Мажитова А.Р., Нуржанова К.Е.
КММ «Қарағанды облысының
балаларға арналған психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемесі», Қарағанды
ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ
АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫ БАР ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ
БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Девиантты
мінез-құлық дегеніміз
латын тілінен аударғанда deviatio –
ауытқу мағынасын береді, яғни жалпыға ортақ
ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді
бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың
қылықтары; қабылданған
құқықтық немесе моральдық нормаларды
бұзған адамның мінез-кұлқы [1].
Девиантты мінез-құлық
әлеуметтік себептері қоғамның мәдени
құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің
әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының
арасындағы алшақтықта, әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің,
қатынастардың әлсіздігі мен
қарама-қайшылықтығында. Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе
әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып,
өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды [2].
Қазіргі осы саладағы
әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып
жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие
міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі
туады:балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;оның
жағымды қасиеттеріне сүйену;оның адамгершілік
күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;оқушыларды салауатты
өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім
беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;салауатты өмір салтын
қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра
пайдалану;девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос
уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын
жаңа кешенді бағдарламалар құру [3].
Девиантты балалармен жүргізілетін
түзету жұмысында маңыздысы – еңбекке тәрбиелеу. Әрбір
маман ұстаз, баланың тек мінезіндегі кемшіліктерін түзетіп
қана қоймай, оларды қоғамдық өмірдің
талаптарына сай қарым-қатынас жасауға, әлеуметтенуіне,
еңбек даярлығын алуына көмектесуі қажет.
Еңбек тәрбиесі -
жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті
құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп,
олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын
қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір
саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен
ұлттардың дәстүрлі халықтың
педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
дамыған. Білім беру жүйесінде бұл отбасында, мектепте,
мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен
еңбек тапсырмаларын орындауға,
еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Мектепте оқу
еңбегінің барысында балада ұқыптылық,
еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде
өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау,
мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б.
қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы
олардың ой-өрісінің кеңеюіне,
қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына
мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін
жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы
үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады.
Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа
баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда
барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің
белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі [4, 5].
Еңбек тұлғаның психикасы мен
ізгілікті қасиеттерін дамытудың басты
құралдарының бірі болып табылады. Девиантты
мінез-құлықты оқушыны еңбекке баулудың
мақсаты - болашақ өміріне қажетті еңбекке деген
машықтары мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: девиантты мінез-құлықты балалардың
еңбекке қатысты оң көзқарасын қалыптастыру
және оны өмірдегі басты құндылық ретінде
қабылдау; еңбексүйгіштікті, борыштық сезімін және
жауапкершілігін, мақсаткерлігі мен жігерлілігін, адалдығын
тәрбиелеу; әлеуметтік өмірге қажетті әртүрлі
машықтармен және дағдылармен қаруландыру.
Девиантты мінез-құлықты
оқушыларда еңбек туралы түсінікті
қалыптастыружұмысын әңгіме-сұхбат, дәріс,
хабарлау, сендіру, нұсқаулық, пікірсайыс түрінде,
байқаулар мен конкурстар өткізу; өз қабілеттерін
таныстырудың ауқымды мүмкіндіктерін беру; ата-аналар
қоғамдастығымен серіктестік; өскелең
ұрпақты отбасылық тәрбие әдістерімен және
оқу орындарында еңбек етуге дайындау; еңбекке баулу мақсатында
бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану
арқылы өткізуге болады. Ал қоғамдық тәртіп
тәжірибесін қалыптастыруды жаттығу, баулу,
педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма,
тәрбиелеуші жағдайлар туғызу түрінде жүзеге
асыруға болады. Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін
марапаттау түрінде ынталандыру қажет [6].
Мектеп жасындағы балаларды үйрететін
еңбектің бірнеше түрлері бар. Олар: оқу еңбегі,
физикалық еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек
және өндірістік еңбек. Оқу еңбегі ауқымды
күш-жігерді, шыдамдылықты, төзімділікті, мақсаткерлікті
талап етеді. Физикалық еңбек оқушылардың оқу
шеберханалары мен мектеп жанындағы шекарадағы жұмыстарында
ұсынылған.
Қоғамдық пайдалы еңбек
әрбір оқушы мен бүкіл ұжымның мүддесіне
қарай ұйымдастырылады: мектепте және үйде өзіне
өзі қызмет көрсету еңбегі, тұрмыстық
еңбек, мектептегі өсімдіктерге күтім жасау және т. б.
Еңбекке тәрбиелеуде келесі іс-шаралар
қолданылады: еңбек десанттары, оқушылардың
шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкелері,
байқаулар, көрмелер, үздік модельдер, аспаптар,
көрнекілік құралдарды дайындауға арналған конкурстар;
үлгі көрсету: еңбек мерекесі, қолөнері
көрмесі, жалпы тазалау, мектепті көгалдандыру және
абаттандыру, шеберлер турнирі; ата-аналарға жадынамалар тарату т.б.[5].
Еңбекке баулуды ұйымдастырудың
педагогикалық шарттарына келетін болсақ, еңбек
түрінің қоғамдық маңыздылығының
оқушының жеке қызығушылықтарымен үйлесімі
(оның мәнін түсіндіру оқушыларға олардың
жасын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескере
отырып жүзеге асырылады); қолжетімділігі мен
қарымдылығы (осы шартты сақтау дене
жүктемелерінен арылтады, тапсырмаларды шамасы мен қабілеттеріне
сәйкес таңдауды талап етеді); жүзеге асырудың саналы
талапкерлігі (мұғалімнің міндеті – бастаған ісін
аяғына жеткізу тілегін қолдау, жүйелі түрде және
тепе-тең жұмыс істеуге баулу); ұжымдық және жеке
формаларын үйлестіру (бір жағынан, балалардың топтағы,
командадағы серіктестігі қажет, басқа жағынан –
әрбір мүшесінің нақты тапсырмасы болуы тиіс, және
ол оны орындай білуі, орындалу сапасы мен уақытына жауапты бола білуі
қажет).
Нәтижесінде оқушылардың шыдамдылық,
тырысу, мұқияттылық, әділдік, адалдық,
ұйымшылдық, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік,
тәртіптілік, сыншылдыққасиеттері қалыптасады.
Еңбек барысында еңбек қызметінің субъектісі ретінде
өзіне қатысты туындайтын қарым-қатынас төменгі
сынып оқушыларының сенімділігін, жауапкершілігін оятады.
Еңбек қызметі оқушылардың күш-жігері мен
қабілеттіліктерін өз бетімен тәрбиелеу мен дамытуды
қамтамасыз етеді, олардың дүниетанымы мен
көзқарасын қалыптастырады, бұл ретте девиантты
мінез-құлықты баланың мен-тұлғасы
қалыптасуының факторы болып табылады [5].
Әдебиеттер
1.
Орысша-қазақша
түсіндірме сөздік: Педагогика.- Павлодар: ЭКО ҒӨФ. -
2006. - 482 б.
3. Воспитание трудного ребенка: Дети с
девиантным поведением / под ред. М.И. Рожкова. - М.: ВЛАДОС, 2001. - 240
с.
4. Гилинский Я.И. Девиантность, преступность,
социальный контроль. - СПб: Юридический центр Пресс, 2004. - 322 с.
5. Клейберг Ю.А. Девиантное поведение в
вопросах и ответах. - М.:НОУ ВПО Московский психолого-социальный институт,
2008. - 304 с.