Педагогика
Жунусова
Латила Омаровна
БАЛАБАҚШАДА
ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мақалада
балабақшада балаларға
отансүйгіштік тәрбие беру
жайлы қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде мектеп жасына
дейінгі балаларға отансүйгіштік тәрбие беру жолдары
қарастырылған.
Түйінді сөздер:
бала тәрбиесі, отансүйгіштік, патриотизм, отансүйгіштік
тәрбие, патриот
Патриоттық сезім - Отанға, туған
өлкеңе, өскен
ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды
құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас
ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар.
Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор
көңіл бөлген. Болашақта өзіне сенімді әрі
білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене
күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік
пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.
«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас»
деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған. Өйткені, Отан
деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған
жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік
пен патриотизмдар бір-бірімен егіз ұғымдар. Ұрпақ
тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан
қай заман,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас
ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген [1]. Өркениет
жолында алға ұмтылған
ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа
оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға
қоюы тиіс. Ұлттың ғана емес, әр
жанұяның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі
ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп
қалыптасқан ұлттың сана - қабілетінде, түсінік-талғамында,
мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті
болатынын ғылым дәлелдеген.
Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты. Мұнда
басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады.
«Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді, атап
кеткенде аумақ, климат, табиғат, қоғамдық
өмірдің ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс
ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады. Патриот болу -
өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы
күрделі сезім балалаық шақта қоршаған орта
әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін
қалау арқылы қалыптасады.
Әр мектепке дейінгі мекемеде отансүйгіштікке
тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады: рухани-адамгершілік,
әлеуметтік, эстетикалық, өлкетану, еңбек, интеллектуалдық,
отбасылармен бірге жұмыс істеу [2].
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін
отансүйгіштікке тәрбиелеу
бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты
тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет. Осыған
орай келесі міндеттер кешенін орындау керек: балаларды өз отбасын, балабақшаны,
көшені, қаланы сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу; балаларды
мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);
елінің, халқының, қаласының жетістіктерін
мақтан тұту, жауапкершілік
сезімін дамыту; басқа ұлт өкілдерін сайлау,
олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін
қалыптастыру; еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; ұлттық
қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты
қалыптастыру; адам құқықтары жөніндегі
алғашқы білімдерін кеңейту; Қазақстанның
қалалары туралы білімдерін тереңдету. Азаматтықты
тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады.
Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды
туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген
сезімдері арқылы бастайды. Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде
сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру
керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік
рәміздерге, халықтық
салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады.
Әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің
орнын алады. Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі
ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция
арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге
ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке,
отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері
жақсы қасиеттерге тартылады.
Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке
тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады.
Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты
көркем сурет көрмесін
ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік
балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың
суреті оның ішкі сезімін білдіреді [3]. Балабақшадағы
тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік
отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардың өз
туған қаласының тарихы. оның көркем жерлері,
мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалаудан
бастадым. Диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәліметтерге ие
болдық:
Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен,
жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс
нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі
жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған
өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның,
отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын әрдайым өтеуге
дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі [4].
Сонымен, қорытындылай келе, Отанның
гүлденуіне және оны қорғауға деген
патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір
сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен
өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға
әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде
бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм
ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің,
мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық
ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. Қазақ
халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып,
келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары
таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның
қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт,
атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру
арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір
педагогтің міндеті.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Новицкая, М.Ю. Наследие. Патриотическое воспитание в
детском саду. - М.: Линка-Пресс, 2003. - 200 б.
2. Гражданское воспитание в ДОУ. /Авт.-сост. Е.А.
Позднякова. - Волгоград: Учитель, 2008. - 148 б.
3. Сәтірқызы Г. Отансүйгіштік
қасиет тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге арқылы
қалыптасады. - Егеменді Қазақстан. - 2006 - 15
желтоқсан. - 4 6.
4. Әшімов Б.Т. Жастарды патриотизмге
тәрбиелеудегі еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының ролі. -
Алғашкы әскери дайындық. - 2006, - №5. -14 б.