Заң факультетінің 2
курс магистранты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Атаханова С.К.
з.ғ.к., профессор,
Заң факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
НЕМЕСЕ ЖАҢА МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША СОТ АКТІСІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Заңды күшіне енген сот актілерін
жаңадан ашылған немесе жаңа мән жайлар бойынша
қайта қарау жөнінде іс жүргізу жеке институт ретінде азаматтық іс
жүргізуде әділеттілік пен заңдылықтың
қосымша кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
13 бабының 2 бөліміне сәйкес, «Әркімнің өз
құқықтары мен бостандықтарының сот
арқылы қорғалуына құқығы бар».
Сонымен қатар, сот актісінің қайта қаралуына да
құқығы бар [1].
Қазақстан Республикасы Азаматтық
процесстік кодексі (әрі қарай ҚР АПК) заңды
күшінге енген сот актілерін жоғары инстанцияларда қайта
қарау ғана қарастырылмаған, сондай-ақ,
жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қаралу
мүмкіндігі қарастырылған.
Сот актілерін жаңадан ашылған немесе
жаңа мән жайлар бойынша қайта қарау ҚР АПК «Сот
актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән жайлар
бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу» 55 тарауының
және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 «Азаматтық істер
жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған
мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір
мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының (әрі
қарай Нормативтік Қаулы) нормаларымен реттеледі.
Заңды күшіне енген сот актілерін қайта
қарау, кассациялық тәртіппен және қадағалау
тәртібімен қайта қараудан қайта қарау негіздерімен,
сот актісін қайта қарайтын соттың өкілеттіктерімен
және қайта қараудың процессуалдық
тәртібімен ерекшелінеді.
Нормативтік Қаулының 2 тармағына
сәйкес, Заңды күшіне енген мынадай сот актілері:
- бірінші сатыдағы соттың шешімі, соның
ішінде сырттай шығарылған шешім;
- іс бойынша өндірісті қысқарту туралы
сот ұйғарымы;
- төрелік соттың (арбитраждың) шешіміне
шағымдану туралы және төрелік соттың
(арбитраждың) шешімін мәжбүрлеп орындау туралы арызды
қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы;
- бірінші сатыдағы соттың шешімі
өзгертілген немесе жаңа шешім шығарған
апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау
сатыларының ұйғарымы, шешімі, қаулысы жаңадан
анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы
мүмкін.
Бірінші сатыдағы соттың өзге сот
актілері (мысалы, талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы
ұйғарым, талап арызды кері қайтару туралы
ұйғарым, іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы
немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарым, сот
шешімін түсіндіру туралы ұйғарым, жеке ұйғарым
және тағы басқа) жаңадан анықталған
мән-жайлар бойынша қайта қаралмайды.
Сот актілерін жаңадан ашылған мән
жайлар бойынша қайта қарауды тек сол сот актісін
қабылдаған сот қана қайта қарай алады.
Заңнамамен жаңадан ашылған мән
жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің
толық тізбесі бекітілген.
ҚР АПК 455 бабының 2 тармақшасына
сәйкес, Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
үшін:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен,
қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың
қаулыларымен анықталған куәгердің көрінеу
жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған
қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсіз
шешім шығаруға әкеп соққан
құжаттардың не заттай дәлелдемелердің
жалғандығы;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен,
қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың
қаулыларымен анықталған тараптардың, іске
қатысатын басқа да адамдардың не олардың
өкілдерінің қылмыстық құқық
бұзушылығы немесе судьялардың осы істі қарау кезінде
жасаған қылмыстық құқық
бұзушылығы;
3) осы шешімді, ұйғарымды немесе
қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің,
үкімінің, ұйғарымының немесе
қаулысының не өзге де мемлекеттік орган
қаулысының күшін жою негіздер болып табылады [2].
Және осы баптың 3 тармақшасына
сәйкес, жаңа мән-жайларға:
1) істі қарау және шешу кезінде
преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін
жою;
2) сот актісі шығарылғанда негізге
алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне
енген сот шешімі;
3) Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесiнiң сот актiсi шығарылған
кезде қолданылған заңдарды және өзге де
нормативтік құқықтық актілерді конституциялық
емес деп тануы жатады.
Нормативтік қаулының 10 тармағына
сәйкес, АІЖК 404-бабының 1)
тармақшасына сәйкес, бірінші сатыдағы сот актісін
шығарған күні бар болған және өзінің
мазмұны бойынша маңызды болып табылатын мән-жайлар,
бірақ арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі болуы
мүмкін емес мән-жайлар жаңадан анықталған
мән-жайлар болып ұғынылады.
Сот отырысында зерттелген жағдайда
шығарылған сот актісінің мазмұнына әсер ететін
заңды фактілер маңызды мән-жайлар болып
ұғынылады.
Мысалға, сот Б. азаматтың Р. Азаматынан
қарызды өндіріп алу туралы талап арызын
қанағаттандырды. Осы шешімді шығарғаннан кейін
Р.азаматынан шешмді жаңадан ашылған мән жайлар бойынша
қайта қарау туралы арыз келіп түсті. Істі бірінші сатыда
қарау барысында оған қайтыс болған әкесінің
ағасы қарызды қайтару есебіне бірнеше құшақ
пішен апарып және талапкердің автокөлігін әлденеше рет
оңдап бергені белгісіз болған. Сотпен осы мән жайлар елеулі
деп танылып, қарызды қайта қарау туралы сот шешімінің
күші жойылды.
Сот актісі шығарылғаннан кейін
пайда болған мән-жайлар, жаңадан ашылған мән жайлар
бойынша істі қайта қарау үшін негіз болып табылмайды.
Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша қайта қарауды тек сол іске қатысқан
тұлғалар, іс бойынша мүдделі тұлғалар және
прокурор талап ете алады [3].
ҚР АПК-нің 457 бабына сәйкес, шешімді,
ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе
жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске
қатысқан тараптар, басқа да адамдар немесе прокурор шешім,
ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа
қайта қарау үшін негіз болған мән-жайлар
белгіленген күннен бастап үш ай ішінде береді.
Осылайша, Бірыңғай автоматтандырылған
ақпаратық-талдау жүйесі (БААТЖ) мәліметтеріне
сәйкес, алдынғы жыл бойынша республиканың азаматтық
істер бойынша сотттарына жаңадан ашылған мән жайлар бойынша
істі қайта қарау туралы 2 949 арыз келіп түсті. Оның
ішінен 1 448 арыз қайтарылып берілді.
Сот актілерін жаңадан ашылған мән
жайлар бойынша қайта қарау бойынша іс жүргісі азаматтық
процесстің жеке сатысы болып табылады. Осы сатыда сот жаңадан
ашылған мән-жайдын шығарылған сот актісінің
дұрыстығына әсері бар немесе жоқ екендігін
анықтайды.
Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сот
актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта
қарау өте сирек қолданылады.
БААТЖ мәліметтеріне сәйкес, жаңадан
ашылған мән жайлар бойынша істі қайта қарау туралы
арыздардың 1 248 қабылданды, оның 687 арызы ғана
қанағаттандырылды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы, 1995 жылы 30 тамыз
2.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық процестік кодексі, 2015 ж. 31 қазан
№ 377-V ҚРЗ
3.
Громов
Н., Жильцова И. Определения суда о рассмотрении гражданского дела по вновь
открывшимся обстоятельствам // Законность - 2005, №8.