Билдебаева Д. А.

Оқытушы: Алматы энергетика

және байланыс университеті

 

Шет тілін оқытудағы фонетика ғылымының ролі: дыбысты дұрыс айтылу дағдысын қалыптастыру

Фонетика- лингвистика ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бөлімі. Шет тілін үйренуді оның дыбыстык жүйесін үйренуден бастайды. Дыбыстарды дұрыс айту ойды дұрыс жеткізе білуге, дұрыс түсіне білуге кызмет етеді. Өзге тілді үйренгенде оның дыбыстық жүйесін ана тілінің дыбыстық жүйесімен салыстырамыз. Мысалы, қазақ тілінде ағылшын тіліндегі сияқты дыбыстардың қыска, ұзақ түрлері болмайды. Ағылшын тілінде сөздің соңындағы ұяң дауыссыз дыбыстардың айтылуы да сөздің мағынасын өзгертеді. Мысалы: соt, [кᴐt] - «балалар кереуеті», соd [кᴐd] -«нәлім» деген үғымдарды беретін сөздерде соңғы дауыссыз дыбыстар өзгеремеуі керек. Орыс тіліндегі сияқты қатаң айтылса сөздің мағынасы өзгереді. Мысалы: кот, код орыс тілінде бірдей айтылады: [кот]. Дыбыстар белгілі бір қалыптағы дыбыс мүшелерінің жұмысы нәтижесінде пайда болады. Дыбысты айтудағы дыбыс мүшелерінің орны мен қозғалысы оның артикуляциясы (articulation), әуенінің өзгеруі интонация (іntonation) деп аталады. Сөзді дыбыстық жүйенің белгілері арқылы жазуды транскрипция (transcription) деп атайды. Транскрипциялық белгілер, әдетте, квадрат жақшаға жазылады.

Әр тілде дыбыстау мүшелерінің ерекше құрылымы мен қозғалыстары болады, сондай-ақ әр тілдің тек өзіне тән тыныстық режимі мен кернеуі де болады. Жоғарыда айтылған қасиеттер тілдің артикуляциялық базасы деп аталады (articulatory basis of the language). Кез келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі - дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу үйренушінің осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты. Тілді үйретудің мақсаттарының бірі - үйренушіні сөзді және таныс емес дыбыстарды тыңдай білуге үйрету. Сөзді тыңдау дегеніміз - оның акустикалық формасын білу. Сондықтан сөзді айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда үлкен орын алады. Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар оны жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгіленуін үйрету де жатады.

Сөзді дүрыс айтпау оны түсінбеуге әкеліп соғады. Егер сөзді айтушы сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасы өзгереді.

Мысалы: white - wide, еаt - it

Мұғалім сөзді дұрыс айтудың маңызын жақсы білуі керек.

Әр тілдің өзіне тән дыбыстың жүйесі бар. Бүл ағылшын тіліне де қатысты. Ағылшын тілінің дыбыстары қазаң тілінің дыбыстарымен бірдей емес, бірақ екі тілде де ұқсас дыбыстар бар.

Ағылшын тілінің мына дыбыстары айтуда қиындық туғызады: [ w ], [ р ],

[ f ], [ ɜә ].

Сондай-ақ, [ s ], [ рz ] дыбыстарының қосарланып келуі “months, “clothes сөздерін айтуда қиындық туғызады. Ал [ ŋ ] дыбысы қазақ тіліндегі

[ ң ] дыбысының айтылуына ұксас.

Мысалы:

English, think, song, sitting

Ағылшын тілінің дыбыстың жүйесі үлкен үш топқа бөлінеді:

1.                                            Дауысты дыбыстар (vowels)

2.                                            Дифтонгтар

3.                                            Дауыссыз дыбыстар (consonants)

Ағылшын тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Ағылшын тілінде дыбыстың үзақ - қысқалық қасиеті бар. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың ұзақ айтылатын түрлері жоқ. Ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстың ұзақ түрінің айтылуы да әртүрлі. Мысалы: Іеар [ lі:р ] сөзі мен lір [lір] сөздерінде ұзаң [ і: ], ңысзқа [ і ] дыбысынан ұзақтау айтылады. Сондай-ақ, мына дыбыстың топтардың айтылуында айырмашылықтар тек қана үзақтығында ғана емес, дыбыстың сапасында да бар. Мысалы: [ і: ] - [ і ], [ и: ] - [ и ].

Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесінің тағы бір ерекшелігі дифтонгтардың - қосарланған дыбыстардың болуы. Қазақ тіліндегі мұндай қосарланған дыбыстар аз, ал ағылшын тілінде олар: [ оu ], [ і: ], [ ju:], т. б. Ана тілінде жоқ болғандықтан оқушылар бұл дыбыстарды айтқанда, оларды монофтонгқа үқсас айтады.

Ал, дауыссыз дыбыстар жүйесінде оқушыларға айтуға қиындык келтіретін дыбыстар: [ р ], [ f ], [ w ],  [ һ ], т.б. Ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айтылу сапасы олардың сөздегі орнына байланысты. Мысалы: сөздің соңындағы қатаң дауыссыздар қатты айтылады white” [ wait ], ал ұяң дауыссыздар wide   [ waid ] жұмсақ айтылады.

Сөздерді айтып үйренгенде оның дыбысталуын ғана емес, сонымен бірге оған түсетін екпінді де үйрету керек. Ағылшын тілінде екпін кейбір сөздерде бірінші буынға түседі.

Мысалы:

sоrrу, vening, morning, т.б.

Ал басқа сөздерді негізгі екпін екінші буынға түседі.

Мысалы: begin, mistake, result, т.б.

Ағылшын сөзін айтып үйренуде екпіннің маңызы зор. Ағылшын тілін тыңдаушылар көбіне ағылшын тілін, оның екпініндегі ерекшеліктеріне байланысты түсіне алмайды. Ал сөйлемді айту үшін негізгі екі әуенді қолданамыз, көтеру (rise) және түсу (fall). Бұл әуендер қазақ тілінің әуендеріне сай келмейді. Оқушылар оқығанда көбіне ана тілінің әуендерін қолданады. Сондықтан сөйлем ағылшын сөйлеміне үқсамай, мағынасы түсініксіз болады.

Мысалы:

Will you wait for me  һеге?

Жоғарыдағы үлгі сөйлемде ағылшын тілінің әуені дұрыс емес естіледі.

Ағылшын тілінде айтуға үйретудің негізі ретінде ағылшын тілінің әдеби айту нормалары алынады. Бұл әдеби норма - ол тілдің радиода, теледидарда, театрда, университеттерде, мектептерде қолданылатын түрі. Біз оқушыларға ағылшын тілінің осы түрін оқытамыз. Бұл түрлердің ерекшеліктері мынадай:

1)                                           анық ритмнің сақталуы

2)                                           дыбыстардың анық айтылуы

3)                                           көмекші етістіктерді қысқартып пайдалану

Сөздерді айтып үйренуде оқушылар нені меңгеруі керек? Олар мыналар:

1)                                           ағылшын тілінің дыбыстың жүйесі

2)                                           қазақ тілі мен ағылшын тілінің дыбыстық жүйесіндегі айырмашылықтарды білу

3)                                           сөзге екпін қоя білу, сөйлемге дұрыс әуен қоя білу,
сөйлемді дыбыс, дауыс ырғағын топтарға бөле білу.

Ағылшын тілінде айтылған сөйлемді тек қана оның айтылуы, дауыс ырғағы дұрыс болғанда түсінуге болады.

«Дауысты дыбыстардың жіктелуі» тақырыбын түсіндірмей тұрып, дыбыстардың жасалу жолдарына көңіл бөлеміз. «Фонетика» - тілдің дыбыстық жұйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы екендігін естеріне түсіре отырып, дыбысты қарастырудың үш аспектісіне назар аударамыз:

1. Анатомия — физиологиялық

2.    Лингвистикалык ( функционалды)

3.    Акустикалық ( физикалық)

  Дыбыстың анатомия - физиологиялық ерекшелігін ұғындыруда  пәнаралық  байланысқа   көңіл   бөлген   жөн. «Тәнтану» окулығындағы «Ауа жолы», «Тыныс алу жолы» кестесін пайдаланып, дыбыс жасаудағы сөйлеу мүшелерінің ерекшелігін айқындай отырып, оқушылардың көру, есту қабілетін арттырамыз. Дыбыстау мүшелерінің мағыналы сөздер жасаудағы қызметін оқушылар кесте мен тірек сызбадан    айқындайды. Бұл тәсіл арқылы олардың көру, есту  қабілетін  арттырамыз.

  Белгілі ғалым Ш.Бектұров: «Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Мұны дыбыстау аппараты деп келе, дауыс шымылдығы (желбезек) таңдай, тіл, тіс, ерін, сөйлеу мүшелерін дыбыстау мүшелеріне жатқызады.

Екінші және үшінші топқа жататын дыбыстарды, сондай-ақ айтылуы қиын тиетін дыбыстар тіркестерін меңгеру ушін оларды арнайы түсіндіру керек және бұл дыбыстар мен дыбыстар тіркестерінің айтылуын арнайы жаттығулар арқылы автоматтандыру керек.

Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 1) дыбысты көрсету; 2) осы дыбыстың айтылу жолын, оның артикуляциясын түсіндіру; 3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар; 4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы.

Дыбысты көрсету дегеніміз — сол дыбысты мұғалімнің анық, айқын түрде айтуы. Мұғалім жеке дыбыстың өзін немесе сол дыбысты сөз құрамында, сөйлемде айтып көрсетуі мүмкін. Ал дыбыстың артикуляциясын түсіндіру барысында мұғалім сол дыбысқа ұқсастау ана тілінің дыбысын айтып, олардың айырмашылығын көрсетеді, сөйлеу ағзаларының қандай қалыпта болуы керектігін түсіндіреді, артикуляциясын көрсетеді. Ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажырату үшін мұғалім француз тілінің жаңа дыбысын, сонымен қатар сол дыбысқа ұқсас қазақ тілінің дыбысын айтады, оқушылар жаңа дыбысты бiліп тануға тиіс. Түсіндіру кезеңі жаңа дыбысты оқушылардың айтуымен аяқталады. Оқушылар әуелі тағы бір рет тыңдап алады да, әуелі дыбысты хормен, сосын жеке-жеке айтады. Дыбысты айту жеке дыбысты айтумен немесе сол дыбысты контексте (сөз құрамында, сөйлемде) айтумен аяқталады. Сосын осы дыбыстарды жаттықтыру, автоматтандыру, дағдыны кадыптастыру басталады.

Дауыс ырғағын, интонацияны үйреткенде еліктеу мен  тусіндіру қатар қолданылады. Мұнда индуктивтік және дедуктивтік жолды пайдалануға болады.  Егер дедуктивтік жолды   пайдалансақ, онда мұғалім үлгі сөйлемді айтып тұрып, оның дауыс ырғағындағы, интонациаясындағы ерекшеліктерді түсіндіріп отырады. Индуктивтік  жол көбірек уақыт алады. Мұғалім оқушыларға көмекші сұрақтар қою  арқылы үлгі сөйлемнің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы  ерекшеліктерді оқушылардың өздері айтуына жетектейді. Бұл тәсіл уақытты көбірек алғанмен, өте  тиімді жол. Оқушылар өздері ашқан жаңалықты естерінде жақсы сақтап қалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: «Жастар - біздің болашағымыз» - деп айтқандай, еліміздің ертеңі - жастарды оқыта отырып тәрбиелеуде шығармашылық жұмыс жүргізу бүгінгі күн талабы.

 

Аннотация

В данной статье говориться о том, что, цель обучения иностранному языку в настоящее время – это развитие коммуникативных умений и навыков обучаемых, то есть практическое владение иностранным языком. Главную цель подготовки также составляет такое владение иностранным языком, которое позволяет использовать его для устного и письменного общения, как в процессе будущей профессиональной деятельности, так и для дальнейшего самообразования.

Annotation

The article states that the purpose of learning a foreign language at the moment is the development of communicative skills of the trainees, that is practical knowledge of a foreign language. Main purpose of the training is also a foreign language, which makes it suitable for oral and written communication, as in the future professional activity, and to further self-education.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  «Teaching English Language  and Managing Teachers Associations: Sharing 

       Ideas,Sharing Eхperiences» Материалы VII международной научно-

       практическо конференции. - Тараз. 2007. С.350.

2.  Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу

      технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б.

3.  Ұлт тағылымы №4, 2007. 50 б.