Рысбаева
Айнұр, Жұмабай Жанар
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА
қауымдастырылған профессоры
Қазақстан
республикасы
Қызылорда
облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы
тұрғындары тіліндегі диалектілік ерекшеліктер
Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі
норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде
қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби
сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше
айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері
көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті
ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы
саласы-диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан
жан-жақты зерттейді.
Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді кең көлемде зерттеу ісі
өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өріс алды. Тіл
білімі институты 1950 жылдан бастап еліміздің
түкпір-түкпіріне, тәуелсіздік жылдарында қазақ
диаспорасы мол шоғырланған аймақтарға
диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды. Сонау жылдары
Институтта Тіл тарихы және диалектология бөлімі ашылып, сериялы
ғылыми жинақтар жарық көрді, кандидаттық
диссертациялар қорғалды.
Қазақ диалектологиясы ғылымын сөз еткенде осы
саланың бастау-көзінде тұрған проф. Сәрсен
Аманжолов пен Жұмат Досқараевтың, акад. Нығмет
Сауранбаевтың есімдері ерекше аталады. С.Аманжоловтың іргелі
зерттеу еңбегі (1959), Ж.Досқараевтың монографиясы мен
сөздігі (1955) тіл тарихы мен қазақ диалектологиясы саласында
ашылмаған аралдардың көптігін көрсетіп берді. Сол жылдарда
ғылым жолына түскен жас зерттеушілер Шора Сарыбаев, Ғабдолла
Қалиев, Сапарғали Омарбеков, Әбілбек
Нұрмағамбетов, Жамалбек Болатов, Оқас Нақысбеков,
Тұрап Айдаровтар осы салаға бар ғұмырларын арнап,
іргелі еңбектер жазды, докторлық диссертацияларын
қорғады, жаңа буын шәкірт дайындады.
Тіл білімі институтының атылмыш Диалектология бөліміндегі
картотекалық қор жылдан-жылға молайып, арнайы
диалектологиялық сөздік түзу мүмкіндігі туды.
Сөйтіп 1969 жылы 6000 сөзді қамтыған
тұңғыш «Қазақ тілінің
диалектологиялық сөздігі» жарық көрді.Кейінірек
академиялық үш томдық сөздік шығару жоспарланып,
оның екі томы баспа бетін көрді. [1; 9-10]
Тіл білімінің диалектілер мен
говорларды зерттейтін саласы- диалектология
(диалектос-сөйлеу, говор, логос-ілім деген грек сөздерінен
қаралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті-жергілікті
тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ
тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп
халықтық я ұлттық тілдің өзіндік
ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол
жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді
қамтиды.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат
алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын
ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік
ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл
мағынада диалект халық не ұлт тілінің
құрамды бөлігі болып табылады.
Говор-жергілікті
диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш
облыс көлеміндей жерді қамтуы мүмкін. [2]
Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен
тығыз байланысты.
Өйткенi диалектiлер мен диалектiлiк ерекшелiктер этнографиялық белгiлермен
ұштасады. Шынында, жергiлiктi халықтың әдет -
ғұрып, тұрмыс - салтындағы заттармен ұғымдардың атауы
болып келетiн диалектизмдер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда
диалектiлiк ерекшелiктер аса маңызды
этнографиялық белгi болып
табылады. [3;2]
Есенбай Анар Заманбекқызы
«Сыр
өңірі тіліндегі жергілікті қолданыстар» атты кандидат ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертациясының авторефератында Қызылорда
жалпы сыр өңірінің диалектілік қорына біршама
тоқтап, ондағы тіл ерекшеліктерін зерттеп, өзіне тән
сөздер мағынасын ашып, мысалдар келтіріп, теорияға аса
мән берген.Мысалы аша деген сөзді алып қарастырар
болсақ, Аша сөзі Қазақстанның шығыс
өңірінде Семей, Талдықорған говорында
айыр(құрал)мағынасында қолданылады. Шығыс
Қазақстан говорында аяқ мағынасында қолданылады.
Қарақалпақ говорында аша сөзі арықтың екіге
бөлінетін, айырғы мағынасында қолданылады, сол
сияқты осы өңірдің Шет говорында баған деген
сөзді білдіреді. Қазақстанның солтүстік
өңірінде тіреу мағынасында қолданылады. Ал
Қызылорда говорында арық түрі ретінде қолданылады.
Батыс Қазақстанда Аша сөзі екі таудың жігі, арасы
ұғымын білдіреді.Диалектілік синонимдер төл тіліміздің
сөздік қорын кеңейтуге едәуір үлесін қосатыны
анық. Тіпті кейде заттың атауы болуға сұранып
тұратын диалектизмдердің әдеби тіл қатарына еніп бара
жатқанын да байқауға болады. Әдеби тілімізде кесе деп
аталып жүрген тұрмыстық бұйымның аяқ, пияла, сапалша деген диалектілік синонимдері
кездеседі. Кесені аяқ деп Жезқазған өңірі атайды,
пияла деп Қазақстанның оңтүстік
өңірлері (Жамбыл, Сайрам, Шымкент, Шу, Мойынты, Жуалы) атайды, ал
сапалша сөзі Түлкібас өңірінде кездесетін
кесеатауының говоры болып саналады. Шағыр диалектісі
Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде
өсімдіктің қатты сабағы мағынасында берілген.
Және оны Қазақстанның солтүстік аймағында,
Ресейдің Орынбор, Саратов қаласындағы
қазақтардың тілінде жиі қолданылатыны
көрсетілген. Жап
сөзінің қолданымдық аясы ауқымды. [4]
Қызылорда облысы Жаңақорған
ауданы Төменарық ауылы тұрғындарының диалектілік
тіл ерекшеліктерін төмендегідей топтарға жіктеуге болады:
•
Үй тұрмысына, құрал - сайманға қатысты сөздер
Ø Дуал –
қабырға.
Ø Какандоз –
қоқыс алатын құрал.
Ø Жерошақ – жерге
кесектен өріліп жасалатын ошақ.
•
Уақыт, мөлшер атауларына байланысты
сөздер:
Ø Шәмәлі – аз ғана деген мағынада.
Ø Дәу – үлкен.
Ø Бағана – мана.
•
Ас,
көкөніс атауларына байланысты сөздер:
Ø Күріш ботқа – бұл тағам палауға ұқсас болып келеді ал
айырмашылығы оған картошка салып, суын молырақ қылып пісіреді.
Бұл тағамды Шымкент
өңірінде шәуле деп те атайды.
Ø Мәйсөк – тарыдан жасалынады. Май мен қантты жібітілген тарыға
араластырып домалақ пішіндес етіп жасайтын тағам.
Ø Сары су – айранды күбіге піскен соң оны
қайнатып қалтаға құйғаннан соң одан
артық бөлініп шығатын суды атайды.
•
Адамның бойындағы қасиеттерге
байланысты сөздер:
Ø Қауақ – миы жоқ, алжып қалған (балағаттау,
әжуалау).
Ø Ауыш – әумесер,
есерсоқ (балағаттау, әжуалау)
Ø Лепірме, бөспе- мақтаншақ
Пайдаланылған
әдебиеттертізімі:
1.
Диалектологиялық
сөздік. Алматы-2007.
2.
Ө.Айтбайұлы,
Б.Момынова. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы
3.
Сарыбаев Ш.,
Қалиев Ғ.« Қазақ диалектологиясы » Алматы «Ана тілі»
1991, 198 бет.
4.
Есенбай А.З. «Сыр
өңірі тіліндегі жергілікті қолданыстар»