Терлікбаева Г.Р.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қазіргі таңда елімізде міндетті сақтандырудың тоғыз түрі жүзеге асырылуда. Сақтандырудың міндеттілігі сақтандыру аясында сақтанушылар қатарын көбейтіп отыр. Алайда мемлекетімізде медициналық сақтандыру қатынастары кенже қалып, дамымаған. Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда медициналық сақтандыру сауаты ашылмай қалыс қалуда. Неге сақтандырудың осы түрі артта қалып, дамуын кешеуілдетуде? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. 90-жылдары қолға алынған алғашқы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сәтсіз аяқталды.

 Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді. Бір мемлекетте денсаулық сақтау жүйесінің 2 түрі де пайдаланып кете береді. АҚШ-та ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы медициналық көмек ерекше дамыған. АҚШ-тық денсаулық сақтау моделі басқа ешбір елде таза түрінде пайдаланылады деп айту қиынға соғады. Көптеген елдерде денсаулық сақтау саласын мемлекет қаржыландырса да, халық ерікті және жеке медициналық сақтандыру қолданады. Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың 2 түрі бар. Бұл міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты - міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың сақтандырылған құқықтарын қамтамасыз ету. Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мәселесі жөнінде талай қызу пікір таластар да болған. Біреулер міндетті медициналық сақтандыруға қарсы болса, біреулер қолдады. Міндетті медициналық сақтандыру бізге керек екенін және сақтандырудың осы түрі медицина саласындағы қызмет көрсету мәдениетін көтереді деп те пікір білдіре отырып, әлемдік тәжірибеде міндетті медициналық сақтандыру жақсы нәтиже бергенін айта аламын. Жоғарыда айтып өткендей, Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жолдары да қарастырылды. Және осы мақсатта  Міндетті медициналық сақтандыру фонды құрылған. Алайда фондтың басшысы өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын жымқырып, шетел асып кеткені белгілі. Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық сақтандырусыз қалады. Әрине, осындай жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен қарауын түсінуге болады. Сондықтан алдағы уақытта аталмыш жүйе сол алғашқы жүйенің кебін кие ме деген қорқыныш та бар. Осы орайда медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған жағдайда бұл жүйені талай уақыттан бері қолданып келе жатқан басқа елдердің озық тәжірибесіне сүйене отырып енгізген дұрыс. Ендігі кезде, медициналық сақтандыруға бөлінетін, жиналған қаржының қатаң бақылауда болуы міндетті. Науқастардың сұранысына орай қолжетімді болып, азаматтарымыз қай жерде жүрсе де міндетті медициналық сақтандырудың аясында медициналық көмекті ала алатындай болғаны жөн. Қандай сақтандыру жүйесін енгізсе де, бірінші орында қарапайым халықтың жағдайы ескерілуі керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен шетел азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың тетіктерін әзірлеу көзделген, бұл да саланы одан әрі дамыту үшін мүмкіндік туғызады. Денсаулық адам өміріндегі ең зор байлық. Бірақ адамдар оған сырқат бойын алып, мазалай бастаған кезде ғана назар аударады. «Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады» деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Оның пікіріне сүйенсек, сақтандырудың бұл түрі экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді. Алайда, сақтандыру медицинасы мен қазіргі қолданыстағы мемлекеттік-бюджеттік медицина арасында аса үлкен айырмашылық байқалмайды екен. Ұлыбритания тәжірибесіне сүйенсек, бюджетті модель халықтың барлық әлеуметтік топтарына қол жетімді, әрі оның қызметін бақылауға біршама жеңіл.
Міндетті медициналық сақтандырудың Қазақстан үшін бізге керектігі байқалады. Мысалы, 2011 жылдың маусым айында міндетті медициналық сақтандыру туралы тағы да сөз болған еді. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева бала денсаулығын міндетті медициналық сақтандырау мәселесін заңнамалық деңгейде шешуді ұсынды. «Республикалық бюджет есебінен мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ шетелде емделуді, талап ететін дертке шалдығып қалу жағдайына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларды міндетті медициналық сақтандыру мәселесін заңнамалық деңгейде шешу қажет деп есептеймін», - деді З. Бәлиева. Медициналық тұрғыда міндетті сақтандыру еліміздің ешбір заңнамасында қарастырылмаған. Түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндер жан-жақтан көмек іздеп, халыққа алақан жаюға мәжбүр болып отыр. Шетелдерде ота жасалу тікелей мемлекеттік квота арқылы жүргізіледі. Квоталар сырқат балалардың біріне бұйырса, енді біріне жете бермейді. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жасы 14-тен асқан балалардың түрлі ауруға шалдығуы артып барады. Ауыр сырқатқа шалдыққан кей бүлдіршіндерге дәрі алу мәселесі қиындық тудырады. Оның үстіне қазір медициналық қызметтің де сан түрі шығып, біршама қымбаттағаны да құпия емес. Біздің елімізде бала тұрмақ, ересек адамдар медициналық сақтандырудан өтпейді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген дамыған елдерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі оңтайлы жолға қойылған.
Мәселен, Германия, Франция, Голландия, Австрия, Бельгия, Швейцария сияқты европа елдерінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қолданылады. Біздің мемлекетіміз мемлекеттік бағдарламаның шегіндегі белгілі бір медициналық көмекті ғана қамтамасыз ететін қажетті мединалық көмек алуға кепілдік береді, бірақ ол біздің азаматтарымыздың тұтыныстарын үнемі қанағаттандыра бермейді. Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медицинаалық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш жақын арада өзгере қоймайды. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі - егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі - кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де – сырқатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық, қоғамдық  және жеке  жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараптанған. Ерікті медициналық сақтандыруды дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді. Халықтың санасында кеңес кезіндегі «медицина тегін» деген ой қалыптасып қалған. КСРО кезінде медициналық сақтандыру деген түсінік мүлдем болмаған. Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыруға халық көңіл аудара бермейді немесе медициналық сақтандыру туралы мүлдем хабары жоқ. Халық медициналық сақтандыру полисін тек өзіне қажет болғанда ғана алады. Жалпы медициналық сақтандыру өте қажет. Бірақ оның қажеттігін халық түсіне бермейді немесе халықтың кейбір бөлігінің өз денсаулықтарын сақтандыруға жағдайы жетпеуі әбден мүмкін. Медициналық сақтандырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласынды нарықтық қатынас тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген.– Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бізге керек. Себебі, «ауру айтып келмейтіндіктен» денсаулығыңның сақтан­дырылып тұрғаны дұрыс. Алайда мемлекет тарапынан кепілдік болғаны жөн. Осы орайда аталмыш жүйеге бөлінген ақшаның толықтай мемлекеттің бақылауында болғанын қалар едім. Әйтпесе «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетпесіне кім кепіл?! Және сақтандыру полисін еліміздің қай түкпірінде болмасын, науқастың пайдалану мүмкіндігі шектелмеуі керек. Кейде квотаға науқастардың қолы жете алмай жүргенде ауру асқынып кететін де жағдайлар кездесетіні жасырын емес. Сондықтан міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенде кейбір квота арқылы емделетін науқастардың жайы ескерілсе деймін Негізі, халықтың денсаулығын сақтан­ды­руға жұмсалатын қаржының екі саласы бар. Біріншісі, бюджет арқылы мемлекет то­лық­тай азаматтардың денсаулығын сақ­тан­ды­руды өз мойнына алса, екіншісі, міндетті ме­дициналық сақтандыру арқылы аза­мат­тар­дың өз денсаулығын өздері сақтандыруы бо­лып табылады. Негізі, дүниежүзілік тә­жі­ри­беде бұл екі жүйені де пайдаланатын мем­ле­кеттер бар. Осы орайда мен азаматтардың денсаулығын сақтандыруды мемлекеттің то­лық өз мойнына алғанын қалар едім. Өйткені хал­қымыздың кейбір бөлігінің өз ден­сау­лық­тарын сақтандыруға жағдайы жетпеуі әбден мүмкін.