СЕКЦИИ ПО ПЕДАГОГИКА / 3 МЕТОДИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА

 

№10 мектеп интернаты директорының  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Досумбаева Л.Б.

№10 мектеп интернатының тәрбиешілері-Шілдебаева Л., Джанаділова К

                                Алматы қаласы, Қазақстан

 

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

 

 Осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Еліміздің Тәуелсіздікке жетуі оңай жолмен келмегені баршамызға мәлім. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш бергені анық. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды [1].

       Алматы қаласы Бостандық ауданы, №10 Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған мектеп интернатында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға Ауған соғысы ардагерлері қонақ болып қатысып мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Досумбаева Райса Бләловнаның ұйымдастыруымен болған, мектеп ұжымы мен оқушылардың қойған қойылымдарын тамашалады.

     Іс-шарада әдеби жанрлар мен көріністер және билер мен жастар флешмобы  қойылымдар мен Мемлекетіміздің жетістікке жетіп қуанышқа кенелген кездегі түсірілімдері слайдта көрсетіліп, дарынды оқушыларымыздың орындауында Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздікке арнау» өлеңі оқылып, патриоттық әндер оқушылардың жалпы сүйемелдеуі мен шырқалып, қазағымызда әр қашан той көбейсін деген ниетпен «Той бастар» әнімен концерттік кешті ашып, қуанышты көңіл күймен кешіміз жалғасын тауып, алғашы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Аманғалиева Бибігүл Таутеновнаға және Ауған соғысы ардагері Давильбеков Али Наримановичке ұсынылып, Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің Мемлекеттік Ән ұраны орындалып мектебіміздің озат оқушылары мен дарынды бүлдіршін жастарымызға «Тәуесіздігіміздің 25 жылдық» мерей тойына байланысты мақтау қағаздары мен грамоталары табыс етілді.

     Сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің иісі шыққандағы белгісі бейнеленіп «Күн шуақ» атты көрініс және Шет тілінде сөйлеген оқушыларымыздың «Тәуелсіздік» диалогы көрініс болып көрсетілді.Мерекелік кеш соңында Тәуелсіздік мерекемізге арналған кешіміздің қонақтары «Ауған соғысы ардагерлеріне» оқушыларымыздың көкей тесті сұрақтары да қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптарда қайтарылып кеш көңілді өтті. Мерекелік кеш, кешке қатысқан қонақтарымыздың да көңілдерінен шығып, жас бүлдіршін оқушылыарымызға өз тілектері мен баталарын беріп қайтты.        Кешті ұйымдастырушылар мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары болатын.

       Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазан

2.Абдраманов А.К. Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл//www. kdb.kz/upload/files/abdrahmanov_esse.docx‎