Нуржанова М.А., Рахманова Ү.Т., 1 курс
(академик
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ)
Ғылыми
жетекшісі – п.ғ.м., оқытушы Жанұзақов Н.Б.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ИНСТИТУТТАРЫ МЕН
ҰЙЫМДАРЫ
Нарықты
экономиканың жеке секторларында ең басында
құрылған стихиялық қатынастар уақыт
өткен сайын ұйымдасқан сипатқа ие бола бастайды.
Біздің пікірімізше, бұл жерде белгілі тәртіп тенденциясы
көзге түседі. Еңбек нарығында қатынастар дамуы,
сөзсіз, институттар мен ұйымдардың пайда болуына түрткі
болады.
Еңбек
нарығы институтына нормативтік жарлық (реттеуіштер), және де
еңбек саласындағы қатынастардың ұзақ
уақыт бойы болған үлгілері, мысалы, жеке адам және
ұжым еңбек келісімдері, тарифтік автономия, кәсіпорында
басқаруға қатысу және т.б. жатады.
Еңбек
нарығы институты мен ұйымдары объективті негізде пайда болады,
өйткені олар әлеуметтік қатынасын үйлестіреді,
жалақы деңгейін орнатуда және де жұмыс беруші мен
жұмыс алушылар арасындағы келісім жасауға байланысты
шығынды едәуір үнемдеуге көмектеседі.
Тарифтік
автономия дегеніміз үшінші жақтан, әсіресе мемлекеттен,
тәуелсіз түрде жұмыс беруші мен жұмыс алушы
арасындағы еңбек шартын үйлестіру құқы.
Мысалы, Геманияда тарифтік келісім туралы заң бойынша келісімнің
екі жағы ретінде және жұмыс берушілер одағы немесе жеке
жұмыс беруші болады. Жеке жұмыс алушы, өзінен-өзі
түсінікті себеппен, тарифтік келісімнің бір жағы ретінде бола
алмайды.
Елеулі
маңызы бар тағы бір жәйт, ол әр жұмыс берушілер
және әр жұмыс алушылар бірлестігі тарифтік серіктес бола
бермейді. Ол үшін екеуі де демократиялық негізде құрылу
керек, екі жақта патиялық саясаттан, шіркеуден және
мемлекеттік тәуелсіз, сонымен қатар, зауытаралық ұйым
ретінде болу керек.
Тарифтік
келісімі заң тұрғысынан екі бөліктен тұрады:
нормативтік бөлігінде жалақы, жұмыс уақыты
мөлшері және т.б. туралы мәліметтер болады; ал міндеттеу
бөлігінде екі жақтың құқы мен міндеттері
көрсетіледі. Тарифтік келісім ең алдымен келісімге келген
жақтың мөлшеріне, яғни тарифтік келісімге қол
қойған жұмыс берушілер одағының мүшелері
және кәсіподақ мүшелеріне маңызы бар.
Еңбек
ақы туралы тарифтік келісім жалақы түрлерін, еңбек
ақы төлеу топтарын анықтайды, ал басқа еңбек
жағдайлары (жұмыс уақыты, демалыс және т.б.) типтік
келісімнің тақырыбы боып келеді. Бұған білімге
ынталандыру, жыл аяғындағы төлемдер, жұмыс ауысымы
және т.б. келісімдер жатады. Тарифтік келісімнің көп
болғаны келісімге әр түрлі уақытта келумен және
сала мен аймақ деңгейінде жасалуы. Тағы да бір айта кететін
жағдай, әр тарифтік келісім еңбек министрлігінің тарифтік тізімінде
(регистрінде) міндетті түрде тіркелуі.
Қазақстанда
әлеуметтік серіктстік ой мен принциптерін әлеуметтік еңбек
қатынасын реттеу тәжірбиесіне енгізу әрекеттері жасалынып
жатыр. Әлеуметтік серіктестік дегеніміз еңбек
қатынасының бір түрі; ол белгілі стратегиялық
мақсат бірлігін сезгендіктен туады, келіссөз жүргізу
арқасында ымыраға келіп, әртүрлі әлеуметтік
топтардың мүдделерін оптимальдық балансқа келтіреді.
Әлеуметтік серіктестік келесі принциптерге негізделеді:
-
Әр
жақтың тең құқықтылығы
және олардың өкілдерінің өкілеттілігі;
-
Міндеттерді
өз бетімен қабылдау және олардың іс жүзінде
асырылуы;
-
Міндеттерді
қабылдаудағы әр жақтың жауапты болуы;
-
Ұжымдық
келісімі орындалуын қадағалау.
Әлеуметтік
серіктестік екі жақты не үш жақты қатынас түрінде
көрінуі
мүмкін:
кәсіподақ жағдайда (қызметкерлердің басқа
өкілдері), жұмыс берушілер және мемлекет (мемлекет өкіл
еткен органдар).
Бірқатар
елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, үш жақты
өкілдік жүйесі (трнипартизм) көп жағдайда
әлеуметтік даудан сақтап қалады, экономикалық
тұрақты дамуына сенімді
негіз жасайды.
Қазақстанда
еңбек нарығының әртүрлі институттарын
қалыптастыратын жақсы заң негіздері жасалған.
Бірақта, оның іске асырылуы ойдағыдай болмай отыр. Осы жерде
халықтың көзге түсер бөлігі өзінің
еңбек қатынасы туралы тиісті келісім жасамайтынын айтсақ
жеткілікті. Жұмыс берушілер немесе олардың өкілдерінің
кәсіпорынды басқаруға қатысуы көп жағдайда
бос сөз екені белгілі. Аталған келісім түрлері көбінесе
формалды түрде жасалынады. Сондықтан мемлекет, ғылыми
қоғам, әсіресе кәсіподақ
қозғалыстарының басшылары жағынан еңбек саласын
мәдениетті шешуде, адамдардың
құқықтық сапасын көтеруде және екі
жақ кеңесу, өзара көну, ымыраға келу
дайындығын ьһтәрбиелейтін мемлекет құрылымын
жасауда ұшан-теңіз күш жұмсау қажет болып
тұр.
Еңбек
нарығы ұйымының қатарына, ең алдымен,
кәсіподақтарды жатқызамыз. Олар жұмыс алушылардың
мүддесін қорғайды және олардың өкілі ретінде
есептелінеді. Кәсіподақ қозғалысы Англияда XVIII ғасырдың
ортасында басталып, ке»ін бірте-бірте басқа елдерде – Франция, АҚШ,
Германияда – тарады. Англияда бірінші кәсіподақ – тред-юниондар
тоқыма өнеркәсіп саласында пайда болды. Бірте-бірте осы
қарапайым бірлестіктер кәсіби клубтарға айналды. Клубта
жұмысшылар маңызды экономикалық мәселелерді,
жұмыс күшіне сұраныс, кәсіпорындағы еңбек
жағдайы, деңгейі және т.б. қарастырылады. Бұл
клубтар да болашақ кәсіподақтың негізін
құрды.
Әдебиеттер
1. «Қазақстанның Үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Астана,
31 қаңтар, 2017ж.\
2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев Е.Б.,
ж.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы: ҚазМҰУ,
2012.