Фармацевтикалық химиядан зерттеу құзыреттіліктерін
қалыптастыру ерекшеліктері
Сейсембай Ж., Суюндикова Ф.О.
Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана
қаласы
Қазіргі
таңда білім беру саласында білім алушының өзіндік белсенді
ізденіс арқылы атсалысуы арқылы оқыту әдісі кеңінен
қолданылады. Осындай әдістерге білім алушылардың ойлау
қабілетінің белсенді ынталандыру арқылы өндірістік
ситуациялық жағдайларда тәжірибелік дағды мен ынтаны да
дамытуға арналған әдістер жатады.
Зерттеу оқыту әдісін кең
арсеналды қолдану, қатысушыларға өзекті және
терең мағынаға ие нақты қойылған
мақсат, ғылыми - зерттеу әдістерін өңдеу
және нәтижелерді тиянақтау жатады. Зерттеу
әдістерінің тақырыбы жұмысқа деген қызығушылық тудыратын
анағұрлым өзекті және студенттің білімін дамыту
жолындағы мәселелерді қамтуы қажет [1].
Медициналық
колледждегі оқыту процессіне талдау жасау барысында химиялық
пәндерді жеке оқыту студенттердің алған білімін
сан-саққа ұштасуына, фармацевтикалық химиядан
дағды мен ғылыми-шығармашылықпен айналысу барысында
қиындық туғызатыны анықталған. Сондықтан да
біз, студенттердің шығармашылық пен
құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында барлық компененттерді бір
әдістемелік кешенге жинақтап, интеграция жасадық.
Тұжырымдамылық тұрғыдан білім алушылардың
ғылыми құзыреттілігін дамыту барысында әдістемелік
нұсқаулар, негізгі идеялар мен доминатты принциптер
қарастырылды. Құрастырылған модель әдістемелік
жүйенің фармацевтикалық химия пәнінің мәнін
ашты, мазмұнның логикалық құрамын
құрастырды, педагог пен студенттердің арасындағы
қарым- қатынасты еркін мағынаға ие етті (1 кесте) [2].
1 кесте
Студенттердің ғылыми құзіреттілігін әдістемелік
жүйе арқылы теория- әдістемелік компоненттер
|
Компоненттер |
|||
|
Негізгі идеялар: оқытуды жаһандандыру және
кәсіптік мағынаға ие болдыру |
Әдістер: комплекстік (құзыреттілік, жүйелік қызмет, жеке-
ориентациялық) |
Доминанты принциптер: -
химиялық
және фармацевтикалық құзыреттілікті интеграция жасау; -
оқытудың
жүйелігі мен реттілігі; -
заманауи оқыту
әдістері мен формаларын қолдана білу; -
шығармашылық
қызметті дамыту. |
|
|
Мақсатты
компонент |
|||
|
Білім
алушылардың ғылыми- шығармашылық құзыреттіліктерін
дамыту |
|||
|
Елеулі компонент |
|||
|
-
оқу
материалын таңдау және құрастыру; -
фармацевтикалық
қызметке (органикалық, бейорганикалық, физикалық
және коллоидтық химия блоктары) бағытталған
химиялық білім, дағдылар; -
химиялық құзыреттілікті
қабылдауын қалыптастыратын жүйелік алгортим
құрастыру; -
ғылыми-
шығармашылық құзыреттілікті арттыратын тапсырамаларды
студенттердің өздеріне таңдату; -
оқыту
бағдарламасы, формасы мен әдістерін таңдап, талқылау; -
кәсіптік
арнайы пәндерге қызығушылықтарын дамыту; -
ақпаратты-
коммуникативті қабілеттілік. |
|||
|
Әдістемелік
компонент |
|||
|
Кезеңдер |
Қызмет формасы мен әдісі |
||
|
бағдар- мотивациялық |
-
әңгіме
орнату; -
әрекет
алгортимін ашып көрсету; -
өзіндік
танымдық қызмет. |
||
|
жедел- орындаушылық |
-
ғылыми-
шығармашылық жұмыс; -
іскерлік,
рөлдік және мотивациялық ойындар; -
комплекстік
тапсырмалар; -
оқытудың
алгоритмизациясы; -
конкурстар; -
фармацевтикалық
және химиялық терминдердің сөздігін
құрастыру; -
тәжірибелік
сабақтарға презентациялар жасау. |
||
|
рефлексті- бағалау |
-
дискуссия; -
қорытынды
талқылау; -
өзіндік
бағалау; -
тесттік
формадағы тапсырмалар; -
аралық
бақылау мен қорытынды емтихандар. |
||
|
Рефлексті
бағалау компоненті: Колледж студенттерінің
фармацевтикалық және химиялық құзыреттіліктерін
бағалау. |
|||
Осындай әдістердің бірі ретінде- іскерлік ойынды айтуға
болады. Іскерлік ойын- ол имитациялық басқарылатын процесс,
нақты бір ситуациялық жағдайда көпкезеңді
факторларды ескере шешім қабылдау, жұмыс барысында туындайтын
ақпаратқа талдау жасауды үйретті. Іскерлік ойнының
мақсаттарының бірі – болашақ маманға тәжірибелік
немесе өндірістік тәжірибеде кездесіп қалатын нақты бір
мәселе мен тапсырмалар барысында шешім қабылдауға үйретеді.
Тағы бір мақсаты- әртүрлі мәселелер әдістемелік
кешен қырынан шешім табуды қалыптастыру. Болашақ маман иесі
кең ауқымды ойлап қана қоймай, органикалық
ортамен басқа құбылыстардың өзара байланысын
бақылай білуді үйренді. Іскерлік ойынды қолдану олардың
шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырды. Білім
алушылардың ғылыми - шығармашылық
құзыреттілікті дамытудың негізгі кешенді оқу барысында
қалыптасатын дағды мен білім, функциональдық, конгитивтілік,
ақпараттық- аналитикалық, коммуникативтілік, креативті жеке
қасиеттерді дамыту барысында туындады.
Төменде «Циклопентангидрофенантрен
туындыларының дәрілік заттарын талдау» іскерлік ойынның бір
түрі көрсетілген, онда білім алушылардың алға
қойылған мақсатты тыңғилықты орындап,
нәтижесін өздері салыстырды. Оқытушы тарапынан
оқушылардың жасалынған жұмысына баға емес,
ынталандыру мақсатында келесі мәселелік жағдайларды шешумен
қатар басқа ғылыми жұмыстарға қатысуына
мүмкіндік беретін тақырыптар өзара таңдалады.
Іскерлік ойынның
негізгі кезеңдері.
1. Циклопентангидрофенантрен туындылары препараттарының
физикалық, химиялық құрылыстарын, химиялық
құрылымын анықтай білу.
2. «Таблеткалар» фармакопеялық мақаладан және
аталған дәрілік форманың сапалық
қасиеттерінің талаптарын қарастыру.
3. Іскерлік ойынның сценариймен танысу.
4. Міндеттерді бөлісу.
5. Ұсынылған дәрілік форманың
сапалық қасиеттерін тиімді әдістемені қолдана,
ақпарат құралдарының және әдебиеттерді
өзіндік қолдана білу.
6. Дәрілік препараттың химиялық және
физика-химиялық қасиеттерін қолдана идентификация
жасаудың әдістемесін ұсыну.
7. Сандық анықтауларда әртүрлі
әдістемелерді қолданудың тиімділігін, уақытты
үнемдей соңғы нәтижеге қол жеткізуге тырысу,
алынған концентрация мен жасалынған әдістемеге байланысты
қорытынды формуласын құрастыру. Алдын- ала аналитикалық
есептеулерді шығару.
8. Дәрілік затқа сараптама жасау және тиісті
есептеулерді шығару.
9. Әдістемелік құжаттың
дұрыстығына көз жеткізу, қажетінше өзгерістер
еңгізу, әдістемеге валидация жасаудың керектігін
дәлелдеу.
10. Алынған нәтижелерді салыстыру және пікір
білдіру.
Іскерлік ойынның
сценариі.
Зерттеу объектісі ретінде преднизолон
субстанциясы мен этинилэстрадиол таблеткасы алынды (2 кесте) [3].
2 кесте
Көрсеткіштерді
анықтау алгоритмі
|
Көрсеткіштер |
объект |
|
|
этинилэстардиол
таблеткасы |
преднизолон
субстанциясы |
|
|
сипаттамасы |
кристаллды
ақ немесе ақ-сарғыш
түсті ұнтақ |
ақ немесе ақ түсті дерлік
кристалдық ұнтақ, ылғал тартқыш |
|
ерігіштігі |
суда мүлдем еримейді, 96% этанолда сәл
ериді. Сұйытылған металдың сілтілік ерітінділерінде ериді.
Полиморфизм байқалады. |
суда өте аз ериді, 96% спиртте және
метанолда ериді, ацетонда орташа ериді, метиленхлоридте аз ериді. Полиморфизм
байқалады. |
|
идентификация |
А. инфрақызыл аумақтағы
адсорбциялық спектрофотометрия. Б. жұқа қабатты хроматография. Ерітінділер қоспасы: метанол Р,метиленхлорид Р
(10:90 айн/айн) Пластинка: ЖҚХ силикагель қабаты |
А. субстанцияның инфрақызыл жұтылу
спектрі преднизолонның стандартты салыстырмалы үлгісімен
сәйкес келуі керек |
|
меншікті оптикалық айналу |
-27-ден -30-ге дейін. 4.0 мг/мл концентрациялы пиридин
ерітіндісін қолданылады. |
+96-дан +102-ге дейін.0.250 г субстанциян диоксанда Р
ерітеді Меншікті оптикалық айналуды құрғақ
затқа есептеп анықтайды. |
|
сандық анықтау |
Потенциометрлік титрлеу. |
С21Н28О5
мөлшерін 415-ке меншікті жұтылу көрсеткішін пайдалынып
есептейді. |
Топтар
жүргізген талдаудың қорытындысын шығарып дәрілік
заттың ҚР МФ талаптарына сай/сай емес екендігіне эспертиза
актісін береді (кесте 3). Осылайша,
жүйелік- қызметтік интеграция, құзыреттілік, арнайы
дисциплиналар бойынша студенттердің оқыту процессінде
әдістемелік нұсқаларды өздері таңдауы жұмыс
жасау барысына, ғылыми- шығармашылылғын дамытуға,
кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға көп
ықпал етті.
3
кесте
Экспертиза
актісі (үлгі)
|
Дәрілік заттың атауы |
Преднизолон субстанция |
|
Сериясы |
0245МА |
|
Өндіруші ұйымы Тапсырыс беруші |
КРКА, д.д., Ново место, Шмарьешка цеста 6 |
|
Дайындалған датасы |
|
|
Талдау жасалынды нормативтіік құжат
көрсетіледі |
|
|
НҚ бойынша сапа көрсеткіштерінің
атаулары: Сипаттамасы (түсі, өлшемі, сипаты ) Идентификация Ерігіштігі Меншікті оптикалық айналу Қоспалық құрамы Сандық анықтау Қорапталуы Рәсімделуі |
|
|
Қорытынды |
|
|
Талдау датасы |
|
|
Эксперттік комиссия төрағасы (ФАЖ) Эксперттік комиссия мүшелері (ФАЖ) |
|
Әрбір топ
жасаған жұмыстарына байланысты соңында презентация жасайды.
Презентацияға хмиялық құрылымдарын, синонимдері,
латынша атауы, фармакологиялық
тобына сәйкес химиялық құрылысымен байланысы,
физикалық және химиялық қасиеттері, идентификация
реакциялары ашып көрсетті.
Әрбір жұмыс
тобының басшылары 3-5 минут аралығында жасалынған жұмыс
нәтижесі мен болған жағдайдың мүмкін себептері
жайлы есеп берді.
Сабақ соңында мұғалім ойын сабақтың
қорыта бақылау сұрақтарымен пікірталас өткізді.
Іскерлік ойынды оқыту
процессіне қолдану студенттердің танымдық
құзыреттіліктерін арттырып, тәжірибелік пен жеке
шығармашылық жұмыстармен айналысуына, әртүрлі
оқытудан тыс ғылыми жұмыстарға белсенділіктерін
нығайтты, кәсіптік ынтаның оянуына оң нәтиже
берді.
Әдебиеттер
1. Пак М.С. Дидактика химии. - Санкт- Петербург.: ТРИО, 2012.-[399
с.]
2. Фармацевтическая химия: учеб. /Под ред. А.П.
Арзамасцева. – 3 – е изд., испр. М.
ГЭОТАР – Медиа, 2006. – [290-300с.]
3. ҚР Мемлекеттік Фармакопеясы 2 том.- Алматы., 2012.- [432 б.]