Қарсы мӘнді фразеологизмдердің жалпы
мӘселелері
Миркемелова Айнұр Білісбайқызы
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Практикалық лингвистика кафедрасының
аға оқытушысы, филология магистрі
Успанова Қарлығаш
Аграрлық-биологиялық факультеті Экология
мамандығының 1 курс студенті
Философиялық
тұрғыда қайшылықтар бірін-бірі жоққа
шығару қасиеттерін иеленсе, осы қайшылықтың екі
шегі (полюсін) қарама-қарсы құбылыстар болып табылады.
Салыстыру нәтижесінде философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңының”: 1) Ажырамас бірлікте болу; 2) Әр қилы ғана емес, сондай-ақ бірыңғай қарым-қатынаста тұрып-ақ бірін-бірі жоққа шығару; 3) Бір-біріне өту сияқты негізгі белгілері тілдегі антонимдердің мынадай басты критерийлерімен ұштасып жатады:
1) Тілдегі қарама-қарсы
ұғымдар бір-бірімен байланыста болады, бірінсіз-бірі өмір
сүрмейді. Мысалы: жақсы«жаман, үлкен«кіші, биік«аласа.
2) Антонимдік жұптар бірін-бірі
жоққа шығарып, затқа жаңа баға бере алады.
Мысалы: ақылды – ақылсыз деген жұптарда ақылсыз
сөзі ақылды деген сөздің мағынасын мүлде
жоққа шығарады, бірақ адамға тән
қасиетке жаңа баға бермейді. Ақылды деген сөзге
мүлде кереғар ұғымды білдіріп, адамның жаңа
бір қасиетін білдіретін сөз – ақымақ. Сонда ақылды
« ақымақ антоним сөздер, ақылды
« ақылсыз болымды, болымсыз
тұлғалар.
3) Антонимдер үнемі бір-біріне
қарама-қарсы қолданыла келе мүлде жақындасып,
кірігіп кету қасиетіне ие. Мысалы: жақсылы-жаманды өмір
сүру, істің бас-аяғы, қысы-жазы, күні-түні,
әне-міне, алды-арты, іші-сырты.
Тіл
білімінде “қарама-қарсылық” пен “қайшылық”
ұғымдарының айырмашылықтары мен мәнін ғалым
Ж.Мусин түсіндірген болатын. Ж.Мусиннің тұжырым бойынша:
“Қайшылықты ұғымда бірін-бірі тікелей жоққа
шығарады. Мысалы, А-А емес, Б-Б емес. Бұлардың арасында
ешқандай аралық мүше болмайды. Тіл білімінде мұны
болымсыздық категориясы деп атайды. Қарама-қарсы
ұғымдар бір логикалық қатардың ең шеткі екі
мүшесі болып табылады. Олардың арасында үшінші аралық
ұғым (мүше) болуы мүмкін. Қарама-қарсы
ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарып қана
қоймайды, сонымен қатар затқа құбылысқа
жаңа баға береді. Логикада бұлардың арақатынасы
А-А емес – Б, Б-Б емес – с деп бейнеленеді”.
Қазақ
тілі білімінде қарсы мәнді фразеологизмдер мәселесі
күні бүгінге
дейін арнайы зерттеу нысаны етіп
қарастырылмаған. Академик І.Кеңесбаев: “Фразеологизмдер
ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың
бары анық болса да, олардың типтері әлі де тереңірек
зерттеуді, тексеруді қажет етеді” – деген болатын.
Тіліміздегі лексикалық
антонимдер теориясын қалыптастырушы Ж.Жусин бұл
тақырыптың болашақта зерттелуі тиіс екендігін айтып:
“Фразеологизмдер көбінесе сапалық-бағалық сипатта
болады. Сондықтан көптеген идиомдар мен фразалар бір-біріне
қарсы мағынада болып келеді” – деп ой түйеді.
Бұл пікірден өзге
фразеологиялық антонимдердің анықтамасы мен жасалу жолдары
туралы мәліметті Ә.Болғанбайұлы мен
Ғ.Қалиұлының “Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы” атты оқулығынан
ғана кездестіруге болады: «Лексикалық бірліктер (сөздер)
сияқты фразеологизмдер де мағынасы жағынан бір-біріне
қарама-қарсы қатынаста кездеседі Мысалы: ат ізін салмады – ат ізін құрғатпады, қоян
жүрек – ер жүрек; май қап – тас қап т.б. Осындай
мағынасы қарама-қарсы фразеологизмдер фразеологиялық
антонимдер деп аталады. Шындық өмірдегі заттар мен
құбылыстардың, әрекеттердің
қарама-қарсылығына негізделген лексикалық антонимдерден
фразеологиялық антонимдердің басты ерекшелігі –
қарама-қарсы мағыналарды бейнелеп, мәнерлеп
беретіндігінде. Мысалы: қатынаспады
– келіп тұрды дегенде бір нәрсенің мән-жайын
ғана хабарламай, стильдік мәнін күшейтіп, әсерлі етіп
білдіріп тұр.
Лексикалық антонимдердің контексте берілу
ерекшеліктеріне қатысты Ғ.Мұсабаев, Ж.Мусиннің
тұжырымдары мен топтастыруларына сүйене отырып, контексте
қарсы мәнді фразеологизмдердің қолданылу сипатына
қарай төмендегідей түрлері анықталды:
1) Фразеологиялық
антонимдер бір сөйлемнің ішінде қатар беріледі: Үнемі
асығы алшысынан түсіп саудасы жүре қоюшы еді,
бүгін күн ұзаққа ісінің қырын кетуін
көрмеймісің (М.Сүндетов).
2) Контексте
лексикалық бірлікке фразеологизм қарсы мәнде
қолданылады: Жаңа Мүлік, Ақжандар келгенде
қатты қуанған Құпия мына жаңа топты
көргенде көңілі құлазып сала берді (С.Досанов).
Мәрия да інісіне тартқан көріксіз қызғылт сары
әйел еді. Күйеуі үріп ауызға салғандай әрлі
жігіт-тін (М.Ысқақбай). Сен қазір жуансың. Мен
болсам жзастайымнен өмірім жалшылықта өткен, сіңірі
шыққан кедеймін (Б.Тілегенов).
3) Лексикалық
антонимдер мен фразеологиялық антонимдер контексте қатар
жұмсалады: Қуаныш деген өзгенің басындағы
қайғысына қарамайтын арсыз нәрсе екен-ау,
марқұмның денесін шығарғанда, жерлегенде
өзгелер аһ ұрып күрсініп, ботадай боздағанда
бұл екеуінің қуаныштары қойнына сыймаған еді
(Т.Нұрмағанбетов).
4) Контексте
фразеологизмге синонимдік қатардағы фразеологизмдер антоним болып
келуі кездеседі: Күлшараның үлкен қызымен
үнемі керісіп қалушы едік, екінші қызымен шәй деспей,
дәм-тұзымыз жарасайын деп тұр-ау – деген ойды Үсентай
әу бастан-ақ ойлаған (Т.Нұрмағанбетов).
5) Фразеологиялық
антонимдер жеке, дара қолданылатын контекстер.Қарсы мағыналы
сөздер үнемі бір сөйлем ішінде жұр болып
қолданылуы шарт емес, ал фразеологиялық антонимдер әр
сөйлем ішінде жеке қолданылғанмен де олардың антонимдік
мәнін ажыратуға болады.
Мысалы: Екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей азамат
еңкілдеп жылап жібергенде жаралы Қасымның да
көңілі босап, көзі жасаурай қалды (С.Досанов). ...Жасын
тыйып, жайраңдап шыға келген Бәдәуи екі езуі
құлағына жете ыржиды (С.Досанов).
Келтірілген
бірінші сөйлемдегі еңкілдеп жылау фразеологизміне екінші
мысалдағы екі езуі құлағына жету фразеологизмі
антоним болатындығы жеке алғанда да, контекст ішінде де анық көрінеді.
6) Контексте
авторлық өзгеріске түскен фразеологизмдер қарсы
мәнде жұмсалады: Еш пендені тыңдамай өзің би,
өзің қожа болып үйренгесің. Басыңды
жазбақ түгілі, астауға құйып шомылдырайын. Тек
айтқанымды істейсің, айдағаныма жүресің,
айтақтағаныма үресің (О.Бөкей).
Бұл сөйлемде “айтқанына көніп,
айдауына жүру” фразеологизмін автор “айтқанымды істейсің,
айдағаныма жүресің, айтақтағаныма
үресің” деп өзгертіп қолданған. Аталған
фразеологизм дегенін бұлжытпай орындау, тыңдау мағынасын
білдіріп, іргелес сөйлемдегі өзі би, өзі қожа (ешкімді
тыңдамайтын, өз дегенімен жүретін адамға қатысты
айтылады) фразеологизміне қарсы мәнде келіп тұр.
7) Контексте тірек
сөз негіз болған фразеологизмдердің біреуінің
компоненттері толық беріліп, екіншісінікі толық болмаған
жағдайда қарсы мәннің берілуі: Оның
жүрегінің ақ немесе қара екенін бірер рет сыр шертісіп,
әңгімелескеннен кейін ғана білуге болады деп ойлаймын (“Жас
алаш”).
Бұл
сөйлемде ақ жүрек –
қара жүрек антоним фразеологизмдерінің жасалуына негіз
болған тірек компонент – жүрек сөзі.
8) Антоним
фразеологизмдер контексте фразеологизмнің мағынасын нақтылап,
түсіндіріп, анықтап тұратын сөздермен жарыса
жұмсалады: Хадишаның ұсынысын қабылдамаған екі
ұлдың қабағына қар жауып ашуланып, дәм
сызбай отырып алды. – Иә, мен тәтемін, Елжас пен Олжас інілерім деп
тұйықтан шығар жолдың табылғанына
қуанған Хадиша. Осыдан кейін ғана балалар қуанып
көңілдері жадырап сала берді (Б.Мұқай).
Мұндағы қабағына қар жауу «
көңілі жадырау фразеологиялық антонимдерімен бірге,
фразеологизмдердің
мағыналарын
түсіндіріп,
нақтылап
тұрған – ашулану «
қуану
лексикалық бірліктері.
9) Контексте бір
сөйлемнің ішінде екі-екіден жұп болған параллель
антонимдік фразеологизмдер қатарымен қолданылады.
Мысалы: Шалға
ұрлана қарады, жүзіне көлеңке жүгіріп,
қабағы түюлі екен. Бұл болса көптен
күткен адамы келген соң қабағы ашылып, жүзіне
шыр жүгірді (Б.Мұқай). Бұл мысалда
автор жүзіне көлеңке жүгіру «
жүзіне шыр жүгіру, қабағы ашылу «
қабағы түйілу деген фразеологиялық
антонимдерін екі адамның эмоциялық күйі мен жағдайын
қатар алып салыстыруда қолданған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев
М., Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. - Алматы,
1965.- 187б.
2.
Болғанбайұлы.Ә. Қалиұлы Ғ. Қазіргі
қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. - Алматы,
1997. -256б.
3. Кеңесбаев І.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы,
1977. – 712 б.