АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Ә.О. Айжарық, Т.Е. Даукенов, Т.С. Капышев

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

aassima20@mail.ru

Жетекші: Муканбеткали Абдкадирович Турганбаев

Түйіндеме:

Мақалада Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің дамуының қазіргі кездегі жағдайы қарастырылады. Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына жалпы шолу жасалып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланған. Соңғы жылдары өңірде шағын және орта бизнестің даму қарқыны жоғары және бұл көрсеткіштердің жыл сайын өсіп келе жатырғаны байқалады.

Аннотация:

В статье рассматривается современное состояние развития предпринимательства в Актюбинской области. На основе общего обзора развития предпринимательства  анализировано социально-экономическое состояние региона. В последнее время в регионе темп развития малого и среднего бизнеса высок и с каждым годом наблюдается рост этих показателей.

Annotation:

The article considers the current state of development of entrepreneurship in the Aktobe region. Based on the general review of enterprise development, the socio-economic state of the region is analyzed. Recently, the pace of development of small and medium businesses in the region is high and with each year there is an increase of these indicators.

 

Елбасының алға қойған  мақсаттарының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану [1]. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, Үкімет бизнесті дамыту үшін ауқымды бағдарламалар жасап отыр. Солардың бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі - 2015 – 2019 жылдар.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған [2].

Шағын және орта бизнес – кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының тірегі. Халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелерінің шешілуі осыған тәуелді.

Қазір біздің елімізде бизнесті дамытудың бұрын-соңды болмаған қолайлы ахуалы туып отыр. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастап, аталмыш салаға айрықша көңіл бөліп отыруы, сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға қоюы кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болып отыр. Бұлай болатыны, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте жақсы біледі.

Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылы трансферт сомасы 3,8 млрд.теңгеге кәсіпкерлердің 236 жобасы қолдауға ие болды, соның ішінде:

- субсидиялау бойынша – кредит сомасы 9,2 млрд.теңгеге 135 жоба;

- кепілдендіру бойынша – кепіл сомасы 785,0 млн.теңгеге 79 жоба;

- гранттар ұсыну бойынша – 20,0 млн.теңгеге 9 жоба;

- микрокредиттер беру бойынша– 59,0 млн.теңгеге 13 жоба.

«БЖК-2020» шеңберінде 2015 жылы 784 жаңа жұмыс орны құрылған.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша 316 жоба 17,1 млрд. теңгеге  қолдау тапты, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 34 %-ға өсті (2015 ж. – 236 жоба), соның ішінде:

- субсидиялау бойынша – жалпы кредит құны 15,7 млрд.теңгеге 157 жоба;

- кепілдендіру бойынша – жалпы кепіл құны 1,2 млрд.теңгеге 93 жоба;

- грант ұсыну бойынша – жалпы құны 24,0 млн.теңгеге 12 жоба;

- микрокредиттеу бойынша – жалпы құны 200,0 млн.теңгеге 54 жоба.

Барлық мақұлданған жобалардың 163-і аудандардың үлесіне тиесілі, яғни 51,6 %.

2015 жыл ішінде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 40,9 мың бірлікті, соның ішінде әрекет етуші кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 33,7 мың бірлікті құрады.

Субсидиялау бойынша:

2015 жылы ӨҮК-мен кредит соммасы 9,2 млрд.теңге құрайтын кәсіпкерлердің 135 жобасы мақұлданды. Бұл қолдаудың түрі бойынша өзеріссіз көшбасшы Мұғалжар және Хромтау аудандары болып табылады. Бағдарламада орташа қатысу қарқыны Мәртөк, Алға және Қарғала аудандарында.

2016 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесімен кәсіпкерлердің жалпы құны 15,7 млрд.теңгеге 157 жобасы мақұлданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16 %-ға өскен (2015 жылы – 135 жоба). Ең көп қамтылған жобалар Ақтөбе қаласы бойынша – 12,1 млрд.теңгеге 103 жоба. Облыс аудандары ішінен ең көп қамтылған Хромтау, Мұғалжар және Алға аудандары. Ырғыз ауданынан жобалар ұсынылған жоқ.

Кепілдендіру бойынша:

Бұл құрал  ШОБ субъектілері арасында үлкен танымалдылыққа ие, өйткені құрал кредит алуға екінші деңгейлі банкттер алдында кепіл болып табылады.

2015 жылы ӨҮК, және «Даму» КДҚ» АҚ АФ өз еркімен 79 жоба мақұлданды, соның ішінде 45 жоба (57%) Ақтөбе қ. жүзеге асырылады, қалған 34 жоба (43%)  моно, шағын калаларда, ауылдық елді мекендерде (Хромтау ауданы – 6, Мұғалжар ауданы – 10, Алға аауданы – 5, Айтеке би, Мәртөк аудандары – 4 жоба, Қарғалы ауданы – 2, Шалқар, Ойыл, Ырғыз аудандары – 1 жобадан).

 2016 жылы 93 жоба мақұлданды, оның 44-і (47,3 %) Ақтөбе қаласында, қалған 49 жоба (52,7 %) ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылады (Мұғалжар – 11, Хромтау – 8, Алға – 8, Шалқар – 7, Мәртөк – 5, Ойыл – 4, Темір және Байғанин – 2-ден, Әйтеке би және Қобда – 1-ден.). Қарғалы және Ырғыз аудандары бойынша мақұлданған жобалар жоқ.

Гранттар бойынша

2015 жылы Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін  20,0 млн.тг көлемінде 9 шағын кәсіпкерлер субъектілеріне өтеусіз, қайтарымсыз гранттар берілді. Барлық жобаларды моно, шағын қалалар және ауылдық елді мекендерінде жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, Байғанин ауданынан (ЖК Өтенова-тігін цехын ашуға-2,4 млн.тг, ЖК Абдуллаев-тұшпара шығару цехын ашу-2,0 млн.тг. ЖК Абдирахманова-наубайхана ашуға-835 мың тг.), Алға ауданы- ЖК Қазмағамбет-кардилогиялық кабинет ашуға-2,7 млн.тг, Шалқар ауданы-ЖК Эбен- ағаштан бұйымдар шығару цехын ашуға-2,0 млн.тг., Хромтау ауданы- ЖК Курганбаева- тігін цехын ашуға -3,0 млн.тг, ЖК Жангужина-ПВХ жабынуымен қолбақтар шығару цехын ашуға-3,0 млн.тг, ЖК Әмина- шиномонтаж цехын ашуға-1,0 млн.тг., «Ideal Tender Service» ЖШС- картриджреді толтыру жұмыстарын ұйымдастыруға 3,0 млн.тг.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының 124 кәсіпорнына мемлекеттік қолдау көрсетілді, немесе облыс кәсіпкерлеріне көрсетілген қолдаудың жалпы санының 63%-ы. Соның ішінде, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 6,3 млрд. теңге сомасына 80 жоба, кепілдік беру бойынша – 385,0 млн. теңге сомасына 43 жоба.

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары 3,0 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, қала кәсіпорындарында қосымша 643 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыста 50,2 мың шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісі жұмыс істейді. Олар 344,0 млрд теңгенің өнімін* (ақпарат 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша) өндірді.

ШОК саласында 131,7 мың адам немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 30%-ы еңбек етуде.

Мемлекет және қаржы институттары тарапынан қаржылай-несиелік қолдау көрсету ШОК дамытудың басты шарттарының бірі болып табылады.

Сондықтан 2015 жылдың басынан бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыруға облыста 3,8 млрд теңге бөлінді.

2015 жылы облыс әкімдігі ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту және жаңадан бастап жүрген жас кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша                                                             Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен, «АЛМЭКС Холдингтік Тобы» АҚ, «ФФПСХ» АҚ және«Даму» КДҚ» АҚ-мен бірқатар ынтымақтастық туралы 1,8 млрд теңге сомасында меморандумдарға қол қойылды.
        Бұдан басқа, әрбір ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді, олар 2015 жылдың өзінде ғана тұрғындарға 17,7 мың консультативтік қызмет көрсетті.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту — 2020» жол картасы бағдарламасы ауқымында біздің облыс шағын несиелендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі ілкі жобаға енгізілді, онда шағын несие сомасын 3-тен 6 миллион теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл ШОК саласын ынталандыруға мүмкіндік береді.

ҰКП тапсырысымен жүргізілген зерттеу қорытындысымен Ақтөбе облысы қолайлы бизнес орта құру бойынша елімізде ІІ орында (1- орын –Астана қ.).

2016 жылы жалпы құны 24,0 млн.теңгеге 12 кәсіпкерге гранттар ұсынылды, соның ішінде 5 грант мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілді.

Мақұлданған 12 жобаның 9-ы аудандарға тиесілі, қалған 3 жоба Ақтөбе қаласында жүзеге асырылады. Аудандар арасынан Қарғалы және Ойыл аудандары бойынша – 2 жоба, Әйтеке би, Алға, Байғанин, Темір және Ырғыз аудандары бойынша – 1 жобадан мақұлданды.

Микрокредиттер бойынша

Бағдарлама шеңберінде өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында Хромтау моноқаласында 13 бизнес субъектілеріне өз жобаларын жүзеге асыруға 59,0 млн. теңге көлемінде микрокредиттер берілді.

2016 жылы Бағдарлама шеңберінде жалпы 200,0 млн.теңге 54 жеке кәсіпкерлік субъектісіне берілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық. Барлық аудандар аталған қолдауға ие болды.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде ШОБ-ті кредиттеуде Екінші деңгейлі банктердің рөлі айтарлықтай маңызды. Банктер арасында Ресей Жинақ банкі, Халық банкі, Банк ЦентрКредит көшбасшылар қатарында.

Өңірде жұмыс істеп тұрған 50,7 мың ШОБ субъектісі бар, өсу қарқыны бойынша ҚР – 2 орын (101,5%), салада 130 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 29,6%( ҚР -34,4%) жұмыс істейді, 700 млрд. астам теңгенің өнімі шығарылды немесе НКИ -105% (жоспарлы көрсеткіштер).

2016 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының өсімі – 101,5% (ҚР бойынша 4 орын) немесе 490,6 млрд. теңге.

2016 жылы барлық кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында  2390 кәсіпкер 39,1 млрд. теңгеге қаржылық қолдауға ие болды, бұл 2015 жылға қарағанда 9,3 млрд. теңгеге немесе  1118 кәсіпкерге артық.

Қолдау көрсетудің барлық бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2016 жылы 7 мың (2015 жылы - 5,4 мың) жаңа жұмыс орны ашылды.

«БЖК-2020» аясында 316 кәсіпкер 17,1 млрд. теңгеге қолдау тапты, бұл 2015 жылға қарағанда 80 жобаға және 7 млрд. теңге артық.

Облыс экономикасындағы ШОБ үлесі  22,1% (ҚР -24,9%) құрайды.

Құқық  қорғау  және тексеруші органдармен бірлесіп бизнестің 

әкімшілік кедергілерін төмендету жөнінде жұмыс топтары  құрылды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда[3].

Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.

Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.

Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен [4].  

Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар  кәсіпкерлер нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр. Олар өз еріктерімен тауар нарығындағы сұраныс және ұсыныс мәселелерін зерттей отырып, жаңа өнімнің қоғамға қажетті түрлері бойынша үлгілерін жобалап ұйымдастырады, сатылатын өнім ассортименттерін жаңартып басқада түрлерін қалыптастырады, өндірісті жаңа техникалық жабдықтармен қамтиды, өзгеде қатынас субъектілерімен қарым қатынастарға түсу арқылы байланыстар құрады, пайда табу мақсатында өзгеде нарық талаптарын қанағаттандыратын әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың табатын табыстары өндірістерін қаржыландыратын негізгі қайнар көз болып табылады. Егерде кәсіпорындар қаржы тапшылығы мәселелеріне жолығатын жағдайда қаржыландырудың өзгеде қайнар көздерімен қатынастар қалыптастырады, мәселен банктар, қорлар өзара несиелендіру қоғамдары және т.б. Бұлармен қатар кәсіпкерліктің ең ұтымды ерекшеліктерінің бірі ретінде олардың еріктілігін айта кетуге болады, мәселен ертедегі жоспарлық экономикамен салыстырар болсақ ғылыми – техникалық, стратегиялық саясаттарымен бағдарламаларын өздері қалыптастыру арқылы, нарықтың тікелей бәсекелестік заңнамасына бағына отырып қоғамның шынайы қажеттілігін қанағаттыратын бірден – бір қолайлы да, қолды құрал болып отыр.

Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы өз алдына қоғамдағы көптеген экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын жақтартуда орасан зор орын алады. Бұл қатынастар елдің сыртқы экономикалық іс — әрекеттерін дамыта отырып өздеріне және тұтынушы қоғамға, қолайлы да тиімді шетелдік нарықтардың шығаратын тауарларын ұсына отырып, отандық өндірісте шығатын тауарларды өткізу нарығының жаңа белестеріне жол ашады. Ал бұл өз алдына отандық тауарларды өндіруші кәсіпкер тұлғалардың кәсіпкерлік қатынастарын дамытуға, шетелдік тұлғалармен қарымқатынастарға түсе отырып қоғамдағы кәсіпкерлік қатынастардың молаюы мен күрделенуіне бірден – бір қолайлы жағдай туғызады.

 

Пайданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы. – Астана: Ақорда, 31 қаңтар 2017 ж. http://www.akorda.kz

 2."Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК, 2012ж.

3. «Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы» ММ ресми сайтының мәліметтері http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/

4. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Ақорда, 2012 ж.