудың жас партениттермен зақымдануы 10,2% -ке дейін төмендейді, церкариялармен зақымдануы 60,0%. Метацеркариялармен зақымдануы 23,4%-ке дейін өсе бастайды. Тамыз айында жас партениттермен зақымдануы 4,8 % -ке, церкариялармен зақымдану 54,9% -ке тең болды. Ал метацеркариялар зерттелген ұлулардың 30,6%  -інен табылды.

  Бурабай ауданында  ұлулардың жаз айларындағы сорғыш құрттардың дернәсілдермен зақымдануы шілденің аяғы мен тамыздың басында ең үлкен көрсеткішке ие болады. Себебі су мен ауаның температурасы жоғарлайды. Суқоймаларда омыртқасыз планктондар мен бентоздар көптеп кездеседі, соған сәйкес жағалаулардағы соңғы ие омыртқалылардың кездесуі жиілігі  жоғарлайды. Моллюскалардың сорғыштардың жұмыртқалары және дернәсілдерімен залалдануына қолайлы жағдай туады.

Сонымен моллюскалардың Шортан –Бурабай аймағының жыл маусымына байланысты экологиялық талдау жүргізу нәтижесінде залалдану шілде айында жоғары 44,8 % .

Көптеген зерттеушілер осындай ұқсас заңдылықтарды  бақылаған.

Арыстанов Е.А. (1965-1983) Амударияның сағасында жүргізген зерттеулері кезінде үлкен тоспа ұлудың  (L.stagnalis) маусымға байланысты залалдануын  шілде – қыркүйек айларында байқаған.

Шілде айында барлық су қоймаларда L.stagnalis-тің орташа залалдануы 50,9%құрады. Тамыз айында 80,7%, қыркүйек айында 92,1% тең боп шықты.

Шілде айында үлкен тоспа ұлуынан церкарийдің 4 түрін және метацеркарияның 3 түрі табылды. Тамыз айында паразиттердің түр құрамы өзгерген жоқ, сол қалыпта қалды. Қыркүйек айында церкарийлердің түрі 11 болды. Осы зерттеу барысында Echinostoma  revolutum, H.conoideum күз маусымының басында пайда болады.

 

Әдебиеттер

1.    Гинецинская Т.А.,  Добровольский  А.А. К фауне личинок трематодпресноводных моллюсков дельты Волги.  Астрахань: Труды Астраханского   заповедника. 1964. С. 64-77