Есбол.Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

А. Байтұрсынұлы мен Т.Рысқұлов айтулы қоғам қайраткерлері

Ерді ел үшін мақта ,

Жігітті жұрт үшін мақта.

                            (Б.Момышұлы )

ХХ  ғасырдың  басындағы  алмағайып заманда патшалық Ресей  империясы саяси-экономикалық  дағдарысқа ұшырады. Ресей империясының құрамындағы отарлық күй кешіп отырған елдердің ұлттық сана-сезімі оянып, олар өзіндік мемлекет құруға ұмтылды.Олар отарлықтың қанды шеңгелінен құтылып,өзіндік төл мәдениеті мен ана тілін салт-дәстүрін, сақтап қалу мәселелерін алға қоя бастады. ХХ ғасырдың басында Алаштың ардақты ұлдары Ахмет Байтұрсынұлы мен Тұрар Рысқұлов бірі ұлттық сананы оятуға ден қойса, екіншісі ұлттық мемлекетті қалай құру жолдарын қарастыра бастады.

Елбасшымыз Н.Назарбаев « Тарих толқынында » кітабында: ’’ 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында, тұңғыш жалпықазақ съезі өтеді, ол кадет партиясының қапталында жүретін ұлттық саяси партия құру міндетін алға қояды. Сөйтіп ұлттық қозғалыс көсемдері оны конституциялық монархия мен либералдық реформалар жолындағы күрес арнасына бағыттауға әрекет жасады. “  [1] – деп, қазіргі Егемендігіміздің іргетасы сол 1905 жылдан бастауын алатынын атап өткен болатын.

А. Байтұрсынұлы ’’ Орынбор 13-нші октиабір  “ мақаласында: ''... әркімнің бойына қарай киім пішкен сыйақты, әр қалықтың қалпына, салтына, мінезіне қарай закон шығарылады.Солай болған соң да, закон шығарушылар қалықтың қағидалы қалпын, салтын, мінезін жақсы білу тиіс.Оны білмей шығарған закон қалықтың түзелуіне емес, бұзылуына себеп болмақшы. '' [2]

–дегеніндей, Елбасы  Н.Назарбаев  « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласында: '' Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. '' [3] –деп, А. Байтұрсынұлының ұлттық рухани құндылықтарымыздың аясында ғана өркендеуіміз керектігін, сонда ғана қазақ халқының болмысын сақтап қалатынымызға сеніммен қарайды.

Тұрар Рысқұлов 1919 жылы 20 шілдеде Түрікатком атына хат жолдап, мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алады. Т.Рысқұлов: '' ...Қажетті қаражат пен қағаз тапшылығына байланысты жалпы мұсылмандар газетін шығаруды, онда партиялық, мәдени-ағарту, әскери, ақпараттық және т.б. қоғамдық-саяси мәліметтер мен хабарлар басуды ұсынады ''  [4] -деп, өзінің отаншылдық рухын, ұлттық болмысын көрсетеді.                                                           

       

                                          Әдебиеттер  тізімі

        1. Назарбаев Н.  Назарбаев Н. Тарих толқынында.- А,- 1999.-160 бет.      

        2. Байтұрсынұлы А. Орынбор 13-нші октиабір. 5-том.-А, 2006.-221 бет.   

3. Егеменді Қазақстан. Елбасы Н.Назарбаевтың  « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласы. № 70.-12 сәуір.-2017.

         4. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі.- Қазақстан.-1994.-94 бет.