История/2.Общаяистория

ТаутановаБ.Ғ.,«Тарих»мамандығының4курсстуденті

Ғылымижетекшісі:ЕралинаА.Е.,ағаоқытушы

А.БайтұрсыноватындағыҚостанаймемлекеттікуниверситеті

ТәуелсіздікжылдарындағыҚостанайөңірініңжалпы орта білім беру жүйесі.

     1992 жылы Қазақстанның «Білім беру туралы» Заңды қабылданып, мектеп жасындағы барлық балалардың міндетті және тегін орта білім алуы заңды түрде бекітілді. 1993ж. Ақтөбе қаласында өткен республикалық мұғалімдер съезі қазақстандық мұғалімдерді мектептен өктем уағызшылдық тұлғаны бағдар еткен педагогоикалық процесс қалыптастыруға шақырды. Мұндай шаралар мектепке дейінгі тәрбие, орта кәсіптік – техникалық, жоғары білім беру секілді халыққа білім берудің басқа салаларында да жүргізілді. Алайда ол салалардағы шараларды жүзеге асыру кезінде де жалпы орта білім беру мәселелері қарастырылған.[1,495-499б.]

    «Білім беру туралы» Заң бұрынғы заң актілеріне тән білім берудегі мемлекеттік монополия, бұл саладағы басқаруды шектен тыс орталықтан дыру, шектен тыс уағызшылдық пен идеологияландыру, оқу орындарының қызметіне шек қою, қаржыландыру мәселесінде тек мемлекеттік бюджетке ғана арқа сүйеу секілді сипаттардан арылды.

«Білім беру туралы» Заңдағы ілгершіл идеялар 1995 ж. «Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күші бар Президент Жарлықтарында, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында одан әрі дамытылды. Республикалық сәуір кеңесінде (1995), Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің І- съезінде (1998), Үкіметтің бірқатар қаулыларында нақты шаралар белгіленді.«Білім беру туралы» Заң бойынша, жалпы орта білім- білім беру жүйесіндегі негізгі буын саналып, жалпы білім беретін мектеп бастауыш, негізгі және жоғары саты деп аталатын үш сатыдан тұратын болды.

     1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» жаңа Заңында да (1999 ж. Маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың әр түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер арқылы берілетін болды. Соңғы екеуінде оқушы кәсіби мамандық алумен қатар мектептің жоғары сатысының бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайды. [2,495-499б.]

  1991-1992 жылдары Қостанай облысында 896 жалпы білім беретін мектеп болды. Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде оқушылар саны осы жылдары 221,8 мың адам болды. 1993-1994 жылдары мектеп саны 905-тен 918-ге өсіп, 1996-2001 жылдары мектеп саны қайтадан азайған бұл жылдары саны 789-767 болған.

   2011 жылдың 1 қыркүйегінде  облыста 587 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді, 2009 жылғы көрсеткіштен 18 бірлікке кем, олардың 86-сы (14,7%) қалалық жерде орналасқан, 501 (85,3%) – ауылдық жерлерде. Жұмыс істеп тұрған күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 582-сі (99,1%) мемлекеттік болып табылады, 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 19 (0,2%) бірлікке қысқарды. Халық санының азаюына байланысты жəне кейбір елді мекендерде оқушылардың болмауын байланысты бастауыш мектептер жабылды, негізгі жəне орта мектептер қайта ұйымдастырылды. [3,14б.]

   Облыста жеке меншік мектептер саны 5 бірлікті құрайды. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 1 бірлікке артты, ал контингенті 73 оқушыға артып, 275 оқушыны құрады.2011 жылы күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 101377 адамды құрады (жеке мектептерді қоса санағанда), 2009 жылғы контингентпен салыстырғанда бұл 5449 адамға кем. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар контингенті 99,8%-құрады, олардың 44,9% – қалалық оқушылар жəне 55,1% ауылдық.

     Шағын жинақты мектеп – біріктірілген сыныптары бар жəне сабақтарды ұйымдастыру түрі ерекше, контингентінің саны аз жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақты мектептердегі контингент саны 40 адамға дейін, негізгі мектептерде 10 адамға дейін жəне орта мектептерде 280 оқушыға дейін. 2011 жылы 451 шағын жинақты мектеп жұмыс істеді, олардың: 106 (23,5%) – бастауыш мектептер, 115 (25,5%) – негізгі, 230 (51%) – орта. Осындай мектептер көбіне ауылдық жерлерде орналасқан. 2009 жылмен салыстырғанда ШЖМ саны 15 бірлікке қысқарды, бірақ үш жылда шағын жинақты мектептер үлесі күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 77,5%-ды құрап келеді. [3,15б.] Осы мектептердегі оқушылар контингенті 2011 жылы 35080 адамды құрады (жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 34,6%), олардан 990 оқушы (2,8%) бастауыш мектептерде оқиды, негізгіде - 5082 (14,5%) жəне орта мектептерде - 29008 (82,7%) бала. 2009 жылмен салыстырғанда шағын жинақты мектептердегі контингент 2397 адамға қысқарды, ал күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы контингентінен шағын жинақты мектептерде оқитындардың үлесі үш жыл бойы аз ғана кеміді: 2009 жылы - 35,2%, 2011 жылы - 34,6%. 2011 жылы осы мектептердегі оқушылар контингенті 10276 адамды құрады (оқушылардың жалпы санынан 10,1%), ал 2010 жылы 5010 оқушы болатын (оқушылардың жалпы санынан 4,8%),

    Əдеттегі жалпы білім беретін мектептермен қатар облыста жоғары деңгейлі мектептер мен инновациялық типті мектептер жұмыс істейді (гимназиялар, лицейлер, дарынды балаларға арналған мектептер). 2011 жылы 2009 жылы болғандай жоғары деңгейлі 14 (2%) мектеп саналып отыр, оның ішінде: 10 мектеп-гимназия, осындағы гимназиялық сыныптарда 6816 бала оқып жатыр (2009 ж. – 7111 оқушы), 2 лицей, оқушыларының саны 1145 адамды құрады (2009 жылы 1179 адам), 2 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат бар, контингенті 499 оқушы (2009жылы – 576 адам). [3,17б.]

     2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жоғары деңгейлі мектептердегі оқушылар контингенті ауылдық жерлерде де, қалаларда да болмашы кемігені байқалып отыр, ал инновациялық типті мектептердегі тоқушылар үлесі артып келеді. [3,17б.]

Дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар да, басқа балалар сияқты, толық білім алуға құқылы.Білім басқармасының деректері бойынша 2011 жылы облыста дамуда мүмкіндігі шектелген 921 баланы қамтыған 7 түзеу ұйымдары жұмы істейді.Өткен жылдармен салыстырғанда облыста инклюзивті білім беруді дамытуға байланысты контингент азын-аулақ болса да азайған.

     Осындай үлгідегі барлық ұйымдар облыстың қалаларында орналасқан жəне түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Түзеу ұйымдарының қызметтері бəрінен де бұрын дамуда мүмкіндігі шектелген балаларды əлеуметтік бейімдеу жəне кəсіптік даярлауға бағытталған, ол үшін маман педагогтар жəне оқыту үшін қажетті қаражат пен жабдықтар тартылады.Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының деректері бойынша облыста туылғаннан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 2007 жылы– 11722 адамды, 2009 жылы – 13165 адамды, 2010 жылы 13810, 2011 жылы 12884 адамды құрады.ПМПК қорытындысы бойынша дамуда мүмкіндігі шектелген балалардың ішінде 12331 бала оқытумен түзеуге жарамды. Осылайша 2009 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дамуда мүмкіндігі шектелген 357 бала оқыту мен тəрбиелеумен қамтылған болса, 2011 жылы олардың саны 415 адамды құрады. .[3,18 б.]

    Білім беру жүйесін жаңартудың басты міндеті – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күні бұл логикада қосымша білім беру өскелең ұрпақтың негізгі жəне қосымша білім беру ұйымдарының ұсынылған желісі ретінде ретінде ғана қаралмайды.2011 жылы 2009 жылы сияқты Қостанай облысында мектептен тыс қосымша білім беретін 69ұйым жұмыс істеп тұр.

Сонымен, жалпы білім беру саласы оқыту бағдарламалардың өзгерістеріне сай әр түрлі деңгейлік болып қайта құрылды. Солардың ішінде бастауыш негізгі орта деп бөлінген білім деңгейлері заңға сәйкес жас шамаларында өзгеріске ұшыратты, сонымен қатар осы тәуелсіздік жылдары оқуылық бағдарламалары мен оқулықтардың сан түрлі өзгеріске ұшырағанын біліеміз. Ең алдымен оқыту талабына сай жасалған шаралар болды.

1.     Әбжанов Х., Кенжебаев Ғ. Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат.-А.,2010

2.     Қазақстан Республикасының энцоклопедиялық анықтамалық., Ә.Н. Нысанбаев., Алматы, 2001 ж.

3.                                        Доклад о состоянии и развитии системы образования Костанайской области.2012ж. Сапанова Г.А., Окунева Н.А., Хамитова О.Т.