Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы,
проблемалары және оны шешу жолдары
Абдимуратов А.О., Аманжолов С.Ж.,Салимов А.Ш..
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
мамандық «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 4 курс
Ғылыми жетекшісі: Есжанова Э.Ж.
Облыстың
әлеуметтік-экономикалық дамуы бәсекелестікке сай
Маңғыстау облысын 2020 жылға дейін дамыту Стратегиясына
сәйкес жүргізіледі [1,2].
Аймақтық
жұмысқа орналастыру және кадрларды қайта даярлау
стратегиясы - «Жол картасына» сай қарастырылған
барлық шаралар жүзеге асты. Аймақтық экономиканың
(аймақтық ішкі өнімнің АІӨ) өсімі 2016 жылдың 9 айында 1724,1 млрд. теңгені, АІӨ-нің
нақты өсімі - 99,9% құрады. Халықтың жан
басына шаққандағы АІӨ 2722,5 мың теңге
көлемінде қалыптасты.
Есепті кезең ішінде облыстың
өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың
қаңтар-желтоқсанында қолданыстағы бағада
1861,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі
96,9% құрады, жалпы көлемде үлесі 86,4%
құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (1608,5
млрд. теңгенің өнімі өндірілді). Өткен жылмен салыстырғанда
2,1%-ға төмендеген мұнайөндіру көлемі 18,1 млн.
тоннаны құрады.
Табиғи газ өндіру 13,8%-ға,
2886,8 млн. текше метрге дейін өсті. Өңдеу
саласындағы (саланың үлесі - 7,1%) өндіру көлемі
10,9%-ға артып, 132,2 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру
және ауа баптауда104,6 млрд. теңгенің өнімі
өндіріліп, саладағы НКИ 93,3% құрады. Негізгі себеп –
«МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясын
өндіруді 9,6%-ға азайтуы.
«Сумен жабдықтау,
канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды
және бөлуді бақылау» саласында 15,9 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді, НКИ – 68%.
Жыл ішінде ахуалды тұрақтандыру,
облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, бірінші
кезекте мұнай-газ компанияларының проблемалық
мәселелерін шешу бойынша барлық мүмкін шаралар
қабылданды.
Маңғыстау облысының
Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 2016 жылы 6 жоба іске
асырылып, оның ішінде 4 жоба толықтай пайдалануға берілді, 2
жоба бойынша 1-кезеңдері іске қосылды. Іске асырылған
жобалардың жалпы құны 104,7 млрд. теңгені
құрап, 426 жаңа жұмыс орны құрылды.
Сыртқы
сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-қарашасында 3364,3 млн. АҚШ долларын, немесе 2015
жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 79,9%, оның
ішінде тауарлардың экспорты - 3148,7 млн. АҚШ долларын (83,7%),
импорт - 215,6 млн. АҚШ долларын (48%) құрады. Сыртқы
сауда айналымының сальдосы 2933,0 млн. АҚШ долларын
құрады.
Бөлшек
тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 152,3 млрд. теңгені
құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне
қарағанда 98,1%. Тауар айналымының азаюы, айналым
құрылымындағы үлесі 66,4% құрайтын сауда
жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.
Шағын және орта бизнестің жұмыс
істеп тұрған субъектілерінің саны 01.01.2017 жылға 46,6
мың бірлікті құрады, бұл - өткен жылдың
осындай кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға көп.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының
екінші бағытының аясында ауыл кәсіпкерлеріне микрокредиттер
беруге 2016 жылға 690 млн. теңге бөлінді. «Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның
Маңғыстау филиалы 765,9 млн. теңге жалпы сомасына 256
микрокредит, оның шінде 2016 жылы бөлінген қаражат есебінен -
601,8 млн. теңге сомасына 209 микрокредит, қайтарылған
қаражат есебінен - 41 млн. теңге сомасына 14 микрокредит,
«Эко-Даму» бағдарламасы бойынша - 2,7 млн. теңге сомасына 2
микрокредит берді. Нәтижесінде 413 жаңа жұмыс орны
құрылды [3].
Құрылыс
жұмыстарының көлемі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында
186,2 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге, облыс бойынша
барлық жүргізіліп жатқан құрылыс
жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы
жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.
Жалпы ауданы 708,6
мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
немесе өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына
қарағанда 9,9%-ға артық (2015 жылдың
қаңтар-желтоқсанында - 645,0 мың шаршы метр). Негізгі
көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.
Инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым салуға 4622,6 млн. теңге бөлінді
(4529,5 млн. теңгесі игерілді). 13 жобаны, оның ішінде 2 ауыспалы
және 11 жаңа жобаны іске асыру жүргізілуде.
Көліктік-инфрақұрылымдық
даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында
«Қазақстан темір жолы» ҰК»
АҚ-ның«Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің
құрылысы аяқталды. Жоба құны - 9,6 млрд.
теңге.
2015
жылғы сәуірде «Қазақстан
темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 32,0 млрд.
теңге болатын Құрық портындағы паром
кешенінің құрылысы басталды. Жүк
ағындарының жылдық көлемі - 4,1 млн. тонна,
құрылыс салу ауданы - 21 га.
Құрылысын
салу кезеңінде - 220 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде - 249
жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқталу
мерзімі - 2017 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.
Азия даму
банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы
республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау»
автожолын реконструкциялау жобасы аяқталды. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль
жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталды, құны
- 46,4 млрд. теңге.
Ақтау
халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта
кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны - 39,7
млрд. теңге) жұмыс жүргізілуде.
Жобаны іске
асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5
мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі.
Құрылатын жұмыс орындары: ағымдағы жылғы
құрылысын салу кезеңінде - 303 адам, пайдалану
кезеңінде - 173 адам.
Жақсы
және қанағаттанарлық жағдайдағы
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2016
жылдың басында 92% құрады.
Негізгі капиталға
инвестициялар көлемі 399,7 млрд. теңгені құрады.«Ақтау теңіз порты»
АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа
бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша
жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 3 жоба пайдалануға берілді.
АЭА-ның
инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты
инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс
жүргізілуде. 2017 жылға 818 млн. теңге мөлшерінде
қаражат бөлу мақұлданды.
Қазақстан
Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай
туризімінің орталығы ретінде Кендірлі курортты демалыс
аймағын дамытуды көздейді. Курортты аймақты дамытуға
инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде [3,4].
Тұтыну
бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылдың
желтоқсанында 2015 жылдың желтоқсанына 108,9% (ҚР
бойынша - 108,5%), оның ішінде азық-түлік тауарларына - 110%
(ҚР бойынша - 109,7%), азық-түлік емес тауарларға -
107% (ҚР бойынша - 109,5%), ақылы қызметтерге - 109,5%
(ҚР бойынша - 106,1%) құрады.
Мемлекеттік
бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 326,9 млрд. теңге (2015 жылдың осындай
кезеңіне - 104,3%), оның ішінде республикалық бюджетке -
201,1 млрд. теңге (100,5%), жергілікті бюджетке - 125,8 млрд. теңге
(111%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
түсті.
Салықтар бойынша бересі 01.01.2017 жылға 16,3 млрд.
теңгені құрады немесе 2016 жылдың басымен
салыстырғанда 44,2%-ға көп (01.01.2016 жылға - 11,3
млрд. теңге).
Облыстың 2016 жылға арналып нақтыланған бюджеті
183,1 млрд. теңгені құрайды. 2016 жылда бюджеттің
кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 98,3%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы
трансферттер мен кредиттер бойынша - 97,9% құрады [4].
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға
дейінгі бағдарламасының» («Ақ бұлақ») аясында
2015 жылдан ауысатын 7 жобаны іске асыруға 2016 жылы 2 404,5 млн.теңге
бөлінді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
арнайы резервінен 2016 жылы 7 жаңа жобаны іске асыруға 2687,5 млн.
теңге мөлшерінде қаражат бөлінді (Атамекен, Батыр,
Баянды, Маңғыстау, Ақшұқыр, Жыңғылды
ауылдарын сумен жабдықтау). Бөлінген қаражат толықтай
игерілді. Жобалардың барлығы 2017 жылға ауысады.
Бүгінгі күнге орталықтандырылған
сумен жабдықтаумен 30 АЕМ немесе 52,5% қамтамасыз етілген.
Қалалардағы қамту 99,5% құрайды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға
дейінгі бағдарламасының» аясында көздестірілген жобалар 2017
жылы іске асырылған жағдайда, АЕМ-дегі сумен қамтамасыз етілу
59%-ды (немесе 36 АЕМ-ді) құрамақ.
«Нұрлы жол»
бағдарламасы бойынша 2016 жылы тағы мына 2 жобаны іске
асыруға 3 848,3 млн. теңге бөлінді[4]:
- «Ақтау
қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын
өнімділікті арттыру бойынша жаңғырту» (3138,3 млн.
теңге). Жоспар 3138,3 млн. теңге болғанда, 01.01.2017
жылғы жағдай бойынша игеру 1 164,5 млн. теңгені құрайды.
Объектіні ағымдағы жылдың 1-тоқсанында
пайдалануға тапсырылады.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға
дейінгі бағдарламасының»
аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ
электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы
аяқталды. Жылыту маусымына дайындық аясында жалпы
ұзындықтағы жылу желілерінің 3%-ын (23,3 км), электр желілерінің 31%-ын
жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды.
Халықты
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке
алғанда 2016 жыл облыс бойынша 25355 жұмыс орны
құрылды. Есепті кезеңде 28584 адам жұмыспен
қамтумен, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен -
19365 адам, маусымдық жұмыстармен - 3340 адам, жергілікті бюджеттер
есебінен ақысы төленетін қоғамдық
жұмыстармен - 3229 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 1418
адам, жастар практикасымен - 1232 адам қамтамасыз етілді.
Жалпы
жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 3-тоқсанында
(ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап, оның
ішінде жастар жұмыссыздығы 4,7%-дан 5,0%-ға дейін артты.
Тіркелген
жұмыссыздар саны 01.01.2017 жылға 3098 адамды (01.01.2016 жылға-2800
адам), тіркелген жұмыссыздық деңгейі-1,0% (01.01.2016
жылға-0,9%) құрайды.
Білім беру
жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,5 млрд. теңге
көздестірілді. 01.01.2017 жылға 47,7 млрд. теңге игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 1,7 млрд. теңге.
Үш
ауысыммен оқытуды жою мақсатында Форт-Шевченко
қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың
құрылысы аяқталды. «Нұрлы жол»
бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орындық
мектептің құрылысы аяқталды. Бұдан басқа,
Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық
балабақшаның құрылысы аяқталды. Кең
жолақты Интернетке облыс бойынша 133 мектептің барлығы
қосылған.
Денсаулық
сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 21,0 млрд.
теңге көздестірілді. 1.01.2017 жылға 20,8 млрд. теңге
игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға
республикалық бюджеттен - 2,2 млрд. теңге, материалдық-техникалық
базаны нығайтуға - 305,4 млн. теңге және
үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі
жөндеуге - 352,0 млн. теңге көздестірілді.
Ақтау
қаласында 150 орындық ана мен баланы қорғау орталығының
құрылысы жүргізілуде.
2016 жылғы облыстың
экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі
қорытындылары осындай, олар әлемдік қаржы және экономикалық
дағдарыс салдарының ықпалы жағдайында аймақ
экономикасының тұрақты даму үстінде екенін
дәлелдейді.
Толықтай алғанда,
ағымдағы жылы алынатын барлық шаралар негізгі міндетті шешуге
- аймақтық, тұтас республиканың экономикасын
дағдарыстан соңғы кезеңде тұрақты
дамытуға қажетті жағдайлар жасауға бағытталатын
болады.
Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР Президентінің 2010 жылғы 1
ақпандағы №922 Жарлығына сәйкес
«Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары»
2. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға
арналған дамыту
бағдарламасы.
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты. http://mangystau.gov.kz
4. Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы
әлеуметтік-
экономикалық даму қорытындылары туралы
Заявка
на участие в III Международной заочной
научно-практической конференции
«АКТУАЛЬНЫЕ
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ СОВРЕМЕННОЙ НАУКИ»,
посвященная 25-летию Независимости
Республики Казахстан
г. Актобе, КРМУ, 25 мая 2016 г.
Фамилия,
имя, отчество: Абдимуратов
А.О., Аманжолов С.Ж.,Салимов А.Ш.
Научная
степень, звание: студент
Место
работы или учебы (должность): Актюбинский
региональный государственый университет К.Жубанова
Название
доклада: Маңғыстау облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және оны шешу
жолдары
Секция:
Секция 6 Социальная-экономическая
модернизация современного общества
Телефоны:
8702 286 86 66
e-mail: amanzholov.savit@mail.ru