3.1 Ұйымның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары және оларды жетілдіру

 

 

Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі  ең алдымен оның тиімділігін  көтеру  және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар  тиімдірірек пайдалану керек.

Өнеркәсіп  өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі:

- негізгі қорларды іске қосу;

- пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.

Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың  негізгі қорлардың өсуі  жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту  арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте  өнім өндірісінің өсімін жыл сайын жаңадан іске қосылатын  қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.

Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану  деңгейін анықтау үшін  өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде және уақыт бірліктерінде қолданылады.  Өндірістік күш-құатты  пайдалануын есептеу үшін   өнім өндірісінің  көлемінің  тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады.

Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері  ең алдымен салыстырмалы бір типтік  өнім  өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады. Өндірістік күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында  қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың  натуралдық  көрсеткіштері    дегенмен  кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі  өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.

Шаруашылық қызметті жалпы талдау үшін, күрделі салымдарды жоспарлау үшін, өнеркәсіптің барлық звеноларының негізгі қорларын   және өндірістік күш-құатты іске қосу үшін өндірістің тиімділігі көрсеткіші, негізгі қорлардың бірлігіне  есептегенде өнім өндірісі  -  қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын  маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады.

Қорқайтарымның  көрсеткішін анықтау барысында құндылық   және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады.

Негізгі қорлардың неғұрлым толық пайдалануы  өндіріс көлемінің өзгеруі барысында өндірістік күш-құаттардың жаңасын іске қосу қажеттіліктерді төмендетуге әкеледі,  сәйкесті  кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары  бөлігін технологиялық  үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с.).

Негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту сонымен бірге олардың айналымдарын жеделдету деп саналады.  Бұл  физикалық және моральдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті  туғызады.  Негізгі қорларды тиімді пайдалану  қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында  жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді.

Жұмыс істеп жатқан негізгі қорларды және өнеркәсіп кәсіпорындардың өндірістік құаттарын және соның ішінде  жаңадан іске қосылғандардың пайдалануын  жақсарту келесі есебінен жеткізілу мүмкін:

-өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігін жоғарлату;

-оларды толтыру экстенсивтілігін жоғарлату. Өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды анағұрлым интенсивті пайдалану ең алдымен  соңғыларды техникалық  жетілдіру есебінен жеткізіледі.

Өнеркәсіп кәсіпорындардың тәжірибесі жабдықтардың бірлігінің күш-құатын көбейту үрдісі қалыптасқанын көрсетеді:

-станоктарда, машиналарда және агрегаттарда ең жауапты  бөлшектер мен тораптар нығайтылады;

-өндірістік үрдістердің негізігі көрсеткіштері жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура).

-тек  негізгі өндірістік үрдістер мен операциялар механикаландырылып және автоматтандырылып қана қоймайды, сонымен бірге  көп жағдайда өндіріс барысын және жабдықтарды пайдалануды баяулататын қосалқы және көліктік операциялар да осындай үрдістерге ұшырайды.  Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады.
Негізгі қорларды қарқынды пайдалану  технологиялық үрдісті жетілдіру жолымен жоғарлайды;  бір текті өнімнің өндірісінің оптималды шоғырлану базасында өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны  өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау;  кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу  жұмысының  бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету. 

Өз кезегінде бұл  еңбек заттарын  өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және  уақыттың бірлігіне, жабдықтардың  бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне  өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың  негізгі қорларын  қарқынды пайдалану жолы олардың техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді. 

Өнеркәсіптің біраз салаларының  жұмыс жасау тәжірибесі  жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың  техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді.  Әсіресе бұл негізігі  қорлардың   анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Негізгі қорларды пайдалану экстенсивтіілігін жақсарту  бір жағынан  күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан  кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында  жұмыс істеп жатқан жабдықтардың  санын және үлес салмағын  көбейтуді көздейді.

Жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту  келесі есебінен қол жеткізіледі:
Әр бір өндірістік бөлімінде   жабдықтардың  белгілі бір топтарының өндірістік күш-құаттар арасындағы пропорцияларды  қолдау, кәсіпорынның  цехтары арасында,  өнеркәсіптің әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды  қолдау.

Негізгі қорларды күтіп пайдалануды жақсарту, пайдаланылатын  өндіріс технологиясын ұстану,  жабдықтарды дұрыс пайдалануға ықпалдасатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру,  тұрып қалғанды  және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын  қысқартатын  және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын  өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру.

Жұмыс уақыттың шығындарында  негізгі өндірістік операциялардың үлес салмағын  көбейтетін шараларды  жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз  салаларының  кәсіпорындардың жұмысында мауысымдылықты қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру.

 Жабдықтарды жөндеу  қызметінің сапасын көтеру жолмен жабдықтардың  ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып  қалған уақыты қысқарту және мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі затпен, жағар-жанар маймен, жартылай фабрикаттармен   негізгі өндірісті  өз уақытында  қамтамасыз ету.

Жабдықтардың бір тәулік бойы  жұмыссыз тұрып  қалғанын қысқарту, оның жұмысының  ауысымдылық  коэффициентін көтеру. Кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған станоктар, машиналар және агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір  бөлігі  жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың  өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге  жоспарлы жөндеуде және резервте  тұрғанғандарды есептемегенде   барлық орнатылған жабдықтарды  іске қосу негізгі қорларды  пайдалануды жақсартаты.
Жабдықтардың жұмысының  ауысымдылық коэффициентін көбейту мақсатты шешу барысында ең алдымен көптеген кәсіпорындарда  ең  алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен  пайдаланылатын негізгі жабдықтар  толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау  керек.

Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-құаттарыды  пайдалануын жақсарту және еңбек өнімділігін  өсірудің мәселелерін  табысты шешуіне  ірі өндірістік  бірлестіктерді ұйымдастыру үлкен әсер береді. Сонымен бірге  жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындардың  өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына  үлкен көңіл аударылады, олардың  мамандануына тән емес өнімнен бас тарту, ірі  индустриалды  орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің  резервтері қалыптасатын  кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған  өнеркәсіп объектілерін  құрастыру.

Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда  мамандандырылуын дамытуға  бағытты жүзеге асыру барысында  бұл оның өндірістік құрылымын қарапайымдатады,  қосалқы және қызмет көрсету  бөлімшелер есебінен  жұмысшы күшті босатады, сонымен  негізгі цехтардың екінші ауысымдарын  қалыптастырады және ауысымдылық  коэффициентін  көтереді.

Ауысымдылықты  көтерудің маңызды жағдайының бірі өндірістік  үрдістерді  механикаландыру және автоматтандыру  болып табылады, және ең бірішінден  қосалқы өндірістерде, өйткені бұл механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан  адамдарды  екінші ауысымдағы квалификацияланған жұмыстарға  ауыстыруға мүмкіндік жасайды.
Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды  механикаландыру қарқынын жеделдету өнеркәсіп кәсіпорындарда негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды  жою үшін,  қосалқы жұмыстардың  біраз көлемін  босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда  өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады.

Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі  қалаларда  жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту,  өндірісті механикаландыру  және автоматтандыру, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолымен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде  өте маңызды рөлды алады.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін көтерудің маңызды жолы бұл  жабдықтардың артық санын  азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады.  Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады,  физикалық тозуына байланысты өнімде затталған  еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені  ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады.  Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда  кадрлардың біліктілігіне  әсіресе  машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігінен тәуелді.

Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы  негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда  маңызды шарттарының бірі.

Белгілі болғандай  моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден  көп жағдайда негізгі қорларды  пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың  және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда  техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде  өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру,  рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда   марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.

Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу  жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде  өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда  қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты  оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған.  Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:

-негізгі құралдарды жаңарту бойынша жұмыстардың  барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің  қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады;

-негізгі қорларды  жаңартатын жұмысшыларды алдымен марапаттау;

-жұмысты атқаруда өзіндік қосқан үлесі бойынша  белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау.

Өнеркәсіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен  шаруашылықтың ішіндегі резервтерін  тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін  көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді  әрі қарай интенсивтендіру.  Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.

Амортизацияны есептеудің  жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі. Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.
Амортизация ұдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді. Амортизацияның міндеті — негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді кажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік ақша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады.

Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уақыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі қорлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нәтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсы бір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинақталып жатқан амортизациялық қор айналымға түсіп, жаңа құн жасалынады. Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс (кейбір авторлар талабына сәйкес). Бұл жерде мынадай сауал туындайды: «Амортизацияны қалай жүзеге асыру қажет — бастапқы құн бойынша ма, әлде қалпына келтіру құнына сәйкес пе?» Теориялық жағынан, амортизацияны қалпына келтіру құны бойынша жүргізу қажет, өйткені негізгі қорлар, ұзақ уақыт бойы техникалық серпілістің ықпалына түсе отырып, өзінің құнын өзгертеді. Ал бұл жағдайда, негізгі қорлардың кең көлемде ұдайы даму өндірісінің мүмкіндігі кемиді және ең бастысы, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет болады. Сондықтан, негізгі қорлар бастапқы құны бойынша амортизацияланады. Сондай-ақ, амортизация өндірістік үдеріске қатысу сипатына байланысты емес, өнеркәсіп саласы мен кәсіпорын теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорларға жүргізілетіндігін есте сақтаған дұрыс. Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады. Бұл мөлшерлер экономикалық тұрғыда негізделген, мемлекет деңгейінде бекітілген болуы тиіс және біртұтас әдістемелік есептеу қағидаларына сүйенуі керек. Техникалық серпілістің, негізгі қорларды пайдалану шарттарының өзгеруіне қарай амортизациялық мөлшер де жүйелі түрде қайта қаралып отыруы тиіс.  қты амортизациялық мөлшерді бекітуде еңбек кұралдарына негізделген қызмет ету мерзімін анықтау аса маңызды, әрі күрделі жағдай туғызып отыр. Ең алдымен, негізгі қорлардың жекелеген түрлерінің өзгеріс беталысы туралы түсінік алу үшін олардың нақты қызмет еткен мерзімін статистикалық әдіспен анықтау қажет. Бұл әдістердің, әсіресе негізінен заттық тозу факторымен анықталатын ғимараттар мен құрылымдардың қызмет ету мерзімін анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ негізгі қорларды қайта бағалау құжаттарын пайдалануға болады. Сарапшылық жолмен тозу пайызы мен қалдық қызмет мерзімі анықталып, соның негізінде толық қызмет ету мерзімі табылады. Бірақ бұл әдіс әр кісінің пікіріне байланысты, әрі сапалық тозуды ескермейді.

Негізгі қорлардың қызмет еткен мерзімін толық жөндеуге жұмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек құралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыққа жақын болғанымен, құрал-жабдықтың нақты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді.

Өндіру саласындағы негізгі қорларды қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу тұрғысынан жылжымалы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, кұрылымдар, өткізу кұралдары) деп бөлуге болады. Егер бірінші топ үшін өнеркәсіптің басқа салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі қолданылатын болса, жылжымайтын қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бұл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртұтастықты құрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өңдеу жұмыстарының уақытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кеніш қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болғандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу кажет. Өндіруші кәсіпорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бұкіл кәсіпорынның қызмет мерзімінен аз қызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уақыт қызмет етеді).
Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады. Бірақ қызмет ету мерзімі аса ұзақ болып табылатын бұл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жұмсалған. Бірақ, қазіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғұрлым негізделген қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туындайды.

Өндірістік негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі деп олардың өндірісте өзінің бастапқы мақсатына сай қызмет еткен уақыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сәйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін.

Іс жүзінде өнеркәсіптегі құрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген кұрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті ауқымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмай-ісінде қалдырылады. Ақаулық ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде қоймадан қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін кұжат толтырылады.
Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады.

Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне (бір жылға) — негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне — теңге; жұмыс бірлігіне (тонна — км жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.

Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді.

Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсініледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру кағидасы мен мөлшерлердің қолданылу уақытын да ескеру қажет.

Амортизациялық мөлшерлерді белгілеу сипатына қарамастан әр түрлі құрылуы мүмкін: егер негізгі қорлар құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде тең бөліктермен өтеліп отыратын болса — біркелкі мөлшермен (бір қалыпты әдіс), үдемелі түрде — өспелі және кемімелі мөлшер (жеделдетілген әдіс) арқылы кұрылуы мүмкін.

Дәстүрлі отандық тәжірибеде амортизацияны бір қалыпты мөлшер бойынша есептеу әдісі неғұрлым колайлы болып келген. Бұл әдіс негізгі қорлардың пайдаланылу уақытына сүйенеді де, амортизациялық мөлшерін құрал-жабдықтың өнімділігімен немесе басқа да өндіріс жұмысының сипаттамаларымен байланыстырмайды (үдемелі немесе кемімелі мөлшерде дәл осылай жүреді). Сонымен бірге, орташа мәндерге негізделген бұл әдіс өнеркәсіпте амортизацияны жоспарлауды жеңілдетуге және есепке алуға мүмкіндік береді. Негізгі корлардың тез тозуына әкелетін қалыпты жұмыстан ауытқулар (химия өнеркәсібінің коршаған ортаға зиянды әсері, құрал-жабдыкқа жоғары жүк салмақ түсуі және т.б.) түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі.

Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:

а) кұнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі;

ә) құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көле-міне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);

б) жылдамдатып есептеп шығару әдістері: қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;

в)сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс).

Әр түрлі негізгі капиталға түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын анықтау әдісі есептік саясатқа сәйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бірізділігін сақтауы тиіс.
Бюджеттік мекемелер бойынша негізгі капиталдың тозуын есептеу әдісін таңдау құкығы өкілетті органдарға, яғни мекемелерге қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік орғандарға беріледі.

Амортизацияны бір қалыпты есептеп шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Негізгі капиталды пайдалану барысында тұрақты бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бір қалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

 

 

3.2 Кәсіпорынның материалдық ресурстарын тиімді пайдалануын жетілдіру жолдары

 

 

Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына және қаржылық мүмкіндігін жоғарылату шараларының ішінде айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану маңызды орын алады. Нарықтық экономика жағдайында айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану тіпті үлкен актуалды мәселеге айналды. Айналымдағы қаражаттың тиімді пайдалану экономикалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және ең алдымен айналымдағы қаражаттың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдағы қаржының айналымдығы деп оның ақша түрінен өндірістік қорларға айналып, дайын өнімін сатылығанына дейін бір айналымды айтады. Айналым – түскен кірістің кәсіпорын шотына түсуімен бітеді. Айналымдағы қаражаттың айналым қарқындылығы экономиканың бір саласындағы және түрлі салаларындағы кәсіпорындарда бірдей болмайды және ол өндірістің ұйымдастырылуына, өнімдерді өткізу үрдісіне және т.б. факторларға байланысты болады. Мысалы өндірістік циклы ұзақ келетін машина жасау өндірісінде айналым уақыты өте үлкен, ал тамақ және өндіруші өндірістерде айналым уақыты аз келеді [18. 176б.].

Материалдар және шикізат базасын құру үшін әржақты шешімдер бар.

Негізгілері:

- АВС – талдау (бастапқы талдау);

- баллдық системамен бағалау;

- шикізаттар мен материалдардың бағасын талдау;

- шешулердің математикалық модельдері.

Осыдан шикізат пен материалдың талдау бағасын толығырақ қарастырамыз.

Тауар құнын талдау көп жағдайда тауардың тұрып қалуын және шығарылатын өнімдер құнын төмендету үшін қолданылады, мұндағы көздеген мақсат кәсіпорынның шаруашылық ахуалын күшейту және дайын өнімдерді өткізу көлемін үлкейту болып саналады.

Шикізаттар мен материалдардың бағасын талдаудың арқасында:

- шикізат пен материалға кеткен шығын азаяды;

- шикізаттан материалдарды дайындау уақыты үнемделеді;

- дайын өнім сапасы артады;

- сенімді инвестицияларға кететін шығын азаяды.

Төменде келтірілген баға талдауы кәсіпкерліктің көптеген түрлерінде қолданылады.

- дайындық этапында алдымен шикізат пен материалдарды зерттеудің мақсаты жасалады, ұйымдастырушылық дайындық шешімі ұйымдастырылады,

- екінші кезекте өз өнімі туралы ақпарат жиналады, сонымен қатар өзара салыстыруға қажет сол өнімдер, іспеттес бұйымдар туралы ақпараттар да жиналады,

- келесі этапта шикізат пен материалдың нақты жай-күйін зерттеу арқылы өндірістің кем жақтары ашылады,

- бұдан кейін өз өнімінің сапасын арттыру туралы және өндіріс процесін жақсарту туралы ұсыныстар жасалады,

- бесінші этапта жасалған ұсыныстар шығын мен кіріс шамаларына қатысты бағаланады,

- келтірілген ақпаратардан ең тиімді, пайдалы және іске асатын шешімдер таңдалады,

- баға анализінің соңғы этапы ретінде таңдалған шешімді өндіріске енгізу болып табылады [19. 110б.].

Кәсіпорынның мүлтіксіз жұмыс жасауына негізгі шикізат пен материалдар қоры, көмекші шикізат пен материалдарының қоры, тез ескіретін өндіріс құралдарының қоры қажет. Мұндай шикізат пен материалдар қоры келесі шараларға қажет:

- келесі партияның түсу мерзіміне дейін өз өнімін шығарып үлгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;

- шикізат пен материалдардың талабының өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;

Осының арқасында кәсіпорындағы шикізат пен материалдардың қоры минималды және максималды мәндерінің арасында өзгеріп отырады.
Қордың минималды көрсеткіш мәні төмендегілерден тұрады:

- күнтізбелік қордан (бұл қор шикізат пен материалдардың жеткізілуінен, оларды қоймаға орналастырғанға дейінгі уақытты қамтиды);

- орналастыруға қажетті уақыттар (аталған шикізаттар арнайы сақтау ережелерін талап етеді және белгіленген уақыттан кейін ғана өндірістік құндылығына жетеді);

- технологиялық процесстерді ескеретін шикізат пен материалдар қоры (өндірістің технологиялық процесстер режимін ұстау үшін қажет);

- апаттық қор (күтпеген оқыс жағдайлар үшін міндетті түрде ұсталатын қор).

Негізделген минимал қорлардың мәні мен экономикалық және ұйымдастырушылық негізделген ең көп мәні арасындағы айырмашылық шикізат пен материалдың ағымдағы қоры болып табылады. Шикізат пен материалдың минималды мәні тұрақты шама болып табылады, ал максимал мәні келіп түскен партияларға байланысты өзгеріп отырады (екі тапсырыс арасындағы уақыт интервалы) [20. 82б.].

Кәсіпорынның қорын ұйымдастырғанда материалдық ресурстарды нақты нәрсеге қолданылуын және олардың өндірістің жұмыс жасауына кепілдік беретініне көңіл аудару қажет. Сонымен бірге сол материалдың ресурстардың сақталуына байланысты кешігіп жеткізілулер ескерілу қажет. Осыған байланысты кәсіпорында материалдық ресурстар қорын ұйымдастырғанда тауарлы-материалдық қор шамасы мен кешігіп жеткізілген партиялар шамасының арасындағы тиімді қатынасты анықтау басты мәселе болып табылады.

Материалдық ресурстардың кешігіп жеткізілген шығындар ғана емес, сонымен бірге олардың белгілі бір өндірістік-шаруашылық жағдайларды жоқтығы да әсер етеді.

1) тауарлық-материалдық қорды ұйымдастырғанда, сақтағанда ең көп тараған кештетіп жеткізу факторларын қарастырайық:

- сауда шығындары – пайыздар, кепілдік, капитал салығы;

- сақтауға кеткен шығындар – қойманы бақылау (жылыту, жарықтандыру, қызметкерлер жалақысы және т.б.), қордың орнын ауыстыру операциялары.

2) тауарлық-материалдық қорларды басқаруға кеткен шығындар:

- басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды оқыту;

- басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды жалдау.

3) Қордың дефицитінен, яғни жетіспеушілігінен туындаған шығындар да әр түрлі:

- материалдық ресурстарды жеткізу жұмыстарын жеделдетуге кеткен шығындары: өзара байланыс жүйесін ұйымдастыруға кеткен шығындар, материалдық ресурстарды тез жеткізгені үшін берілетін үстемақының шығындар; жедел жеткізуге байланысты материалдық ресурстарды аз көлемде жеткізудің әсерінен қымбаттауға жұмсалған шығындар;

- өндірістік бағдарламаны түзетуге кеткен, бұрыс графикпен жасалған дайын өнімдерді сатуға кеткен шығындар;

- сауда шығындары: кірістің азаюы және материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындаған сатылатын өнімдердің азаюына байланысты үстеме шығындардың өсуі.

Ірі тауарлы-материалдық қорлардың тиімдігін және оның кемшілігін жалпылап көрсетуге болады.

Тиімді жағы тұтынушыларды өніммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болады және кәсіпорынның тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі [21. 91б.].
Айналымдағы қаражаттың айналымдылық көрсеткіші жалпы және жеке элементтері арқылы есептелуі мүмкін. Айналымдағы қаражаттың айналу көрсеткішінің өзгерісін, оның нақты мәнін жоспар бойынша берілген мәніне немесе алдыңғы периодтағы мәніне бөлу арқылы табуға болады.
Аталған көрсеткіштің айналу қарқыны үдеген сайын, айналымдағы қаражаттың артық материалдық ресурстар бөлінеді. Өз кезінде бұл қосымша қаражаттың бөлінуіне алып келеді. Керісінше, айналу қорын төмендесе, айналым қаражатына қосымша қаражат қосылады.

Айналым қаражатының айналу үрдісінің үдеуі арқасында артылған қаражат абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті қаражат болып саналады, егер айналымдағы қаражат қалдығы нормативтен немесе алдыңғы периодтағы қалдықтан жоғары болса.

Айналымдағы қаражаттың салыстырмалы түрде артылуы болады, егер айналу үрдісінің үдеуі кәсіпорынның бағдарламасынан асып түссе және өндіріс көлемінің қарқыны айналымдағы қаражат қалдығының өсу қарқынынан жоғары болса.

Айналымдағы қаражатты тиімді қолдану көптеген факторларға байланысты. Олар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы факторлар кәсіпорынның әсеріне тәуелсіз болып келеді, оған: жалпы экономикалық ахуал, салық заңы, немесе алу шарттары және олардың пайыздық ставкасы, бюджеттің қаржыландыруымен жүретін бағдарламаларға қатысу, мақсатты қаржыландыру жатады. Аталған факторлардың шектеуінде кәсіпорын өз күшімен ішкі факторларға әсер етіп отырады [22. 204б.].

Қазіргі заманның экономикасында сыртқы факторларға: төленбеу дағдарысы, салықтың аса жоғары ставкасы және банк несиелерінің ставкасының жоғары болуы жатады.

Өнімдерді өткізу және олардың құнын төлей алмау нақты дағдарыстарға тап болғанда, айналымдағы қаражаттың айналу қарқыны төмендей бастайды. Алдын алу шарасы ретінде сатуға тиімсіз өнім орнына, сұранысы жоғары өнімді сатуды ұлғайту қажет. Аталған қадам арқасында айналымдағы қаражаттың артылуы ғана емес, сонымен бірге кәсіпорын активтеріндегі дебиторлық қарыздардың өсуі де тоқтатылады.

Инфляция процессі кезінде кәсіпорын – түсірген пайдасының негізгі бөлігін айналымдағы қаражатқа құйғаны дұрыс. Себебі айналымдағы қаражаттың құнсыздануы,оның пайда түсіруін төмендетеді [23. 58б.].
Айналымдағы қаражаттың жұмысына кепіл болатын резервтердің негізгі бөлігі тауарлы-материалдық қорлардың мойнына ілінген. Өндіріс саласында бұл жерде негізгі рөлді қорлар атқарады. Сонымен қатар олар өндіріс қаражатының уақытша жұмыс жасамайтын бөлігіне жатады.

Тауарлық – материалдық қорды дұрыс және рационалды түрде ұйымдастыру, айналымдағы қаражатты тиімді қолданудың алғы шарты болып табылады. Қорларды азайтудың негізгі жолдарына: оларды рационалды пайдалану, материалдың қорлардың асқын нормативтерін ликвидациялау, нормалауды жетілдіру, жабдықтауды жақсы ұйымдастыру, жеткізушілердің сенімділерін таңдау, транспорт қозғалысын дұрыс ұйымдастыру жатады. Сонымен қатар маңызды рөлге қойма шаруашылығын жақсарту жатады.
Айналымдағы қаражаттың өңделіп бітпеген өнімде сақталу уақытын келесі жолдармен, яғни өндіріс жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру, қолданылып жүрген техника мен технологиялардың жаңарту, негізгі қаржыландырушы қорларды қолдануды жетілдіру, қаражатты үнемдеу арқылы жетуге болады.
Айналымдағы қаражат айналымында көп мөлшерде қаражаттың болуы жаңа өнім жасауға алып келмеді. Бұл теріс болмыс. Ал бұл салаға қаражаттың артығымен шашылып құйылуын дайын өнімдерді өткізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы, келісім-шарт құжаттарын дұрыс және нақты ұйымдастыру арқылы, олардың шарттарының орындалуын қадағалау арқылы алдын алуға болады.

Айналымдағы қаражаттың айналу қарқынының үдеуі, қосымша қаражаттың бөлінуінсіз өндіріс көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді, ал артылған қаражатты кәсіпорынның басқа қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді [24.  207б.]. Заман талабына сай нарықтық қатынастарға көшу, кәсіпорынның өндіріс инфраструктурасының жетілуін, соның ішінде материалдық ресурстардың айналымын тұрақты қамтамасыз ететін транспорт саласында дамыту қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкердің ең басты мәселелерінің бірі өндіріске қажет материалдық ресурстарды жеткізуші ұйымдардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады.

Сол жеткізуші ұйымдарды таңдағанда келесі факторларды ескеру қажет:

- тапсырушылар кәсіпорындар жеткізуші кәсіпорындармен келісім-шартқа отырады. Осының арқасында біржақтылық тәуелділіктен құтылады;

- тапсырушы кәсіпорын жеткізуші кәсіпорынмен жеңілдіктері бар келісім-шарттары болуы қажет;

- жеткізушілердің санын тиімді деңгейде ұстау қажет.

Материалдармен жабдықтау тәсілдері мен формалары өндірілетін өнімнің күрделілігіне, жабдықтаушылар бөлшектердің құрамына байланысты.
Көп қолданылатын тәсілдер мен формаларды қарастырайық:

1. Тауарды бір партиямен алу. Бір партияда көп мөлшерде тауар алу. Құжаттардың қарапайымдылығы, бүкіл партияға кепілдігінің болуы. Оның негізгі кемшіліктері: қойма бөлмелерінің көп мөлшерде қажеттілігі, капиталдың айналымының төмендеуі болып табылады.

2. Аз мөлшердегі партиялармен тұрақты түрде алу. Бұл кезде капиталдың айналымы жылдамдайды, себебі тауарларға келген сайын төленеді. Қоймаларға қажеттілік азаяды. Негізгі кемшіліктері: артық тапсырыстардың пайда болуы болып саналады.

3. Айлық сатып алу. Арзан және тез қолданылатын тауарларды алу үшін қолданылады. Артықшылықтары: сақтауға және қоймада ұстауға кеткен қаражаттың төмендеуі; капиталдың айналымының өсуі; жеткізулердің уақыттылығы.

4. Қажет болғанда тауар алу. Бұл тәсіл тұрақты тауар жеткізу тәсіліне ұқсас, бірақ келесі ерекшеліктерімен бөлінеді:

- тауар саны қатаң сақталмайды, тек шамамен жобаланады;

- тек жеткізілген тауарға ғана төленеді;

- келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін тапсырыс беруші жеткізілуге тиіс тауарға төлемейді.

Артықшылықтары:

- белгілі бір мөлшерде тауар алу кезінде қатаң міндеттердің жоқтығы;

- құжаттарды дайындауға минимум жұмыстың кетуі;

Жеткізушілерден тауар алу процесін және ұсыныстарды бағалау түрлі әдістермен ұйымдастырылуы мүмкін. Ең көп тараған және тиімді әдістеріне төмендегілер жатады:

- бәсекелестік сауда (тендорлар) – жүргізіледі, егер үлкен көлемде шикізат пен материалдар алынатын болса немесе екітарапты ұзақ мерзімді байланыс орнату қажет болса.

- тұтынушы мен жеткізуші арасында жазбаша келісім-шарт екі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін:

- келіссөздерді жүргізу жеткізуші тарапынан ұсынылады;

- қызмет көрсету сапасы.

3. Қызмет сапасына тауар сапасы және қызмет көрсетудің сенімділігі жатады. Ал сенімділігін тұтынушының қанағат ету мүмкіндігіне қарап бағалауға болады.

Жеткізушілерді таңдауда ескеретін негізгі факторлардан басқа, саны 60-тан асатын қосымша факторлар да ескеріледі:

- тұтынушының жеткізушіден алыстығы;

- ағымдағы және асқын тапсырыстардың орындалу мерзімі;

- жеткізуші өнімдерінің сапасын басқару жүйесі;

- жеткізуші коллективіндегі психологиялық климматы;

-жеткізілген қондырғының қызмет көрсету мерзімінде қосалқы бөлшектерді жеткізу мүмкіндігі.

4. Қаржылық талдау және қорлардың күйін бақылау жүйесі болып табылады. Жалпы, тауарлық қорлар – бір өндірістік циклді қамтамасыз ететін еңбек құралдары болып табылады.

Сонымен, материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті қорларды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Қорлар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Қорларды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді [25.  94б.].