ф.ғ.к., доцент Кадина Ж.З.
ф.ғ.м., аға оқытушы Сатеева Б.С.
қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Көпеева Д.А.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
№3
гимнация Қарағанды қаласы, Қазақстан
ОҚЫТУШЫ ШЕБЕРЛІЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ –
НӘТЕЖЕЛІ САБАҚ
Ана
тіліміздің өсіп-өркендеуі мен қолданылуы аясын
кеңейту үшін қаншама
іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тіліміз қаншама рет
додаға түсті. Елбасымыздан бастап, зиялы өкілдеріміз
қанша рет ана тіліміздің мәртебесін көтеру үшін
күресіп келеді. Мұның бәрін ой елегінен өткізіп,
біздің көкейімізде: « Мен ана тілімнің өсіп
өркендеуі үшін, ана тілімнің мәртебесін жоғарылатып,
көк аспанда қырандай қанат жаю үшін қандай
үлес қостым?» деп ойлануымыз қажет-ақ. Егер өз
халқымның адал перзенті боламын десең, ақ сүт
берген анамның тілін қорғаймын десең, Отанымның
күш-қуаты мен өркендеуіне сүбелі үлес
қосамын десең-өзіңнен баста. Бұл – тек
жастарға ғана емес үлкендерге де, ел тұтқасын
ұстап отырған басшыларға да айтар өтініш тілегім.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он
жылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан халқына жолдауында еліміздің алдағы он
жылдықтағы өсіп-өркендеуі мен өрлеуінің өмірлік
мәні бар өзекті бағыттары анықталған. Қазақстан
халқы үшін, соның ішінде ұстаздар үшін де
Елбасының жолдауы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Жолдаудағы: «2020 жылға қарай білім беру
жүйесінің барлық деңгейлері жаңғыртылатын
болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу,
сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл
өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен
дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады» - деген жолдардан
мемлекет басшысының мемлекеттің, ұстаздың,
қазақ тілінің мәртебесіне деген құрметін
көреміз. Сонымен қатар,
ұстаздарға сенім арта отырып, оларға мәртебелі
міндеттер жүктейді [1].
«Халық
пен халықты теңестіретін – білім» - деп қазақтың
абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім
шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Осы
орайда ҚР «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің
басты міндеті-ұлттық және азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу жолында
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің білімін
арттыру бағдарламасын құрып, Қазақстанның
педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ББҰ осы бағдарлама негізінде мектеп
мұғалімдерімен, жалпы мектептің оқыту
тәжірбиесіне өзгеріс енгізуде. Сол
себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген
бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды
қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда
өмір сүргуге дайындау үшін мектеп тәжірбиесіне
қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін
нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағамдау
қажеттігін терең түсінуді көздейді. Бағдарламаны
игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден,
қуатты педагогикалық құралдарды өз
тәжірбиесіне ықпалдастыру арқылы өзінің
оқыту мен оқу тәжірбиесіне жаңа тәсілдерді енгізу
болып табылады [2].
Қазір біз жаһандану
әлемінде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір
мұғалім өзінің оқыту және оқу
тәжірбиесіне үлкен өзгертулер енгізу керек. Қазақ
тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың айтқанындай - «Мұғалім қандай білімді
болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады». Ендеше
қай уақытта да мұғалім заман ағымына қарай
білімін жандандырып отыру керек. Қарқынды өзгеріп
жатқан әлемде, заманауи тәсілдерді, технологияларды
меңгеріп қана қоймай, оны оқушылармен жұмыс істеу
тәжірбиесінде бастысы нәтижеге қол жеткізу. Ал нәтиже
дегеніміз – оқушылардың алған білімдерін жәй ғана
иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар
аудару. Негізінде,
сындарлылық: «Адамдар әлем туралы түсініктерін және
білімдерін тәжірбие жасай отырып және сол тәжірбиелерге
рефлексия жасай отырып тұрғызады», - дейді. Сындарлы оқыту
теориясының қағидаларына сәйкес білім алушылардың
бұрынғы білімдерін, идеяларын және тәжірбиелерін
қайта жаңғыртып, оларды жаңа біліммен, идеямен
және тәжірбиемен ұштастырса, білім алушылар алған
білімдерін сыныптан тыс кез-келген жерде пайдалана алатын болады [3].
Осы айтылғанды басшылыққа ала отырып,
өзімнің сабақ жоспарымды құруда
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында
өткізетін әдіс-тәсілдерді жоспарлап аламын. Сыныпта сындарлы
әңгімені ынталандыратын стратегиялардың «Ереуіл» миға
шабуылы, «Карусель» миға шабуылы, «Дебат диалог», «Танграм», «Сөз
Ассоциациясы», «Кезбе тілші» тағы басқа әдістерді
қолданамыз. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау
мақсатында «Джигсо», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Өрмекші
торы», «Венн диаграммасы», «Домино», «Стикердегі сұрақ»,
«Даналық ағашы», «Позитивті доп», «Ұшақ» тағы
басқа әдістерді көптеп қолдануды жоспарлап отырмын.
Сабағымды қызықты өткізуге тырысамын. Өйткені
қызықты өткізілген жұмыс тиімділігін арттырады
және де оқушыларда келесі сабақта қандай қызықты
әдіс болады екен деп қызығушылары оянады. Жоғарыда
көрсетілген әдіс-тәсілдер бойынша 4 сыныпқа құрылған
қысқа мерзімді жоспарымнан мәлімет берейін. Сабағымды
өткізерде барлығы үшін
бейне көріністі көрсету арқылы оқушыларды жеті
модульдің бірі сыни тұрғыдан ойландыра отырып, сабақтың
тақырыбын өздеріне ашқызу. Жеті модульдің бірі
оқыту мен оқудағы жаңа технологиялары бойынша «Тиімді
сұрақтар» әдісін қолдана отырып, осы күнге дейін
білетіндерін тақырыпқа байланысты сөздерін, білетіндерін еске
түсіру. Сабақтың тақырыбын тапқан соң,
оқушылардың өздеріне бүгінгі сабақта не
үйренгісі келетіндерін стикерге жазу арқылы сабақтың
мақсатын анықтатқызу. Келесі қадамда оқушыларды
жеміс-жидек пен көкөніс суреттері бойынша үш топқа
бөлемін. Топта жұмыс істеуде балалар бір-бірін
тыңдауға, өз ойын ашық айтуға, белсенді
болуға, сын көзбен қарай білуге, сенімділікке, бәсекеге
қабілетті болуға, бірлесіп жұмыс жасауға,
ынтымақтастыққа, көшбасшылыққа беймделеді.
Оқушылар топқа бөлінген соң, жеміс-жидектер туралы аудио
жазба тыңдатамын. Содан кейін естігенін кім есте сақтағанын
тексеру мақсатында оқушылардан сұрап шығамын. Бұл
кезеңде дарынды және талантты балаларды оқыту,
көшпенділік модульдарын пайдалануды жоспарлаймын. Егерде сабағым
жоспарлағандай болса, сабақтың келесі кезеңінде жеті
модульдің келесі бір түрі оқытуда ақпараттық
техниканы пайдалану бойынша презентацияны пайдаланамын, мәтінді
оқиды. Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар
модулінің «Прожектор» әдісі бойынша, мәтіндегі жаңа
сөздерді меңгертемін. «Прожектор» әдісі мен оқытуда
ақпаратты техниканы пайдалану оқушылардың көзбен
көргендерін есте сақтау қабілеттеріне тиімді. Жаңа сөздерге әр топ екі
сұрақтан құрастырады. Келесі кезеңде
оқушыларды сергіту мақсатында «Себетті толтыр» ойыны ойналады.
Бұл ойында оқушылар жасырын тұрған суретті алып, жеміс
не көкөністің қазақша қалай аталатынын
тауып себеттерін толтырады. Бұл ойын модульдің жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту мен оқуына келеді. Өйткені бұл
бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, сергіту
кезеңінде олар орындарынан тұрып тақтадағы
сөздердің қазақшасын тауып қана қоймай,
қолындағы қағазын еңкейіп себетке салу керек.
Келесі кезеңде оқушыларға маркер, А3 қағазы
беріледі де олар топ болып, постер жасайды. Бірінші топ не
сұрағына, екінші топ қандай сұрағына,
үшінші топ не істейміз сұрағына алты сөз жазады.
Постермен тапсырма орындауда оқыту мен оқудағы жаңа
технологиялар және көшбасшылық модульдері негізге алынып
отыр.
Көпшілігі
үшін оқулықтан «Жоғалған
әріптер мен сөздер» ойыны арқылы 4-тапсырма беріледі. Ал кейбіреуі үшін жіктік
жалғауының үш жағын пайдалана отырып сөйлем
құрастыру керек.
Оқыту мақсатындағы бағаны ескере келе, бағалаудың мына түрлерін
жүргізуді жоспарлаймын.
1. «Смайликтер», «Бағдаршам», «Инсерт» бас бармақпен бағалау.
2.
Оқыту үшін бағалау:
Өзін – өзі және жұпта өзара бағалау.
3. Өзара
топтар бірін- бірі пішіндермен
бағалау.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.
№8. -2011.
2. «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы МАН. -2015. -4 б.
3. Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыатын
стратегиялар. -2015.