УДК 351. 777.83:330 (574)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Жетібаева Назерке Сакенқызы

nurai0510@mail.ru

Ғылыми жетекші Бұхарбаева А.Ж.

 

 

«Жасыл  экономика» – әлем проблемасы. 2017 жылы Дүниежүзілік ЭКСПО көр­месінің Елордамыз – Астана қаласында өтетіндігі барша қазақстандықтарды мақ­таныш сезіміне бөлеп отыр. Бұл – Ел­басымыздың еңбегі, еліміздің мерейі. 

Электр қуатының тапшылығы жалғыз біздің елді ғана емес, әлемдік экономиканы тығы­рыққа тіреп отырғаны белгілі. Осы орайда, біз ұсынған жобаның өміршеңдігі әлем алпауыттарының таңдайын қақтырып, ба­сын шайқатты. Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз. «Жасыл экономикаға» көшу үшін бірінші кезекте табиғи ресурс­тардың тиімділігін арттыру, инфрақұры­лымды жаңғырту, жетілдіру, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Бұл орайда, тұр­мыстық қалдықтарды өңдеу жұмысын жан­дандырудың да мәні зор. Тұжы­рым­дамада тұрмыстық қалдықтарды өңдеу секторын құруға баса мән берілген. Оның халықты жұмыспен қамтудағы әлеуеті үлкен. Құжатта 2030 жылға қарай елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтар­ды шығару және санитарлық сақтау деңге­йін 95 пайызға жеткізіп, оларды өңдеуді 40 пайызға дейін көтеру қарастырылған. Ал 2050 жылы елімізде тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату 50 пайызға дейін жоғары­лайды деп күтілуде. Бұл кезеңде бір ғана «жасыл экономикаға» көшу арқылы біздер 500 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз.

Еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы үш кезең бой­ынша іске асады деп жоспарлану­да. Бірінші кезең – 2013-2020 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде мем­лекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оң­тайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиім­ділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұ­ры­лымды құру жұмыстары қолға алынбақ. Үшінші, 2020-2030 жылдары қа­лыптасқан «жасыл» инфрақұ­ры­лым базасында суды тиімді пай­д­ала­нуға, жаңартылатын энер­гетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ын­та­лан­дыруға және оны кеңінен пай­да­лануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиім­ділігінің жоғары стандарттары­ның базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту жұ­мыстары кең көлемде іске асырыл­мақшы. Ал соңғы 2030-2050 жылдар аралығын қамтитын үшінші кезеңде ұлт­тық экономиканың табиғи ресурс­тардың жаңартылуы мен ор­нықтылығы қағи­даттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төң­керіс» деп аталатын қағидаттарға көше бас­таймыз. Тұжы­рымдама ел экономика­сының бірқатар са­лаларына серпіліс беріп, жұмысты жа­ңаша жүйелеуге түрткі болатыны сөзсіз. Ауа сапасын жақсарту, құр­ғақ­шы­лыққа, жердің тозуына қарсы күрес және то­пырақтың құнарлылығын арттыру, аквадақылдарды дамыту мен балық ре­сурстарын дамыту сияқты мәселелерге жаңа екпін түсіретіні сөзсіз. Осы ретте тұжы­рымдама «Агробизнес – 2020» бағ­дар­ламасымен де сабақтасатынын байқау қиын емес. Тағы да айтсақ, су ресурста­рын бас­қару жөніндегі 2014-2040 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспары да аталмыш тұжырымдама­ны басшылыққа алатыны анық. 

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің соңғы деректері бойын­ша, инвесторлар тарапынан «жасыл энергия» қуатын 2000 мВт-ға жеткізу жөніндегі бірнеше жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Мәселен, Оң­түстік Корея компанияларының қаты­суымен Маңғыстау және Алматы облыс­тарында жел паркі құрылыстарын салу­дың жоспары бар. Маңғыстау облысын­дағы Форт-Шевченко қаласына жақын жерде жалпы қуаты 19,5 мВт болатын жел электр стансасының құрылысы салынбақ. Бұл құрылыс жұмысы «ДМК-Ко» атты корей компаниясымен бірлесіп жүзеге асы­рылмақ. Сонымен бірге, Алматы облы­сын­дағы Шелек дәлізі аумағында кореялық «Самсунг Си Энд Ти Корпорейшн» компаниясымен бірлесіп, қуаты 51 мВт болатын жел электр стансасының құрылысы салынады. Қазірдің өзінде Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында оннан астам жобалар жүзеге асырылуда. Олар негізінен шағын қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, «жасыл экономика» бағдарламасын дамытуда ерекше серпін беретіні сөзсіз. Бұл ретте Алматы облы­сындағы Сарбұлақ ауылын электр қуаты­мен қамтамасыз етіп тұрған шағын стансаны айтуға болады. «Казсельэнергопроект институты» мәліметі бойынша, Қазақ­станның 45 жерінде жел электр станса­ларының құрылысын салу жоба­лануда. Ма­мандардың пікірінше, бұл орайда, қуаты 100 кВт болатын шағын жел агрегаттарымен бірге қуаты 2 мВт және одан да жоғары болатын жел агрегаттарын салу тиімді болмақ. Өңірлер арасында «жа­сыл эко­номикаға» қатысты жобаларды жүзеге асыруда Жамбыл облысы алда тұр. Мұны соңғы үш жылда Әулиеата же­рінде электр қуатын жаңартылған немесе балама көздерден өндіру бойынша 9 жоба іске ас­қанынан байқаймыз. Олар­дың қатарын­да Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансасы да бар. Бұған дейін облыста күн және жел электр стансалары пай­далануға бе­рілген болатын. Шу ауданын­да қуатты 9,2 мВт құрайтын гидроэлектр стан­сасы халыққа мінсіз қызмет көрсету­де. Жобаға жауапты «IT Энерго» компаниясы құрылыс және монтаждау жұмыстарына жергілікті тұрғын­дармен көршілес елдерден де мамандар тартқан. Ал құрылғы­лар Қытай елінен әкелінген. Барлығы авто­матты түрде жұмыс істейді. Стансаның қуаты 95 мың халқы бар Шу ауданымен қоса тағы бір ауданды жарықпен қамта­масыз етуге толық жетеді. Облыстық әкім­дік барлық жобалар іске қосылғанда өңірге қажетті 40 пайыз қуат көзін баламалы қуат көздерінен өндіретін болады. Қазақстанда алғашқы өнер­кә­сіп­тік дең­гейде жұмыс істейтін күн электрстансасы да осы Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданы аумағында іске қосылған. Өндіріс ошағы «ҚазЭкоВатт» серіктес­тігінің 200 млн. теңге қаржысына салынғаны белгілі. Мамандар құйылған инвестицияны 10 жылда қайтарып алатындарын алға тартты. Бүгінде 504 кВт электр қуа­тын өндіріп отырған станса болашақта электр қуатын 7 мВт-қа дейін жеткізуді жос­парлап отыр. Кәсіпорын толыққанды жұмыс істегенде 70 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 200-ден астам үйге жарық береді. Дәл осы Қор­дай ауданын­дағы екі бірдей желден энергия өндіре­тін жел электр стансасы бар. Желден қуат көзін өндіру жұмысы су мен күнге қара­ғанда арзан. Қазіргі төрт жел агрегаторы дамылсыз жұмыс істеп тұр. Желден энергия өндіретін стансаны «Изен-Су» компаниясы қаржыландырған. Бұл стансада бүгінде екі агрегатор жұмысын бастап, үш бірдей ауылды электр энергиясымен қам­тып отыр. Болашақта тура осындай 18 агрегатор салынбақшы. Қазірдің өзінде 1 500 кВт қуат көзін өндіріп отырған ЖЭС Қазақстандағы желден энергия алатын тұңғыш электр стансасы болып саналуда. Жобаның жалпы құны 370 млн. теңгені құраған. Жамбыл облысы 2015 жылға дейін жаңартылған энергия қуатын 185 мВт-қа жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қызылорда облысы үшін де жасыл экономиканы дамыту қажеттілігі туындауда. Оның ішінде әсіресе облыстың табиғи жағдайы үнемі желді болғандықтан, бұл аймақта желмен электр энергиясын алатын станциясын салу облыс экономикасына да, оның экологиялық жағдайына да тиімді болады деп ойлаймын. Сол себепті де қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жасап, оны қоғамға енгізу өзекті мәселелердің бірі деп санаймын. Сондықтан да «Жасыл экономиканы» дамытуға Қызылорда облысы да ықыласты. Атап көрсетер болсақ, бүгінде облысқа қажетті электр энергиясының 50 пайызын сырттан алып отыр. Бұл эконо­микалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан облыс басшылары арнайы жұмыс тобын құрып, бұл бағытта қызу жұмыстарды қолға алып отыр. Облысымыздағы энергетиктер биогаз өндіруге ерекше көңіл бөлуде.

«Жасыл экономикаға» бет бұрған елімізде орман-тоғайдың өркен жая өсуі маңызды екені сөзсіз. Аялай білсек, Табиғат-Ананың төсі иіп, адамзат баласына берері мол. Біз сонда ғана табиғатпен біртұтас әлемге айналып, тіршілікке қажетті ресурстардың баламалы көзіне қол жеткіземіз.

Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Және дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алады. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы ұсыныстардың кішігірім тізімін құрдық.

1.    Жабдықты ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.

2.    Синтетикалық аспаптардан/құралдардан бас тартыңыз!  Біздің барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.

3.    Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.

4.    Қоқысты сұрыптауды бастаңыз!  «Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.

5.    Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді.

6.    Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.

7.    Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.        Концепция по переходу Республики Казахстан к «зеленой экономике». Указ Президента РК от 30.05.2013 г. № 577.

2.        www.eco.gov.kz Официальный интернет- ресурс Министерства окружающей среды и водных ресурсов республики Казахстан.