Дәулетбай Арайлым, Рүстемов Думан,
Ысқақова Жанерке
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандитаты, доцент
АМА қауымдастырылған
профессоры
Қазақстан
Республикасы
З.ҚАБДОЛОВТЫҢ «ЖАЛЫН» РОМАНЫНДАҒЫ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Мақал-мәтел
– халықтың
қоғамдық құбылыстарды кең қамтып,
өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі,
көркем бейнелейтін, тақырыбы, идеялық мазмұны бай
ең бір мол саласы. Мақал-мәтел – халықтың
нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшамды түрде
ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз. Яғни
оның мазмұнында халықтың ғасырлар бойындағы
өмір тәжірибесінің негізінде түйінделген философиялық
ой жатады. Мақал-мәтелдер М.Ғабдуллин , М.Әлімбаев ,
Б.Адамбаев , Ө.Айтбаев , Б.Абдуллина , Р.Атаханова ,
Б.Әбдіғазиұлы , С.Кенжемұратова , А.Сабыр ,
Р.Сәрсенбаев еңбектерінде
әр қырынан қарастырылған.
З.Қабдолов романдарындағы
мақал-мәтелдер тақырыптық жағынан әр алуан.
Олар түрлі мақсаттарда қолданылған.
1) кейіпкер бейнесін ашуда: Білетіндердің айтуынша, Ораз ойына алғанын
орындамай тынбайтын өжет, «малым –
жанымның садағасы» дейтін жомарт, оның үстіне
өзін осынау «фәни жалғанға» әшейін от ала
келгендей уақытша санап, ат басын ылғи алысқа – «о
дүниеге» бұрып жүретін мейілінше діндар кісі болыпты.
Малым –
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы ауысп. Қазақ
қауымына тән ұлттық мораль: адам өз
бойындағы ең асыл, абзал қасиеттері мен
құндылықтарына ар – намысын жатқызу. Сондықтан
да, қазақ халқы жаны үшін жинап – терген мал –
мүлкін аямайтынын (білдірсе, ар – намысы үшін сол жанын да
құрбан етуге дайын екендігін) аңғартып тұр.
Өйткені, ол ер –азамат үшін бұл дүниеде ар – намысын
берік сақтаудан артық баға жоқ деген
тұжырымға барып саяды. [А.Қайдар.«Халық даналығы»
]
2) кейіпкердің ішкі жан
дүниесін, психологиясын беруде:–Ей,
қалқам-ай, неге қарсы дерің барма? «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деп қазақ тегін
айтпаған ғой. (З.Қабдолов, «Жалын» романы 237- бет)
Мал аласы
сыртында, адам аласы ішінде - ауысп. Малдың сан алуан түр
– түсін оның сыртқы түгінен байқауға
болады; ал адамның өзіне деген достығы мен
қастығын, жақсылығы мен жауыздығын оның
сыртқа түр – тұлғасынан, бітім – болмысынан емес, тек
ішкі жан дүниесінен ғана білуге болады: кейбір адам бетіңе күле
қарап тұрғанымен, көңілде арамдық ойлап
тұруы да мүмкін; адамның түріне қарап алданып
қалма, ол тәрізді емес, оның барлық құпия –
сыры ішінде болады демекші. [А.Қайдар.«Халық даналығы» ]
Танығанда оған бір
сөз кезегін беріп, «адам
сөйлессе, жылқы кісінессе» дегендей оны да тыңдап, сыр
шешісіп барып ұғысып жатқан жоқ, бәрін өзі
айтып, өзі қойып, тек өзінше ғана ұғып
келеді. (З.Қабдолов, «Жалын» романы 366- бет)
Адам сөйлессе, жылқы кісінессе
«Адам сөйлессе,
жылқы кісінессе» - Адамның жақсысы бір-бірін бір
көргеннен-ақ жақсы тіл табысып, бұрыннан бері таныс адамша сөйлесіп кетуін айтамыз.
Сол сықылды, жылқыларда кісінессе бір-біріне үйренісіп
кеткендігін білдіреді. Мұны көреген халқымыздың
ұлттық танымдық мақалына жатқызуға болады.
3) кейіпкердің әлеуметтік
жағдайын көрсету үшін: Ханымзияның қағылездігі Марғаудың
салбөкселігіне қарама-қарсы. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дегендей, Жанар
аздап салыстырып, байқаса, салбөксе күйеудің
маңындағы әйелдің қағілездігі барып
тұрған азап сияқты. (З.Қабдолов, «Жалын» романы 409-
бет)
Қонақ аз отырып, көп сынайды Бұрын араласпаған бейтаныс
қонақтардың үй ішіне ерекше назар аударып, үлкен
– кішілердің жүріс – тұрысына, мінез –
құлқына, дастарқан мәзірін әзірлеушілердің
ас беру, шай құю т.б. осы сияқты әрекеттеріне сын
көзімен қарау әдеті де болған. Олардың
көбісі бір түнеп кетсе де, мақалда үй иелерінің,
бала – шаға, бау – шарбағының барлық болмысын жете
түсініп, сынап кететіндігі айтылып тұр. Бұл –
қонақ дәстүрінде қонақ иесіне деген зор жауапкершілікті ескеріп тұрған
сөз. [А.Қайдар.«Халық даналығы» ]
4) басу айту мақсатында:«Бір азаптың бір рахаты бар» деп, күллі үмітін келер күнге артып,
сүрініп-қабынып ылғи ілгері ұмтылып келе жатты.
(З.Қабдолов, «Жалын» романы 280- бет)
Бір азаптың бір рахаты бар. Түрлі-түсті,әдемі кемпірқосақтың
өзі, жаңбыр жаумаса шықпайды.Сол сияқты кез-келген
жетістік қиындық арқылы келеді.
7) ұлттық дүниетанымды (салт-дәстүрді) беру
мақсатында: «Орамал тон емес, жол» дейді қазақ бауырым. (З.Қабдолов, «Жалын» романы 296-
бет)
Орамал тон емес, жол болады
Қазақ сахарасында
ертеден келе жатқан ата – баба салты бойынша сыйлы
қонаққа, мерей той иесіне, өнерін көрсеткен
шеберлерге, қамқорлық істеген игі – жақсыға т.б.
сый – құрмет, міндет – парыз ретінде астына ат мінгізіп,
үстіне шапан жабу әдеті бар. Ертеде бұл «тоғыз беру»,
«тон жабу» деп те аталған. Дәл сондай мүмкіншілік болмай
қалған жағдайда, тон болмаса да, соның орнына берілетін
кішігірім сыйлықты беріп жатып, сыпайыгершілікпен айтылатын: «бұл
дәстүрлі тарту – таралғының өзі болмаса да
соның орнына жүретін кәде, ырым. Аз болса да көптей
көріп алыңыз! деген сөз». [А.Қайдар.«Халық
даналығы» ]
Мақал-мәтелдерің жинақталуы мен
зерттелу тарихы.
Қазақ мақал-мәтелдері туралы деректер өз
бастауын түркі жұртына ортақ V-XI ғасырлардан сақталған
Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінен, Қорқыт бабамыздан,
Жүсіп Баласағұннан, Махмуд Қашқаридан еңбектерден
алады.
Қазақ
мақал-мәтелдерінің басым бөлігі ауызша айтылып
халық жадында сақталған. Оларды жинап қағаз
бетіне түсіру ХІХ ғасырдан бері басталды. Қазақ
мақал-мәтелдерін қағазға түсіруге ат
салықан ғалымдар Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың,
Ы.Алтынсариннің, Қ.Жалаирдің, В.В. Катаринскийдің,
П.Мелиоринскийдің, А.А.Васльевтің, А.Баржақсының, Ө.Тұрманжановтың
еңбектерін атап өтуге болады. Қазақ тіл білімінде
мақал-мәтелдерді
алғашқы зерттеген ғалымдардың бірі І.Кеңесбаев
болды. Ол мақал-мәтелдердің тұрақтылығы мен
қолданылатын сипатына қарап фразеология салансына жатқызады.
Қазақ тіл білімінде мақал- мәтелдерді зерттеуде елеулі
үлес қосқан ғалымдар Р.Сәрсенбаев,
Ғ.Тұрабаева, Ә.Хайдар, Б.Динаева бұл салада тың
пікірлер айтты. Ә.Қайдарың «Халық даналығы»
еңбегі – қазақ және жалпы түрік
паремологиясында мақал- мәтелдерге
этнолингвистикалық түсініктеме берген алғашқы
және құнды сөздік.
Тіл білімінде салыстырмалы-тарихи,
салғастырмалы әдістерді қолданып, әр тілдердегі
мақал-мәтелдерді зерттеген ғалымдар Г.Хайырова,
А.Нұрмаханов, М.Сабитова, Э.Мукушева, Р.Юсупова, А.Донбаева,
Р.Жүнісова елеулі нәтижелерге жетті.[Атаханова Р. К. «Туыс емес
тілдердегі мақал-мәтелдердің
этнолингвистикалық сипаты»]
Қазақ мақал – мәтелдерінің
зерттелу тарихын негізінен 3 кезеңге бөліп қарастыруға
болады: ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40 – 60
жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін
халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке
басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен
сипатталады (Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, А.Е.Алекторов,
М.Ысқақов, А.Байтұрсынов, Ө.Тұрманжанов,
Б.Ақмұқанова, М.Ақкозин т.б.).
Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен
кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин,
З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасов, С.Нұрышов,
Б.Ақмұқанова т.б. әдебиетші ғалымдар
зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің
әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар,
Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов, З.Ерназарова,
Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов,
С.Сәтенова, Д.Бегалықызы, Б.Сағын, С.Қанапина т.б.
тілші – мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.
Қазақ
паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы
дербес пән ретінде қалыптасуының теориялық
тұжырымдамасын негіздеген академик Ә.Қайдар мақал –
мәтелдерінің тілде пайда болу факторлары мен дами келе
адамға,оның сын – сипатына, іс – әрекетіне, этностың
«тіл әлеміне» құйылар этнолингвистикалық
арналардың ең құнарлысы ретінде олардың этнос
болмысын танып – білуге қосар үлесін анықтау тәрізді
басты мәселелерді паремиологияның этнолингвистикалық
өзекті мәселелер қатарына көрсетеді.[Қасымова С. К. «Сан компонентті мақал –
мәтелдердің ұлттық мәдени негізі»]
Кенжемұратова
С.К. «Мақал-мәтелдердің
синтаксисі» атты
диссертацияның авторефератында мақал-мәтелдердің
құрылым мен ерекшеліктерін атап өтеді: мақал мен
мәтелдер бір дәуірдің ғана жемісі емес. Бұлар
өзінің ішкі мазмұны, мағынасы жағынан әрбір
дәуірдегі түрлі тарихи оқиғаларды бейнелейді.
Қазақ совет энциклопедиясында мәтелге «қорытынды
түйіндеуі тура айтылмайтын, қарама-қарсы шендестіруі
жоқ, тұжырымды тұспалды, ықшамды, кестелі нақыл
сөз» деп анықтама берілген. Ал профессор Аханов «Мәтелдерде
ой-пікір, топшылау мақалдағылардай кесіп айтылмай, образды
түрде жанамалай айтылған ишара болады. Ғалым осыларды
мысалға келтіре отырып, мынадай қорытындыға келеді:
ü
1)Мақал мен мәтел өзара синтаксистік
құрылысы жағынан да өзгеше болады. Мақал,
мәтелге қарағанда құрмалас сөйлем
күйінде жиі ұшырайды.
ü
2) Мәтел бір жай сөйлем түрінде, оонда
да толымсыз жай сөйлем түрінде кездеседі.
ü
3) Тағы бір айырмашылық, мәтелдің
құрамындағы етістіктен болған баяндауыш сөз
көбіне айтылмай, түсіп қалады.
Мақал-мәтелдер
шығу жолдарына қарай:
ü
1) Негізгі қайнар халықтың әлеуметтік
тұрмысы мен экономикалық жағдайына тікелей қатысты;
ü
2) Халық ертегілерінен, хикая, өлең
жырлардан пайда болған;
ü
3) кейбіреуі көрнекті ақын-жазушылардан
қолтума нақыл сөздерінен пада болған. Мысалы,
Абайдың «Атаңнның баласы болғанша, адамның баласы
бол» [2; 5-8 бет].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Ә.Қайдар ‟Халық даналығы”.
– Алматы: ‟Тоғанай Т” баспасы, 2004. – 560 бет.
2.
Кенжемұратова С. К.
«Мақал-мәтелдердің синтаксисі» Астана,2002ж;
3.
Қасымова С.К. «Сан компонентті
мақал-мәтелдердің ұлттық-мәдени негізі»
Астана, 2009ж;
4.
Атаханова Р.К. «Туыс емес тілдердегі
мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты», Алматы,
2005ж;
5.
З.Қабдолов «Жалын» романы. Алматы, 2003 жыл. 551
бет.