Современные информационные технологии/4.Программное обеспечение

Нурпеисова Ж.С.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,Қазақстан

CASE технологиялары

CASE-технологиялар ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі ретінде және де қолданушының талаптарына сәйкес қосымшаларды құрастыру мен пәнді саласын көрнекті түрде модельдеуге мүмкіндік беретін, осы модельді ақпараттық жүйені құрастыру мен іске асырудың барлық кезеңдерінде  талдауына мүмкіндік беретін саймандық құралдар жиынтығы ретінде қарастырылады.  CASE - құралдары жобалау және талдаудің объектіге бағытталған немесе құрылымдылық әдістемесіне негізделген. 

Бағдарламалық қамтудың өмірлік циклін қамтамасыз ететін CASE- құралдарының толық кешені келесі компоненттерін қамтиды:

·                     репозиторий, CASE  құралдарының негізі болып табылады. Ол жоба нұсқаларының мен оның жеке компоненттерін сақтауын, топтық құрастыру кезінде әр түрлі құрастырушылардан алған ақпаратты сұрыптауын, метамәліметтердің толықтығы мен қайшылығын бақылауын қамтамасыздандыру керек.

·                     ақпараттық жүйелер модельдерін жасайтын иерархиялық байланысқан диаграммаларды құрастыру мен өзгеруін қамтамасыз ететін талдау мен жобалаудың графикалық құралдары;

·                     код генераторлары мен 4GL тілдерін қамтитын қосымшаларды құрастыру құралдары;

·                     конфигурациялық басқару құралдары;

·                     құжаттандыру құралдары;

·                     тесттілеу құралдары;

·                     жобамен басқару құралдары;

·                     реинжиниринг құралдары.

Барлық CASE-құралдары негізінен түрлері мен категориялар бойынша топтастырылады. Түрлері бойынша тобы CASE-құралдарының өмірлік циклінің қандай да бір процесстерінің функционалдық бағытын  көрсетеді. Категориялар бойынша тобы орындалатын функциялардың біріктірілген дәрежесін анықтайды және кішігірім автономды есептерін шешетін жеке жергілікті құралдарды, ақпараттық жартылай интегралданған құралдар жинағын, және жалпы репоризаториймен байланысқан ақпараттық жүйелердің барлық өмірлік циклін қарастыратын толық интегралданған құралдарын қамтиды. Сонымен қатар, CASE құралдарын келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:

·                     деректер қоры мен жүйелер модельдері және пайдаланатын әдістемелерімен;

·                     деректер қорымен басқару жүйелерінің біріктірілген дәрежесімен;

·                     қол жетімді негіздерімен.

Түрлері бойынша бағыты CASE – құралдарының компоненттіқ құрамымен сәйкес келеді және келесі негізгі түрлерін қамтиды:

·                     пәнді облысының модельдерін (Design/IDEF, BPwin) құру мен талдауына арналған талдау құралдары (Upper CASE);

·                     жобалаудың кең тараған әдістемелерін қолдайтын және жобалық спецификацияларды (Vantage Team Builder, Designer/2000, Silverrun, PRO-IV) құрастыру үшін қолданылатын талдау мен жобалаудың құралдары (Middle CASE).

·                     кең тараған деректер қорларының сызбаларын генерациясы мен деректерді модельдеуін қамтамасыз ететін деректер қорын жобалау құралдары. Оларға ERwin, S-Designor және DataBase Designer (ORACLE) жатады. Деректер қорын жобалау құралдары  CASE-средств Vantage Team Builder, Designer/2000, Silverrun және PRO-IV құрамына да кіреді;

·                     қосымшаларды құрастыру құралдары. Оларға Vantage Team Builder, PRO-IV мен жартылай Silverrun құрамына кіретін 4GL (Uniface, JAM, PowerBuilder, Developer/2000, New Era, SQLWindows, Delphi және т.б.) құралдары және код генераторлары;

·                     бағдарламалық кодтар мен деректер қоры сызбалар қамтамасыз ететін және олардың негізінде түрлі модельдер мен жобалық арнауларды қалыптастыратын реинжиринг құралдары. ERD қалыптастыру және деректер қоры сызбаларды талдау құралдары  Vantage Team Builder, PRO-IV, Silverrun, Designer/2000, ERwin және S-Designor құрамына кіреді. Бағдарламалық кодтарды талдау облысында С++ (Rational Rose, Object Team) тілінде бағдарламалардың реинжирингін қамтамасыздандыратын объектіге бағытталған  CASE- құралдары кеңінен таралған.

Қосымша типтеріне келесі жатады:

·                     жобаны жоспарлау мен басқару құралдары (SE Companion, Microsoft Project және т.б.);

·                     конфигурациялық бақылау құралдары (PVCS, SCCS және т.б.);

·                     тесттілеу құралдары (Quality Works және т.б.).

 

 

Әдебиет:

1.     Орлов С.А. Технология разработки программного обеспечения. Учебник для вузов. СПб,: Питер, 2004, 527 с.

2.     Леоненков А. UML 2-е издание, Санкт-Петербург: БХВ-Петербург, 2004,432 с.