Ажигенова С.К., Серик Ж. А

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Өркениетті қоғам дамуының заманауи кезеңі ақпараттандыру процессінің көрсеткіші арқылы сипатталады.

Қоғамның ақпараттандырылуы – бұл жаһандық әлеуметтік процесс, заманауи микропроцессорлы және есептеу техникасының құралдары негізінде, сонымен қатар ақпаратпен алмасудың әртүрлі құралдары арқылы жүзеге асырылатын ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, жіберу және қолдану тәрізді процесстер қоғамдық өңдеу сферасындағы қызметтің басым түрі болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру келесі әрекеттермен қамтамасыз етеді:

- баспа қорында, ғылыми, өндірістік және қоғам мүшелері қызметінің басқа да түрлерінде шоғырланған, әрдайым ұлғайып отыратын қоғамның зерделілік шамасының белсенді түрде қолданылуын;  

- ақпараттық технологиялардың қоғамдық өндірістің барлық сферасының дамуын, еңбек қызметінің зерделі дамуын ынталандыратын, ғылыми және өндірістік қызмет түрлеріне біріктірілуін;

- ақпараттық қызмет көрсету деңгейінің жоғары болуын, қоғам мүшелерінің сенімді ақпарат қорына қолжетімді болуын, ұсынылған ақпараттың визуализациясын, қолданылатын мәліметтердің маңыздылығын.

Қазіргі кезде, қоғамға оның айқын бір сферасында ғана қолжетімді ақпарат массивін қолдануға есептелген ашық ақпаратты жүйелерді қолдану қоғамдық құрылғыларды басқару механизмін дамытуға, ізгілендіру мен қоғам демократизациясына, қоғам мүшелерінің тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Қоғамды ақпараттандырумен байланысты болып жатқан процесстер, ғылыми-техникалық прогресстің ұлғаюын, адам қызметінің барлық түрлерінің интеллектуализациясын жылдам дамытумен қатар индивидтің шығармашылық потенциалын дамытуды қамтамасыз ететін социумның жаңа сапалы ақпараттық ортасын құруға жағдай жасайды [1].

Заманауи қоғамды ақпараттандыру процессінің бір бағыты білім беруді ақпараттандыру – білім беру сферасын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мен жасау әдістемесімен және тәжірибесімен қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпараттандыру процессі экономикалық саланы да қамтыды. Олардың түбегейлі жетілуі және заманауи шарттарға бейімделе білуі жаппай компьютерлік және телекоммуникациялық техникалардың қолданылуы арқасында мүмкін болды, осының негізінде тиімді ақпараттық-басқару технологиясы қалыптасты. Қолданбалы информатиканың әдістері мен құралдары менеджмент пен маркентингте қолданылады. Компьютерлік техникаға негізделген жаңа технологиялар менеджменттің ұйымдастыру құрылымының, оның регламентінің, кадрлық шамасының, құжаттама жүйесінің, ақпаратты жіберу және жазу процессінің түбегейлі өзгерісін талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар ақпараттық ресурстарды өнеркәсіп пен білім берудің әртүрлі салаларында пайдалану мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырды.

Өндірістік сферада қолданылатын норма, норматив, технологиялық процесс, технологиялық операция тәрізді ұғымдар ақпараттық технологияда да қолданылуы мүмкін. Мұндай ұғымдарды өңдемес бұрын әрқашан оны қолдану мақсатын анықтап алған жөн. Содан соң, алға қойылған мақсатқа қол жеткізетін барлық болжанған әрекеттердің құрылымын жасап, тиісті бағдарламалық жабдықты таңдау қажет [2].

Ақпараттық технологияларды игеру және қолдану біріншіден, саны шектеулі қарапайым операциялардың жиынтығын меңгеруден басталады. Осы қарапайым операциялардың шектеулі санынан әртүрлі комбинацияларда әрекеттер құрылды, ал осы әрекеттерден әртүрлі комбинацияларда технологиялық кезеңді айқындайтын операциялар құрылады .

Заманауи материалдық өндіріс және қызметтің басқа сфералары ақпараттық қызмет көрсету түрлеріне, ақпараттың көп мөлшерін өңдеуден өткізуге мұқтаж болып отыр. Кез-келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрал компьютер болып табылады. Компьютер адам мен қоғамның интеллектуалды мүмкіндіктерін күшейткіш ретінде пайдаланылады, ал компьютерді қолданатын байланыс құралдары байланысу және ақпаратты жіберу қызметін атқарады. Компьютердің пайда болуы мен дамуы қоғамды ақпараттандыру процессінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

Компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды енгізу негізіндегі ақпараттандыру, халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жартысы шоғырланған қоғамдық өндірістің ақпараттық секторындағы еңбек өнімділігін айтарлықтай ұлғайту мұқтаждығына қоғамның реакциясы болып табылады. Мысалы, АҚШ ақпараттық сферасында еңбекке жарамды тұрғындардың шамамен 60%, ал ТМД елдерінде шамамен 40% жұмыс атқарады [3].

Заманауи көзқараспен қарағанда бірінші жылдары телефонның қолданылу процессі күлкілі болған. Басшы өзінің хатшысына жіберілетін хабарламаны айтып жаздырып, содан кейін, осы хатты телефондық бөлмеден жөнелтетін болған. Телефон қоңырауы басқа компанияның осындай бөлмесінде қабылданып, кейін мәтін қағаз бетіне түсіріліп, хат алушыға жеткізілетін болған. Телефон қазіргі кездегідей танымал болуынан бұрын өте көп уақыт қажет болды, бүгінгі күні адамдар керекті жерге, тіпті нақты бір адамға өздері қоңырау шала алады.  

Интернет ақпаратты алудың теңдесі жоқ әдісін ұсынды. WWW – ға қолжетімділігі бар әрбір қолданушы мұндағы ақпараттың барлығын алуға, сонымен қатар, оның қуатты іздеу әдістерін де қолдануға мүмкіндігі бар. Білім алу, бизнес және адамдар арасындағы өзара түсіністікті дамыту үшін таңқалдырарлық мүмкіндіктер пайда болды. Тіпті, Web технология ақпаратты жан-жақты таратуды жүзеге асыра алады. Бұл әдістің қарапайымдылығының тарихта аналогы болмаған. Кез-келген адам өзінің көзқарасын, тауарларын және қызметтерін басқа адамдарға таныстыру үшін, газетте немесе журналдарда орын сатып алу қажет емес, телевидениеде және радиода уақыт үшін төлеп те керек емес. Web үкімет және жеке тұлғалар, шағын және үлкен фирмалар үшін, өндіруші және тұтынушылар, қайырымдылық және саяси ұйымдар үшін қолдану шартын бірдей ұсынады. Интернеттегі World Wide Web (WWW) – ақпаратты тасудың ең демократиялық түрі: оның көмегімен кез-келген адам аралық талдаусыз, бұрмалаусыз және цензурасыз, белгілі әдептілік шегін басшылыққа ала отырып өз ойларын айта алады, сонымен бірге басқа адамдардың айтқан сөздерін көре алады. Интернет тұлғаның өз ойын білдіруі мен ақпараттың бірегей еркіндігін қамтамасыз етеді .

Компания қызметкерлері өзара және сыртқы ортамен байланысу үшін телефондарды қолданған тәрізді, ұйымның ішінде, сонымен қатар ұйым тұтынушылары, серіктестері арасында байланыс орнату үшін Web қолданылады. Web технология шағын фирмаларға Интернетте өзі жайында мәлімдеуге мүмкіндік берсе, ірі компанияларда ішкі интра желі арқылы жобаның ағымдық жағдайы туралы мәліметтерді  жіберу үшін қолданылады, бұл қызметкерлердің жаңалықтардан хабардар болуын, шағын бәсекелестерімен салыстырғанда шапшаң болуын қамтамасыз етеді. Ақпараттың ұйым мүшелері үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ететін интражелілердің қолданылуы, бұрынғымен салыстырғанда қоғамның алға бір қадам жасалғандығын көрсетіп отыр. Web технология арқасында бизнес басқару тәрізді тиімді болып отыр [4].

Ақпараттық технологиялар қоғам өміріне нығыз орнықты және жұмыс пен демалу үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, адамның бейнетін жеңілдетті.

Заманауи қоғамды ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгін есептеу техникасының даму келешегін болжау тіпті мамандар үшін күрделі жағдай. Бірақ болашақта қоғамды әлдебір орасан зор өзгеріс күтіп тұрғаны белгілі. Егер ақпараттық технологиялардың даму қарқыны азаймаса, онда өзгеріс өте жақында өрбуі мүмкін .

Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты әлемнің тұнықтығы, әлем жүйесінің элементтері арасында ақпаратты жіберудің көлемі мен жылдамдығы да өсуде, тағы да бір интеграциялық әлемдік фактор пайда болуда. Бұл жеке элементтердің өзіндік инерциялық дамуына жағдай жасайтын тұрақты дәстүрдің әлсізденгендігін білдіреді. Қатар уақытта элементтердің кері байланысы бар сигналдарға реакциясын күшейтеді. Егер дамудың жергілікті және мәдени-тарихи ерекшеліктерін жойып жібермесе, онда интеграцияны қолдауға болатын еді [5].

Ақпараттық технологиялар электроника, математика, философия, психология және экономика ғылымдарының көшкін тәрізді жетістіктерін өзіне сіңіріп алды. Нәтижесінде пайда болған гибрид ақпараттық технологиялар тарихында революциялық алға басу қадамын бастады.

Заманауи қоғам өңдеуден өткізуге мұқтаж ақпарат тасқынымен толыққан. Сондықтан қоғам энергетикалық, көліктік, химиялық технологияларсыз қалай дұрыс қызмет ете алмаса, дәл солай ақпараттық технологияларсыз да дұрыс қызмет атқара алмайды.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және басқару, өндіріс және көлік, банктер мен биржалар, бұқаралық ақпарат құралдары және баспалар, қорғаныс жүйелері, әлеуметтік және құқық қорғау мәліметтер базасы, сервис және денсаулық сақтау, оқу процесстері, ғылыми және іскерлік ақпаратты өңдеуден өткізуге арналған кеңселер, сонымен қатар Интернет осы аталған барлық жерлерде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1.        Информационные технологии управления: Учебн. пособие для вузов/ Под ред. проф. Г.А.Титоренко. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2003.

2.        Использование современных информационных технологий в работе с населением. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://koi.www.expos.ru/it/it.shtml.

3.        ЦИЭС «Бизнес-Программы-Сервис»// Финансовая газета. – 2001. –  № 27.

4.        Реформирование стандартизации по информационным технологиям. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.techno.edu.ru:16001/db/msg/18628.html.

5.        Роберт И. Современные информационные технологии в образовании. – М.:  Школа-Пресс, 1994.