ӨӘЖ:769.3:659.132.213

ІСКЕРЛІК ӘЛЕМІНДЕГІ ВИЗИТ КАРТОЧКАЛАРЫ

 

МҰСАЕВА Г.И., аға оқытушы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Бүгінгі таңда іскерлік қарым-қатынас үшін визит карточкалары – міндетті атрибут болып саналады.

Тәжірибеде визит карточкаларының төмендегі түрлері қолданылады:

-  фирма қызметкерлерінің қалыптасқан  стандарт үлгідегі визит

карточкалары;

-  фирма қызметкерлерінің фирма өкілі ретіндегі визит карточкалары;

-  жанұялық визит карточкалары;

-  басқа да   визит карточкалары.

Қазіргі визит коарточкаларының қызметі:

1.                Іскер әріптестердің  танысуы

2.                Алдағы іскерлік байланыстарда мүдделерін растау;

3.                Фирманың қызметі жайлы ақпарат беру;

4.                Әріптестер арасындағы іскерлік байланыстарды жүзеге асыру;

Қазіргі визит карточкаларын 5*8см өлшеммен  жоғары сапалы қатты қағаздан жасау талап етіледі.

Ресейде  карточканың бір жағы орысша, екінші жағы ағылшынша толтырылады немесе бизнесмен барған елдің тілінде болады. Ал Қазақстанда қазақша-орысша немесе қазақша-ағылшынша жазылады.

Қызметкердің типтік үлгідегі визит карочкасында оның аты-жөні ,қызметі, өкілеттілігі, қызметтік телефоны,  фирмасының атауы, пошталық мекен-жайы,  хатшылық телефоны, телефакс, телекс  кейде үй телефоны көрсетіледі.

Осылайша визит карточкасы – фирма жайлы мәлімет береді. Фирманың мекен-жайы, тұрған орны мен жағдайы, ғимараты жеке ме әлде жалға алынған ба деген мәселелерді де куәландырады.

Визит карточкасында көрсетілген байланыс телефондары фирманың мәртебесі үшін қызмет жасайды.

Соңғы жылдары визит карточкаларының түрлері көбейді. Кейбір фирмалар өз қызметкерлеріне суретімен визит карточкалар жасауға тапсырыс береді. Кітапша түрінде жасалған визит карточкаларында фирманың бөлімшелерінің мекен-жайы, қалай байланысуға баруға, болатыны және автотұрақ орны  көрсетіледі.

Визит карточкасының екінші түрінде тек аты-жөні көрсетіледі. Мұндай карточкалар бірінші таныстықты арттыру үшін қажет,  карточка иесінің лауазымы мен   фирманың жайлы толық мәлімет  қажеттілігі жоқ кезде  ауыстырылады.

Визит карточканың үшінші түрі. Ол карточканың түрі жақында ғана шығарылған, шамамен алғанда 1-2 он жылдықта. Онда фирманың толық атауы, оның  логотипі және пошталық мекен-жайы, интернет телефоны, кей жағдайда фирманың қоғамдық және жарнамалық бөлімімен хабарласу телефондары, фирманың қызмет бағыттары мен шет елдердегі филиалдарының  мекен -жайы, телефоны беріледі.

Визиткалық карточка жарнамалық кезеңде және тұсаукесерлерде  қолданылады. Карточканың мақсаты негізінен жарнамалау.

Карточканың төртінші түрі- отбасылық визиткалық карточкасы. Онда отбасы иесінің аты жөні, жолдасының, балаларының аты- жөні, мекен жайы, телефоны көрсетіледі. Бір көзбен қарағанда отбасылық визиткалық карточка оғаш көрінеді, бірақ отбасылық визиткалық карточка жұмыс барысында да қолданылады, мысалы, отбасы иесімен танысқанда, немесе іс сапарлық оқуда фирма арқылы отбасымен демалғанда және де фирма қызметкерін отбасымен шет елге қызмет бабымен жібергенде қолданылады.

Іскерлік танысу кезінде  әріптестерге визит карочкасын алмастыру міндетті түрде болады. Егер  кездесу кезінде кімде- кімге карточка ұсынылмаса, онда әрі қарай  таныстықты нығайту қажеттілігінің болмағаны.

Визит карточкасының мәтіні  түсінікті әрі жеңіл жазылуы керек. Сонымен қатар, карточка иесінің өз аты-жөнін дауыстап айтуы әріптесінің есте сақтап қалуын жеңілдетеді. Каточканы алған соң, оны кейс папкаға немесе қалтаға салып қойған жөн. Визит карточкасын амастырғанда әріптестер бір-біріне оң қолымен ұсынып, бас изеп сыпайылық білдіреді.

Іскерлік кездесу күрделі  әрі қатысушылар саны көп болған кезде визит  әріптестер арасында карточкаларын алмастыру қиындық тудырады. Сондықтан алдын ала қай қатысушы жоғары мәртебеге ие екенін білу маңызды. Өйткені  лауазымы төмен қызметкер жоғары лауазым иесіне,  жасы  кіші үлкенге бірінші ұсынады.

Егер іскерлік кездесу шет елде өтетін болса, бірінші  қабылдаушы фирманың «қожайындары» өздерінің визит карточкаларын береді.

Іскерлік  келіссөздер кезінде қызметкерлер  визит карточкаларын  әріптестерінің алдына қояды.

Бөгде біреудің визит карточкасын пайдалануға, ұқыпсыз ұсауға болмайды. Ол  каточка иесін құрметтемеу болып табылады.

Визит карточкасы хаттың қызметін атқаратыны жайлы айтылған болатын.      Мысалы, визит карточкасының көмегімен  бір тұлғаны үшінші кісімен таныстыруға болады. Сол жақ төменгі бұрышына Р.Р. (pour presenter) (“таныстыру үшін”) деген жазумен өзінің және таныстырып отырған тұлғаның визит карточкасын жібереді. Оған жауап ретінде еш қол қоймылмаған P.F. (pour feliciter – “құттықтау үшін”), әріптерімен карточка жібереді. Ол Жаңа жылмен құттықтау -   P.F.N.A. (pour presenter a Nouvelle Annee).

Алғыс білдіру қажет болған жағдайда (мысалы, құттықтағаны үшін)  P.R. (pour remercier – “алғыс білдіру үшін”), әріптерімен карточка  жіберіледі.

Көңіл айту үшін  Р. С. (pour сondoleance – “көңіл айту үшін”),  әріптері жазылады.

Егер, бизнесмен іскерлік мақсатпен келген елден кетіп бара жатқанында әріптестерімен қоштасуға мүмкіндігі  болмаса өзін қабылдаған фирма басшылығына Р.Р.С. (pour prendre сonde); pour prendre сonde – “қоштасу” деген ұғымды білдіреді, әріптерімен карточка жібереді. Бұл жағдайда жауап берудің  қажеттілігі болмайтындығы анық.

Жоғарыдағы қолданыстар француз тілінде болғанымен, тұрғындар қай тілде сөйлейтініне қарамастан, бүкіл дүние жүзінде қолдану қабылданған.  Дегенмен ағылшын тілі ғаламшарлық рөльге үміткер болғандықтан, француз тілін ауыстыра алмағанымен оны көшірмелеуге тырысады.

Мысалы, іскерлік кездесуге қалыптасқан үлгіде киіну, (қара галстук), кешкі асқа смокингпен  келу. Кейбір американдық фирмалар өздерінің шақыру қағаздарын  французша мәтін үлгісіне  балама түрде  ағылшынша жазады. Дегенмен, француз  сөздерін толық  бұзып,  сан ғасырлық әдепті өзгертуге ешбір зиялы қауым шешім жасаған емес.

Арнайы жіберілген визит карточкасына телефонмен жауап берілмейді, карточкамен жауап  қайтарылады.

Мәтін үшінші жақ атынан жазылады.

 

                       Әсет Қуанышұлы құттықтауыңыз үшін алғыс білдіреді.

 

Сіз іскерлік мақсатпен келген кісімен бұрын таныс болмасаңыз визит карточкаңызды қабылдау бөлмесіндегі хатшыға беріңіз. Ондай жағдайда хатшы Сізді таныстырғанда аты- жөніңізді жаңылмай айтары анық.

Қызметкерлер шетелдік  әріптестерімен тікелей байланысқан кезде визит карточкасының бір жағы сол елдің тілінде,  бір беті өз  ана тілінде толтырылуы  керек.

Карточкалар жіберілген кезде жай конвертке салынады. Қазіргі дүниежүзілік кәсіпкерлік зиялы әдептану тәжірибесінде визит карточкаларын толтыру ережелері қабылданған. Мәтінін қарапайым, түсінікті, оқылуы жеңіл  етіп,  жазулар  реңкін  қызыл немесе алтын түстес етудің  қажеттілігі жоқ, жай қара түс дұрыс. Карточка қарапайым  болған сайын  беделі жоғары болады.

Өкінішке орай, Қазақстан бизнесмендері визит карточкаларын көп безендіреді. Карточканың қағазы ақ түсті және ашық түсті болғаны дұрыс,  қара түсті  қолданбаған абзал.

Карточка қатты қағаздан жасалып, сапасы жоғары деңгейде болуы керек. Қорыта келгенде,  визит карточкасы жұмыс барысында ақпараттар алмасу үшін  қызмет етеді, фирма мен оның қызметкерінің беделі болып табылады.

 

Резюме

В данной статье рассматриваются виды, особенности и способы применения визитной карточки в сферах бизнеса.

Summary

The types, features and methods of using of cards in branches of business are described in the article.

Әдебиеттер:

1.  Ботавина Р.Н. Этика деловых отношений: Учеб.пособие. – М.: Финансы и статистика,

     2001. – 208 с.: ил.

2. Кузин Ф.А. Имидж бизнесмена. – М.: Ось-89, 1996.

3. Ботавина Р.Н. Этика менеджмента. – М.: Финансы и статистика, 2001.