История/2.Общаяистория

Шахметова А.,«Тарих»мамандығының4курсстуденті

Ғылымижетекшісі:ЕралинаА.Е.,ағаоқытушы

А.БайтұрсыноватындағыҚостанаймемлекеттікуниверситеті

Азамат соғысының аяқталуы және өңірдің әлеуметтік- экономикалық жағдайына сипаттама

     Өткен ғасырдағы 30 жылдардың басында ресми мәліметтерде Қостанай өңірі округ болып аталды. СССР – де бұл кезең ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру ұранымен өтіп жатты. Жеделдетілген түрде тұтастай ұжымдасуға өту, оның қарқыны мен әдістері 30 жылдың алғашқы айларында қабылданған қаулыларда нұсқаулықтар мен Заңда белгіленді.

Сол уақытта  Қостанай округінде өз шекарасындағы адам саны 501255 болды. Этникалық жағынан алғанда  қазақтар 44,2 пайыз, украиндар – 33,3 пайыз, орыстар – 17,6 пайыз, басқалар 4,9 пайызды құрады. Округте 15 әкімшіілік ауданы болды.

     Ауыл шаруашылығын жағдайы былайша  көрінді: округте нақты 106490 шаруа қожалығы есептелді, олар 1 125474 гектар егістік жер болды. Ауыл шаруашылығының мейлінше дамыған саласы мал шаруашылығы еді, онымен негізінен түпкілікті халық айналысты. Жалпы мал басының саны 2 314308 бас болды [1].

    Қазақ халқы үшін бір мезгілде ұжымдастыру мен отырықшылық өмір салтына өту ең үлкен проблемаға айналды. Мемлекетті ұжымдастырудың алғашқы кезеңінде жергілікті органдарға ұжымдық ауыл шаруашылығы реформасының жоспарын ұсынды. Заң бойынша колхоз құрылысының жоспарын орындаудың негізгі әдістері аграрлық тұрғындар арасында жаппай түсіндіру науқанын жүргізу дәне аграрлықтардың кедей – орташа жігін ерікте түрде ұжымдық шаруашы-лықтарға біріктіру болып табылды. Орталықтың дерективаларында 1931 жылдың  көктеміне дейін СССР – дегі шаруалдың 50 пайызы ұжымдасуға тиісті болды. Алайда әуелден – ақ бұл реформа ұжымдастыру қарқынын шапшандатуды және еркіндіктің қандайын болса да болдырмауды болжаған болатын.

Осы үдерісті өткізудің күштеу және әмірлік – әкімшілік әдістерін пайдалана отырып, биліктің мемлекеттік органдары жергілікті халықтың шаруашылықты көшпелі түрде жүргізу ерекшелігін ескермей, европалық үлгідегі елді мекендерді ұйымдастырды.  Осындай зиянды саясаттың  салдарынан шағын аумақтарда  малының саны көп қазақи шаруашылықтар біріктірілді. Мал өсіру шаруашылығы технологиясын бұзу мал басы  өлімінің жылдан – жылға көбеюіне әкеліп соқты. 1930 жылмен салыстырғанда мал басының апатты түрде кемуі 1938 жылы 1 872615 басқа дейін төмендеді.

      Бұл жағдай, ең бастысы, ұжымдастыру науқанын ойластырмай және мал өсірудің қазақи көшпелі шаруашылығына тән ерекшелікті ескермей жүргізудің салдарынан болды. Жергілікті жерлерде жаппай ұжымдастырудың белсенді даму сатысының басталып, оған толық өткеннен кейін жергілікті  тұрғындардың жария қарсылығы жиі көрініс бере бастады. Күштік құрылымдардың деректері бойынша Қазақстан аумағында және Орынбор шекарасында үкіметке қарсы бірнеше қарулы қазақ отрядтары іс – қимыл жасады. Тұтастай алғанда қозғалыс Челябі облысының Троицк және Широт аудандарын, Ырғыз – Ақтөбе, сондай – ақ Жетіқара ауданы – Қостанай округтерін қамтыды. Үкіметке қарсы қоныс аударып келгендердің  бас  көтерулері тіркелді [2]. Әсіресе біздің облыс аумағынды қарсылық білдірудің Батпаққарадағы мейлінше белгілі ошағы округтік және республикалық билік  тарапынан ерекше қобалжушылық туғызды. Осы көтерілістердің негізгі шығу себебі ұжымдастыруды өткізудің әдістері болды. Ресми органда жергілікті тұрғындардың ашық бас көтеруіне себеп ретінде мынадай факторларды атады: таптық  күрестің шиеленісуі, өңірдегі  ұлттық  қозғалыс  дәстүрлері, байшыл элементтердің ықпалы және т.б.  Дегенмен, есеп берулерде көрсетілгендей, бұған партия мен үкіметтің нұсқауларын өмірге енгізудің күштеу әдістерін қолданған аудан басшыларының заңсыз іс – әрекеттері ықпал етті [3].

     Күштеуге, қатал тәртіп пен өктемшілдікке негізделген ұжымдастыру бағдарламасы өңірдің экономикалық жағдайына ғана емес, халықтың моральдық- психологиялық ахуалына да өте жағымсыз әсерін тигізді. Басқа аудандарға, басқа қалаға, тіпті округтен тыс жерлерде еріксіз қоныс аударушылар болды. Соғыс қарсаңы кезеңінде өнеркәсіп ауыл шаруашылығына қызмет етуге бағдарланған шағын қайта өңдеу кәсіпорындарымен көрінді. Мұның негізінде 5 адамнан аспайтын жұмысшысы бар түрлі үлгідегі диірмендер болды. Симеозер орман шаруашылығының кадрлар әлеуеті 120 адамды құрады, онда ағаш тілетін завод, ұстахана, балташылық шеберхана және басқа да қажетті өндірістер болды [4].

     Қостанай округінің өнеркәсіп дамуының тарихында «Жетіқаразолото» комбинатының алатын орны ерекше. Аталмыш асыл металл қазба орны ХІХ ғасырдың аяғында табылды. Кәсіпорын 1934 жылы одақтық маңыздағы мәртебеге ие болды, бұдан кейін өнеркәсіп объектісін қаржыландыру едәуір ұлғайтылды. Кәсіпорын жұмысы бір қалыпты болмады, оны алтын өндірудің мынадай көрсеткіштері айқын дәлелдейді: 1933 ж. – 1660 кг., 1934 ж. – 214 кг., 1935 ж. – 2452кг., 136 ж. – 2406 кг. Жұмыс істейтін адамдардың саны 3 мың адамнан астам болды. Кәсіпорын Қостанай өңірінде сөзсіз көшбасшы болып табылды. Дегенмен кен өндіру кәсіпорнында кадрлар тұрақсыздығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, жұмысшылар үшін тұрғын үйдің жоқтығы және т.б. кемшіліктер орын алды. Осы кәсіпорынның  дамуы жақындағы аумақтардың жалпы экономикалық дамуына елеулі дәрежеде ықпал етті. Қостанай облысында «Жетіқаразолото» алғашқы қала салу кәсіпорны  болды, өйткені аталмыш кен өндіру объектісі Жетіқара елді мекеніне  қала мәртебесін беруге негізгі себеп болды.

     Тұтастай алғанда Қостанай округінің әлеуеті елеулі болды. Мұрағат материалдары бойынша өңір түрлі пайдалы қазбалар қорын иеленді. Зерттеу жүргізу кезеңінде оның қойнауларында жатқан кендер: Жетіқара, Меңдіқара, Амангелді, Торғай аудандарында – көмір; әк тасы – Жетіқара, Таран, Меңдіқара, Амангелді аудандарында; қорғасын – Амангелді, Торғай, Қарабалық аудандарында; түрлі балшықтар мен алебастр – Федоров, Қарабалық, Меңдіқара, Амангелді, Торғай аудандарында; алтын – Жетіқара, Амангелді аудандарында; тұз – Таран, Амангелді аудандарында жіне т.б. болды. Сонымен, сол уақытта баоланған пайдалы қазбалар болашақта Қостанай өңірі үшін оларды өнеркісіп негізінде игерудің үлкен перспективасын ашты  [5].

   Ұжымдастырудан кейін елдің барлық аграрлық секторы колхоздар мен совхоздардың арасында, ал тұрғындардың ауылдық және селолық советтер болып бөлінді. Өткен ғасырдың 30 жылдарының ортасында СССР аумағында өлкелер мен округтер бөлшектеніп, облыстарға бөлінді. Бұл реформалар іс қағаздарын жүргізуді жетілдіру және жергілікті тұрғындарға мемлекеттің жаппай бақылау қажеттілігінен туындады деп түсіндірілді. Ұжымдастырудың көңіл көншітпейтін нәтижелері халықтың бір бөлігінің советтік шындықты қабылдауға ықыластыры жоқтығын көрсетті. 1936 жылы Совет Одағында жаңа әкімшіл реформа жүргізілді, оның мәні жаңа әкімшілік – аумақтық құрылымдардың арасында шекара белгілеуде болды.

     Осыған сәйкес Қазақ ССР – і құрылды. Бұдан бұрынырақ, Қазақ ССР – і құрылғанға дейін, автономиялық республиканың басшылығы одақтық үкімет алдында Қостанай облысын бөліп шығару туралы мәселе көтерген болатын.        Мұрағаттық құжаттар бойынша, 1930 жылдың бірінші жартысында аса үлкен аумақтық құрылымды мейлінше тиімді және жедел басқару мақсатымен Ақтөбе облысының құрамынан дербес Қостанай облысын бөліп шығару туралы Қазақ АССР – інің жоғарғы басшылығы өтініш жасады. Қазақстан басшылығы (ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитетінің хатшысы Л. Мирзоян мен Қазақ ССР-і АХК төрағасы У. Исаев тұлғаларында осы реформаның кеңейтілген негіздемесін ұсынды. Қостанай облысын жеке әкімшілік – аумақтық бірлігін мынадай аудандарды беру арқылы бөлу ұсынылды: Қостанай, Федоров, Қарабалық, Меңдіқара, Семиозер,Обаған, Жетіқара, Батпаққара, Торғай ( бұларды Ақтөбе облысынан беру арқылы). Аумағы жағынан ол көлемі 109,8 мың шаршы км., халқы – 449,3 мың адам, совхоздардың саны – 30, колхоздар саны – 600, МТС-і -23, жалпы егістік жер көлемі  588822 гектарды құрайтын 10 ауданды біріктіруге тиіс болды. Мұндай нығайған шаруашылық әртүрлі деңгейде көптеген мәселелер, әсіресе ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңінде, жедел шешуді қажет еткен кезде дәл және дұрыс басқаруды талап етті. Өлкені басқару проблемаларының бірі Ақтөбеден үлкен қашықтықты тек темір жолымен Орынбор мен Троицк арқылы ғана еңсеруге болатын, бұл облыс орталығында оның алыстағы аудандары арасындағы қатынасты өте қиындататын. [6]

Сонымен, экономикасы қуатты және дербес Қостанай облысын құрудың барлық алғышарттары бар болатын.

1.        ҚОММ  Қ.268,т. 1, Іс 634а, 269 п.

2.   Қазақстандағы мәдени құрылыстың материалдық – техникалық базасының дамуы. А. 2002. 35 б.

3.    «Еңбекші қазақ». 1922. №4-5.;

4.   Жұртбай Т. Ұраным Алаш. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. 472 б 5.

5.    Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Үшінші том: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары, қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіштері. – Алматы. «Мектеп» баспасы. 2003. — 400 бет. Алаш ақиықтары. Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. – Алматы, «Алаш», 2006. – 288-бет.

6.        ҚОММ  Қ.54, т. 1, Іс-737, 129 п.