Экология/1.Состояние биосферы и его влияние на здоровье
человека.
магистрант Ерсай М.
Аймақтық
Әлеуметтік-Инновациялық Университет, Шымкент қаласы.
Каспий
маңы аймағының экологиялық жағдайын бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштері
Мұнай
өнеркәсібінің дамуы, жалпы мұнай кәсіпшілігі
қоршаған ортаның сапасына әсер етпей қоймайды.
Мұнай өндіру кезінде экожүйенің табиғи
мүмкіндіктері, олардың орнықтылық сипаты мен
қалыптасу деңгейі ескерілетін болса, айтарлықтай
өзгеріс болмауы мүмкін. Алайда, мұнай кеніштерін барлау
және пайдалану кезінде мұндай факторлардың ескеріле
бермейтіні де аян. Ал оның салдарынан экологиялық тепе-теңдік
бұзылып, бүкіл аймақтық экологиялық жүйесі
тоқырауға ұшырайды. Мұнай кәсіпшілігі жұмыс
істеп тұрған тұтас аймақтардың шөлге айналатын
жағдайлары да кездеседі.
Каспий
маңы мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын кеңiнен
игеруi теңiздің және жағалау маңының
экожүйелерiне терiс әсердің ауқымын
ұлғайтады. Теңiздiң қазақстандық
секторында көмiрсутегi шикiзатын қарқынды игеру
экологиялық қауiпсiздiкке қатер төндiруі ықтимал.
Мұндай қатерді азайту үшін Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк
бағдарламасы аясында экожүйеге залал келтірмеу бағытында
арнайы зерттеулер жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, геодинамикалық
мониторингтi iске асыру қажет. Негізгі шаралардың қатарында
иесiз қалған мұнай ұңғымаларын және
басқа да ластану көздерін жою, iлеспе газды жағу, мұнай
құбырлары мен өзге де радиоактивтi элементтермен
ластанған жабдықтарды рұқсатсыз көмудi
тоқтату да бар /1/.
Экологиялық
жағдайдың маңызды критерийлерінің бірі – өсімдік
қабаты. Ол нақтылы жағдайдың өлшемі іспетті.
Өсімдік қабатының жағдайы мен сипатына,
құрамы мен құрылымына қарап, табиғи
экологиялық жүйеге өнеркәсіптік
әсер-ықпалының қаншалықты екенін білуге болады.
Сондай-ақ, экожүйенің келешегіне болжам жасауға да
мүмкіншілік бар.
Топырақтың
сортаңдану деңгейі мен сортаңданудың түрін де
өсімдік қабатына қарап, нақты айтып беруге болады.
Сондай-ақ, олардың механикалық құрамы,
ылғалдылық деңгейі, грунтты сулардың орналасу
деңгейі мен олардың минералдылық көрсеткіші секілді
өлшемдердің барлығын өсімдік қабаты арқылы
білуге болады. Өсімдік қабаты көліктік және
механикалық жүктеменің шамасын да дәл көрсетіп
бере алады.
Экологиялық
жағдайды бағалайтын негізгі көрсеткіштер мыналар:
топтанудың көлденең және тік құрылымдары,
өсімдік әлемінің әртүрлілігі және
толыққандылығы, популяциялық түрлері, өмір
сүру ұзақтығы, өнімділігі, аз не мол болуы,
ғұмырлылығы және тағы да басқа факторлар.
Өсімдік
әлемінің тоқырауға ұшырағанын білдіретін
негізгі белгілер мыналар: құрамы мен құрылымының
бұзылуы, биологиялық әртүрлілігінің
төмендеуі, қысқа мерзімді өндірістік
өнімдердің пайда болуы, көпжылдық
өсімдіктердің маңызының азайып, біржылдық
өсімдіктер түрінің көбеюі, арамшөптің
көбеюі, улы өсімдіктердің пайда болуы,
тұрақсыздық, өнімділігінің азаюы, тағысын
тағылар. Негізгі қызметін орындай алмаушылық та
тоқырауға ұшыраудың белгісі. Ал негізгі қызметке
ландшафтық қызмет, ресурстық-шикізаттық немесе
тұрақтандырушы қызмет жатады. Бір айта кетерлігі, жас
құрлық болғандықтан, Каспий
аймағындағы өсімдік қабаты өте
тұрақсыз. Ондай-ақ, ол қарқынды дамуымен
ерекшеленеді. Бірақ, пайдалы қазбаларды алу кезінде бұл
мәселе назардан тыс қалатыны жасырын емес.
Экологиялық
жағдайды бағалау кезінде картографиялық тәсілді
пайдаланған дұрыс. Нақтырақ айтқанда, ірі
масштабты экологиялық карталарды пайдалана отырып, жекелеген мұнай
ұңғымаларының айналасындағы экожүйенің
жағдайын бағамдауға болады. Сол маңайдағы
өсімдік қабатының жағдайын да экологиялық
картадан білуге болады.
Өнеркәсіптік
аймақтағы топырақтың экологиялық жағдайын
білудің бірнеше критерийі бар. Атап айтқанда: жарамсыз
территорияның көлемі; ауыл шаруашылығы мақсатынан
алынып тасталған жерлер; көшпелі құм
көлемінің ұлғаюы; топырақ потенциалының кемуі
және тағысын тағылар. Бұлардың барлығы да
кәсіпшіліктің жалпы ауданына қатысты пайызбен өлшенеді.
Қоршаған
ортаның экологиялық жағдайын бағалау үшін
қажетті критерийлерге мыналар кіргені жөн: жүктеме реестрі;
түрлі деңгейдегі экожүйелердің
тұрақтылығы мен құрылымдық қызметін
көрсететін көрсеткіштер; олардың даму көрсеткіштері;
экожүйенің бұзылғанын білдіретін көрсеткіштер;
экологиялық индекс және тағы басқалар.
«Теңізмұнайгаз»
акционерлік қоғамына қарасты аумақтағы
экологиялық жағдайды картографиялық үлгіде
талдаған уақытта, бұл аймақтың түрлі
деңгейдегі деградацияға ұшырағаны мәлім
болған. Мұнда тоқыраудың енді-енді ғана
басталған түрлерінен бастап, өте күшті
деградацияға дейін байқалған. Бұл аймақтың
орталық бөлігінде сортаңды депрессиялар көп. Пайдалануға
жарамсыз бұл жерлер экологиялық ахуалды қиындатып қана
қоймай, шөлге айналу қаупін де арттыра түседі.
Аталған аумақтағы экологиялық жағдайды
бағалау Біріккен Ұлттар Ұйымының шөл даламен
күрес жөніндегі Конвенциясына сай жүргізілгенін атап
айтқан жөн.
Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, өсімдік қабаты
деградацияға ұшырап, жел эрозиясы пайда болған. Топырақтың
тұзға айналуы және кебуі байқалған. Шөлге
айналудың негізгі типтері де осылар. Ал жер бетіндегі
экожүйенің бұзылуына айқын дәлел – су басуы.
Аймақтағы
шөлге айналудың негізгі себептері бірі – техногендік ықпал.
Айтарлықтай болмаса да, мал жаю, теңіз деңгейінің
өзгеруінен болатын судың жайылуы мен көтерілуі де шөлге
айналуға ықпал етуде. Зерттеу нысанасына айналған
аймақтың мұнай кәсіпшілігімен айналысатын аумақ
екенін естен шығармаған жөн. Экологиялық картаға
мұқият қарайтын болсақ, көп жағдайда бір
емес, бірнеше себептің қатар келетінін көруге болады.
Бұл шөлге айналу қаупін де қалыңдата түседі
/2/.
Мұнай
өнімдерімен ластану проблемасы әсіресе Солтүстік Каспийге
тән. Себебі, Солтүстік Каспий
акваториясында мұнай өндіру кешенінің
құрал-жабдықтары жетілдірілмегендіктен, сондай-ақ, шикі
мұнай мен мұнай өнімдерін танкерлермен тасымалдау
көлемінің артуы себепті өте көп көлемдегі
мұнай дақтары пайда болып отыр. Сонымен бірге, су көліктері
апатқа ұшыраған жағдайда, әсіресе мұнай
тасымалдауды кемелер апатқа ұшыраған уақытта да
теңіз айдынына айтарлықтай көлемде мұнай өнімдері
төгіледі. Бұл аймақтың экологиялық
жағдайына көршілес облыстардағы мұнай және газ
өңдейтін кәсіпорындар да өз әсерін тигізіп отыр.
1-диаграмма. Атырау облысындағы
ауаның ластану динамикасы
Кесте 2
Атырау облысындағы ірі
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауа бассейнін ластау
көлемі, тоннамен есептегенде
|
Кәсіпорын |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
|
«ТШО» ЖШС |
55761,8 |
54356,4 |
60537,7 |
50911,2 |
|
Аджип ҚКО |
1920,6 |
1762,6 |
2446,8 |
4561,3 |
|
«Ембімұнайгаз» ӨФ |
8103,7 |
7548,1 |
7189,5 |
4907,2 |
|
«Атырау ЖЭО» АҚ |
2403,2 |
2593,2 |
2629,7 |
2630,7 |
|
«Қазтрансойл» АҚ БФ |
1444,
4 |
1612,6 |
922,6 |
1051,6 |
|
«АМӨЗ» ЖШС |
7191,2 |
5737,9 |
4754,2 |
3577,2 |
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу нәтижелеріне
сүйенетін болсақ, қазіргі кездегі Атырау облысының
экологиялық жағдайын дағдарысты кезеңде деп
бағалауға болады. Кешенді қорғау шаралары
қолға алынбайтын болса, салдары тек осы аймаққа
ғана емес, ғаламдық масштабқа ықпал ететін
экологиялық апат орын алуы мүмкін /3/.

2-диаграмма.
Кейбір
кәсіпорындардың ауаны ластау көлемі, тоннамен есептегенде
Экологиялық апаттың алдын алу, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданған. Атырау, Маңғыстау облыстарында экологиялық қауіпсіздік сақтауға бағытталған екі жылдық, үш жылдық бағдарламалар жұмыс істейді. Дегенмен, әлі де болса экологияны сақтау бағытындағы кешенді шараларды қолға алу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Әдебиеттер:
1. Диаров М.Д.. Экология и нефтегазовый комплекс: – Алматы: 2008.
2. Трофимов В.Т., Зилинг Д.Г., Харькина М.А. Эколого-геологический карты.
Теоретические основы и методика составления: Учебное пособие. – Москва: “Высшая
школа”, 2007.
3. Акимжанов Ж.А. Совершенствование управления процессами природопользования в регионах Казахстана: особенности и механизмы. – Алматы, 2010 г.