Сактаганова Индира Советовна

З.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Азаматтық және экологиялық пәндер кафедрасының доценті

Қуанышев Айбек Саматұлы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «5В030100-Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау, олардың қызмет барысында жасаған теріс қылықтары, мысалы бір тарап мүддесіне қарай шешімдерді орындау секілді әрекеттер анықталған жағдайдағы жауапкершілігі туралы айтылған.

Кілт сөздер: жеке сот орындаушысы, жауапкершілік, атқарушылық қызмет.

Қазақстан ТМД елдерінде бірінші болып жеке меншік орындаушылық институтын енгізді, сондықтан көптеген елдер қызығушылықпен біздің тәжірибемізді бақылап отырады. Қазақстандық жеке меншік орындаушылық моделінің ерекшелігі, жеке меншік сот орындаушылардың жұмысы мемлекеттік сот орындаушылар қызметін толықтыра отырып, қатар жүргізілуінде болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарын қорғау мен еркіндігі мәселелеріне, жеке меншік орындаушылардың әрекеттерінің заңға сәйкес келуіне ерекше көңіл бөлінген.Заң шығару ісінде өкілетті органдар, сот, жеке меншік орындаушылар коллегиясы, прокуратура,және басқа да бақылаушы органдар тарапынан көпдеңгейлі бақылау жүйесі қарастырылған. Жеке меншік сот орындаушылар мәжбүрлі түрде іске асатын орындау әрекеттерін сот санкциясымен іске асырылады. Жеке меншік сот орындаушылардың жұмысының басты шарты өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру болып табылады.

Аталған институттың маңыздылығын есепке ала отырып,және тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан, жеке меншік сот орындаушылар қызметінен үміткерлерге жоғары талаптар қойылады.Жоғары дәрежелі талаптарға сай келетін үміткелерге барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Заң министрлігімен жеке меншік сот орындаушыларды таңдау ашық және әділ болу үшін орасан зор күш салынуда.

Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау заңның 169 бабында  толыққанды жазылған. Онда, жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.

Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті.

Жеке сот орындаушылары өңірлік палаталардың қызметін үйлестіруді Республикалық палата жүзеге асырады.         Жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды Республикалық палата жасайды.

Процессуалдық құқықты теріс пайдалануға қарсы тиімді шаралар табу – азаматтық сот ісіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің жалпы мәселеріне жататын проблема болып табылады. А. А. Власов заңдылықты берік құқықтық фундаментке теңеп, «құрылыстағыдай, онсыз жақсы үй салу мүмкін емес» дейді. Ғалымның пікірінше, «сот ісінде міндетті заңдылық болмаса, тараптарда қалпына диспозиция да, әділдік те және тағы басқа көп нәрсе болмайды, бұларсыз әділетті сот шешімін шығару, жеке және заңды тұлғадардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіур мүмкін емес» дейді [1].

Жеке азаматтық процессуалдық құқықты теріс пайдалануды заңбұзушылық ретінде анықтау жасалған іс-әрекетке заң жүзінде жауап берілуді талап етеді. Бір ескере кететін жайт, азаматтық процессуалдық заң процессуалдық міндеттіліктерді орындамағаны үшін жауапқа тартылу жайында ештеңе айтпайды, бірақ азаматтық сот ісі туралы заңмен қарастырылған осы мәселенің салдары жайлы сөз қозғайды. Заң шығарушы процессуалдық міндеттіліктерді орындамағаны үшін тікелей заңды жауапкершілікті көрсетпеген. Негізгі міндеттіліктердің бірі –адал болу міндеттілігін орындамау ҚР АҚК қарастырған салдарларға әкеп соқтырады.

Жағымсыз азаматтық процессуалдық жауапкершілік заңның басқа салаларындағы жауапкершіліктердің балама түрлерінен мүлдем ерекшеленеді және нақты процессуалдық құқықтық қатынастар аясында ғана орын алады. Оның көмегімен үдеріс қатуысушыларының арасындағы және олардың мемлекетпен (сот) өзара қатынасына азаматтық процессуалдық нормаға қосымша міндеттілік орнату арқылы жағымсыз баға беліреді. Жағымсыз бағаның негізіне азаматтық процессуалдық құқықбұзушылық   жатады. Жауапкершілік шаралары реніде азаматтық процессуалдық санкциялар қызмет етеді. Жауапкершілік шаралары да, оларды қолдану шарттары да заңда көрсетілген, оларды тек сот қана қолдана алады[2]. М. А. Викут пен О. В. Исаенкова атқарушы құқықтағы жауапкершілікті синкреттік азаматтық процессуалдық жауапкершілік ретінде жалпы жауапкершілік призмасы арқылы қарастырады. Атқарушы құқықтағы жауапкершіліктің мәні, М. А. Викут пен О. В. Исаенкованың пікірінше, атқарушы өндіріс субъектісінің атқарушы өндірісті реттейтін императивті нормаларды бұзған жағдайда жағымсыз салдарларға тап болу міндеттілігінде жатыр [3].

Д.Х. Валеев атқарушы іс аяларын сипаттай отырып, атқарушы іс туралы заңда қарастырылған арнайы процессуалдық жауапкершілік туралы айтады. Автордың пайымдауынша, атқарушы іс теориясында «атқарушы процессуалдық жауапкершілік» деген терминді қолдануға болады. Д.Х. Валеев атқарушы істің жеке құқықтық бірлік болса да, азаматтық процессуалдық құқықпен байланысты екендігін атап айтады. Оған қоса, оның ерекше беліглері атқарушы заң механизмнідегі заңды жапаукершіліктің ерекшеліктерін сипаттайды [4].

Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі туралы 150 бапта айтылса да, маңызы ашылмаған. Онда, жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген жауаптылыққа әкеп соғады делінген. Келтірілген залады өтеуге міндетті екені туралы айтылғанмен, қандай заң, қалай қолданатыны туралы айтылмаған. Сондықтан азаматтық құқықтық жауапкершілікке көңіл бөлу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ВласовА.А.Проблемы обеспечения законности по ГПК и АПК РФ 2002 года /А. А. Власов.//Арбитражный и гражданский процесс. -2003. -№ 6. – С.275.

2. РФ 2002 жыл. // Сот және азаматтық үдерістер. – 2003. - №6. – 27-бет.

3. Викут М.Л., Исаенкова О.В. Атқарушы өнеркәсіп: Практикум. – М., 1997. - 25– бет.

4. Загидуллин М.Р.Гражданско-правовая ответственность в исполнительном производстве. Дисс.канд.юридических наук. Казань, 2003