АЛЕМОВА А.Т.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің «Психология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми
жетекшісі: ЕДІГЕНОВА А.Ж.
Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология
кафедрасының доценті, п.ғ.к.
СУИЦИДТІК ӘРЕКЕТТІҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
Қазіргі
кезде дүние жүзі бойынша өзін-өзіне қол
жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген
жағдайдың бірі. Жылдан жылға өлім мәселесі арта
түсуде, оның себептерін анықтау барысында келесі
мәселелерге тоқталу керек: отбасында туындаған
дағдарыстық жағдайлар, мемлекетте және дүние
жүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік
мәселесі, қоғамдық өмірде кездесетін алкоголизм,
нашақорлық, зорлық зомбылық, бәскелестік.
Өзіне-өзі
қол жұмсау, суицид- психикалық көңіл
күйдің немесе жан дүниесінің әлсіреуінен ішкі
күйзеліс арқылы туындайтын ой.Өзінің әрекетіне
есеп бере алмайтын жағдай өз-өзіне қолжұмсады деп
есептелмейді, ол оқыс туындаған жағдайға жатады.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру,
өзіне қол салу» деген мағынаны береді. Суицидттік
әрекет екі түрлі жағдайды қамтиды алғашқысы
аяқталған суицид және суицидтке әркет ету
жағдайы.Алайда бұл феномендердің көрінісі деп
есептеледі. Кейбір авторлардың айтуынша кей жағдайларда бұл айналасындағы адамдарды
қорқыту немесе көңіл аударудың жолы деп
есептейді.
Өз-өзіне қол жұмсау
деген сөздің астарынан екі түрлі түсінікті
қарастыруға болады: біріншіден, жеке мінез-
құлықтық әрекет; екіншіден әлеуметтік
көрініс, кейбір адамдар өз еріктерімен өлімге барып жатады.
Мінез құлықтық әрекет бұл психология, этика
және медицина ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады,
ал өз еркімен өлімге баратындар әлеуметтік саланың,
әлеуметтік психологияның зерттеу аумағы болып есептеледі.
Өзін-өзі өлімге итермелеу
жолын кең мағынада қарастырсақ бұл: өз -
өзін жою немесе аутодеструктивті әрекеттер (алкоголь, темекі,
нашақорлық заттарын қабылдау, сонымен қатар артық
тамақтану) жатады. Суицидттік әрекеттің медициналық-
құқықтық тұрғыдан әртүрлі
жағдайларын қарасытруға болады (себебі стадиясы, мотиві
бойынша, формасы, түрі). Мысалы, қатыгездік өлім түріне
(өзін ату, асылып өлу, қан тамырын кесу) бұл
әрекетке көп жағдайда ер адамдар барады, ал (медикоментозды
препараттарды қолдану, химиялық улы заттарды пайдалану) әйел
адамдарда кездесіп жатады, алайда бұл әрекеттердің
көрнісі [1;4;5;6].
Суицид – бұл
адамзаттың
мәңгі
мәселелерінің
бірі, себебі ол жер бетінде өмір сүретін адамдардың санына
қарай соншалықты жалғаса
беретін құбылыс болып табылады. Өз өмірін қиюға бағытталған ерікті
түрдегі әрекет қазіргі
таңда
жаһандық
қоғамдық
мәселеге айналып отыр.
Өз –өзіне қол
салу жер бетінде адамзаттың пайда болуымен байланысты
туындаған
мәселелерінің бірі.
Адамның саналы түрде өзіне қол салуын өркениеттің жемісі
деп санай алмаймыз.Адамзат
тарихындағы өзіне алғаш
қол салғандар, алғашқы қауымдық құрылыстағы мен
қарттар екен. Суицид кешенді мәселе болып табылады,
және осы
құбылысты зертеу, психология
саласында емес, философия саласында басталды.
Суицидтің себептері туралы айтатын болсақ , олар өте көп және сан түрлі. Себептері адамның
биологиялық,
генетикалық және әлеуметтік салаларында іздеуге болады.
Адамдардың суицидті әдетте мынандай
экстремалды жағдайларда:ажырасу, жұмыстан немесе оқудан айырылған кезде жүзеге асыратынына қарамастан,
көптеген сарапшылардың болжамдауынша , бұл суицид жасау үшін, оның себебі
емес, көбінде оның сылтауы болып табылады. Өз –
өздерін өлтіретін адамдардың
көпшілігі депрессияға
шалдыққан, ол жиі емделмейді және оған диагностика
жүргізілмейді. Cуицидтік әрекеттің негізгі
себептері:
-
депрессиялық көңіл күй.
Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық
ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.
-
отбасындағы шиленіскен
қарым- қатынастар әсерін тигізеді;
-
Оқудағы қиындықтар
(мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін
тигізеді);
-
ол әдетте сәтсіздіктің белгісі,
басқа адамдармен қарым- қатынасындағы
сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;
-
қоғамдық орындардағы
эмоционалдық,психикалық көңіл күйге назар
аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар ождан, намысқа
тию;
-
дене бітімінде физиологиялық
кемшіліктер (адамның өзіне- өзі қанағаттанбауы).
Суицид
қазіргі кезде дүние
жүзілік қауіпті
өзекті
мәселерінің бірі болып
отыр. Осыған орай
, жасөспірімдік шақта
стресстің әсерінен
суицид
мінез-құлықтың
психологиялық
аспектілерін зерттеудің маңыздылығы кешенді түрде психологиялық жан –жақты зерттеуді қажет етеді.
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М.А .Алемаскин, П.П.Блонский,
Л.С.Выготский, Л.М. Зюбин, И.А.Невский, В.А.
Сухомлинский, В.А Татенко, Д.И.Фельдштейн, С.Г.Шацкий және
т.б жүргізілген зерттеулерінде қиын тәрбиелетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-психологиялық және
психологиялық-педагогикалық
себептерін ашты. Мінез
акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық
ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер – психологтар П.Б.Ганнушкин, М.М. Кабанов, О.В.Кербиков, В.В.Коволев, К.Леонгард,
А.Е.Личко, Ю.С.Скроцский, Г.Е Сухарева,
Н.И. Фелинская, Г.К.Ушаков және т.б
үлкен үлес қосты.
XX
ғасырдың басында З. Фрейд суицидтің алғашқы
психологиялық теориясының негізін салды. Онда ғалым
адамның өзін-өзі өлтіруіне бағытталған агрессияның
ролін атап көрсетті. Американдық психиатр К.Меннингер З. Фрейд
идеяларын жалғастырды.Оның ойынша, барлық суицидтер үш
өзара байланысты санасыз себептерден болады: кек-жек көрушілік
(өлтіру тілегі), депрессия-үмітсіздік (өлу тілегі),
өзін -өзі кінәлау сезімі (өліп қалу тілегі). Психологиялық
тұжырымдамаларға сай суицидті тенденциялардың
қалыптасуында негізгі фактор ретінде психологиялық фактор саналады.
Қазіргі
кезде психологиялық зерттеулер
тұлғалардың өмірде кездесетін мәселерді өзін -өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын генетикамен байланысты екенін дәлелдейді.Адамның
психологиялық факторы, мәдени
деңгейі және оны
қоршаған адамдар суицидті
мінез-құлық
түрлерін тудыруға
мүмкіндік жасайды.
Суицид келесі факторлармен шартталады: балалық
шақтың толымсыз және аз қамтылған отбасында
өтуі. Отбасындағы ауыр психологиялық ахуал,
ата-анасының біреуінен айырылу, ата-ана арасындағы
дау-жанжалдың көріністері, олардың алкогольды
тұрақты қолдануы және т.б. Балалық шақтың
психологиялық тұрғыдан бұзылған отбасында
өтуі: жасөспірімнің ата-анасымен қабылданбауы,
тәрбиенің әділетсіз тәсілдерін қолдану, шектен
тыс талап қою, жасөспірімдердің өз беттілігін шектеу,
ата-анасына тәуелділік, жазалау шараларын көп қолдану.
Ата-ана
мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың өмірден
кетуге деген шешім қабылдауында маңызды рөл ойнайды.
Әсіресе бұл ата-ананың балаға деген
қарым-қатынасындағы қатыгездікке қатысты
көрінеді [2;3;6].
Заман
өзгеріп, ғылым мен техника жетіліп,
қоғам алға қарай дамыған сайын адамзат
өмірінің күннен күнге қуанышы мен рахаты арта
түсудің орнына
қиындығы мен қайғысы
молайған көріністері
қылаң беруде .Кей
жағдайда адам баласының
бұл өмірдегі түрлі
қиындықтардан шығар
жол ретінде тек өз
-өзіне қол
жұмсауды таңдауы
байқалып отыр .Ғылым тілінде
“суицид ” деп аталатын бұл
құбылыстың біздің
қоғамымызда
қарқынды
түрде етек ала бастауы алаңдатпай қоймайды. Өзін-өзі
мерт ету – қазіргі
күннің ең басты шешімі табылмай жатқан
мәселелердің бірі болып
отыр. Суицидті зерттеу объектісі етіп
қарастырған ғалымдар
оның шығу төркінінің психологиялық әлеуметтік және рухани себептерге тікелей байланысты екендігін айтып, себептерін анықтауда.
Әдебиеттер:
1. Дюркгейм Э. Самоубийство. –М.: Мысль,
1994.
2. Биекенов К.,Садырова
М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. - Алматы:
Сөздік-Словарь, 2007.
3. Коджаспирова
Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь: Для студентов высш. и сред. пед.
учеб. Заведений. - М., 2000.
4. Шнейдман
Э.С. Душа самоубийцы. Пер. с англ. - М.: Смысл, 2001.
5. Асылханова.М.А Жасөспірімдік шақта
стресстің әсерінен суицидтік
мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін психологиялық факторлары // Ұлт тағылымы, 2012,
№2, 84-86б.