Окасов Е.А., Саденов Р.М

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Бұқаралық спорт – мықты денсаулықтың кепілі

Елімізде спорттың ма­териалдық-техникалық база­сын ны­ғайту, спортшыларды дайын­дау сапасын арттыру және бұқа­ра­лық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл ша­ралардың барлығы Қазақ­стан спор­тының әлемдік дең­гей­дегі бәсекеге қабілеттілігін көте­ру­ге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталады. Еліміздегі спорттық инфрақұ­рылымды дамытуға «Жол кар­тасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Соның ішінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрық­ша ден қойылуда.

Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – тө­тенше маңызға ие көкейкесті мә­се­ле. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани даму­ына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламат­ты өмір салтын мемлекеттік саясат­тың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақ­саттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс. Елбасымыз әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Сонымен қатар, оны жүзеге асыруға нақты міндеттер жүктеген.

Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бұқаралық спорт дегеніміздің - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi. Экономикалық тұр­ғыдан дамыған елдер бұл көр­сеткішті 30 және одан да көп пай­ызға жеткізуге ұмтылуда. Сала­мат­ты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса ма­ңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмы­сын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз.

Мемлекетіміз өзінің ал­ды­на дене шынықтыру мен спорт­ты дамыту туралы тұтас мін­дет қойып отыр. Алғашқы мемлекеттік бағдарлама 2001 – 2005 жыл­дар аралығын қам­ты­са, екінші бағдарлама 2007 – 2011 жылдар аралығына арналды. Екінші бағдарлама бойын­ша елімізде балалар мен жас­өспі­рім­дер спорт мектептері, дарынды балаларға арналған өңірлік спорт мектеп-интер­нат­тары, олимпиа­да­лық ізбасарлар даярлау орта­лық­тары кө­бей­іп, жекелеген спорт түрлері бойынша респуб­ли­калық, өңірлік мамандандырыл­ған спорт орталықтары құрылды. Сондай-ақ спортшыларымыздың әлем­дік деңгейдегі беделді жарыс­тар­да қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қа­зір­гі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның бар­лық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкен­ді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекеме­лер­де тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүй­елі, тұрақты, жыл сайын өте­тін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кә­сіп­орындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қар­жыландыруға тарту қажет.

Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәти­желерге қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда елімізде халықтың 20 пайыз­ға жуығы, яғни 3,3 миллион адам дене шынықтыру және спортпен айналы­сады деген мәлімет бар. Алайда, өркениетті елдермен салыстыра қарайтын болсақ, бұл цифрдың аз екенін байқаймыз. Бүгінгі таңда елімізде барлығы 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталы­ғы жұмыс істеуде. Мысалы, кәсіби футболшыларды ма­мандандырылған мектептер даярлайды. Бірақ, мұнымен шектелмей, түрлі спорт үйірмелері мен секцияларын көбейту бойынша жалпы білім беру мектептерімен жұмыстар жүріп жатыр.

Сондықтан, салауатты өмір сал­­тын мемле­кеттік саясаттың бір бағыты ре­тінде жаппай насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту алға қойған стра­тегиялық мақсаттарымызға жету жо­лын­дағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

1.   Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж).

2.   Аханов А.А. Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары. //Валеология дене тәрбиесі және спорт. –Алматы: 2004,- №4, -Б.12-15.

3.   Коджаспиров Ю.Г. Музыка в спортивном зале // Физическая культура в школе. - 1998. №2. - С.47-56.