Жанузаков Н.Б.

Болатова А.Т.,Рахмет А.Р.  

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

тұлғалық ыдырауы- альтер эго.

Адамның тұлғалық ыдырауы-бұл психикалық ауытқу. Бұл ауытқу кезінде бір адамда бір немесе бірнеше өзіндік мінез-құлқы, ақыл-есі,темпераменті,өмірге деген көзқарасы бар тұлғалар пайда болады. Бұл тұлғалардың жасы,ұлты,жынысы әр түрлі . Мұндай аурудың пайда болуына бала кезінде ауыр психологиялық соққы себепші болуы мүмкін. Диагноз пациентпен сөйлесу, бақылау,анамнеза барысында қойылады. Науқас психотерапия жолымен емделеді.

Бұл ауытқу көпшілікке әйгілі кинофильмдер мен кітаптардан белгілі ( «Сибил», «Бойцовский клуб», «Я,снова я и Ирэн»). Осы уақытқа дейін мамандар бұл аурудың жоққа шығарып келді. Қазіргі таңда диисоциативтік тұлғаның ыдырауы ресми түрде қабылданып, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУРУЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫның соңғы редакциясына қосылды (МКБ10).

Болжам бойынша,бұл ауру көбіне ағылшын тілдес мемлекеттерінде көптеп таралған. Алайда, сырқаттың пайда болу себебі анықталмаған.1980 жылдан бері( аурудың психикалық ауытқулар анықтамасына енген кезден бастап)

ХХ ғ соңына дейін әр түрлі себептерге байланысты 20- 40 мың адам аталған аурумен ауырады деп танылған.  Ауру психиаторлармен жұмыс барысында емделеді.

 Аурудың пайда болу себебі.

Аурудың пайда болу себебі нақты зерттелмеген.Алайда,зерттеу жұмыстарына сүйенсек, бұл патология биологиялық факторлардың әсеріне психологиялық соққылардың қайталанып отыру себебінен туындайды. Осы ауруға шалдыққан пациенттердің 98-99%  балалық шағында психологиялық аса ауыр,өмірге қауіп төндіретін соққы алған. Аурудың туындауының тағы да бір себебі, тікелей физикалық немесе сексуалдық зорлықтың қатысуынсыз жиі орын алатын эмоционалдық қысым.

Психиатрлар бұл ауруды қорғаныш механизмі ретінде қарасытырады. Яғни, ес-ақылды ыдырату арқылы өмірдің ауыр кезеңдерінен ауытқу, сөйтіп, оны өзінің балама тұлғасына немесе тұлғаларына мінгестіру.Ең қолайсыз периоды ретінде адамның сезімінің даму жасы саналады.   Ересек жастағы пайда болған пауыр сихологиялық ауытқулар кезінде бұл ауру сирек дамиды.

 Кейбір мамандардың айтуынша,станционарлық психиатриялық емдеу бөліміндегі науқастардың 3% дәл осы ауруға шалдыққан. Бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Тағы да бір  ресми расталмаған мамандардың пікірі бойынша бұл ауру әйел адамдарда ер адамдарған қарағанда 9 есе жиі кездеседі.

Аурудың сыр беруі

Бұл аурудың айқын көрінісі ретінде альтер эгоны айта аламыз.Әдетте, емдеудің бастапқы сатыларында науқастан 2-4 субтұлға білінеді. Емдеудің келесі сатыларында субтұлғалардың саны 10-15 немесе одан да көп байқалуы мүмкін. Бір науқаста 100 альтер эгоның болу жағдайы да тіркелген.

 Адамның тұлғалық ыдыруы кезінде пайда болған альтер эго әр түрлі болуы мүмкін. Бір науқаста кішкентай Огайолық қыз, жас Техас жігіті немесе қара нәсілді бұзақы  болуы да ғажап емес. Әр тұлғаның өзіндік жестикуляциясы,сөйлеу мәнері, сұхбат жүргузі жолы және эмоционалдық күйі бар.  Бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысқанда адамның тек ішікі ғана емес сонымен қатар сыртқы,тіпті физиологиялық көрсеткіштері өзгереді( жүрек соғысы,қан қысымы)

Бір сөзбен айтқанда, адамның тұлғалық ыдырауы барысында толық альтер эго емес, ауыр кезеңдерге жауап беру кезінде пайда болған тұлғаның бөлшектері пайда болады. Бір тұлға қорғаныштық функциясын атқарса,енді бір тұлға  науқастың әлсіз жақтарын көрсетеді.Әдетте науқастың бойындағы альтер эголардың арасында біреуі басыңқы рөлді атқарады, өзін шынайы тұлға ретінде көрсетіп, өз өмірі жайлы маңызды ақпараттарды айту арқылы ерекшеленеді.

 Науқаста болатын альтер эголар бір-бірінің бар екенінде хабары болмайды.Бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысу кенеттен орын алады, яғни, қандай да бір ішкі күйдің әсерінен болады ( әдетте психологиялық немесе физиологиялық стресс күштілігінің әсеріне байланысты).Бір альтер эгоның өзін көрсетуі кезінде басқалары әрекетсіз қалады, және болып жатқан жайытты естерінде сақтамайды. Осының әсерінен бұл ауруға шалдыққан адамдар кейбір оқиғаларды есіне түсіре алмайды,олардың арасында маңызды жайыттар да бар(мысалы, пәтерін немесе көлігін сату). Науқас өзі танымайтын және қалай тап болғанын білмейтін жерлерде, белгісіз жазумен жазылған хаттарды немесе жаңа төл құжаттарды тауып, өзі таныс емес адамдардың арасында жүруі мүмкін. Ол ештеңені есіне түсіре алмайды. Ал кей кезде,керісінше науқас өзінің альтер эгосы жайлы біледі және онымен конфликтілік қатынаста болады.

Адамның тұлғалық ыдырауы кезінде бас ауруы, көңіл-күйдің тез ауысуы, ұйқының бұзылуы көптеп кездеседі.Науқастар түнде қорқынышты түстерден немесе ұйқысыздықтан зардап шегуі мүмкін,кейбір науқастарда сомнамбулизм дамиды. Бұл аурумен ауыратын адамдар үнемі үрейленіп, келеңсіз жайыттарды жиі еске алады.

 Адамның тұлғалық ыдырауының қарапайым белгілері болып- «дереализация» мен «деперсонализация» саналады. Науқастарға өзінің іс-әрекетін сырттай бақылап тұрған болып көрінеді, олар өз әрекеттерін  басқара алмайды.Транстық күй, уақыттың және кеңістіктің өзгеру сезімі байқалады. Аталған ауруға шалдыққан науқастарда психоздық симптоматиканың әр түрлі сатылары байқалады(галлюцинация). Тұрақты психологиялық нашар күйден депрессия, өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар жиі байқалады.

Тұлғалық ыдырау кезінде науқас өзін-өзі аңдуға,өзін-өзі құрдымға әкететін іс-әрекетке, өзіне және айналадағыларға тікелей зорлық-зомбылық көрсетуге бейім болады.Кейбір науқастар бір альтер эгодан екіншіге ауысу арасында қауіпті істің үстінен түседі:жол ережесін бұзу, жылдамдық шектен тыс асыру, достарын тонау,мағынасыз конфликт т.б.Науқастармұндай әрекетке сынай қарап, «мен ешқашан бұлай жасамас едім» деп жиі айтады. Есітркіге немесе ішімдікке салынып кетудің зор қаупі бар.

Адамның тұлғалық ыдырауының диагностикасы

Науқастың аталған ауруға шалдықанын білдіретін белгілер: есін жоғалтып алу,бөтен адамның қатысы бар екенін болжауға итермелейтін,түсіну қиын жайыттардың орын алуы( бөтен жазбалар,бөтен адамдар жайлы әңгімелеу т.б.) депероснализация,дереализация және альтерация. Бұл диагноз анамнез, түрлі альтер эголармен әңгімелесу,науқастың іс-әрекетін бақылау нәтижесінде қойылады.

Адамның тұлғалық ыдырауының диагностикалық критери ретінде DSM-4 психикалық ауытқу анықтамсында көрсетіледі:
-Бір адамның бойында өзіндік ой-өрісі, өмірге деген көзқарасы бар бір немесе бірнеше альтер эгоның болуы;

- Науқастың бір тұлғаның екінші тұлғаға «ауысуы» кезінде іс-әрекетін басқару;

- Қарапайым ұмытшақтықпен түсіндіруге болмайтын, өзінің өмірі жайлы ауқымды ақпаратты есіне түсіре алмау;

-Аталған симптомдар есірткісіз,алкогольсіз ортада жүзеге асады және басқа бір аурудың себебі болып табылмайды( эпилепсия)

Адамның тұлғалық ыдырауын алын алу және емдеу

Адамның тұлғалық  ыдырауы терапиясының негізгі міндеті - жалпы симптомтардың күшін жою болып табылады(ұйқысыздық,үрей,алаңдау т.б.)науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Бұл сырқатты емдеудің негізгі әдіс-тәсілі ретінде мамандар «психотерапияны» алға тартады.Түрлі психотерапиялық әдістер: клиникалық гипноз,отбасылық психотерапия,когнитивті терапия,психодинамикалық терапия қолданылуы мүмкін.Ауруды емдеуде фармакотерапияның күші әлсіз.

Тұлғалық ыдырауды емдеудің ең жақсы нәтижесі-бала күнгі ауыр соққыға төтеп беру,ішкі конфликтілердің күшін жою.Алайда,психиатрдың ұзақ мерзімді жұмысы да ойдағыдай нәтиже бермеуі мүмкін.Мұндай жағдай ішкі альтер эголардың арасында үйлесімділік табу қажет.Ем ұзақ уақытты қажет етеді,орта есеппен үзбей 6-8 жыл ем алу керек.

Адамның тұлғалық ыдырауына ұшыраған әйгілі жұлдыздар

1.     Никки Минаж

Роман Золански-Американдық реп стиліндегі танымал жұлдыз Никки Минаждың альтер эгосы.Роман Золански өте дөрекі, жағымсыз,мейірімсіз,есінен адасқан ер адам кейпінде көрінеді.Никкидің айтуы бойынша «Романды адамдар жасады,менің адамдарға деген ашу-ызамның нәтижесінде пайда болды»дейді.

  2.Бейонсе

Саша Фирс- қазіргі таңда Америка ән индустриясының патшайымы Бейонсе Ноулздың альтер эгосы. «Егермен Сашаны шын өмірде кезіктірсесм ол маған ұнамаған болар еді, ол тым ашушаң және жеңілтек...Шын өмірде Саша екеуміздің ортақ еш қасиетіміз жок» дейді Бейонсе өзінің космополитанға берген сұхбатында.

3.Леди Гага

Джо Кальдероне- аты шулы Леди Гаганың альтер эгосы.Ол өзін ең алғаш рет көпшілікке MTV Video Music Awards-тың марапаттау рәсімінде көрсеткен болатын. Алайда ол туралы ақпарат аз, бізге тек оның ер адам екені ғана мәлім.

 

Әдебиеттер тізімі:

Айзенк  Г., Айзенк М.- Адам психикасын зерттеу

Божович Л.И.- Тұлға қалыптасуының проблемалары

В.К. Вилюнас- Эмоцияның психологиялық теориясының негізгі проблемалары

Көп тұлғалық ыдырау- www.skepdic.com