Шалтыков
А.И. -
саяси ғылымдар докторы, профессор
Алматы, Қазақстан
Республикасы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТУРАЛЫ
Орталық
Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне кері әсерін тигізетін
фактордың бірі – діни экстремизм, есірткі қаупі, заңсыз
көші-қон көлемінің уақыт өткен сайын
өсіп бара жатқандығы. Бұл
аймақтағы саяси-әлеуметтік
жағдай қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда аса
жайлы деңгейде емес. Ол бәрімізге аян. Алайда,
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы
тұрақтылыққа қауіп көп. Аталған
мемлекеттердің ішкі және сыртқы жағдайы кез-келген
сәтте ушығып кетуі мүмкін. Экономикалық жағдайы
төмен, діни экстремизм кең жайлаған, есірткі қаупі
күшті, жұмыссыздық барынша асқынған
аймақтағы күрмеуі қиын мәселелер кез-келген
сәтте күшейіп кетуі ықтимал.
Ал, ішкі саяси жағдай тұрақты,
экономикасы өрлеп келе жатқан Қазақстанға діни
экстремизм мен терроризм сырттан енуі мүмкін. Әсіресе, діни
экстремизм, әртүрлі уағыз, жастардың кейбірін адастыруы
ықтимал. Қазақстанда адамдардың өмір сүру
деңгейі көршілес мемлекеттерге қарағанда жоғары.
Тұрмысы төмен жандарға мемлекет жеткілікті жәрдем
береді. Жұмыссыздық мәселесі шешілуде. Алайда, елімізге
радикалды діни ағымдардың, яғни жекелеген
халықаралық террористік немесе экстремистік ұйымдары немесе
топтардың біздің азаматтарды өздеріне тартуы,
үгіт-насихат жүргізу деректері бар.
Енді, Орталық Азия мемлекеттеріндегі орын
алған жедел жағдайларды салыстырмалы сараптап көрейік:
Қырғыстан 2010 жылдан бастап аймақта
қарулы шабуылдар жиілей бастады. 2010 жылдың маусымында
Ферғана даласының Ош және Джалал-Абад қалаларында
этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында шиеленіс
болды. Зерттеушілердің пайымдауынша «Қырғыз билігі
экстремисттерді іздеу сылтауымен өзбектер көп шоғырланған
аймақтарда бірнеше рейдтер өткізген. Шын мәнінде бұл
рейдтер этникалық өзбектерге қарсы бағытталған
болатын. Сөйтіп, қырғыз билігі діни экстремизм туралы айтқанда,
мәселе шын мәнінде ішкі этникалық және саяси
проблемалар туралы болуы мүмкін», дейді.
Ал Тәжікстанда азаматтық соғыстан кейін
кейбір исламдық қозғалыстардың болулары билікке
қолайлы, ал кейбір жағдайларда қолайсыз болды.
Тәжікстанның исламдық қайта жаңғару
партиясы билікке және қауіпсіздік қызметтеріне алынды,
Өзбекстанның Исламдық қозғалысы
тұншықтырылып, ал олардың мүшелері түрмелерге
отырғызылды. 2010 жылы, 10 жылдық тыныштықтан кейін,
Душанбеде төтенше уақиға болды – Өзбекстан
Исламдық қозғалысының 24 сотталғандары
түрмеден қашып, Шығыс Тәжікстанның Рашт даласында
жасырынды. Бұл жағдай тәжік билігі исламдық
экстремисттерді кінәлаған, тәжік әскерилеріне
қарсы шабуылға алып келді. Алайда батыстық
сарапшылардың зерттеунше, азаматтық соғыстан бері исламдық
экстремистер исламдық ұйымдардан қарағанда, елдің
оппозициясына жақынырақ болды.Түрмеден қашу
исламдық қозғалыстың өршуін емес,
Тәжікстанда кландар арасында саяси күрестің қайта
жаңғыруын білдіруі мүмкін [1].
Өзбекстанда 2011 жылы аздаған
стратегиялық маңызға ие жер, Тәжікстанмен
шекарадағы темір жолда жарылыс болды. Билік оны терроризм деп атады,
алайда көптеген сарапшылар Тәжікстанға тауар жеткізуді
тоқтату үшін, өзбек билігі жарылысты жасанды жасады деген болжамға
келді.
Жалпы Қазақстанда терроризммен күрес,
оны алдын алу шаралары жалғасуда. Терроризм біздің бейбіт
халқымыздың психологиясы мен дініне сай емес. Ол
Қазақстан мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына
қарама-қайшы болып табылатыны айқын.
Орталық Азиядағы көрініс тапқан
экстремистік топтар идеялық емес, қылмыстық негізде. Ол
ұйымдардың мақсаты қоғамның негізін
күл-талқан ету, елдің бейбітшілік пен
тұрақтылығына шабуыл екенін атап өткен болатын.
Осылайша елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкіметке
Президент Әкімшілігімен бірлесіп, Діни экстремизм және терроризммен
күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырды.
Президент дін мәселесінде ұйымдастырылған, әбден
ойласытырылған қадам және мұқияттылық
қажеттілігін айтуда [2].
Қазіргі таңда Қазақстан ТМД терроризмге қарсы
күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы терроризмге
қарсы аймақтық құрылымы сияқты
ұйымдардың мүшесі, терроризм мен экстремизмге қарсы
күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты
белсенді түрде дамытқан және әлі де дамытуын
жалғастыруда.
Шанхай
ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық
қауіпсіздік шарты ұйымы аясында елімізбен Өзбекстан,
Қырғызстан және Тәжікстан қауіпсіздік
кеңестері аппараттары арасындағы ынтымақтастық
үйлесімді дамып келеді. 2013 жылы Бішкекте ШЫҰ-на мүше мемлекеттер
қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті үшінші
кездесуі өтті. Кездесуде
өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің өзекті проблемалары кеңінен
талқыланды. Біздердің өзара тиімді
ынтымақтастықты алдағы уақытта тереңдетуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін.
Орталық Азияның
тұрақсыздығына қазіргі геосаясаттың
көптеген ірі субъектілері мүдделі. Қарсылық
әлеуетінің бар екенін пайдалана және шетелден енген
радикализмнің ұшталған формаларын қолдана отырып,
бұл «ойыншылар» қақтығыстарды желіктіріп, кейін оларды
басқара отырып қарсылық әлеует пен радикализмді
бөлшектейді. Аймақтағы
бар саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешу
қажет. Олардың дәл осы шешілмегендігі діни радикалдарға
дәлел болады. Аймақ
үшін ең өзекті деген мәселелердің шеңбері
баяғыда-ақ сызылған: жемқорлық, әлеуметтік
әділеттіліктің жоқтығы, жастар арасындағы
жұмыссыздықтың орасан зор көлемі, «әлеуметтік
жеделсатысының» жоқтығы, демократиялық
институттардың әлсіздігі. Аталған мәселелерді шешу діни
пиғылдағы экстремизм мен терроризммен күрестің ең
тиімді нысаны болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Душанбе: Сбежавших из
тюрьмы россиян боятся больше всего. «Побег века» из СИЗО потряс всю Среднюю
Азию и напугал президента Рахмона. Антон Размахнин // http://svpressa.ru/society/article/29356/
2. Назарбаев Н.Ә.
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде
қылмыстық негіз бар. // http://wap.bnews.kz/kk/news/post/115555/