Амалбекова Г.Е:, Сатаева М.Б.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

 

Туристік саланы мемлекеттік реттеудің маңызы

 

Туризм саласында мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті – жергілікті халық пен туристік индустрияның барлық субъектілерінің мүдделерін өзара келістіру арқылы жүзеге асыру. Саясаттың мақсаты деңгейінде мүдделер анықталып, басқа құрылымдармен бірлесе отырып, мемлекеттік органдармен іске асырылады.

Туризмді мемлекеттік  реттеу – мақсаттары адам және қоғам өмірінде туризм рөлін және орнын концептуалды бейнелеуде және қоғамдық келісімге негізделген және туризмді дамытудың басымды бағыттарын анықтау, кіру және шығу туризм түрлерінің қатынасын реттеу, жергілікті және мемлекеттік бағдарламаларды өңдеуде, құқықтық, қаржылық, кадр дайындау және ақпараттық қамсыздандыруда мемлекеттік басқару органдарының қызметі[2].

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - құқықтық, экономикалық механизмдерді қолдану есебінен, материалды және кадр ресурстарын олардың басымдықтарын ескере бөлу үшін туризмді дамыту үшін оптималды жағдайлар жасау.

Мемлекеттік реттеу концепциясы екі факторды ескеру арқылы өңделеді:

а)ұлттық мүддені көздеу, ішкі заңдылықтарда және мемлекеттік бағдарламаларда орын алатын экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа жайларға сай әрбір мемлекетпен дербес анықталады; туристік саясат тиімділігі мен мазмұны ел экономикасындағы туризмнің алатын орнымен, саяси ортамен, туристік әлуетпен, инфрақұрылымның даму деңгейімен және басқа факторлар ықпалымен анықталады;

ә)экологиялық, әлеуметті-мәдени және қауіпсіздік жайларды назарға алушы ішкі және халықаралық туризмді дамытуда мемлекет міндеттері мен рөлін анықтаушы халықаралық келісімдер, халықаралық ынтымақтастық бағыттары, еркін қозғалуға турист құқығын қамтамасыздандырушы нормативті-құқықтық шарттар.

Туризмнің дамуын қолдау мемлекеттік және жеке сектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірді дамытудың қалыпты және серпінді  әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығын түсінуге негізделеді.

Туристік саланың дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы туризм саласында жүзеге асырылатын тиімді мемлекеттік саясатқа тәуелді. Қазақстанда туризм саласындағы мемлекеттік саясат нормативті-құқықтық заңдылықтарға негізделеді. 2001 жылы «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заң қабылданды, 2002-2006 жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Заң туризм саласында мемлекеттік ұйымдар мен шаруашылық субъектілердің қызметін реттейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен №1591 «2001-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында туризмді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламада» туристік саланы дамыту бойынша нақты шаралар қарастырылған. Туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңға сәйкес жасалған және экономиканың басымды секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі проблемаларды қамтиды [1].

Туристік саясат туристік нарыққа бағытталған экономиканың басқа салалары мен туристік саланы дамытуға жағдайлар қалыптастырып, негізгі бағыттарын анықтайды. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеудің мәні оның мақсаттары, құралдары, өңдеу мен жүзеге асыру механизмдерімен ашылады  

 

Кесте 1

Туризм саласында мемлекеттік  реттеу элементтері

 

Туристік қызмет нарығының субъектілері

Туристік ресурстар

Әлеуметтік механизмдер  мен технологиялар

Туроператорлар мен турагенттер. Туристерді орналастыру кәсіпорындары. Курорттар. Конгресс, көрме, жәрмеңке, фестиваль ұйымдастырушы фирмалар.

Туризм бойынша әдебиеттер шығарушы, мәдени жә көңіл көтеру, экскурсионды қызмет көрсетуді ұйымдастырушы кәсіпорындар. БАҚ, несиелік ұйымдар (ақша айырбастау, несиелік карточкалар). Сақтандыру компаниялары. Маркетингтік зерттеулер жүргізуші құрылымдар.

Туристік жабдықтарды жалға беруші фирмалар

Инфрақұрылым:

Көлік кәсіпорындары. Қоғамдық тамақтандыру. Сауда, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары.

Фармацевтика, жеңіл  өнеркәсіп кәсіпорындары (спорт  тауарлары, сувенир, туризм және демалысқа  арналған киімдер және басқа туристік сұранысқа ие тауарлар)

Медициналық, мәдени –ағарту мекемелері (мұражайлар және т.б.)

Туристік әлует: ландшафт, климаттық,саяси-мәдени жайлар

Механизмдер: заңдылықтар, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық

Технологиялар: менеджмент, маркетинг (жарнама, қоғаммен байланыс, өтімді ынталандыру және жобалау)

 

 

Біздің еліміздің туристік әлуеті Еуразияның дәл орталығында орналасқан, және туризмнің барлық түрлері дамыту үшін мол түрлігімен айрықшаланады, бірегей мүмкіндіктерге ие: танымдық, көңіл көтеру, этникалық, экологиялық, сауықтыру, жасөспірімдік, спорттық, аң аулау, жылқы, шытырман оқиғалы туризм түрлері. Туристерге 700-ден астам маршруттар Қазақстанның барлық территориясы бойынша ұсынылады. Туристер арасында танымал сұранысқа ие болған аң аулаудың ұлттық әдісі, оның ішінде бүркітпен және алғыр сұңқармен, жүйрік тазымен аңға шығу. Республиканың әр аймағының туристерді тартуға өзіндік ерекшелік жағдайлары бар.

Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) – орта ғасырлық сәулетшіліктің әйгілі ескерткіштері бар ежелгі тарих пен мәдениет аймағы (Тараз қаласында Айша Бибі, Қарахан, Баба хатун мавзолейлері, Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кешені және басқалары), Жетісуда (Алматы облысы) өте ерекше сақ қорғандары. Аймақта Байқоңыр космодромы орналасқан. Бұдан басқа, аймақтың демалыс, емдеу, аң аулау, альпинизм, тауда шаңғы тебу және сырғанақ спорты үшін бірегей климаттық мүмкіндіктері бар.

Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Атырау, Маңқыстау облыстары) – Жайық, Орал Каспий теңізі бассейнінде Еуропа және Азия континентінің қиылысында орналасқан. Мұнда ғаламшардың екінші терең нүктесі болып саналатын теңіз деңгейінен 132 м төмен Қарақи ойпаты, әйгілі әк жартастары орналасқан. Балық аулаумен әуестенушілерге балық аулауға бай жерлер, спорттың су түрлерін дамытуға қолайлы жайлар бар. Ежелгі Маңғышлақ және Үстірттің қорық ескерткіштері, қазақ жырымен байланысты тарихи орындар ғылыми маңыздылыққа ие.

Солтүстік Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) – аймақтың ландшафтысы, климаттық жағдайлары туристік демалыстың әр түрлеріне қолайлы мүмкіндіктер туғызады – автокөліктік, велокөліктік, су. Көкшетау, Баян-ауыл, Мойылды курорттары сауықтыру демалысы болса, Қорғалжын және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен әуестенушілер үшін тартымды.

Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі, Қарқаралы тау-орманды алқабы орналасқан. Өлке археологиялық және этнографиялық объектілері сақталған естелік орындарына бай.

Шығыс Қазақстан – бұл Алтай және оның таулы орманды аудандары, Ертіс өзені, Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сауысқан көлдері. Аймақ жасыл және сулы алқаптарға өте бай және көп түрлі. Семей ауданы қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың, белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны.

Туризм саласының бәсекелік артықшылықтары дамудың келесі мүмкіндіктеріне  байланысты [3]:

- іскерлік туризм, семинар, конференция, съездерге қатысумен байланысты іс сапарлар және басқалары;

- экологиялық туризм, аймақ ландшафтысы мен жабайы табиғаттың болуымен байланысты;

- мәдени – танымдық туризм, тарихи – археологиялық мұраларды және мәдени мұраларды ашуға бағытталған, экстремалды туризм.

Бұл бағытта келесі мәселелер  өз шешімін табуы тиіс:

- туризм саласында кәсіпкерлік қызметтің нормативті – құқықтық базасын жетілдіру;

- туризм саласында шетелдермен және басқа қалалармен ынтымақтастықта болу;

- қызмет көрсету аясында стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіру жолымен туристік қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату;

- туризм саласында кадрларды дайындау және олардың біліктілігін көтеру жүйесін жақсарту;

- туристік-қонақжай кешені мен инфрақұрылым объектілерін несиелендіру және инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

- қауіпсіздікті сақтау, яғни туристік полиция бөлімшелерін жасау, туристік маршрутты ұйымдастыратын және бақылайтын мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық туристік ұйымдардың бірігуімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- қалалық және аудандық станцияларда мектеп туризмін қайта қалпын келтіру жолымен бала-жасөспірімдік туризмді, туристік спорт клубтарын, оның ішінде қалалық, аудандық және аулалық туристік клубтарды дамыту, оларға орындар бөлу.

- әр түрлі көздерден қаржыландырудың басымды бағыттарын анықтау үшін туризм және демалыс аясында инвестициялық жобалардың жәрмеңкесін ұйымдастыру;

- мүдде танытқан мемлекеттік атқарушы және басқа органдармен, сондай-ақ мемлекет пен жеке сектор арасындағы қызметке түзетулер енгізуді қамтамасыз ету;

Туризмді мемлекететтік қолдау шараларын еліміздің барлық облыстарында қолдану, туризмді дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізуі ықтимал.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы. 2001 жыл 6 наурыз. Астана.

2. Алиева Ж.Н. «Туризмология негіздері» Алматы: Қазақ Университеті, 2007 жыл. — 261 б.

3. Алтынбаев Б.А. «Экономика и организация туризма» Алматы: КазГАУ, 1999 жыл. — 324 б.

4. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. «Экономика туризма» Алматы: КазГАУ, 1999 жыл. 237 с.

5. Устенова О.Ж. «Основы организации туристской и гостиничной деятельности», Алматы: КазГАУ, 2008 жыл. 321 с.