Қазақ тілі мұғалімі: М. Р. Макашева

 

№102 «Айсұлу» б/б КМҚК

 

Мектеп жасына дейінгі орыстілді балаларға қазақ тілін үйретудегі ақпарттық технологияның рөлі

 

 

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Педагог алғаш жаңа педагогикалық технологияларын оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – педагогтің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Компьютерлік технологияны қолдану – жеке тұлғаны қалыптастыруда, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттыруда атқарар рөлін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.

Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу педагогтің шеберлігі болып табылады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді.

Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі – сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Осылардың бәрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиалық бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, сөйлесім әрекетін дамытуға зор әсерін тигізеді. Сөйлесім әрекетінің кез келген түрінің негізіне көру-есту моторының арасындағы байланыс жататыны белгілі. Сондықтан тақырыптық жүйеде аудио-бейне әсерлермен ұсынылған тілдік материал адамның көру, есту сезімдеріне ерекше әсер ете отырып, есте сақтау мүмкіндігін арттырады.

Қосылып әндер айту, диктордың айтқанын қайталау арқылы дұрыс айтуға дағдыландыру, мағынасын аша түсетін бейне материалдар, т.б. тәсілдер компьютерлік технологиялардың арқасында өте жылдам және ыңғайлы жүйеде жүзеге асуда.

Бала әрекетін белсендіре түсетін жаңа педагогикалық технологиялардың бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибемде қолданып келемін.

Мектеп жасына дейінгі орыстілді балаларға қазақ тілін үйретуде компьютерлік технологияларды пайлалануда оқытудың ең тиімді түріне Microsoft Power Point презентациялар технологиясын жатқызуға болады.  Презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады.  Бұл технология, бір жағынан, балаға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, педагогтерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді, яғни алдымен өткенді қайталап одан кейін жаңа материалға кезең-кезеңімен оңай көшуге болады. Презентациялар технологиясын пайдалану балалардың ынтасын арттырып, оқу әрекетінің қызықты өтуін қамтамасыз етеді, дайын аннимацияларды қолдану балалардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын да арттыра түседі және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тақтаға ілінген сурет пен бормен жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті суреттермен, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Бір қолайлысы, слайдтарда қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

Мектеп жасына дейінгі орыстілді балаларға қазақ тіліне тән дыбыстарды есту арқылы дұрыс дыбыстай білуге үйретуде мультимедиаресурстары бейне көріністер мен аудиоматериалдарды, мультфильмдерді кеңінен қолдануға болады. Бала көріністі көреді, естиді, қайталайды, үлкен әсер алады, есінде қалады. Артикуляциялық-есту әдісі мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең жеңіл және оңай әдіс болып табылады. Мысалы, «Шикула» баспасы ұсынған «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» бейне-әліппесін орыстілді балаларға қазақ тіліне тән дыбыстарды үйретуде дайын материал ретінде қолдануға болады.

Компьютердегі «Paint» бағдарламасы арқылы жұмыс дәптерінде бекіту мақсатында берілетін «суретті боя» деген тапсырманы орындау барысында кезең-кезеңмен мысалы, жапырақтарды алдымен жасыл түске, одан кейін сары және қызыл түске бояп дайындап алып, үлгі ретінде көрсетіп отыруға болады. Әрі сөздік қорын дамытып үйренген сөздерін еркін қолдануға жаттықтыруға болады, яғни бояй отырып, бала сары жапырақ, жасыл жапырақ, қызыл жапырақ деп қайталайды.

Ал оқу әрекетін қорытындылау кезеңін "бір сөзбен қалай атаймыз және осы тақырыпқа қатысты сөздерді атайық" деп атап, өтілген тақырыпқа байланысты суреттерді топтап көрсетуге болады. Бұл арқылы баланы байланыстыра сөйлеуге төселдіре түсуге, өздігінен сөйлеуге ынталандыруға, алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі орыстілді балалардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын тудыру әрі белсендіре түсуде дәстүрлі оқыту түрлеріне қарағанда компьютерлік технологияны қолдану тиімділігінің  мынадай артықшылықтарын атауға болады:

·       иллюстрациялық әдіс көп қолданылады;

·       дыбыстар, мультфильмді көріністер баланың назарын аударады;

·       ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады;

·       сөздік қорлары көбейеді;

·       жекеше, көпше түрді жақсы түсінеді;

·       нәрсенің түсін, санын жеңіл меңгереді;

·       баланың қызығушылығын арттырады;

·       алған білім ұзақ уақыт есте сақталады;

·       уақыт үнемделеді.

Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтің мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол педагогті алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі - білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.   

         Компьютерді пайдалану оқу әрекеті сапасын көтерумен қатар балалардың ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады. Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де балалар үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады. Олай болса, барлық оқу әрекеттерін компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

 

Әдебиеттер:

 

1. Аренова А.Х. Интернет-технологии в процессе обучения. Начальная школа, 2003, № 3.

2. Горвиц Ю.М. Новые информационные технологии в системе образования.

3. Плужникова Л. Использование компьютеров в образовательном процессе. Дошкольное воспитание, 2000, № 4.