Қосбергенова М.А.

№10 мектеп –интернаттың география пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

 

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЫН ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. География сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. География оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс. Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: оқушыларды ойландыруға; өз ойларын ашық айтуға; пікір таластыруға /дебат/; дұрыс сөйлей білуге; өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; оқушылар шығармашылығын дамытуға.

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып бекіту арқылы білімін жинақтайды.

Сабақтың тақырыбы :Екібастұз. Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Екібастұз қаласы , көмір кен орны туралы мәлімет берілді.    Ресурстар: Слайд, постерлер, маркер, сұрақтар, тест тапсырмалары.  Сабақтың барысы: (2 мин. Психологиялық дайындық). Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз. Уық болып иіліп, Шаңырақты құрамыз. Мұғаліммен бірге қайталайды .(5 мин. Үй тапсырмасын сұрау ).«Алатау »өлеңін 4 оқушыдан сұрау , үй тапсырмасын қорытындылау. 1 топ:Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан? 2 топ: Алматының аты әлемге немен әйгілі? 3 топ : Рекорд дегенІміз не?. 4 топ : Медеу мұз айдыны қай жерде?        Топпен сұрақтарға жауап береді  (5 мин).     Мағынаны тану. Топтарға жұмыс: Адам өміріне ең қажетті нәрселер не? 1 топ: Қыста адам өміріне не қажет? Адам қыста жылуды қайдан алады? 2 топ Қандай отын түрлерін білесіңдер? Қайсысының жылуы қатты әрі ұзағырақ жанады ? 3 топ: Көмірді қайдан алады? Көмір өндіруші орынды , өндіруші адамдарды кім деп атайды?. 4 топ : Қазақстанның қандай қалаларында көмір өндіреді? Екібастұз деген сөз қайдан шыққан деп ойлайсың? Слайд көрсету : Екібастұз қаласы , шахта , шахтерлер суреті. Топпен жұмыс жасайды (5 мин). Ой толғаныс   (5мин.1,3 – топ. Астана Медеу мұз айдыны. Алматы көмір кен орны . Екібастұз апорт. Алматы Бәйтерек. «Екібастұз» деп аталуының себебі неде ? а) Түйір – түйір домалақ тастарды тауып алғандықтан, ә) Отқа түскен бір уыс қара тастардың қызуы күшейіп, жана бастағандықтан, б) Бұл жерді оңай табу үшін үлкен – үлкен тұзды бірінің үстіне бірін қойып кеткендіктен. В) «Екі бас тұз қалған жер» деп іздегендіктен. 2,4 – топ Екібастұз Қазақстанның қай өңірінде орналасқан ? а) Оңтүстігінде ә ) Солтүстігінде б) Батысында в) Шығысында. Көмір кен орындары: Алматы.  Ақорда.  Қазақстан. Қарағанды. Алатау. Астана. 1 топ : Мәтіннен керуеншілердің көмірді тапқан жерін оқып мазмұндап бер?. 2 топ : Мәтін неліктен « Екібастұз »деп аталған ?3 топ : Мақалдың мағынасын түсіндіру. 4 топ : Суретін салу       1 мин         . Үй тапсырмасын беру. Бағалау. 

Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі.

      Әдебиеттер:

1.        Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998 

2.        Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т., Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп – 1999. - №3.