Ә.
НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ӘДЕБИ КҮНДЕЛІКТЕРІНДЕГІ
ЖАСТЫҚ ПЕН МАХАББАТ МӘСЕЛЕСІ
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қ.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Акатаева Ш.Б.,
Жанбулатова Гүлім ГМУ-11к тобы студенті.
Өнер туындысының асыл мұраты-адам мен оның
өмірін, еңбегін шынайы, шебер көрсету болса, бұл бағыттағы көркемдік ізденістер, әдіс - тәсілдер, өрнекті ойлар, сөз - стиль жүйелері
қаламгердің таланты мен тәжірибесі негізінде кең өріс, жаңа сапа, сипатқа ие болады. Жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың жарқырай көрініп, қалың көптің
қызығушылығын арттырып, көркемдік биік мұраттар тұрғысынан табылуы - тақырып пен
идея бірлігінен, өмірден өрбіген
оқиғалар жүйесінен, қаһарманның рухани әлемінен, көркемдік өрнектер табиғатынан
терең танылады.
Осы орайда, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері,
Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы
мемлекеттік және
А.А.Фадеев атындағы
Мемлекетаралық сыйлықтардың иегері Әзілхан
Нұршайықовтың өмірі мен кезеңі,
шығармашылық жолы өнегелі кырларымен, игілікті - ізгілікті істерімен, ең негізгісі азаматтық - адамгершілік
жаршысы, жыршысы бола
білгенін айрықша атап, мадақ тұтуға әбден болады.
Ә. Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылық жолы қалың көпке үлгі- өнеге
боларлық. Тарих ғылымының докторы, профессор Т.Көлбаев жазғанындай: «Соғыс біткеннен кейін ол бірден
үзіліп қалған оқуын жалғастырды.
Университеттің филология
факультетін бітірген соң, журналистік іске құлшына кірісті. Ұзақ жылдар атқарған журналистік қызметінен кейін Ә. Нұршайықов біртіндеп
жазушылық жұмысқа көшеді.
Алғашында бірнеше лирикалық повестер жариялап, одан кейін роман жазуға кіріседі. Оның ең алғашқы «Махаббат, қызық мол
жылдар» романы (1970 ж.) қазақ жастарын дүр
сілкіндірген шығарма болды. Одан кейін қазақтың қаһарман да аңыз ұлы Бауыржан Момышұлымен сырласатын «Ақиқат пен аңыз»
роман-диалогы (1976ж.) қазақ әлеміне әйгілі, орыс,
украин, өзбек, қырғыз жұртына танымал туындыға
айналып, қазақ, орыс,украин т.б. тілдерде бірнеше рет қайтадан басылып шықты. Ол
қазақ әдебиетінде таралымы ең мол кітаптардың бірі
болды. Сондай -
ақ, сөз зергерінің қаламынан
шыққан «Әсем», «Ботагөз», «Алтын соқпақ»,
«Тоғыз толғау», «Ұлыма хат», «Екі естелік», «Монолог», «Майдан жазбалары», «Невель түбінде», «Автопортрет», «Мен журналистпін»
атты
туындыларын былай қойғанда, тек екі шығармасы - «Махаббат, қызық
мол
жылдар», «Ақиқат пен аңызымен» ғана әдебиетіміздің алыптары легіне
енген» [51].
Алайда, Ә. Нұршайықов шығармашылығының басым
бөлігін дерек көздеріне негізделген мол материалдары (күнделік, хат жазбалар), өмір тәжірибесі
мен тәлім -
тәрбие иірімдерін арқау еткен тағылымды
туындылары («Махаббат
жыры», «Тоғыз толғау», «Екі естелік», «Махаббат, қызық мол
жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Өмір өрнектері», «Қаламгер және
оның достары»
т.т.) құрайтынын айту
ләзім.
Ә.Нұршайықов шығармашылығының алтын арқауы - азаматтық пен
адамгершілікті ту еткен Жастық,
Достық, Махаббат
болып табылады. Біздіңше, бұл мәселелер жазушы еңбектерінің бәрі-баршасына тән әрі жас
ұрпаққа үлгі өнеге тұтуға болатын белгі, ерекшеліктер. Айталық, «Махаббат жыры», «Ғажап адам»,
«Ер Төлеген», «Мәншүк әні», «Великие Луки ұрыстары», «Невель
түбінде» т.т.
майдан жазбаларында
қаһармандық-трагедиялық тұлғалар, «Әсем», «Ботагөз», «Ескі дәптер»
сынды лирикалық повестерде әлеуметтік - адамгершілік мұраттар, «Тоғыз толғау» повесть-монологы, «Махаббат, қызық мол
жылдар» романы, «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы елдік пен ерлік
дәстүрін, жастық пен махаббат мерейін биік белестерге көтерді. Сондай-ақ, «Автопортрет», «Екі естелік», «Өмір өрнектері», «Қаламгер және
оның достары»
сынды кітаптар - ұлт мұратын, еңбек
мерейін, жастық салтанатын танымал тұлғалардың (М.
Әуезов, С. Мұқанов, М. Иманжанов т.б.) көпке үлгі ғибраттық қырларын, өмір - уақыттың, тұрмыстың әр алуан
иірімдерін, ең негізгісі жазушы еңбегі мен
ізденіс арналарын кең көлемде көрсетеді.
Мұның бәрінен,
біздіңше, Ә. Нұршайықов шығармашылығындағы басты белгілер - асыл адамгершілік дәстүрлер, жарасты жастық пен достық сырлары,
шынайы сүйіспеншілік иірімдері кең көлемде
көрініс беріп, көркемдік-рухани нәрі, тағылымдық тұстары терең танылады.
Ә.Нұршайықов
шығармашылығы, ондағы жазушы еңбегі,
ізденіс арналары,
дерек көздері мен мол материалдарды
жүйелеу, жеткізу жолдары, көркемдік - рухани талаптар көңіл көрігінде, ой таразысында жіті сараланып, алуан
салыстыру - салғастырулар
жасалып, жүйелі, нанымды
өріс алатыны сөзсіз.
Жазушының өмір белестерінен мол мағлұмат, дерек көздерін берумен бірге, оның тұңғыш
туындыларынан бастап, соңғы жылдардағы еңбектері,
баспасөз материалдары, естелік-сұхбаттары т.т. негізгі назарда
болды.
Жазушының күнделік, хат жазбалар сырымен
танысудың да
мол мүмкіндіктері болды. Бұл тұстардан, әрине жазушы еңбегі мен шығармашылық жолын жіті танумен бірге
қолтаңба мәнерін, көзқарас эволюциясын, кейіпкерлер жүйесін, көркемдік
құралдарды пайдалану
тәжірибелеріне де айқын көз жеткіздік.
Мұның бәрі,
сөз жоқ «Махаббат,
қызық мол жылдар» романының шығармашылық тарихын, тұлға табиғатын, көркемдік ізденіс арналарын танып-талдау тұстарында
әсер-ықпалы мол
болды. Маңыздысы, Ә.Нұршайықов әрбір тұстарда көркем әдебиеттің құнарлы саласы,
күрделі жанрдағы тұңғыш туындысы-«Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы аса бір мейірім-көңілмен, сағынышпен еске алады. Ұлы Отан
соғысынан кейінгі кезең, студенттік
өмірдің қызықты да қимас
сәттері, Меңтай, Майра, Тана т.б. қарапайым да кішшейіл, таза көңіл, сезімдеріне сүйсініс білдірсе, Тұмажан
сияқтылардың опасыз, сиықсыз сиқына наразылық
кейіп танытады. Қалай десек те, жастар өмірін, достығын суреттейтін - «Махаббат, қызық мол
жылдар» романы әлі де оқылады,
өз оқырмандары бар.
Ә.Нұршайықов
шығармашылығы ауызша әңгімелерімен
(«Алтын сағат», «Әтір», «Ботагөз», «Жемпір», «Ескі
дәптер» т.т.), азаматтық пен адамгершілікті,
жастық пен
достықты арқау еткен туындыларымен
(«Өмір өрнектері», «Қаламгер және оның достары» т.т.) бірлік, байланыста сөз етіледі. Сол секілді іссапарлар материалы , «Халима» атты мәңгілік махаббат жырының
желі -
жүйесі де негізгі назарда болды.
Осының негізінде жазушы еңбегі мен шығармашылық процесс табиғаты, «Махаббат,
қызық мол жылдар» романының жазылу
тарихы, тұлға мен түптұлға
мәселесі, күнделік, хат жазбалар сыры ашылады. Өмір құбылыстары мен адам болмыстары,
табиғат, тіршіліктің бедерлі суреттері, кейіпкердің рухани әлемі, көркемдік өрнектер, тіл, стиль сипаттары
т.т. алуан салыстыру мен саралаулар жасалып, зерттеу мен зерделеу мұраттары жүйелі
жүзеге асырылады.
Ой түйінде айтарымыз,
жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық
мол
жылдар» романы жастар өмірін, олардың достығы мен сүйіспеншілігін кең көлемде көрсетіп, сол
арқылы қоғам - кезең
көріністерін, өмір - уақыт тынысын, адамдар қарым-қатынасын шебер де шешен, шынайы шындық үлгісінде суреттейді.
Ә.Нұршайықов
шығармашылығына жіті көз, сергек көңілмен назар
аударар болсақ, шағын жанрдан көлемді романға дейін
дерек көздерін, эпистолярлық
мұраларды молынан пайдаланатынын айқын аңғарар едік. Осы белгі, ерекшеліктер «Махаббат, қызық
мол
жылдар» романында кең көлемде орын алып,
өмір өрнектерімен, жастардың достық,
сүйіспеншіліктерімен, студенттік кездің қызықты
сәттерімен сенімді, серпінді сипатта, сабақтастықта кең
өріс алады.
Жазушы еңбегінің мәңгілік сипаты, рухани нәрі осы.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Нұршайықов Ә.
Автопортрет. - Алматы: Жалын, 1977. - 200 6.
2. Тұрысбек Р. Игілік пен ізгілік - тәлім-төрбиенің алтын бастауы // Бала тәрбиесі. - 2004. - №1. -5 б.
3. Нұршайықов Ә.
Екі естелік. - Алматы: Жалын, 1985. - 176 б.
4. Нұршайықов Ә.
Өмір өрнектері. - Алматы: Өлке, 2000. - 134 б.
5. Нұршайықов Ә.
Қаламгер жөне оның достары. -
Алматы: Өлке, 2000. - 440
б.
6. Фадеев А. О литературном труде. - М.: Знание, 1961. -
71 с.
7. Қаратаев М. Шеберлік сыры. - Алматы: Ғылым, 1985. - 19 б.