ӨӘЖ: 091.14:651.4

ІСКЕР АДАМНЫҢ КОДЕКСІ

МҰСАЕВА Г.И., аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі,

МАЖЕНОВ А.К., Ю-12-23 оқу тобының студенті,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

                 Барлық ірі кәсіпорындардың, бірлестіктердің, банкттердің, сауда бірлестіктерінің және т.с.с. міндетті түрде сол ұйымның қызметкерлері арасындағы, қызметкерлер мен сыртқы ортамен қарым-қатынастардың этикалық негізін анықтайтын өздерінің әлдебір жарғысы немесе кодексі болады. Бұл құжат нақты елде өндірістік, коммерциялық, құқықтық, сол ұйымның басқа да қызметін, сонымен қатар сол ұйымда қалыптасқан дәстүрлер, қабылданған ережелер есебімен  регламенттелінетін қолданылып жүрген негізгі құқықтық актілер (мемлекеттің Ата Заңы, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, салық) негізінде жасалған. Кодексті құрудың бастамашысы ретінде әдетте тәртіпті нығайтуға, бәсекеге қабілеттілікті көтеруге, табысты көбейтуге мақсат қойған ұйымның басшылығы болып шығады. Нәтижесінде әрбір жұмысшы кодексті қабылдай отырып, заң сыйлаушы болуға және сонымен қатар «өз» фирмасының әкімшілігінің талаптарын мүлтіксіз орындауға ант береді.

                 Сөйтіп, мысалы, Мәскеудегі «Sony» кәсіпорынның өкілеттілігі «кәсіпорынның саясатын ұғынуға және оның қызметін бағалауға» бағытталған «Кәсіпорын қызметкерлері үшін басшылықты» пайдаланады. Осы басшылыққа сәйкес «Сони» өздерінің қызметкерлерінен «кәсіпорында және одан тыс ең жоғарғы әдеп нормаларын ұстануды» талап етеді. «Сони» фирмасындағы міндетті әдеп нормаларының мағынасы неде? Ең алдымен «Сони»-дің атынан клиенттермен іскер қатынас жасайтын кәсіпорын қызметкерлері «жұмысты фирма мүддесінде жүргзу керек, ешкімге өзгеше ілтипат көрсетуге болмайды және ешкімге үстемдік жасалмау керек».

                 Екіншіден, «сыйлықтар, марапаттаулар және бағалы нәрселердің бәрі «Сонимен» іскер қатынастағы тұлғалардан кәсіпорын қызметкерлерімен немесе оның жанұя мүшелерімен қабылданбау керек». Бастық пен бағынышты қатынасындағы әріптестер арасында да бір-біріне сыйлық тапсыруға тыйым салынған. Біз көріп отырғандай, «Сонидің» қаржылық тазалығы сұрақтарына аса маңызды мән беріледі екен. Осыған қатысты ресейлік мекемелерде кейде  кең тараған «басшылыққа» сыйлық табыстау, өзара сияпаттар жүйесі еске түседі. Жемқорлыққа, парақорлыққа, қылмыстыққа осы «ресейлік дәстүр» негіз болып бара жатқан жоқ па?

                 Басқа американдық «Coco - cola» кәсіпорнына жұмысқа тұрар кезде әрбір жаңадан қабылданған қызметкерге «Кәсіпорын қызметкерлерінің іскер тәртібінің кодексі» ұсынылады, оны тек мұқияттап оқып қана қоймай, келешекте үнемі қолдарында жүруі, жақсы білуді және жұмысында басшылыққа алынуы талап етіледі. Кодекс «кәсіпорын іс жүргізетін елдердің моральді, этикалық және құқықтық стандарттарына сәйкес», өздерінің қызметкерлерінен абыройының адалдығы мен мінсіздігін талап етеді. Кодекстің баптарының бірі – «паралар ешқашан рұқсат етілмейді. Қымбат сыйлықтарға және оларды қабылдауға рұқсат жоқ». Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік шенеуніктер мен қызметкерлерді жергілікті заңдарға сәйкес «тамақтандырып тұруға» рұқсат етілген. Кодекс «осы кодекстің біреуімен бұзылуы жайлы ақпаратталған немесе сол жайлы білетін әрбір жұмысшы немесе қызметші жоғары басшылыққа хабарлау керектігін» талап етеді.

                 IBM американдық бірлестігі өз қызметкерлерінің тәртіп қағидаларын тұжырымдай келе, кәсіпорынның басты байлығы ақша мен мүлік емес, адамдар дейді. Өз қызметкерлеріне қамқорлық жасап және оларға құрметін білдіре отырып, әкімшілік сонымен қатар олардан өз міндеттерін сөзсіз орындауын талап етеді. Олар мыналарға негізделген:

1.     Әрбір адам құрметтеуге тұрарлық.

2.     Әрбір сатып алушы ең жақсы күтім алуға құқылы.

3.     Барлық нәрседе кемеліне жету керек.

                 Сонымен, кәсіпорын өндірісінің өзгешелігі, қызметінің сипаты есебімен әрбір жарғының өз ерекшелігі бар, ол көрші фирманың жарғысынан өзгеше болады. Сонымен қатар оның міндетті түрде жалпы ережелері, қағидалары болу керек, өйткені олар өндірістік ахуалдың жетілуіне, ұжымның ішінде үйлесімді қарым-қатынастың қалыптасуына, еңбек өнімділігін көтеруге, фирманың бәсекеге қабілеттілігіне, пайданың көбейюіне бағытталған. 

                 Өз қызметкерлері үшін өз жарғысын және тәртіп ережелерін меңгеру барысында әрбір фирма кәсіпкерлердің намысы жалпы кодексін шығаруға мүдделі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы ережелерді шығару және осы ережелер шеңберіндегі бизнес жеке кәсіпкерлек майданында адал және салмақты еңбек етуге ниет білдіргендердің бәріне қажет және тиімді. Ол келесі себептерге байланысты:

                 - қоғамның әрбір мүшесі бейбітшілікте және тыныштықта өміру сүруге тырысады, «өз ісімен айналысуға мүмкіндік» беруді талап етеді». Ол әділетті және құқықты талапты бизнестің экономикалық-әдептік негізін құрайтын бірігіп дайындалған заңдар, «ойын ережелері» негізінде іске асыруға болады. Іскер тәуекел мен заңды бұзу тәуекелі арасында ортақ ешнәрсе жоқ. Объективті экономикалық заңдылықтар негізінде қаланған заң жағынан анық, сауатты заңдар кәсіби намыс кодексінің құрылуына негіз болып келеді. Ал олар өз тарапынан жалпы-мемлекеттік экономикалық-құқықтық нормаларды қабылдауға негіз қалап отыр. Сол себепті дамыған мемлекеттерде үкімет кәсіпкерлердің өз жарғысы болғанында мүдделі және өз тарапынан сол үшін лайықты заң шығаратын негізбен қамтамасыз етуге тырысады.

                 -  Әрбір кәсіпорын, фирма өз мүдделері, кәсіби сипаттары бойынша бірігіп, оларға пана болатын өздерінің «цехына» жатады. Бір «мамандықтағы» бір фирманың қабылданған жарғысы басқа кәсіпорындардың жарғыларымен бірігіп, тек цехтық ынтымақты сипаттай салмай, сонымен қатар басқа салалармен «күннің астындағы» орын үшін күресте жалпы мүдделерді қорғауға көмектеседі. Тәжірибе көрсететіндей, кәсіпкерліктегі бір цехтың өкілі мысалы банк қызметкерлері, фирмаға ант бере отырып, бір мезгілде бүкіл банк саласындағы кланның алдында міндеттемелер алғандай болады. Ол өз тарапынан сол салада жалпы қабылданған ережелер мен міндеттемелерді сақтауды талап етеді.

                 Соңғы кезде біздің елдің барлық жерінде кәсіпкерлерді «мамандығы» бойынша біріктірген әр түрлі ассоциациялар пайда бола бастағаны кездейсоқ емес. Олардың қызмет саласы жалпы мүдделерді қорғауды, әсіресе, шаруашылықтың кез-келген саласында монополиялық саясатқа қарсы тұруды, «кәсіби ынтымақтықтың» тасасында әртүрлі салаларды өз қолына алуға және монополиялауға ұмтылысты қамтиды, ал ол экономикаға, қоғамға зиян келтіреді.

                 Үшіншіден, іскер қатынастар белгілі дәрежеде жалпыадамзаттық әдептік нормаларымен реттеледі. Олар дәстүрде, әртүрлі елдердің жазылмаған заңдарында және ең бастысы, дінде салынған. Кез-келген кәсіпорын жарғысының негізінде (әсіресе, христианствоға табынатын елдерде) алдымен Ескі және Жаңа Өсиетте көрсетілген және мәңгі моральдық құндылық болып табылатын жалпыадамзаттық нормалар жатыр. Сол себепті діни сенімге қарамастан бұл нормалар заңды сыйлайтын адамдармен қатаң ұстанады. Оларды бұзуды тек діни сенімін сату деп қарастырмай, арыңмен тартысуға түсу ретінде де (ал ол психологиялық жайсыздыққа әкеліп соғады)  қоршаған орта тарапынан айыпталуы мүмкін. Бұл бір дәрежеде әртүрлі діни конфессияларға қатысты.

                 Сонымен, «ойын ережелерін» анықтап отырып, христиандар қатарындағы кәсіпкерлер абсолютты құндылықтардың көзі ретінде «Кітаптардың кітабы» - Библияны қарастырады. Дәл сол Ескі Өсиеттің он парызында әрбір ар-ұяты бар адам ұстану қажет негізгі қағидалар берілген.

                 Он парыз – ол еврейлердің Мысырдан кетіп бара жатқан кездегі Синай тауында Мұса Пайғамбар алған ашулар. Ескі Өсиетте ол жайлы былай жазылған:

...«Жаңа ай туған күні Израиль балаларының Мысырдан кетіп жатқанына үш ай болған кезде, олар Синай шөліне келді», - делінген ... «Құдай Синай тауына түсіп, таудың ұшында тұрып Мұсаны шақырды»... Мұса Яхве құдайымен сөйлесіп Синай тауында 40 күн 40 түн болды, одан ол заңдар мен парыздар жазылған тас скрижальдарды алды.

                 Төменде күтіп тұрған адамдардың шыдамы таусылып, алтыннан дене жасап, олар оған табына бастады. Мұса келгеннен кейін оны көріп қатты ашуланып, скрижальдарды жарды. Ол кінәлі адамдарды жазалап, тауға қайтадан көтеріліп Құдайдан жаңадан он парыз жазылған тас скрижальдерді алды. Олар Ескі Өсиетте жазылған және Жаңа Өсиеттегі Иисус Христостың Тау Үстіндегі уағызына ұқсас келеді. Иисус Христос уағызы тоғыз парыздан тұрады (онда адамдар Аспандық Патшалыққа кіру үшін жолдар мен істер көрсетілген). Олар «Мұсаның рақаттың 10 парызын көтермелейді және түсіндіреді». Иисус бөл жөніде: «Мені заңды бұзу үшін келді деп ойламаңыздар, Мен оларды бұзуға емес, орындауға келдім» деген.

                 Мұсанын он парызы мен Тау Үстіндегі уағыз адамның этикалық дүниетанымының қалыптасуына ықпалын тигізді. Олар христиандық уағыздалатын елдердегі кәсіпкер намыс кодексінің негізіне алынды.

                 Мүсілмандық елдерде кәсіпкердің намыс кодексінің негізіне мүсілмандардың киелі кітабы - Құрандағы сүрелер алынған. Құран VI ғасырдың аяғында дүниеге келді. Құранның кейбір жерлері кәсіпкерлікке арналған. Онда Алла сауданы рұқсат еткен, бірақ өсімқорлыққа тыйым салынған. Әрине, Шығыста барлық жердегідей банктер бар және олар алған несиелер үшін пайыз төлетеді. (Исламдықтар бұл жөнінде: өсімқорлық – тек несиеге берілетін ақша. Ал қарызға алынған ақшаның үстіндегі пайыз – ол ақшаны берушінің мүмкіндік болып ала алмай қалған пайдасына өтемақы деп түсіндіреді).

                 Сол себепті пайыздар алу – ол өсімқорлық емес. Мұхаммед Пайғамбардың діни және саяси қызметі өзі исламның артықшылығын уағыздаған елдердің белсенді сауда фонында жүзеге асырылды. Құранда жалпы діни пайымдаулардан басқа «өмір үшін», соның ішінде коммерция саласында нақты кеңестер бар екені кездейсоқ емес. Мысалы, № 2 «Баккара» сүресінде: «Белгілі мерзімге өзара қарыз алсаңыз жазып отырыңыз. Оны араларыңда біреу жазып отырсын. Ол Алла үйреткендей жазудан бас тартпасын және қарызға алып отырған адам айтып тұрсын»...

                 «...Куәгерлікке екі еркектеріңіздің бірін алыңыз, өйткені егер біреуі шатысса, екіншісі есіне түсіреді ...» «Ал егер сіздер жолда келе жатсаңдар кепілзат алынады»...

                 Иудейлік дінінің заңдар мен канондар жиынтығы болып табылатын Талмудта адамға міндетті тәртібі жөнінде көптеген қызықты пайымдаулар бар.

                 Ең алғашқы болып намыс пен кәсіби тәртіптілік сертін берген «медицинаның әкесі» Гиппократ болып келеді (ол б.ғ.д. 360 жылы қайтыс болған). Оның бірінші уағызы – «нұқсан келтірме» - адам қызметінің кез-келген саласына қатысты, соның ішінде кәсіпкерлікке де. Зевстің ұрпағы бола келе ол құдайларға ант берген.

                 Ресейде іскер адамдардың тәртібін анықтайтын ережелер капитализмнің өсуімен пайда бола бастады. Осындай кәсіпкердің намыс кодексінің бірі болып 1912 жылы іскер әлемде қабылданған «Іс жүргізудің жеті қағидасы» болды. Олар мыналарды қамтиды:

                 Билікті құрметтеу. Билік – істердің тиімді жүргізілуіне қажетті шарт. Барлық нәрседе тәртіп болу керек. Соған байланысты заңдалған билік эшелондарында тәртіп сақшыларына құрмет көрсет. 

                 Адал және шыншыл болу керек. Адалдық пен шыншылдық – кәсіпкерліктің іргетасы болы табылады. Ресейлік кәсіпкер міндетті түрде адал және шыншыл болу керек.

                 Адамды сүю және құрметтеу. Кәсіпкер тарапынан еңбекқор адамға деген махаббат пен құрмет  жауапты махаббат пен құрметті тудырады. Бұндай жағдайларда мүдделердің үйлесімділігі пайда болады, ол өздерін жақсы жағынан көрсетуге итермелейді.

                 Берілген сөзге берік болу. Іскер адам өзінің берген сөзіне берік болу керек «Адамды бір рет алдасаң, келешкте саған ешкім сенбейді». Істің табысты болуы айналаңыздағылардың сену дәрежесіне байланысты.

                 Мақсатты болу керек. Алдыңа үнемі анық мақсат қой. Кәсіпкерге ондай мақсат ауадай қажет. Мақсатқа жету барасында рұқсат етілген шектерден шықпа. Ешбір мақсат моральды құндылықтардан  асып түсе алмайды. 

                 Батыста кәсіпкердің кәсіби намыс кодексінің жасалуына бұрыннан көңіл бөліп келеді. Олардың бірі болып 1913 жылы «J.C.Penny» фирмасының басшылығы өзінің серіктестеріне ұсынған кодексі болды. Ол кодексте іс жүргізудің жеті қағидасы ұсынылған. Олардың мағынасы: «Бизнес саласының әдістері мен саясатын бағалай отырып әйгілі даналықты есіңе ал – ол шындық пен әділеттілік ұғымдарына сәйкес келеді ма?».     

                 Өнегелілік бизнестің идеялары мен қағидаларын тарату үшін 1973 жылы өзінің бірінші кодексін жариялаған Атқарушы жетекші орган құрылды – EXECUTIVE LEADERSHIP FOONDATION.

                 Адамзат мыңдаған жылдары бойы қоғамдағы қажетті тәртіп желісін нақты анықтайтын «Алтын ережені» іздеді. Тек киелі адам ешкімді ренжітпей өмір сүре алады, ал адам үнемі арбаланады деген нақыл сөз белгілі дәрежеде бизнеске де қатысты. Бірақ реніштер аз болу үшін не істеу керек және  азғыруға қалай қарсы тұруға болады? Қалай болса ла бұл ғасырлық идея туралы көптеген адамдар мен елдер ойланды. Бұл тақырыптағы пайымдаулар ежелгі қол жазбаларды дәйектеген Конфуцийдің «Аналекттерінде» кездеседі («Әңгімелер мен пайымдаулар»). Сонымен «Алтын ереже» ұғымы ең ежелгі тайпаларда да болған. Олар әр түрлі нұсқаларда Платонның, Сократтың, Аристотельдің, Сенекидің жұмыстарында кездеседі. Ескі және Жаңа Өсиеттерде тұжырымдалған бұл ереже біздің замандастарымыздың әдептік тәртібінің үлгісіне айналды.

 

Әдебиеттер:

  1. Мосеев Р.Н. Международные этические нормы и психология делового общения.

      – М.: Издательство «Институт практической психологии», Воронеж: НПО

      «МОДЭК», 1997. – 128 с.  

  1. Акио Морито. «Сделано в Японии». – М.: «Прогресс». 1993 г.
  2. Ли Якокка. «Карьера менеджера». – М.: «Прогресс». 1990 г.