Қазмемқызпу

                                                   Физика-математика

                                                                    факультеті 5В011000-Физика

                                                                     мамандығының 1курс студенттері:

                                                                    Алданазарова Мария, Байтык Риза,

                                              Сархан Ақбота

                                              Жетекшісі:п.ғ.м.,аға оқытушы Пазилова.Б.А      

 

 

 

      Начало формы

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

Конец формы

Начало формы

    ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиялық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.

    Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады. 
     Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:

   Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық –коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
    Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Мысалы: ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән үйрету. Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптасады. Мысалы өз сабағымда тақырыпқа сай шетел тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда, оны мұқият таңдап аламын. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалады.

    Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

 Қорыта келгенде, қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде.  Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.Ақпараттық технологияның шетел тілін уйренуде маңызы орасан зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақиқит. 2011жыл, №4. «Ел тәуелсіздігінің нышаны – мемлекеттік тіл», ф.ғ.к. М.Салқынбаев. 
2.Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті 3.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 
Қазақстан Республикасының Конституциясы 
Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», 4.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы
ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлегенсөзі 
5.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. Алматы. – «Дастан» баспасы, 2000 – 336бет

Резюме.                                                                                                                                           В статье рассматривается использование Информационно-коммуникационных   технологиях.

Summary.

The article touches upon the use of communication technologies in teaching  foreign  language.