Қазмемқызпу
Физика-математика факультетінің 5В011000-Физика
мамандығының студенттері
Дарменова Айгерим,
Қараш Гүлім, Акадил Данара.
Жетекшісі:п.ғ.м.,аға
оқытушы:Пазилова Б.А
Шет тілін
оқытуда жаңа технологияларды және Интернет жүйесін қолдану
Қазіргі ғаламдану
кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму
тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Қазіргі
уақыт талабына сай, егемен елімізде болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
басқа ауқымды өзгерістерге байланысты, шетел тілінің
пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Еліміздің
басшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс
екендігін айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі,
ағылшын тілі – халықаралық тілді меңгеру
жөнінде мақсат қойып отыр. «Мен
бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын.
Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс
тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен
технологиялардың тілі болғандықтан біз соны
үйренуге тиіспіз», – деді Н.А.Назарбаев .
Білім беру үрдісінде
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі
өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін
оқытудың мақсаты субьектінің
мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру
десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін
оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік
болмақ.
Сөз арқауы
компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында Интернет
жүйесін қолдану мәселесі болмақ.
Жаһанданған Интернет жүйесін қолдану негізінде,
тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт
түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,
жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың
оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға,
сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет
жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен
байланысқа түсе алады.
Студенттердің шетел тілін үйренуге деген
ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға
қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар
және т. б.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген
сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген
ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл
үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе
алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы
қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік
ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана
отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде,
түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге
дағдыланады [3].
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен
ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді
болмақ:
·
электрондық пошта (e-mail),
телеконференция, видеоконференция;
·
жеке ақпараттарды
жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша
айтқанда Web
·
серверге жеке шығару;
·
ақпараттық каталогтар (Yahoo,
InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open
Text), жүйе ішіндегі әңгіме(Chat).
Шетел тілі сабағында
компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық
тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап
айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін
бағаның,олардың жасаған қатесін қайталаулар
негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін
мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз
пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы,
студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын
қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел
тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген
түсінік туындамауы керек.
Керісінше, оқытушы тіл
үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз
тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық
жағдай туындата алатын, олардың жүмысына
бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.
Ақпарат
жиынтығы базасының қалыптасуы.
Электрондық пошта, телеконференция , шоғырлы не
аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін
телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды
кітапханалар. Бұл технологиялар білім саласында оларды
пайдаланудан гөрі тезірек дамиды. Жоғары
оқу орындарында көбіне – көп
электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі
кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу,
виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық
ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу,
көпжақты конференциялар өткізу кеңінен таралған көпке белгілі
компьютерлік видеоконференция байланыстың
әдістемесіне жатқызылады.
Бұл технологиялар
ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің
еншісі болып табылады. Өйткені бұл
материалдар тек ағылшын тілінде ғана
беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру
құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет
жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек,
аз, жүйеленбеген. Оқу процесін аралық
байланыс арқылы басқару, электрондық почта
арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом
жұмыстарын көшіру, интерактивтік хабарлар алмасу
арқылы жүргізіледі. Бүгінде бұл
технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық
маңызға ие .
Студенттердің техникалық
білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес
шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта
жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды
және педагогикалық технологияны пайдалана отырып
үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа
педагогикалық технология студенттерді шет тілін
меңгеруге жеке бағыттап, даярлық
кезінде олардың қарым – қабілетін ескеруге
мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, инновациялық
технологияларды сабақта қолдану – бұл оның
нәтижелігіне қолайлы жағдайды
жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде
бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым –
қатынастарға себепкер болады. Оқытуға
жаңашыл көзқарасты қолдану,
тәжірибеге бағытталған оқытудың
үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ
оның сапасы алынған білімнің нақты
жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің
сапасын көтеруде үлкен сұранысты
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Резюме
В данной статье рассматривается преимущества применения
интернета , являющиеся основным фактором повышения
качества образования и обучения
иностранным языкам .
Summary
This article deals with the
advantages of usage internet technologies
which is the basic factor of increasing
the quality of education and the
teaching of foreign languages.