ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУДЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЕҢГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұғымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік дейгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тәрбие мектептерінде білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды және кейбір қажетті дағдылар мен ебдейліктер деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту мен балама оқыту әдістемеліктерінің үйлестірштең түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе - қайсысынан қандай әлементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стаңдарты бойынша, базистік оқыту жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.

Оқушы тұлғасының дамуына мақсималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.

Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.

Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі керек.

Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік жағдаятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шынды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

Сырттағы білімді іштегі білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.

Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім терңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.

Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді.

 

Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі

 

Дәстүрлі педагогика

Дамытушы педагогика

Мәні

Білім, ептілік, дағдыны менгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игерту

Әрбір  оқушыға оқып  -  тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі    ретінде дамуға

жағдай жасау, қасиет-

қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Білім, ептілік, дағдының дәрежелері

Соған қоса маңызды

психикалық қызметтерін,

ақыл-ой жұмысының

тәсілдерін    қалыптастыруға    мүмкіндік беретін оқу үрдісі

Мұғалімнің рөлі

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатіліысы

Танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, ұжымдық істердін ұйытқысы, кеңесшісі

Педагогтің   негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Әрекеттестік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Педагог қызметі

Білім беру

Адамды өсіруші

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты (мұғалім жағынан)

Диалогты

Оқытудың    басым

әдісі

Мәліметтілік

Ізденісті-зерттеушілік

Сабақты

ұйымдастыру

түрі (формасы)

Фронтальды, топтық

Жекебастық, топтық

Мазмұнының негізі

Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына    сүйеніп, анықталған мәселе лерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдер

Көрсету  - түсіндіру - жаттықтыру -бақылау - бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекеті,

табылған   әңгімелесу   дәлелдеу,   әңгімелесу тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Педагогтің материалды түсіндіруге  кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өздік жұмысының уақыты

Өте аз

Салыстырмалы

Әректтестіктегі қызметтер

Мұғалім – жетектеуші, оқушы -орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлескен ізденіс

Оқушы поэзиясы

Қызығу аз, пассивті

Қызығу бар, ынталы, шабытты

Сабақтағы     жанға жайлы сәттер

Кей кезде пайда болады

Әрдайым және мақсатты бағытталған

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде туындайды

Әрқашан және мақсатты туындайды

Педагогикалық тәжірибеде аралас сабақ кең орын алған. Аралас сабақ негізінен төрт кезеңнен тұрады: сұрақ - жауап оқушылардың өткен материалдарын игеру денгейін тексеру, жаңа материалдарды түсіндіру хабарланған білімді бекіту, үйде орындауға тапсырма беру. Бұнда сабақтың әр кезеңіне шектеулі уақыт беріліп, бүкіл сабақ жүрісіне кесте жасалынып отырады. Аралас сабақтың осылайша бір үлгіде жүргізілуі көп жағдайда оқытудың маңызын түсіріп, оқушылардың белсенділігін төмендетеді. Аралас сабақтың негізгі кемшіліктерін проблемалы оқытуды зерттеушілердің бірі М.И.Махмудов ашып көрсетті.

Аралас сабақтарға кеңінен қолданылып жүрген оқыту әдісіне түсіндіру-көрсету арқылы мәлімет беру жатады. Бұл әдісті қолдану кезінде оқытушы қажетті білімді дайын түрде береді де, оқушылардың іс - әрекетін белгілі бір шеңберде тежей отырып, оларды берілген материалды және оған байланысты іскерлікті жаңғыртуға жетелейді. Оқушылар оқу материалын жадына сақтап, ойлау арқылы ғана менгереді де, бағдарлама материалдарын игеруде белсенділік көрсетпейді: оқу кезінде шешу жолы қарастырылған мәселелерді шешуге ғана үйренеді де, келешекте мәселені өз бетімен шешуге қабілеті нашар болады.

Дәстүрлі аралас сабақтың құрылымы

 

Рет саны

Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Негізгі кемшіліктер

1

Сұрақ-жауап

Үйге берілген тапсырманың орындалуы және өткен сабақ материалдарының игершуі туралы ақпарат алу

3-4 оқушыдан ауызша жауап алу кезінде көп уақыт жұмсалады. Қалған 20-25 оқушы әрекетсіз қалып жалығады.

2 Түсіндіру

Жаңа білімді баяндап беру

Оқытушының жаңа материалды түгелдей  дайын күйінде жеткізуге тырысуы оқушылардың өз бетімен ізденуге   деген құштарлығын тежейді.

 

3

Білімді бекіту

Түсіндірген материалдарды қайталап айтуға қабілеті жететіндігі туралы ақпарат алу

Оқытушының жаңа ғана баяндаған материалын қайталап айтып шығу оқушылардың ойлау қабілетін белсендірмейді.

Бұлай оқыту әдісі оқушылардың белгілі бір мөлшердегі біліммен қамтамассыз етеді, бірақ олар алған білімін кең мөлшерде қолдануға қабілетсіз болады.

Проблемалық оқытудың жоғарыда көрсетілген оқыту әдісінен негізгі айырмашылығы оқушының дайын мәліметтерді қолданудан сол мәселелерді қажет ететін, ізденуші адамға айналуында.

Оқытушы проблемеалық мәселені қою арқылы оқытушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы менгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігін артады. Сондықтан да проблемелы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор, өйткені, ол құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуынна әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әр түрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кең қолдана отырып Сонымен бірге оқушылардың есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет.

Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмудов, А.М:Маттошкин. И.Я.Лернер, Ю.Н.Бабанский және т.б. еңң зерттеген еді. Проблемалы оқытута арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ, соңғы кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде қолданудың жағдайы қанағаттанрлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болуында және оның мән жайын жақсы білетін оқытушылардың аздығында.

Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқытуды игеруге бағытталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалы оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізеді.

 

Проблемалы оқыту сабағынын құрлымы мен артықшылықтары

 

 

Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Жұмсалған     уақыт мөлшері

Іске асырудың жолдары

Байқалған артықшылықтар  

1  

Өткен материалдарды пысықтау

Менгерілген білімді реттей отырып, оны қолдана білуге үйрету. Кезекті сабаққа қажетті білімді жинақтап дайындау

10-15

Барлық оқушыларға қысқа ғана жұмыс жаздыру

Оқушылар түгелдей өз білімін көрсетеді

2

 

Пысықтауды

қорытындылау

 

Өтілген материалдардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу

12-15

Оқушылардың

жеке жұмыстарына

қысқаша      шолу жасау

Оқушылар өз жұмысының нәтижесін    көре отырып келесі тақырыпқа ынталы болады

3     

Проблемалы жағдай туғызып оның негізгі мәселелерін көрсету

Оқушыларды ойлауға,      талдауға, ізденіске ынталандыру

15-20

Проблемалы мәселені баяндап

беру

Оқушыларды ң сабаққа деген ынтасын арттырады

4

 

Порблеманы шешу жолдарын қарастырып болжам жасау

Бұрынғы білімдерді пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету

15-20

Оқушылар мен

эвристикалы

түрде әңгімелесу

Оқушьшар дың ойлау қабілетін қоздырады

5

 

Болжамды дәлелдеу

 

Жаңа материалды талдауды    тереңдете түсу

10-12

Әңгімелесу, мысал келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу

Мәселеге сын көзбен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді

6    

 

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

Алынған білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру

8-10

Қателіктерді пысықтау шешімді қорытынды лау, есептер шығару

Оқушылар дың өз біліміне іскерлігіне деген сенімін нығайтады

Проблемалы оқытуға арналған ізденіс жұмыстары проблемалы сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге нақпа - нақтап бөлуге болмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, қойылған мақсат пен сабақтың мазмұнына байланысты оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір реттігін жасауға да болмайды. Сол себепті проблемалық сабақты ұйымдастырудың сан - алуан жолы болуы мүмкін.

Проблемалы сабақты жүргізу негізінде дәстүрлі аралас сабақта қолданылып жүрген материалды бекіту бөлімінің қажеттілік болмайды, өйткені жаңа білімді игерудің өзі оқушылардың өнімді қызметі арқылы атқарылады, ол өз кезегінде, оқушылардан бұрынғы менгерілген білімді қолдана отырып жаңаны қабылдауды қажет етеді.

Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.

Ізденіс жұмыстарын өткізу кезеңінде оқушылардың жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:

·        оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;

·        қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;

·        қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;

·        оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;

Ізденіс жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

-   проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;

-   белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән программасыңда көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалкы материалдарды бөліп алу қажет;

-   қосалқы материаадарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;

-   негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады.

Оқушылардың әр түрлі есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік денгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.