Шалтыков А.И. - саяси ғылымдар докторы, профессор

Алматы, Қазақстан Республикасы

Еуразиялық экономикалық  одақ-КСРО–ны жаңғырту емес

 

    2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Еуразиялық одақтың жұмысын бастады. Бұл одақты құрудың негізінде 5 қағидат жатыр. Олар: экономикалық прагматизм, егемендікті құрметтеу, интеграцияға қатысу, еріктілік, шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық, дамудың эволюциялылығы мен еуразиялық кеңістіктің ашықтығы.

    Еуразиялық экономикалық одақ құру КСРО-ны қайта жаңғыруға ұмтылыс болып табылмайды. Саяси егемендік ешқашан мызғымақ емес. Бұл-барлық қатысушы мемлекеттер – Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің біржақты ұстанымы. Экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, оны экономика арқылы барынша орнықты ете түсу үшін дамытылады.

  Бүгінде бүкіл әлемде интеграциялық трендтер үстемдікке ие. Жаһандану мен аймақтану – ХХ1 ғасырдың көрсеткіші. Дүниежүзінде қазірдің өзінде Еуроодақ, НАФТА, МЕРКОСУР, Африка одағы, АСЕАН, АТЭС сияқты және басқа бірлестіктер құрылған.

   Экономитклық интеграцияның жаһандық тәжірибесі мынаны көрсетіп отыр: күш-жігерді біріктіру ұзақмерзімді экономикалық дивиденттер әкеледі, қауіпсіздіктің беріктігін қамтамасыз етеді, халықтың әл-ауқатын арттырады.

    Қазақстан, Ресей, Беларусь және оған қейін қосылған Армения мен Қырғыстан Еуразиялық экономикалық одақты стратегиялық әріптестік пен достық рухында құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Өйткені, экономикалық интеграция әр мемлекеттік мүмкіндігін айтарлықтай күшейтеді.  Экономикалық одақ әлемдік қоғамдастықпен барынша табысты ынтымақтасу үшін құрылыатындығын да айта кеткен жөн.

   Айта кету керек, Кеден одағының біртүтас кеден аумағын құру үш кезеңнен тұрды. Олар: 2010 жылдың1 қаңтарына дейінгі алдын ала кезең, 2010 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейінгі бірінші кезең,  2010 жылдың  1 шілдесінен 2011жылдың 1 шілдесіне дейінгі екінші кезең.

    Алдын ала кезеңде Кеден одағының келісімдік- құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау мен шекара, біртұтас кеден аумағының сыртқы контурын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін кезең-кезеңімен көшіруді ұйымдастыру міндеттері шешілді. Кеден одағының нормативтік- құқықтық базасы (70-тен астам құжат) қалыптастырылды(1).

   2009 жылдың 27 қаршасында Минск қаласында өткен ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі  мәжілісі барысында мемлекет басшылары деңгейінде 2011 жылдың1 қағтарынан қызметін бастау үшін Кеден одағының маңызды құжаттарына: Біртұтас кеден тарифі мен Кеден одағының Кеден Кодексі туралы шартқа қол қойылды.

   Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшылары, сондай-ақ, 2010 жылдың 6 шілдесіне бастап Кеден кодексін іске қосу туралы және үшінші елдердегі  тауарларға қатысты Беларусь, Қазақстан және Ресей аумақтарында еркін айналымға шығарылған, Кеден одағына мүше елдің шеңберінде қозғалыста болатын кедендік рәсімдеуді алып тастау туралы шешім қабылданды.

    Біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңі аясында  2010 жылдың1қаңтарынан бастап Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының сыртқы саудасында  тарифтік және тарифтік емес қағидатты және сауданы реттеу өкілеттігін жүзеге  асырады. Бұл жерде Кеден одағы сыртқы экономика қызметінде Біртұтас тауар номенклатурасы мен Кеден одағының Біртұтас кеден тарифі қолданылады.

   Кеден одағының біртұтас тарифтік преференциялар жүйесін қалыптастыратын құжаттар бекітіліп, күшіне енгізілді. Олар: Дамушы және онша дамымаған елдерде шығарылатын және әкелінетін тауарлар тізімі мен оларды әкелу кезінде тарифтік прференциялар ұсыну, сондай-ақ, Дамушы және онша дамымаған елдер – Кеден одағының тарифтік прференциялар жүйесін пайдаланатын елдер тізімі.

    Сыртқы сауданы реттеу мен тараптардың атқарушы билік органдары өкілдерінен жасақталған санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Техникалық реттеуді үйлестіру комитеті құрылды.

     2010 жылдың 1 шілдесіне қарай біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің міндеттері орындалып, оның біртұтас тариф жүйесі мен тарифтік емес реттеу, кедендік, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметіне қажетті құқық шарттары құрылды.

    2009 жылдың 11 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында өткен ЕЬурАзЭҚ – тың үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісі барысында  Кеден одағының  келісімдік-құқықтық базасын толықтыратын халықаралық құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Кеден одағында санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды техникалық реттеу, жанама салықтар алу, тауарлардың экспорты мен импорты жағдайында  және Кеден одағында қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ, тараптардың өкілетті органдарымен сыртқы және өзара сауданың статистикалық деректерін беру құжаттарына қол қойылды.

    2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасқан екінші кезеңде тараптардың кеден аумақтарын біртұтас кеден аумағына біріктіру бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

   Кеден одағы интеграцияның жоғары сатысын құру үшін негізгі алаңға – 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Біртұтас экономикалық кеңістікке айналды. БЭК жұмысы жағдайында мынадай төрт еркіндік қағидаты қамтамасыз етілетін болады: тауарлардың еркін қозғалысы, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысы, капиталдың еркін қозғалысы және жұмыс күшінің еркін қозғалысы.

       2013 жылы Астанада өткен мамыр кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусьтің  үш ел үкіметі мен Еуразиялықэкономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау жөнінде тапсырма берілген еді.

   2013 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеуде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі үшінші мәжілісі өтіп , ондағы келіссөздердің басты тақырыбы Еуразиялық экономикаалық одақ туралы шартты дайындау жұмыс барысы болды. Сөйтіп, әртарап 2014жылдың мамырына қарай Еуропалық экономикалық кеңес туралы шартқа қол қою үшін барынша күш-жігерлерін жұмсап, оны іске қосу болды.

     Бүгінде еуразиялық интеграциялық жобаның арқаулық қағидатары бекітіліп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің мүдделерін жан-жақты ескерумен ерекшеленеді. Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріміздің экономикаларын нығайту, дамыту және мемлекеттер ықпалдастығын жандандыру үшін құрылып отырғаны белгілі. 

 

Әдебиет:

1.     Егемен Қазақстан,  2014 жылдың 1қаңтары.