Экономика/8.Математические методы в экономике.

Нурпеисова Ж.С.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,Қазақстан

Үлестірім қатарларын  Ms Excel электрондық кестесі көмегімен құрастыру

Статистикалық бақылау негізінде жалпы жиынтықтың әр бірлігі бойынша мәліметті белгілер (варианталар) ретінде алады. Жалпылама нәтижелері үлестірім қатарлар түрінде көрсетілуі мүмкін. Үлестірім қатары – бұл зерттелетін белгі бойынша бірліктердің ретімен орналасуы. Үлестірім қатарлармен жұмыс істеу кезінде бірқатар көрсеткіштерді есептеу қажет болады. Есептеу жұмыстарды жеңілдету үшін Ms Excel электрондық кестесін қолануға болады. Ms Excel электрондық кестесін қолдануын есеп шешуде қарастырайық.

 Есептің қойылуы: Қостанай облысы бойынша 2004ж. кейбір аудандарынан кездейсоқ алынған кіші мекемелердегі жұмысшылар саны келесі кестеде көрсетілген   (жұмысшылар саны, берілгендер дөңгеленген):

Кесте 1- Ізделінді деректер

200

390

590

790

200

390

620

800

200

390

620

940

390

590

620

1200

1200

1600

1600

1600

 

Ізделінді деректер бойынша дискретті үлестірім қатарын құру, жергілікті және жинақталған жиеліліктерді, белгінің орташа мәнін, дисперсияны, орташа квадраттық ауытқуын, вариация құбылуын, моданы, медиананы есептеу, қатарды графикалық полигон ретінде көрсету керек.

Тапсырманы орындау үшін Microsoft Excel қосымшасын іске қосу керек. . Ізделінді деректерді бір қатарға енгізіп, дискретті вариациондық үлестірім қатарын құрастыру үшін деректерді өсу немесе кему ретімен орналастыру керек. ( батырмасын басу арқылы).

Келесі қадамы, белгілерді өсу ретімен орналастырып, келесі кестеде дискретті қатарды құрастырамыз:

Подпись:  Подпись:            

 

 

 

 

 

       

 

                                             

                   Сурет 1 -  Дискретті қатар                                       Сурет -2 Дискретті қатар

                    (формулаларымен)                                                                        (мәндермен)

 

Жергілікті жиеліліктерді есептеу үшін Е2 ұяшығын екпінді етіп, Вставка - Функция командасы көмегімен функциялар шеберін іске қосамыз.  Статистические категориясынан СЧЁТЕСЛИ функциясын таңдап алып,   Аргументы функции диалогтік терезесінде Диапазон өрісінде ұяшықтардың абсолютті сілтемесіменен А1:А20  таңдама диапазонын белгілейміз, Критерий өрісінде  D2 ұяшығын енгіземіз (мәні 200), ОК батырмасына шерт етеміз. Автотолтыру функциясын қолданып формуланы Е3:Е10 көшіреміз.

Жинақталған жиелілікті есептеу үшін анықтамадағы формуланы қолданамыз. (1-ші суретте көрсетілген) .

Қатардың негізгі көрсеткіштерін есептеу үшін көмекші кестені құрастырамыз. Белгінің орташа мәнін, дисперсиясын, ОКА, моданы, медиананы  Статистические категориясынан – СРЗНАЧ, ДИСП, СРОТКЛ, МОДА, МЕДИАНА сәйкес функциялар көмегімен есептейміз. Вариация құбылуын, вариация коэффициенттерін келесі формулалар бойынша есептейміз:

                                         

 

 

Кесте 1-  Қатардың негізгі көрсеткіштері.

Полигон – дискретті қатардың графикалық көрсетілімі. Оны құрастыру үшін абцисс осінде белгілерді, ордината өсінде – жиеліліктерді енгіземіз. Жиеліліктерді белгілейміз, Вставка – Диаграмма командасын орындаймыз, типі – график, түрімаркерлермен (с маркерами) таңдап аламыз, Далее батырмасына басамыз, диалогтік терезеде Ряд бөлімін белгілейміз, Подписи оси Х өрісінде белгілерді белгілейміз (диапазон D2:D10), ал Значения  өрісінде– локальді жиеліліктерді (диапазон Е2:E10), Далее батырмасына басамыз, Заголовки бөлімінде Название диаграммы, подписи ось Х, ось У өрістерін толтырамыз, Готово батырмасына басамыз.

 

 

Белгілер

 

Сурет 3- Полигон

 

Осылайша, Ms Excel электрондық кестесі үлестірім қатарларының көрсеткіштерін  ыңғайлы және жеңіл түрде есептеуге мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер:

1.     Доугерти К. Введение в эконометрику: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М, 1999.

2.     Елисеева И.И. Эконометрика. – М.: Финансы и статистика. 2000.

3.     Елисеева И.И. Практикум по эконометрике. – М.: Финансы и Статистика. 2005.