МӘРТӨК
АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Агайдарова А.С, Адилов Д.Б
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
мамандық «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 4 курс
Ғылыми жетекшісі: Есжанова Э.Ж.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
бәсекелестікке сай Мәртөк ауданының 2020 жылға дейін дамыту Стратегиясына
сәйкес жүргізіледі [1].
2016 жылы АЕК - 2121
теңгені, орташа еңбекақы – 68424 теңгені, ең
төменгі күнкөрістің деңгейі – 22859 теңгені
құрады.
·
Қаржылық
саясат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының
басымды тапсырмаларын шешуде және бюджет орындалуының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бюджет табысы жоспар
бойынша 525 024,9 мың теңге болса, нақты түсім
603 852,1 мың теңгені құрады немесе өсім 115
%.2016 жыл қорытындысы бойынша бюджеттің шығын бөлігі
100% орындалды.Бөлім бюджет бағдарламалары бойынша 2016 жылға
әлеуметтік қолдау шараларына 196 994,0 млн. теңге
нақтыланып, бекітілді. 1 жартыжылдықта 84 731,9 млн. теңге
қаржы, заңнамалық тәртіппен игерілді.
Аудан бюджетінің түсімі 2016 жылы
4 814 477,2 теңгені құрады, ал шығын
4 843 662,8 теңгеге жетті. Негізгі капиталға инвестициялар
көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады.
·
Мәртөк
ауданы бойынша 2017 жылы білім беру саласына
2 808 741
теңге жұмсалды. Барлық орта және негізгі мектептер
компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, Интернет желісіне
қосылған, бір компьютерге 7 оқушыдан келеді. Ыстық
тамақпен 602 оқушы қамтылған немесе барлық
оқушылар санынан 12 % . Жазғы демалыспен қамтылған
оқушылар алдыңғы жылмен салыстырғанда 104,1 % құрады.
Қызылжар орта мектебінің жөндеу
жұмыстарына 42832,0 мың теңге, оның ішінде РБ- 38549,0
мың теңге, ЖБ- 4283,0 мың теңге бөлінді. 21
жаңа жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 11 азамат жұмыспен
қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа
орналастырылды. Саржансай орта мектебі ғимаратының
ағымдағы жөндеу жұмыстарына 42152,0 мың
теңге, оның ішінде: РБ-37937,0 мың теңге, ЖБ- 4215,0
мың теңге бөлінді. 21 жаңа жұмыс орындары ашылды,
оның ішінде 11 адам жұмыспен қамту орталығының
жолдамасымен жұмысқа орналастырылды.
·
Мәдениет
саласында 2017 жылы 183 803 теңге жұмсалды. 2016
жылы Родников селолық клубы ғимаратының жөндеу
жұмыстарына 26961,0 мың теңге, оның ішінде РБ- 24265,0
мың теңге, ЖБ -2696,0 мың теңге бөлінді. 13
жаңа жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 7 адам жұмыспен
қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа
орналастырылды[2].
·
Өнеркәсіп,
сәулет және құрылыс қызметіне 2017 жылы
23 393 теңге
бөлінді. 2016 жылы Мәртөк ауданында 16 пәтер
мұқтаж жандарға пайдалануға беріледі. Аудан
орталықтарында салынған жаңа үйлер «Тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша сатылады.
Яғни, пәтер құны нарықтағы бағадан
әлдеқайда төмен болады.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының
Мәртөк ауданында 525 адам тұрғын үй кезегінде
тұр. Оның 334-і - жетім және ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 90-ы -
мемлекеттік қызметкерлер, 101-і - әлеуметтік жағынан
қорғалатындар санатындағылар.
·
Қоғамдық
жұмыстарға жіберілген адамдар саны жыл сайын өсуде.
2015 және 2016 жылдары Жол картасы жүзеге
асырылғанға байланысты, қоғамдық жұмыстар
құрылып 2015 жылы -823 адам жұмыспен қамтылды. 2016
жылы - 611 адам жұмыспен
қамтылды.Өңірде жұмыссыздықтың өсуін
болдырмау мақсатында 2016 жылға халықты жұмыспен
қамтамасыз ету бойынша Мәртөк ауданның Кешенді жоспары
жасақталып, бекітілді.2016 жылдың 1 маусымының өзінде
жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар есебінен 476
адам тұрақты және уақытша жұмыстармен
қамтылды.
Уақытша жұмыспен қамту шараларына
республикалық және жергілікті бюджеттен 14994,7 мың
теңге жұмсалды, онда қабылданған 290 адамға
жалақы мен субсидия мөлшері заңнамалық тәртіппен
толығымен мерзімінде төленді. Оның ішінде, ақылы
қоғамдық жұмыстарға 219 адамға 8569,7
мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адамға
1491,0 мың теңге, жастар тәжірибесі бағдарламасы
бойынша 48 адамға 4934,0 мың теңге.
Жоспар бойынша 2016 жылы 1189 адам жұмыспен
қамтылды, оның ішінде жұмыссыздар-776, өзін-өзі
жұмыспен қамтылғандар - 413, оның ішінде: «Бизнестің
жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде - 15 адам орналасты.
«Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде 4 адам, «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 154
адам, «Аумақтарды дамыту» бағдармасы шеңберінде-1008 адам
жұмысқа орналасты[3].
·
2016 жылға
әлеуметтік қолдау шараларына 196 994,0 млн. теңге
нақтыланып, бекітілді. 1 жартыжылдықта 84 731,9 млн.
теңге қаржы заңнамалық тәртіппен игерілді.
Тұрғындардың әлеуметтік
қорғау санатына жататын жекеленген санаттағы
азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары
жүргізілді: Табыстары азық-түлік себетінің
құнынан төмен 435 отбасының
құрамындағы 18 жасқа дейінгі 1177 балаға 13459,7
мың. теңге көлемінде жәрдемақы төленді.2016
жылы табыстары азық-түлік себетінің құнынан
төмен 444 отбасының құрамындағы 18 жасқа
дейінгі 1194 балаға 11129,0 мың теңге жәрдемақы
тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне
сәйкес, белгіленген тәртіппен басқалай әлеуметтік
қолдау шаралары 640 жекеленген санаттағы азаматтарға 20872,7
мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Облыстық және аудандық мәслихат шешімдеріне сәйкес,
ауданның 1582 азаматтардың жекеленген санаттарына 23075,0 мың
теңге әлеуметтік көмек төленді.
·
2016 жылы ауыл
шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 12,6
млрд.тг жетті. Мәртөк ауданындағы 8 кәсіпорын
облыс аумағына және басқа да өңірлерге сүт
өнімдерін, қиыршық құм, металл, кислород
өнімдерін, шлак кірпіштері мен жиһаздарын шығарды. Жалпы
алғанда 3052,4 миллион теңгенің өнімі өндірілді.
Ал аудандағы инвестиция көлемі — 4601,6 миллион теңге.
Сондай-ақ 2016 жылы
ауданда ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалар
бойынша мал басы мен құс саны өсті. 7,6 мың тонна
ет, 39,3 мың тонна сүт өндірілді. 5,4 миллион дана
жұмыртқа алынды.
Мемлекеттік бағдарламалардың ішінде
«Сыбаға» бағдарламасы 51,5 пайызға, «Құлан» 91,4
пайызға, «Алтын асық» 101,5 пайызға, «Ырыс» 200 пайызға
орындалды. Сонымен қатар өткен жылы егіс алқабы 87,4
мың гектарды құрады. Ал дәнді дақылдардың
орташа түсімі - 11,5 центнер. Бүгінде ауданда 6 ауыл
шаруашылығы кооперативі бар.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік
бағдарламалар толық деңгейде орындалмағанымен,
халықты жұмыспен қамтуға бағытталған
бағдарламалар аясында ауданда бизнес саласында 6356 адам, «Өрлеу»
бағдарламасымен 25 отбасы, яғни 138 адам жұмыспен
қамтылған. 95 жұмыс орны ашылып, 288 жеке кәсіпкер
тіркелген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы арқылы ауданда 155,0 млн теңгеге 13 жоба іске
асырылған.
2017 жылы Аудан бойынша
5 280,0 миллион теңгеге инвестиция тартылмақ
·
«Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші
бағыты ауыл тұрғындарына шағын несиелерді беру
арқылы өз ісін құру немесе дамыту мақсатында ауыл
тұрғындарының бастамаларына қолдау көрсету болып
табылады.
Шағын несие алу бойынша 45 адамға 179,0
млн.теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге негізгі
транштан 15,8 млн.теңгеге 10 адам, қайта инвестицияланған
қаражаттан 12 адам 25,6 млн.теңгеге, отбасылық
шаруашылықтарын ұйымдастыруға 5 адам 18,5 млн.теңгеге
шағын несие алды.
Мәртөк ауданы бойынша өңірлер
әкімдері және кәсіпорындар басшылары арасында еңбек
құқықтарын тұрақтандыру және
жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара
әрекеттесу туралы 97 меморандумға қол қойылған,
оның ішінде 1 ірі, 2 орта және 94 кіші кәсіпорындар[4].
Қолданылған әдебиеттер
1.
ҚР
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922
Жарлығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспары»
2.
Ақтөбе
облысы, Мәртөк ауданы әкімдігінің ресми сайты
3.
«Халықты
жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі
Қазақстан
Республикасының Заңы
4.
2011 жылы 31
наурызда ҚР Үкіметі қабылдаған «Жұмыспен
қамту жол
картасы 2020» бағдарламасы
Заявка на участие в IV Международнойзаочной научно-практической конференции
«НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ ПРОГРЕСС: АКТУАЛЬНЫЕ И ПЕРСПЕКТИВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ
БУДУЩЕГО», посвященная «ЭКСПО»-2017
г. Актобе, КРМУ,
12 мая 2017 г.
Фамилия, имя,
отчество: Агайдарова Акерке Сабаржанқызы, Адилов Даулет
Болатұлы
Научная степень,
звание: студент
Место работы или
учебы (должность): Актюбинский региональный
государственый университет им.К.Жубанова
Название
доклада: Мәртөк ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және
оны шешу жолдары
Секция: Секция 6 Социальная-экономическая модернизация современного общества
Телефоны: 87078014878, 87471212785
e-mail: akerke_a.s@mail.ru, joooker.d@mail,ru