Файзуллина Ж.Қ., 1курс (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ)
Ғылыми жетекшісі –
п.ғ.м, оқытушы Жанұзақов Н.Б.

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

         Экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерін ұйымдастыру мен қолдану мәселелерінің ілімдік тұстары – сұраныс пен ұсыныс – жалпыэкономикалық заңының маңызынан туындайды. Олардың теңгермешілігіне нарықтық қатынастардың барлық қаиысушылары ұмтылады. Егер олардың бұл ұмтылысы ең соңында мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді теңгермешілікке ұмтылысының негізін құрайтын болса, онда оның реттеуші рөлі, негізінен, келесі жағдайларға келіп саяды: а) монополияға және инфляцияға қарсы тиімді саясатты нақтылы жүзеге асыру; ә) меншіктің көптеген түрлері (мемлекеттік және жеке) жағдайында нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюін ынталандыру үшін барлық қажетті әкімшілік-экономикалық және құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету; б) өндірістік, экономикалық және әлеуметтік жіне т.б. салалардағы дағдарыстық жағдайларды ескеру жөніндегі шараларды алдын ала қабылдау. Жоғарыда аталған пікірлердің маңызынан олардың микроэкономика саясына бағытталған мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың негізін құрайтындығын көруге болады.
         Соңғы жылдардың тәжірибесі мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар оның ғылыми, методологиялық және ұйымдық негіздерінің бірлігін талап ететіндігін көрсетеді. Осы үш бөлімнің біреуінің әлсіреуі экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларды реттеудің түгелдей тізбегінде жағымсыз жайттарды тудырады. Яғни оған көптеген мысал келтіруге болады. Нарықтық экономикаға, оның ғылыми негізін жасамай-ақ, халық шаруашылығын басқарудың жаңа моделінің жоқ кезінде оның ескісін тез арада жою арқылы өтуге жасалған әрекетті атап өту жеткілікті. Нәтижесінде макро және микроэкономикалық жағдайларды, ақша-несие және әлеуметтік қатынастар саласын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т,б. Басқарудың «тізгінін» босаттық немесе одан айрылып қалдық.
        Ұйымдық тұрғыдан, макроэкономикалық және нарықтық реттеу механизмдерінің жалпы сипатталған өзара байланысының ішкі иерархиялық құрылымы бар екендігін атап өту маңызды. Макроэкономикалық барлық негізгі мәселелері, ең соңында, халық шаруашылығының бастапқы салаларының деңгейінде, олардың ведомствалық бағыныштылығы мен меншік түріне байланыссыз шешіледі. Бұл әрекет, әрине, реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шараларды қарастырған кезде орынды болмақ, ал оларды жүзеге асыру кезінде әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен мәселедері бағдарламаларды жасап-дайындау мен орындау басты рөлді атқарады.
        Әрине, бұл механизмдерді қолдану барысының өзінің ұйымдық негізі бар, ол жөнінде ғылыми жұмыстың келесі бөлімдерінде барынша толығырақ қарастырылады.
        Экономиканы реттеу жөніндегі маңызды жалпымемлекеттік шаралардың бірі – өндіргіш  күштерді орналастыру мәселесін де қамтитын құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру болып табылады.
        Оның жүзеге асырылуы экономиканы құрылымдық қаайта құру концепциясын ғылыми негіздеуден басталады. Қазіргі уақытта бізде дағдарыстық жағдайдан шығу кезеңінне арналған  концепция бар. Бірақ ғылыми негіздері мен отын-энергетикалық, металлургиялық кешендердің басымды дамуына бағыттаудың орынды болуы біраз күдік-күмән  тудырады.    
        Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты теңестірудің маңызды мәселесі – нарыққа ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) өндірістік, сондай-ақ транспорттық шығындарды да ескеретін жалпы шығындар мөлшерін анықтау болып табылатындығы белгілі. Қызмет көрсетушілер үшін жиынтық шығындардың аталған бөліктері арақатынасының қағидалы түрдегі маңызы бар. Нарықық қатынастар субъектілерінің транспорттық шығындарды барынша азайту мүдделілігі, макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, қоғамның өндіргіш күштерін орналастыру жөнінде күн тәтібіне әрдайым мәселе қояды, ал ол жөнінде соңғы уақыттарда мүлдем үндемеу қабыл алынған. Сонымен қатар оларды аймақтық орналастыруды ғылыми негіздеу мен жетілдіру экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды мәселесі болып табылады. Оны шешу жөніндегі жалпымемлекеттік шараларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңі- елдің өндіргіш күштері орналасуы мен дамуының жалпымемлекеттік, сапалық және аймақтық үлгілерін жасап-дайындауға барын салды. Бұл тұста дамуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ең алдымен инфляциялық саясатты жүзеге асыруға, ал орналастыру жөніндегі шаралар – инвестициялық  саясатты жүзеге асыруғанегізделуі тиіс екендігін ескеру керек. Оның келесі кезеңдерінде өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі ғылыми шешімдер қысқа, орта және ұзақ мерзімдік жоспарлар мендайындалып жатқан мәселелік бағдарламалардың тиісті көрсеткіштерінде көрініс табуына үлкен көңіл бөлінеді.
       Соңғы жылдары бізде,өзіміздің жағдайларымыздан туындайтын кез келген тұжырымдардың дұрыстығын дәлеудеу  үшін нарықтық экономикасы дамыған батыс елдерінің  тәжрибесіне сүйену дәстүрге айналады, ал бұл танымның салыстырмалы әдісі ретінде қабылдауға болмайтын шара.Сонда да егер осы дәстүрге сүйенер болсақ, онда бұл жерде осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын американдық Ұлттық жоспарлау ассоциациясы мамандарының мемлекеттің алдына қойған міндеттерінің мәнісін еске алуға болар еді.

Әдебиеттер

    1.«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Астана, 31 қаңтар, 2017 жыл.