ӘӨЖ  004.9

 

Сандық ақпараттарды өңдеу

 

Жетимекова Г.Ж.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

 

В статье рассматривается о использовании PowerPoint, SoftMaker Presentations и Multimedia Builder, веб-сервиса  Prezi при создании мультимедийных материалов. Из всех выше сказанных рассматривается большинство используемый веб-сервис Prezi.com. Prezi.com - это веб-сервис с помощью которого возможно создание нелинейных мультимедийных интерактивных презентаций.

 

In article it is considered about use of PowerPoint, SoftMaker Presentations and Multimedia Builder, the Prezi web service at creation of multimedia materials. From all is higher than the told the majority the used Prezi.com web service is considered. Prezi.com is a web service by means of which creation of nonlinear multimedia interactive presentations is possible.

 

Кілттік сөздер: Мультимедия, интерактивті, презентация, оқыту.

 

Ключевые слова: Мультимедия, интерактивный, презентация, обучения

 

Keywords: Multimedia, interactive, presentation, training

 

Қазіргі ғасыр-жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім берудің қазіргі кездегі негізгі мақсаты: білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану. Олай болса, оқытушылардың алдында тұрған бірден-бір мақсат - студенттер алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
Бұл міндеттерді шешу үшін
әр оқытушы, күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Қазіргі кезде жоғары мектептің оқу үрдісіне, тәрбиесіне қойылатын талаптар даму, өзгеріс үстінде. Сонымен қатар оқытушылардың дайындығына, кәсіптік шеберлігіне қойылатын талаптар да өзгеруде. Осыған байланысты оқытушы оқу-тәрбие үрдісін интерактивті технологияға негіздеп ұйымдастырған жөн.
Ақпараттық технология екі құрамдас бөліктен тұрады: компьютерлік сауатттылық және компьютерлік білімдарлық. Компьютерлік технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа компьютермен өз бетінше жұмыс істей білу, компьютерлік техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды іздеу дағдылары мен біліктіліктерінің болуы жатады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Ақпараттық технологияда білім мазмұны оқушыларға негізінен электрондық оқулық арқылы беріледі.
Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы қазір біртіндеп жаңа технологияларға ауыстырылуда. Сондықтан, оқытудың ақпараттық технологиясы студенттердің оқу ақпараттарын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Ақпаратты қабылдаушымен оны өңдеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағынының өзі арнайы бір жүйені құрайды.
Қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық технологияларын ескере отырып, өткізгендегі ақпараттық технологияның міндеттері:
1.
Сабақта модельді жасау және көрсету, презентациялау.
Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағұрлым жақсартады. Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен
студенттердің шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.
2.
Студенттерді сабаққа белсенді түрде қатыстыру.
Әр сабаққа қатыстырып, қызықтыру интерактивті тақта қолдану есебінен ұлғаяды.
3.
Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.
Интерактивті тақтаны қолдану әр сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартады. Интерактивті тақта
- студенттердің барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге сабақта жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін визуалды ресурс.
Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен
студенттер материалды барынша жетік түсініп оқи алады.
Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Осы тұрғыдан қазіргі таңда қолданылып жүрген Prezi веб-сервисінің атқаратын қызметі аса зор.

Қазіргі таңда презентацияның негізгі мақсаты болып аудиторияға  қарапайым және түсінікті мультимедиялық үлгіде мәліметті, ақпаратты жеткізу.

Негізгі құраушылары болып – суреттер, мәтіндер, анимациялар, әртүрлі графиктер, виздео файлдар, дыбыстық файлдар табылады.

Сонымен қатар мультимедиялық материалды басқару да негізгі бөлік болып табылады. Әдетте мультимедиялық материалды құрастыру үшін PowerPoint, SoftMaker Presentations және Multimedia Builder, Prezi веб-сервистері қолданылады. Осылардың ішінде көп қолданылатыны Prezi.com веб-сервисі.

Prezi.com — бұл веб-сервис, осы веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құруға болады.

Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында тіркеуден өту керек. Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді. Таңдау беті келесідей кескіннен тұрады. (Сурет 1)

Сурет 1. Prezi презентациялық үлгіні таңдау беті

 

Презентациялық бет таңдалғаннан соң, беттің қажет деп табылған бөлігіне мультимедиялық материал орнатудан бастаймыз. Төмендегі суретте мәтін өңдеу құралының көмегімен мәтінді теріп, мәтінге қажетте барлық параметрлерді орнатамыз. Көрсетілген пиктограммалардың көмегімен мәтінге қажет деп табылған параметрлер қойылады. (Сурет 2)

 

Сурет 2. Мәтінді теру және мәтінге параметрлер орнату беті

 

Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді.

1.  Фреймдер орнату беті

2.  Аудио, видео, сурет кою беті

3.  Тақырыптар қою беті

Осы үш менюдің көмегімен презентациялық материалдың интерфейсін, дизайнын жақсартуға болады.

1. Фреймдер орнату менюінің көмегімен презентациялық беттерді құрылымға бөлуге, мазмұны жағынан, логикалық құрылымы бойынша топтастыруға болады. (Сурет 3)

 

 

 

 

 

 

Сурет 3. Фреймдерді орнату менюі

 

2. Көмегімен материалға  аудио, видео, сурет, диаграмма, Power Point материалын қоюға болады. (Сурет 4)

 

Сурет 4. Аудио, видео, сурет кою беті

 

3. Тақырыптар қою менюінің көмегімен байланыстырушы құралдарды, тақырыптарды мазмұнына қарай  топтастырып қолдануға болады

Сурет 5. Тақырыптар қою беті

 

Презентациялық материал құрылымы мен интерфейсі дайын болған соң, файлды сақтау, толық рәсімдеу қажет етіледі. Ол келесі  батырмасының көмегімен орындалады. (Сурет 6.)

 

Сурет 6. Файлды экспорттау

Дайын болған презентацияларды  белгілері арқылы мазмұнымен, байланыстырып, топтастыруға болады.

Презентацияларды құру барысында дигараммалар қолдану үшін дайын дигараммалар үлгілері ұсынылады. Диаграмма үлгісі таңдалғаннан кейін дигармма бөліктерін ақпаратпен толтыру қажет етіледі. (Сурет 7.)

Сурет 7. Дигарммалар құру беті

 

Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы веб-сервисті қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл веб-сервистің оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық.
Оқытушының шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру. Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – студентте білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, студентке білім негіздері қалыптастырылады.
Білім – әрбір
студенттің бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету – оқытушылардың міндеті. Осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалануға тырысу қажет. Әрбір жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, талдай білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін.
Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты -
өз бетінше дами алатын, жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйрету керек. Осы бағытта студенттердің ғылыми жобалар жарысына қатысып шығармашылық жұмыспен айналысуына көп көңіл бөлеген дұрыс. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану - әр оқытушы үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.
Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді.
Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне лайықты болу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Prezi.com

2.     Сагимова А.С.//МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы – 2002ж.

3.     http://dop.uchebalegko.ru/docs/index-4452.html?page=35