Кеңесбекова С.А, Қасымбекова А.Б, Исаева У.М, Серікбай М.С.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарғанды мемлекттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

 

Ауа райы және оны болжау

 

    Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003) «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын [1]

Ауа райы дегеніміз — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосфераның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипатталады. Жер бетіндегі атмосфераның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. Атмосферның көп жылдық режимі климат деп аталады. 

Дауыл - циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен құйындататын борандар ғимараттарды қиратып,жоларды бұзады. Күннің күркіреуі - жылы ауа жоғарыға қарай көтеріліп салқындаса,үлкен бұлттар жоғарыға қарай өсе бастайды.Осындайда боран болуы мүмкін және қатты жаңбыр жауады. Су тасқыны - төтенше ауа райынан туындайтын кез келген басқа сұрапыл апатты құбылыстармен салыстырғанда, су тасқыны көптеген зардаптарға әкеледі. Бұршақ - жаңбырлы бұлттарың арасында пайда болып, боран кезінде жауауды. Әдетте олардың өлшемі жасыл бұршақтың көлеміндей болады.     Торнадо - жер бетімен қозғалатын және жолында барлығын қирататын әуе құйыны [2].

    Ертеде, мемлекеттік ауа райы қызметі болмаған кезде ел табиғаттағы бақылауларға өте көп назар аударған. Диқандарда «халық ырымдары» деп аталатын тұтастай жүйе болған. Осы ырымдардың негізінде өлі және тірі табиғат құбылыстары арасындағы шынайы байланыстар жатыр. Ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келген бақылау қортындылары ырымдар арқылы түсінікті болады. Дәл келмеген ырымдар ұмытылды және халықтың есінде бақылау ықтималдығы жоғары ырымдар ғана сақталады. Әдебиетші, сыншы В.И. Даль үлкен алғысқа ие болды. Ол келер ұрпақ үшін 2000-нан астам халық ырымдарын жинап, сақтап қалды. Оның «Орыс халықтарының мақалдары» атты еңбегі осы уақытқа дейін халық ырымдарының неғұрлым толық мәліметтерінің бірі. Бірақ, В.И. Дальдың еңбегі жарық көргеннен бергі бір жарым ғасырда жер шарының климаты да, табиғаттағы құбылыстардың басталу мерзімдері де өзгереді. Сондықтан, фенодабылдарды іздестіру мен  оларды тәжірибе жүзінде тексеру әрбір аймақ үшін маңызды жұмыс болып табылады. Барлық ырымдар төртке бөлінеді: ырым күндері; ұзақ мерзімді ырымдар, қысқа мерзімді ырымдар; ауыл шаруашылығына байланысты ырымдар.

    Есте жоқ ерте замандардан бері адамзат баласы ауа-райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа-райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа-райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды "жұлдызшылар" деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа-райын болжауда кеңінен пайдаланды. Ертеде ырым күндері деп, шаруалар ауа райына қарап алда болуы мүмкін қауіп-қатерді болжап, оларды ұзақ мерзімді болжам күндері деп атаған. Егер күзде қайың жапырақтары жоғары жағынан сарғая бастаса, көктем кеш шығады. Ауа райы жақсы болса, егістік шаруашылығы жақсы өнім береді. Егер жаңбыр жақсы болса, жеткілікті ылғал алған өсімдіктер бойлап өседі.

    Халықта алдыңғы жаздың сипаты қыс маусымында анықталады деген ой берік қалыптасқан. Қыс жылы болса, жаз суық болады. Қыс аяз болса, жаз ыстық болады. Қыс құрғақ, аяз болса, онда жаз құрғақ, ыстық болады. Суық қыс – берекелі жаз. Қысқа жаздың әсері бар. Дымқыл жаз бен жылы күз – ұзақ қысты білдіреді. Егер күзде қар қалың болса, көктем ерте шығады. Өсімдіктерге бақылау жасауды негізге ала отырып, ұзақ мерзімді болжаулар жасауға мүмкіндік беретін ырымдар сақталады. Жапырақ түскен кезде, жапырақтың ұшы төмен қарауы алдыңғы қыстың қаттылығын, ал жоғары қарауы жылы болуын білдіреді.

     Құстар ағаштың төменгі бұтағына орналасса, күн жылы болады. Ал, жоғарыда орналасса суық болады. Құстар суға шомылса, күн жылитынын білдіреді. Күн суықта балықтар төмен жүзеді, жылы күні жоғарыда жүзеді [3]. 

     Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен.Теңіз жағасында тұратын адамдар құстардың жағалаудан бірнеше шақырым аймаққа ұшып кетіп, кеш батқанда оралатындығын жақсы біледі. Ал, шулап-улап мезгілінен ерте келіп жатқан құстар көп ұзамай дауылдың болатындығын білдіреді.

     Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Кешқұрым аспан әдемі қызғылт күйге бөленсе, теңізшінің ештеңеге алаңдамауға болады. Таң сәріде, яғни күн ұясынан көтерілер сәттегі іште тынып тұрған тыныштық, саф ауа мен сергітетін жел ауа-райының нашарлайтындығын көрсетеді. Әдетте, мұндай құбылыстан кейін, түске дейін аспан бұлттанып, желдің беті күшейеді де, жауын жауады (қыста қар жауады). Таңсәріде аспан қызарып тұратын болса, қамдана беріңіз. Бұлтсыз батқан күн - желсіз, жақсы ауа-райының белгісі[4].

    Бұлттар ауа-райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық.

    Шарбы бұлттар жақсы ауа-райын, қатпарлы бұлт - тынық күнді, қарауытқан, тұманды бұлт - суық жел мен жаңбырды көрсетеді. Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.    Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн. Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады. Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады.    Желсіз түні түтін жерге қарай шалқыса, қыста – қар, жазда – жаңбыр жауады.

Күннің шеңбері тар болса, ауа-райы тез бұзылады. Көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе, көктем ерте туады, батпай тұрса, көктем кеш туады. Көктем туғанда таң шашырап атса, ол жылы молшылық, береке көл-көсір. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады [5].

 

Әдебиеттер

1.     «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. 2003

2.     Физикалық география-жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011) Балалардың жаңа энцклопедиясы Атамұра 55 – бет

3.     Белгібаева Г.Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесі. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017. -188 бет.

4.     Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.

5.       Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.