Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
аға оқытушы , магистр Ж.К.Садулова
Қазахстан
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық
ерекшеліктері
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың
даму процесі ақпараттық қоғамның
қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат
және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Осыған байланысты бірінші кезекте қарапайым еңбек
құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы
шығады. Ақпарат кез келген мемлекеттің даму деңгейін
анықтайтын стратегиялық қорға айналып,
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни
мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару
өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың
мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан
кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек
қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру
қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың
қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға
және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған
құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен
табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс
ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып
кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын
бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің
кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға
көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.Жаңа мыңжылдық – бұл
күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол – өткенді
таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге,
болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт.
Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын
болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның
қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және
мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім
жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып
отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең
негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ
ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық
прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру
болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның,
мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы
мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі [1,21].
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан
қорғанған адам – ол технология ауысуына және
нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта
отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз
оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін
ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа
жүйесінің жасалып, оның мазмұнының
түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім
кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге,
мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып
отыр.
Қазақстан Республикасының білімдендіруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен
пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі
деп көрсетілген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін
дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік
білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану
негізгі мәнге ие болып отыр. Аталған бағыттарды дамыту
үшін құқықтық-нормативтік,
материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және
ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды
даярлаудың негізгі бағыттары болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология
электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, электрондық оқыту құралдарын,
интерактивті тақтаны пайдалануға, Интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді.Осы
ретте елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» деген болатын [2,13].
Ақпараттық және коммуникациялық
технологияның ақпараттық және инструменталдық
бағдарламалық құралдардың дамуындағы
таңқаларлық үрдіс әртүрлі жаңа
дидактикалық идеялардың іске асуына техникалық жақсы
мүмкіндіктер әкелді. Алайда, оқу бағытындағы
отандық және шетелдік электронды жүйені талдау нәтижесі
көрсеткендей, олардың кейбірі дидактикалық сипаты
жағынан жалпы жағдайда қанағаттанарлық
деңгейде деп айтуға келмейді. Айта кетуіміз керек, оқу
бағытындағы «жұмсақ» өнімнің сапа
деңгейі электрондық оқытудың мәліметтер базасын
толықтыру мақсатындағы оқу материалдарын дайындау,
үлгілеу түріндегі компьютерлік жүйемен оқу
жұмыстарының сценарийлерін жасау және тапсырмалар мен жаттығулар
әзірлеу кезеңінде бекітіледі. Өкінішке орай, оқытуда
қолдануға арналған электронды құралдар
әдістемелік-техникалық даму жағынан әлі де болса
жеткіліксіз. Өйткені, әдістемелік тұрғыдан электронды
оқытуды қолдануға арналған электрондық құралдар
технология, педагогика, математика, кибернетика, информатика секілді
түрлі ғылымдар ілімін біріктіреді. Әдіснамалық
мәселелерді әзірлеудің нашар дамуы педагогикалық
әдістеменің «технологиялық еместігі» білім беруде жаңа
ақпараттық және коммуникациялық технологиясында
қолданатын әлеуметтік және бар мүмкіндіктердің
екіге бөлінуінің басты себебі.Ендеше, қазіргі замандағы
мектеп мұғалімі тек өз пәнінің маманы ғана
емес, сонымен қатар, ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды жан-жақты меңгерген өз
кәсібінің шебер маманы болуы қажет, сондай-ақ
ақпараттық технологияны оқу үрдісінде тиімді, сапалы
қолдану үшін компьютерді қолдану әдістері мен
технологиясын меңгерген оқытушылар құрамы болуы тиіс.
Жоғарыдағы қойылған
мәселелер бойынша болашақ информатика мұғалімдеріне
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана алуды
жан-жақты меңгерумен бірге, электрондық оқыту
құралдарын жасай және пайдалана білуінің мәні
ерекше.Соңғы уақытта орта мектептерде, орта кәсіптік
білім беру мен жоғары оқу орындарында білім беру үрдісіне
ақпараттық технологияларды енгізуге, оқу программаларын
және электронды кітапханаларды құруға желілік
құрылымның құрылуына, сонымен қатар,
қашықтан білім беруге көп көңіл бөлінуде.
Орта мектеп, орта кәсіптік білім беру, жоғары оқу
орындарының ақпараттандыру үрдісіне «иілгіш» білім беру
ортасын құру, яғни, базалық арнайы пәндерді
оқыту және білімді бақылау үрдісінің сапалы
өзгерісі маңызды орын алады. Орта мектеп, орта кәсіптік білім
беру яғни, базалық арнайы оқу орындарының ғылыми
және оқу ақпараттық ресурстарын құру
үрдісін автоматтандыру мен дамыту нәтижесінде оқыту
мүмкіндіктерін кеңейтуге болады. Барлық адамның
жоғары білім алуын қамтамасыз ету қажет. Жоғары білім
алу білімгердің қабілетімен, мүмкінігімен,
табандылығымен, күшімен анықталуы тиіс.
Білім берудің қазіргі кездегі бірден бір
құралы ретінде ерекше атап өтуге болатын әдістмелік
кешен – электрондық оқыту құралдары болып табылады.
Олар оқу үрдісін даярлау мен дифференциялдауға, қатені
тексеруді бақылау мен өзін-өзі көрсетуді,
әртүрлі жағдайда тиімді шешім қабылдай білу ептілігін
қалыптастыруға, бақылаудың белгілі бір түрін дамытуға
(көрнекті-бейнелі, теориялық), оқуға ынтасын
үлкейтуге, танымдық іс-әрекетінің мәдениетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта электрондық
оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі
өзекті болып табылады. Толық өңделген электрондық
оқыту құралдары дәріс барысында – демонстрациялау
құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды
орындау үшін – репититор, компьютер, әдістемелік нұсқау
ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электрондық
құрастырушы мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескертетін
күрделі әдістемелік құралы болуы қажет.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген білімді
ақпараттандыру құралдары мен форманың
көптүрлігі оқу
үрдісінің дидактикалық тиімділігін максимальды жетістікке жеткізуге
бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кездегі
ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жекелеген
құралдарын әр түрлі сабақтарда, мәселен,
ақпараттық-іздеу, тәжірибелік-зерттеу және
өздігінен оқуға, сондай-ақ оқушылардың
ақпаратты өңдеу әрекетінде алған білімдерін көрсету
кезінде кешенді түрде пайдаланған кезде ғана
дидактикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.
Ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялар құралдарының
мүмкіндіктерін оқу үдерісінде кешенді пайдалану,
«алдыңғы қатарлы дүниежүзілік деңгейге сәйкес
келетін, бұрыннан белгілі оқытуға арналған
бағдарламалық құралдар тәрізді, жаңадан
жасалынған көпфункционалды электрондық оқыту
құралдарын жасау мен пайдаланудың есебінен практикалық
тұрғыда көбірек таратылуға мүмкіндік алады.Осыдан
барып, білімдендіру құралдарын және ақпараттық
технологияларды жасау мен қолдануға байланысты туындайтын
келеңсіздіктер, өздерінің кәсіби іс-әрекетінде
кешенді пайдалана білуге мамандарды дайындау керек екендігі туындайды. Осы
мәселелерді шешу үшін болашақ мектеп мұғалімдерін
арнайы дайындау педагогикалық білім беру орындарының еншісінде.
Әрине, бұл өз алдына зерттеуді талап етеді.Осыған
байланысты технологиялық тұрғыдан бір-бірімен тығыз
байланыстағы электрондық оқыту құралдарын,
педагогикалық және ақпараттық технологияларды жасау
қажеттілігі пайда болды.
Электрондық оқыту құралдарын
жасау және пайдалану пайдаланылатын ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың барлығын
өздігінен-ақ оқу үдерісіне енуіне итермелейді.Сондықтан
да, ақпараттық құралдарды педагогикалық
тұрғыдан пайдаланудың икемділігі мен тиімділігі олардың
жоғары психологиялық-педагогикалық,
техника-технологиялық және эргономикалық
көрсеткіштерімен ғана емес, сондай-ақ осы тәрізді құралдарды
таратудағы және пайдаланудағы мазмұндық,
әдістемелік және технологиялық тұрғыдан
қараудың біртектілік дәрежесімен де.Жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
басты мақсаты – студенттердің оқу материалдарын толық
меңгеруі үшін оларды практикалық жағынан тиімді
ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету
жолында электрондық оқулықтар, электрондық оқыту
құралдары, тексеру бағдарламалары, оқыту
бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер
қызмет етеді.
Ақпараттық және коммуникациялық
технолгоияны оқу-тәрбие үрдісіндегі қолданудың
бірден-бір құралы, ол оқу пәндеріне негізделіп
жасалынған электрондық оқыту құралдары болып
табылады. Ал электрондық оқыту құралдары өз
кезегінде оқудың сапасын арттырып, студентті өз мамандығына
қызықтырып, шығармашылық шабытын шыңдап,
ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Электрондық
оқулықтар оқу
материалдарын меңгеруді жылдамдатады, ескірген оқу материалдарын
тездетіп жаңалауға, жаңарған ақпараттармен
толықтырып отыруға, оқу үрдісінде кездесетін
тәжіриелі жұмыстарды еш қиындықсыз көрсетуге т.б.
мол мүмкіндік береді. Осындай үлкен мүмкіндіктің
нәтижесі мамандық сапасын арттырып, еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға
көмектесері сөзсіз.
Ақпараттық-коммуникациялық технология
электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек
ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де
тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп
жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте
түсуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30
елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткен
болатын[3,53].
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық
қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына,
кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. География. Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД
елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық.
О.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, т.б. – Алматы: Мектеп.
2010- 304 бет.
2.Қазақ тілі –
қандай тіл? //Тілтаным. Алматы, 2004. N3, 156-163бб.
3.Жұбанов Қ: Қазақ тілі
жөніндегізерттеулер А. 1999.
4. Кеңесбаев
С. Жанұзаков Т. Руссо-казахскийсловарьлингвистических
терминов.
А. 1966.