Экология/1.Состояние биосферы и его влияние на здоровье
человека.
магистрант Ерсай М.
Аймақтық
Әлеуметтік-Инновациялық Университет, Шымкент қаласы.
Каспий
маңы аймағы жерүсті суларының жағдайын
бағалау
Қоршаған
ортаның ластануы, соның ішінде жерүсті сулары мен грунтты
сулардың ластануы олардың құрамындағы зиянды
химиялық элементтер мен улы заттардың рұқсат етілген
мөлшерлемеден жоғары болуымен өлшенеді. Ал рұқсат
етілген мөлшерлеме нормативті құжаттармен бекітіледі.
Беспамятнов, Кротов бастаған ғалымдар шығарған
«Қоршаған ортадағы химиялық заттардың
рұқсат етілген мөлшерлемесі» атты анықтамалық
бар. Зерттеу нысанасына айналып отырған жерүсті сулары мен жерасты
сулары және топырақ
қабатындағы химиялық заттардың рұқсат
етілген мөлшерлемесіне (РЕМ) қатысты мынадай көрсеткіштер
бар:
РЕМв –
суаттағы су құрамындағы химиялық заттардың
рұқсат етілген мөлшерлемесі, ол мг/дм3 –пен
өлшенеді. Бұл шама адам өміріне, оның келешек
ұрпағының өміріне тікелей де, жанама да ықпал
етпеуі тиіс, сондай-ақ суды пайдалануға қатысты
гигиеналық шарттарды нашарлатпауы керек (кесте).
РЕМв.р. –
балық шаруашылығы мақсатында пайдаланатылатын
суаттардағы судағы химиялық заттардың
рұқсат етілген мөлшерлемесі.
Судың
адам ағзасына тұрақты түрде емес, белгілі бір
уақыт аралығында енуіне қатысты басқа да
көрсеткіштер бар. Судың құрамындағы
қорғасын, мыс, мырыш, бериллий, молибден, селен, фтор, стронций,
мышьяк секілді химиялық элементтердің болуы «Ауыз су»
стандарттарына сай реттеледі. РЕМв туралы мәліметтер «Геологиялық және
экологиялық зерттеулер мен картографияға қойылатын
талаптарда» да көрсетілген. Бұл көрсеткіштер көптеген
нормативтік құжаттарда ұқсас болып келеді. Ал бұл
мөлшерлемелерге қатысты аздаған айырмашылықтар мыналар:
«Анықтамада» алюминий мен литийдің рұқсат етілген
мөлшерлемесі көрсетілмесе, «Талапта» барий мен вольфрамға
қатысты мөлшерлеме көрсетілмеген. Олардың
рұқсат етілген шамалары мынадай: алюминий – 0,5 мг/дм3,
литий – 0,03 мг/дм3, барий – 0,1 мг/дм3, вольфрам – 0,05
мг/дм3. Тағы бір өзгешелік марганец элементіне
қатысты. «Талапта» оның рұқсат етілген
мөлшерлемесі 0,01 мг/дм3 деп көрсетілсе,
«Анықтамада» 10 мг/дм3 -ға дейін рұқсат
беріліпті. Химиялық элементтер жеке-дара көп қауіп
тудырмағанымен, олардың бір-бірімен қосылуы айтарлықтай
қатерлі болуы мүмкін. Сол себептен көптеген органикалық
заттарға қатысты РЕМв және РЕМв.р. көрсеткіштері
барынша анық-қанық зерттелген.
Суды
ластайтын органикалық заттардың ішіндегі ең кең
таралғаны мұнай және мұнай өнімдері екені
белгілі. Егер мұнай немесе мұнай өнімдері жерүсті
сулары мен грунтты суларға сәл де болса араласатын болса, онда ол
суды ішуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Тіпті, ол су балық
шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін де жарамсыз болып
қалады. Бұл мақсаттарға арналған судың РЕМв
көрсеткіші – 0,055мг/л. Ал ауыл шаруашылығы мақсатында
және техникалық мақсатта пайдаланылатын суға
қатысты талап сәл басқаша, оның РЕМв көрсеткіші
– 0,3 мг/л. Бұл көрсеткіш Беспамятнов бастаған
ғалымдардың 1975 жылғы зерттеу нәтижесінде белгіленген.
Сырттай
қарағанда таза көрінетін жерүсті суларында кейде
мұнай өнімдерінің мөлшері 0,6-дан 4,6 мг/л-ға
дейін жетеді. Бұл 12-92 рұқсат етілген мөлшерлемеге
тең. Мәселен, Зотов, Давидович бастаған
ғалымдардың 1996 жылғы зерттеу нәтижелеріне
қарағанда, Ембі өзеніндегі су құрамындағы
мұнай өнімдерінің мөлшері 0,8 мг/л-ден 1,2
мг/л-ға дейін жеткен (16-24 РЕМ). Дегенмен, судың бетіне
қалың мұнай қабыршағы түскен жерлер де
жоқ емес.
Теңізді
сумен қамтамасыз ететін ең негізгі су көзі – Ембі
өзені. Ал Ембі қазіргі кезде ең лас өзендердің
бірі. Оны ластайтын – жоғарыдан ағып келетін сулар. Ембі
өзеніндегі орташа жылдық су ағыны 551,88 миллион текшеметрге
тең екен. Атырау облысы көлеміндегі сумен жабдықтаудың
9 пайыздық мөлшерлемесі осы Ембінің үлесіне тиеді.
Ембінің суын ластайтын негізгі элементтер – мұнай өнімдері,
фенолдар, нитриттер және өзге де органикалық заттар.
Жерүсті
суларының сапасы жыл сайын тексеріліп тұратыны белгілі.
Соңғы бірнеше жыл көлемінде Ембі өзеніндегі зиянды
заттардың мөлшері рұқсат етілген мөлшерлемеден
асып кетіп жүр. Атап айтқанда, азот аммонийі мен мұнай
өнімдерінің мөлшері 1,3-1,6 РЕМ-ге тең болса, нитраттар
мен фенолдар 1,2-3,2 РЕМ-ге тең екен.
Сағыз
өзені де ағып келетін сулардың есебінен ластанады.
Бірақ, Ембідегідей аса көп мөлшерде емес. Салыстыру
үшін айта кетсек, Сағыздың үлесіне облыс
көлеміндегі сумен жабдықтаудың 0,9 пайызы ғана
келеді.
Зотов, Давидович
секілді ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне
қарағанда, 1993-1995 жылдары Ембінің Қияқ
қыстағы тұсындағы 1197/1 нүктесінен алынған
су сынамасының құрамында фенолдың мөлшері тым
жоғары екені анықталған. Дәлірек айтқанда, су
құрамындағы фенолдың мөлшері 2 мг/л болып,
рұқсат етілген мөлшерлемеден 2000 есеге дейін асып
түскен. Ал фенолдың РЕМв мөлшері 0,001 мг/л. Ол
1954 жылы Калабин көрсеткен мөлшерлеме, 1985 жылы Беспамятнов,
Кротов секілді ғалымдар да осы көрсеткіштен
ауытқымаған.
Аталған
аймақта судан сынама алған уақытта ауыр металдардың
көп кездесетіні байқалған. Мұны төмендегі
кестелерден көруге болады.
Кесте 1
Су
сынамасының құрғақ қалдықтарын
спектрлік талдау қорытындысы
|
Су сынамасы алынған
нүктенің № |
Мөлшері,
салмағы. % |
|||
|
Ba Mn Mo Sr |
||||
|
1215 1187 1189 1190 1192 1195 1196 1197 |
0,003 - - - - - - - |
0,001 0,002 0,003 - 0,008 - - 0,002 |
0,0015 0,0005 0,0003 0,0003 0,002 0,0005 0,0005 0,0008 |
0,005 0,003 0,008 0,005 0,003 0,005 0,005 0,005 |
Кестеден
көріп отырғанымыздай, 1215 нүктесінен алынған су
сынамасына химиялық және спектрлік талдау жасаған
уақытта, судың құрамындағы барий мөлшері
рұқсат етілген мөлшерлемеден екі жарым есеге дейін
артық. 1189 нүктесінде марганецтің мөлшері
рұқсат етілген мөлшерлемеден 9,4 есе асып түссе, 1215
нүктесінде молибденнің мөлшері РЕМ-нен 10 есеге асып
түскен. Стронций 1215 нүктесінде РЕМ-нен 8 есеге дейін артық
болса, 1189 нүктесінде 12,5 есеге асып түскен.
Кесте 2
Су
сынамаларындағы кейбір ауыр металдардың мөлшері
|
Сына-ма алынғ. нүкте № |
Құрғақ
қалдық, г/л |
Ba, мг/л |
РЕМ-нен есе көп |
Mn, мг/л |
РЕМ-нен есе көп |
Mo, мг/л |
РЕМ-нен есе көп |
Sr, мг/л |
РЕМ-нен есе көп |
|
1215 1187 1189 1190 1192 1195 1196 1197 |
324,3 8,17 312,3 28,0 11,22 11,84 22,9 20,89 РЕМ |
9,729 - - - - - - - 4,0 |
2,43 - - - - - - - |
3,243 0,163 9,369 - 0,897 - - 0,418 1,0 |
3,24 0,163 9,369 - 0,897 - - 0,418 |
4,864 0,041 0,936 0,084 0,224 0,059 0,114 0,167 0,5 |
9,73 0,082 1,872 0,084 0,448 0,118 0,228 0,334 |
16,215 0,245 24,984 1,4 0,336 0,592 1,145 1,044 2,0 |
8,1 0,122 12,492 0,7 0,168 0,296 0,572 0,522 |
Кестеден
көріп отырғанымыздай, Каспий аймағы мен
жағалауындағы судың экологиялық тазалығы
көңіл көншітпейді. Диаров, Курочкина, Шабанова бастаған
ғалымдар бақылаушы ұңғымалар желісін жасауды
ұсынады. Ғалымдар сол арқылы жерүсті суларының
сапасын бақылап, сол бойынша мониторинг жүргізіп отыруға
мүмкіндік болады деп есептейді. Рельефке ластанған сулардың,
яғни қабатты және ілеспе, технологиялық және
шаруашылық мақсаттағы сулардың араласпауын
қадағалау керек дейді. Ол үшін жерүсті суларынан
мұнай жинауды ұйымдастыру керектігін де ескертеді.
Қазақстан су ресурстары тапшы елдердің
санатында. Бізде судың жетiспеушiлiгi үлкен проблема. Ол аз болса,
тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi
саласындағы кәсiпорындар мен ірі қалалардың
коммуналдық қызметтерi су объектілерін ластап, айтарлықтай
қатер төндіріп отыр.
Бұл
проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы №71
қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын
шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су
секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су
шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы
қабылданған.
Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздік жөніндегі тұжырымдамасына сүйенетін
болсақ: “Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен
өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi
кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi
қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық
қатер төндiредi.
Қолда бар су ресурстарының
санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су
жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен
ағынын реттеу жөнiндегi, оның iшiнде бассейнаралық
қайта бөлу, сондай-ақ, жерасты ауыз суларын пайдалануды
жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажеттігі де
осы аталған экологиялық қауіпсіздік жөніндегі
тұжырымдамада көрсетілген.
Әдебиеттер:
1. Қазақстанның
масштабы 1 : 1 000 000 инженерлік-геологиялық картасы:
Түсіндірме жазба. – Алматы:, “Формат а ПЛЮС KZ М” баспаханасы, 2008.
2. Трофимов В.Т., Зилинг Д.Г., Харькина М.А. Эколого-геологический карты.
Теоретические основы и методика составления: Учебное пособие. – Москва: “Высшая
школа”, 2007.
3. Акимжанов Ж.А.
Совершенствование управления процессами природопользования в регионах
Казахстана: особенности и механизмы. – Алматы, 2010 г.