БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНІҢ КӨРКЕМ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ

 

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев

 

Бүгінгі таңдағы жаҺандану үрдісінің басты ресурсы жан-жақты дамыған белсенді шығармашыл тұлға болғандықтан, өркениетті даму білім мен тәрбиенің жаңа сапасын талап етеді.

Жаңа нәтижеге бағдарланған оқытуда бейнелеу өнері пәнінің де бүгінгі талаптарға сай оқыту әдіс-тәсілдері сараланып қарастырылуда. Бейнелеу өнері пәнінде білім беру үрдісінің қалыптасып қалған жүйесі мен бүгінгі жаһандану жағдайындағы алшақтық дәстүрлі әдістемені жаңа әдіснамалық тұрғыда қарастыруды талап етеді.

Қоғамдық тәжірибедегі көркем-эстетикалық тәрбиенің негізгі функциялары жеке бастың көркемдік, рухани дүниетанымын сұлулық пен руханилық нормаларға сай эстетикалық идеал тұрғысынан қалыптастыру, олардың көркем талғамдарымен сұраныстарын, қажеттіліктерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Оқушыларды көркем тәрбиелеу бұл - балалардың өнерді сезіну, түсіну, бағалау, сүю және онымен ләззаттану қабілеттерін қалыптастыру процессі. Көркем тәрбие балаларды көркем-шығармашылық қызметке ынталандырудан көркем-шығармашыліық қызметке, эстетикалық, Сонымен қатар көркем құндылықтарды сомдауға дейін міндеттейтін қажеттілік».

Бейнелеу өнері пәні өзінің пайда болу, туындау табиғатынан шығармашылық пән, ол көркемдік қабілет, мәдени сана, рухани күш-қуат көзі. Көркемдік білім мен мәдениет мақсаты рухы таза, санасы биік жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Жас буынның рухани табиғатын аялап өсіру табиғаттың өз тылсым сырымен, қасиеттерімен сабақтас өрбуі тиіс. Бейнелеу өнері пәнінің көркем-шығармашылық және адамның қызмет түрлеріне сәйкестік табиғаты оның оқушы тұлғасын қалыптастыру мүмкіндіктерінің молдығын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдіру мақсатында көрсетіліп отырған «әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, Сонымен қатар оны жақсартута игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бейнелеу өнері түрлерінің өзіндік шығармашылық табиғатына сәйкес оқыту әдістемелерін жүйелеуді тіліап етеді. Жас ұрпаққа сап&лы білім, үлағатты тәрбие беру оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән беріп мәдени саналы, рухани дамыған және халықтық мәдениетке интеграцияланған оқушының жеке тұлғалық дамуына ықпал ету бейнелеу өнері сабақ түрлерінде жаңа әдістемелік негізде қарастырылуы тиіс. Қоғам дамуындағы білім беру ісінің жаңа реформаларына сәйкес жаңа үлгідегі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту көркем педагогика алдына оқушы тұлғасына өнердің қалыптастыру - дамытушылық мәселесін үлкен талаппен қойып отыр. Алайда осы бағыттағы білім мазмұны көркемдік мәдениетке байланысты педагогикшіық-психологиялық ғылыми әдебиеттерде өте сирек қарастырылған.

Көптеген зерттеу жұмыстарында бұл мәселе жеке педагогикалық тәжірибелер түрінде немесе теориялық түсініктемелік негізде қарастырылып оның әдістемелері жан-жақты зерттелмейді.

Жаңа қоғамдық формациядағы білім берудің мақсаттарына және мұндағы тұлғалық компонентке байланысты, оқушылардың өзіндік шығapмашылық қабілеттерін дамыту бейнелеу өнерінің көркем образдық принциптеріне негізделеді. Жаңа кезеңдегі білім философиясының басты ұстанымы оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушы мен мұғалім қатынасының диалектикалылығы, оқушының өз өміріне деген белсенді тұлғалық қасиеттерін ынталандыру, жан-жақты рухани дамыған мәдениетті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Мұндай бағдар әрине өнер, әсіресе бейнелеу өнері пәнінің спецификалық табиғи құрылымымен үндестікте қызмет етеді. Бейнелеу өнері пәніне тән өзіндік спецификалық қызметтік-процессуальдық форма жас өспірімнің шығармашылық белсенділігін ынталандыруға, рухани, мәдени жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндіктер ашады. Сондықтан бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі ең алғаш оқушы-мұғалім қатынасындағы сабақ процесі мен өнердің шығармашылық процесстерінің үндестігі мен сәйкестігі жағдайындағы белсендіру әдістемелерін қолдану жолдарын қарастыруы қажет. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың көркемдік қызметтерін, білім-тәрбие іс-әрекеттерін белсендіру әдістемесі оқушы мен мұғалімнің ортақ білім-тәрбие қызметіндегі сабақ процесімен оқушы шығармашылық процесінің өзара көркем-мәдени және рухани қатынастық байланысы мен үндестігін, білім-тәрбиелік, көркем шығармашылық қызмет әлементтерінің сәйкестігін қарастырады.

Мысалы. оқушының композициялық шығармашылық процесіндегі бояу, түстер реңттерін іздену кезеңінде мұғалімнің осыған сәйкес түстану,  қолорит туралы көрнекіліктер, немесе табиғаттан мысалдар келтіру тәсілдері т.б. қолдануы. Оқушының сурет құрылымын түзу кезеңінде сызық, штрих, тон перцептивтік материалдық әлементтердің әсерлі пластикалылығы, нақыштылығы туралы түсінік беріп мысалдар келтіруі т.б. осы сияқты тәсілдер жиынтығының оқушы шығармашылық қызмет процесіне үндестігі, оның ой-қиялын, көркем образдық қабілетін дамытады. Міне мұндай тәсілдер бейнелеу өнері түрлерінің көркем қызметтік формасы мен сабақ түрлерінің білімдік, тәрбиелік мазмұнына, мақсат-міндеттеріне сай оқыту процесімен көркем шығармашылық процесс үндестік үйлесімі мен сәйкестік әдістемесін қалыптастырады.

Осы мәселелерге байланысты біз оқушы көркем қызметіндегі шығармашылық процесстің негізгі кезеңдерін көрсетеміз:

І. Бейнеленетін нысанды бейнелі-пластикалық қабылдау. Бейнеленетін нысан, зат, пішін, көрінісін, кескін-келбетін, кейпін, мінездемесін, қимыл-қозғалысын бейнелі қабылдау. Бейнелеу тәсілдеріне сәйкес, ұқсастыра қабылдау. Көркем пластикалы сызықтық, түстік, тондық сипатта қабылдау.

ІІ. Бейнеленетін нысанның көркем пластикалық пішінін анықтау. Зат пішінін бейнелі тұтас керу, пластикалық елестетіп салу. Бейне жазықтығында бейнелі күйде елестетіп сызықтық түсіру. Бейнеленетін нысанды жалпы түрде сызықтық, түстік, тондық бейнелік кейіпте елестетіп бейнелеу. Нысанды көркем-пластикалық елестетіп ой-жүйеңі саналы талдап бейнелеу.

ІІІ. Тұтас бейненің конструктивтік-пластикалық пішінін композациялық сомдау. Нәзік, жеңіл пластикалық сызықтармен, тәсілдермен зат пішінін тұтас жалпылық түрде құру. Бейнелеу тәсілдері, құралдары арқылы заттың бейнелі нақыштық пішінін және түйінін анықтап бейнелеу. Бейнелеу құралдарымен, тәсілдерімен бейненің композициялық - пластикалық тұтас негізін ұйымдастыру.

ІV. Көркем-пластикалық тәсілдер арнайы бейненің көркем образдық пішінін сомдау. Бейненің пластикалық мотивін, әсерлі көрініс кейпін, мән-мазмұнын бейнелі анықтау. Образдық ой-сезімді, түйінді түрлі шешімдер мен тәсілдерде ізденіп анықтау. Композициялық - образдық тұтастықты жүйелі қалыпқа келтіру.

Пластикалық, конструктивтік-композициялық, образдық тұтастықты, мазмұндық және пластикатық түйінді сақтап бейнелеу. Бейне кейіп-күйін, қалпын сезімдік мәнділікте бейнелеу тәсілдерін іздену т.б.

Осы тұтас шығармашылық процесс кезеңдерінде оқушының көркем образды өз мүмкіндіктері мен шама-шарқынша сомдау икемділіктері мен қабілеттерін шыңдау тәсілдерін қолданып отырамыз. Мұнда түрлі бейнелік, иллюстрациялық, демонстрациялық тәсілдер жүйесі қолданылуы мүмкін. Алайда бұл үлгі, тәсілдердің, оқу-тәрбиелік әдістемелердің барлығы жүйелі байланыста оқушылар жеке және жас ерекшеліктеріне сай қолданылады. Оқыту процесімен оқушы шығармашылық процесінің үндестігі, мұғалімнің белсенді эмоционалды-сезімдік тәсілдер қолдануы оқушы көңіл-күйімен де, шығармашылық ой-қиялымен де үндестікте болуы жан-жақты талданып ойластырылады.

Бейнелеу өнері сабақ түрлерінің көркем қызметтік-процессуальдық және шығармашылық функциясы оқушының білім мазмұнын, тәрбие негіздерін өзіндік тұлғалық тұрғыда қабылдауына, оны өмірдің түрлі құбылмалы өзгерістерінде шығармашьшықпен қолдануына ықпал етеді.

Бейнелеу өнері шығармашьшық пән болғандықтан оның оқу-тәрбие тәсілдері де оған сай үнемі жаңаланып түрленген жаңа технологиялық шығармашылық мотивте құрылуы тиіс. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарының жазықтықта бейнелеу, сәндік қол өнері, мүсіндеу, конструктілеу және дизайн негіздері, сәулет өнері түрлерін және қоршаған ортаны көркем-эстетикалық қабылдау сабақ түрлері оқушыдан белсенді шығармашылық ой және практикалық қызметті талап ететін оқытудың көркем образдық принциптеріне негізделеді. Қазіргі кезеңде әлде де жалаң схемалық-конструктивтік, жеке дара логикалық мақсатты көздейтін оқыту бағыттары кездеседі.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыруда баланың эмоционалдық, рухани сферасымен бірге оның тұтас тұлғалық сипаттарын есте ұстау қажеттілігі, осы мәселеде оқыту-тәрбие әдістерінің тұтас жиынтығы мен әртүрлілігі де Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркин» М.В.Моисеева, А.Е.Петров еңбектерінде жан жақты қарастырылады.

Осы себептерге байланысты оқытудағы көркем образдық принциптері мен тәсілдері, оның эмоционалды - сезімдік модельдік бағыттары оқушының өнер түрлері арқылы қоршаған орта әлеміне, оның мәнді құбылыстарына, тылсым сырына үңілуіне мүмкіндік беріп өмірдің әсерлі саналылығына деген құлшыныстарын арттыра түсетіні сөзсіз.

Оқушының өзіндік жеке тұлғалық сипаттары мен қасиеттерінің «салыстырмалы автономиялылығы» тұлға бойында басты болып оның өмірлік позициясы мен мінез-құлқын айқындайтын белгілі бір мәдени, әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тұрақты бағдарланған көрінісімен анықталатындығы философиялық және психологиялық зерттеулерден белгілі. Әрине оқушы  тұлғасының  мұндай қасиеттері  ғалымдар  көрсетуінше олардың өмірге,  қоршаған орта құбылыстарына, әсіресе қоғамдық сананы менгеруі мен оқу процесіндегі қызмет түрлеріне өмірлік мақсаттары мен идеалдарын іріктеп, талдап қолдану әрекеттеріне байланысты.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде жан-жақты қамтылған өзіндік көркем-эстетикалық, рухани, мәдени функіщялар негізінде оқушының дүниетанымын қалыптастырып өмірге бойлата отырып өмірлік тәжірибені игеруіне әсер етеді. Көркем бейнелік өнер түрлерін оқып үйрену заңдылықтарын түсіңдіріп кана қоймай өзінің мән-мағыналық құрылымы, болмысы мен мазмұндық логикасымен табиғат пен қоғам оқушының жеке тұлғалық құрылымдық негізінде өмірге деген дүниетанымдық қатынасын қалыптастырады. Осы себептерге байланысты бейнелеу өнері сабағында осы өнер түрлерінің әр қайысысының өзіндік мазмұндық, пішіндік, материалдық түрлері мен ерекшеліктері оқушылар шығармашылық ой-қиялын түрлі дәрежеде дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда жазықтықта бейнелеу кеңістікті, көлемді, пішінді, түстер үйлесімімен сызық, түс, тон сияқты материалдық перцептивтік құралдармен орындау арқылы оқушылардың дүние құбылыстарынан алған әсерлі эмоционалдық сезімдері арқылы ес, елес қабілеттерін, қиялын дамытумен қатар кеңістіктік логикалық ойлау жүйесінде дамытады. Өзіндік тәсілдер арқылы ой еркіндігін артырады. Эмоционалды, жарқын көңіл-күй серпілісін тәрбиелейді. Ал графикалық өнер түрлері мен тәсілдері олардың логикалық, ойлы-тұжырымдық, аналитикалық сезімдік ойлау желісін шабыттандырады. Қол өнері қызметі ой-жүйесімен қол икемділігі, іс-әрекет, қимыл-қозғалыс жүйесінде технологиялық іскерлік шеберліктерімен қатар заттардың өмірлік, тұрмыстық мәнділігін түсінуге жағдай туғызады. Мүсін өнері баланың пластикалық, кеңістіктік, көлемдік-пішіндік сезіну түйсігін дамытады.

Конструктілеу мен дизайн өнері олардың заман талабына сай көркем-конструктілік, кеңістіктік, түстік сезінуі мен көркем ойлау мүмкіндіктерін арттырады. Өнер түрлері мен қоршаған ортаны қабылдау сабақтары дүние әлемінің әсемдігін сезініп түсінуге тәрбиелеп, мәдени және рухани құндылықтармен таныстырып дүниетанымын кенейтеді. Осылайша өнер түрлері өздерінің көркем қызметтіқ-процессуалдық функцияларымен оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады. Осы мағынада төмендегідей ғылыми тұжырымды сол қалпында көрсетуді жөн көрдік. «Генетическая взаимосвязь объединяет искусства единством трудового, утилитарного происхождения, синкретизмом, единством социально-эстетической сущности. Возникшее в трудовых процессах искусство остается верным традициям тесной связи с жизнью, с действительностью, с человеком труда, с его преобразующей, творчесқой деятельностью. Заложеңная в самой природе искусства связь с практическими потребностями человека и в настоящее время сохранила свое прямое значеңие в отдельных прикладных искусствах (архитектуре, искусстве интерьера, плақате, политичесқой карикатуре, иллюстрациях научных изданий, научно-художествеңной литературе, художествеңной публицистике, хореографии и т.д.)».

Сөйтіп өнер түрлерімен құрал тәсілдері осы көрсетілген негіздерде оқушы шығармашылық қиялын дамытып тұлғаның өмірге жаңа ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Өнер түрлерінің орындалу күрделілігі мен әсерлі-нақыштылығы орындалу денгейлеріне қарай шығармашылық қызметтің мәнділігі артып оқушы танымын дамытады. Адам дүниетанымын қалыптастыру тұтас тәрбие жүйесін қажет ететін аса күрделі процес.

Жеке тұлғалық даму адам жас ерекшеліктеріне, жеке дара сипаттарына байланысты болғандықтан өнер түрлері арқылы тәрбиелеу, оқыту әдіс-тәсілдері де вариациялы және диффереңциалды қолданыс табады. Мектеп жасында интеллектуалдық-психологиялық даму үрдісі өте өзгермелі және жедел өзгерісте болатындықтан өнер түрлерімен тәсілдері өз табиғатына сай осындай өзгермелі күйде қолдануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп оқушы санасын, рухани әлемін дамытуда олардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай өнер түрлерінің олардың көркем қызмет процесіне сай келетін түрлері мен материалдары оқыту іс-әрекетіне, процесіне сәйкестеңдіріп қолдануы жеке тұлғаны қалыптастыруда оңды нәтиже берері сөзсіз. «Тәрбиешілерге осындай педагогикалық вариативтікті тек қана өнер ұсына алады. Өнер ғана осындай ақпараттар масштабын қамтиды. Тек өнер ғана адамның жеке және қоғамдық қызметінің барлық түрлерімен өте тығыз байланыста. ... Дүниетанымдық проблемалар осындай нақты айқындылықпен өнерде ғана концеңтрацияланады, бұл қосымша дәлелді қажет етпейтін - факт».

Мұнда бала шығармашылық қызметінің өмірде қажеттілігі, пайдалану мүмкіндігі болуы оқушы шығармашылық ынтасын арттыра түседі. Мұндай, оқушы қызметінің мәнділігі мен қажеттілік принципі, оны өмірде қолдану мүмкіндігі, сабақтың вариативтік сәйкестік тәсілдері өнер түрлерінде оқушы қызметінің әр түрлілігімен анықталады.